3. Мәліметтердің мазмұны және нысаны
64. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге және METAR мен SPECI мәліметтеріне көрсетілген тәртіпте мынадай элементтер енгізіледі:
1) мәлімет түрінің көрсеткіші;
2) орналасу жерінің индексі;
3) бақылау мерзімі;
4) автоматтандырылған немесе жоғалып қалған мәліметтің көрсеткіші;
5) жерге жақын желдің бағыты мен жылдамдығы;
6) көріну;
7) қажет болған жағдайда ҰҚЖ көріну қашықтығы;
8) ағымдағы ауа райы;
9) бұлттардың көлемі, түрі (будақ - жаңбырлы және бекініс түрдегі будақ бұлттар) және бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі немесе тік көріну, егер олар өлшенсе;
10) ауаның температурасы және шық нүктесінің температурасы;
11) QNH;
12) Қағидалардың 179 - 182-тармақтарында аталған қосымша ақпарат;
13) қону үшін «тренд» түріндегі болжам;
14) RMK тобы - елдің ішінде пайдалану үшін ақпарат:
- таулардың және басқа биік кедергілердің бұлттармен жабылуы (ATIS пен VOLMET тарату үшін);
- мұздану (жергілікті мәлімет үшін);
- турбуленттік (жергілікті мәлімет үшін);
- QBB (бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі 200 метр барысында);
- QFE қысымы.
65. Әуеайлақ метеорологиялық органына ҰҚЖ жағдайы және белгіленген қағидаларға сәйкес код түрінде ілінісу коэффициенті туралы уақтылы және дұрыс ақпаратты әуеайлақ қызметі ұсынады (METAR мен SPECI мәліметтеріне енгізу және ATIS мәліметтерін дайындау үшін).
66. Азаматтық авиация мамандары бақылауды жүргізетін әуеайлақтарда және қону алаңдарында, сондай-ақ метеорологиялық мәліметтер METAR код нысанында жасалады және таратылады немесе METAR кодында көзделген элементтерді енгізу тәртібін сақтаумен қабылданған қысқартуларды ескере отырып жасалады және таратылады.
67. CAVOK термині бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:
1) көріну 10 километр және одан астам;
2) ұшулар үшін маңызды бұлттылық болмағанда;
3) осы Қағидалардың 143, 145-тармағында көрсетілген ауа райы құбылыстарының авиация үшін маңызы болмаған жағдайда пайдаланылады.
Аталған жағдайларда ҰҚЖ көріну және көріну қашықтығы, ағымдағы ауа райы, бұлттардың саны, бұлттардың түрі және бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі туралы ақпарат барлық метеорологиялық мәліметтерде CAVOK терминімен ауыстырылады.
68. Таулы әуеайлақтардағы ауа райы туралы мәліметтерді тарату үшін CAVOK термині пайдаланбайды.
69. Авиациялық қызметкерлер үшін қысқартулармен ашық мәтінді тарату үшін мәліметтер мыналар арқылы мәнді нақты жеткізуді қамтамасыз етеді:
1) қабылданған қысқартулар;
2) түсініктемені талап етпейтін сандық өлшемдер.
70. Әуеайлақтың шегінен тыс таратылмайтын мәліметтер, әсіресе қонуға бет алу және ұшу аумақтарында (турбуленттік, мұздану, желдің ауытқуы, ЖРЖ деректерлері - 100 километр радиусында найзағай орындарының болуы, соның ішінде әуе кемелерінің борттарынан бақылаулардың деректерлері) ерекше метео жағдайлары туралы қосымша ақпараттың енгізілуін көздеуге тиіс.
Турбуленттік, мұздану, сондай-ақ желдің ауытқуы жерден дұрыс бақыланбайтынын ескере отырып, олар туралы деректерді биіктікті алу немесе қонуға бет алу кезінде әуе кемелерінің борттарының бақылауларынан алу қажет.
4. Метеорологиялық мәліметтерді тарату
71. METAR және SPECI мәліметтері ОРМЕТ деректерінің халықаралық банктеріне және авиациялық белгіленген қызметтің шеңберінде деректерлерді таратудың спутниктік жүйелерін AFS пайдалану үшін өңірлік аэронавигациялық келісіммен тағайындалған орталықтарға таратылады.
72. Жергілікті тұрақты мәліметтер әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жергілікті органдарына таратылады және пайдаланушылар мен басқа әуеайлақ тұтынушыларға ұсынылады.
73. METAR және SPECI мәліметтері ОРМЕТ деректерлердің халықаралық банктеріне және ақпаратты жинау орталықтарына, сондай-ақ уәкілетті метеорологиялық органның тапсырысына сәйкес басқа әуеайлақтарға таратылады.
74. Ауа райы жағдайын жақсарту туралы SPECI мәліметтеріне, 10 минуттық кезеңнің аяғында басым болған, ауа райы жағдайын көрсету мақсатында ол таратылғанға дейін түзетулер енгізіледі.
SPECI мәліметтерін жақсарту туралы тарату алдында 10 минуттық кезеңде болған ауа райының жағдайларын көрсету үшін түзетулерді енгізу қажет.
Бір элементтің нашарлауы және басқа элементтің жақсаруы туралы SPECI мәліметін бақылаудан кейін сол сәтте тарату қажет.
75. Жергілікті арнайы мәліметтер ӘҚҰ тиісті органымен келісу бойынша мыналарға қатысты шығарылмайды:
1) әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жергілікті орган метеорологиялық станцияда орнатылғанға тең дисплей бар, осы дисплей (индикатор) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге енгізілетін ақпаратты жаңарту үшін бағытталған, тіркейтін кез келген элемент;
2) әуеайлақтағы бақылаушы қолданыстағы шкала бойынша бір немесе бірнеше бөлімдерінің шегінде барлық өзгерістерді әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жергілікті органға хабарлайтын ҰҚЖ көріну қашықтығы.
Жергілікті арнайы мәліметтер пайдаланушылардың және басқа әуеайлақ тұтынушыларының қарауына ұсынылады.
76. Тұрақты және арнайы мәліметтер әуе кемелерінің ұшу және қону кезіндегі ресми деректер болып табылады, бұл мәліметтерді ӘҚБ органдары тікелей және (немесе) ақпаратты автоматты тарату қызметінің желісі арқылы әуе кемелерінің борттарына береді (ATIS, VOLMEТ).
5. Жер бетіндегі және биіктіктегі жел
77. Жер бетіндегі желдің орташа жылдамдығы мен орташа бағыты және жел бағыты мен жылдамдығының маңызды өзгерістері өлшенеді, деректер нақты градустар мен секундына метрде хабарланады.
78. Магниттік қисаюы 5 градус немесе одан астам болатын әуеайлақта жел бағытының есептеріне түзету енгізіледі. Магниттік қисаюдың оң кезінде оның мағынасы бағыттың есебінен шығарылады, ал теріс қисайғанда - қосылады. Алынған мағына он градусқа дейін дөңгелектенумен үш цифрмен көрсетіледі.
79. Әуеайлақтың шегінен тыс таратылатын мәліметтерде жел бағыты магниттік қисаюға түзетулерсіз жіберіледі.
80. Жер бетіндегі желді бақылау жер деңгейінен 10 метр (30 фут) биіктікте жүргізіледі.
81. Ұшып шығатын әуе кемелері үшін жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерді қалыптастыру үшін арналған жер бетіндегі желді бақылау ҰҚЖ бойына жағдай жасау үшін репрезентативті, ал ұшып келетін әуе кемелері үшін - қонудың барлық аймағы болып табылады.
82. Жер бетіндегі желді бақылаудың репрезентативтігі ҰҚЖ бойындағы жағдай туралы анағұрлым дұрыс деректерді алу үшін тиісті түрде орнатылған көрсеткіштерді пайдалану арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
83 METAR және SPECI мәліметтері үшін жер бетіндегі желді бақылау бір ғана ҰҚЖ болғанда барлық ҰҚЖ үшін, сондай-ақ бірнеше ҰҚЖ болғанда барлық ҰҚЖ кешені үшін репрезентативті болып табылады.
84. ҰҚЖ-ның әртүрлі учаскелерінде жер бетіндегі желде маңызды айырмашылықтарға келтіретін ауа райының топографиялық немесе басым жағдайлары бар әуеайлақтарда қосымша көрсеткіштерді орнату қажет.
85. Тиісті жабдықтар болған жағдайда тұрақты және арнайы мәліметтерге желдің жылдамдығы жылдамырақ нүктеден алынған жел туралы деректер енгізіледі. Қону үшін мәліметтерге қону, ұшуға бет алу мәліметтерін - жерден көтерілу аймағына жақын орналасқан көрсеткіштерден алынған деректер енгізіледі.
86. Қосымша көрсеткіштер мен индикаторлар орнатылатын орын әрбір көрсеткішпен бақыланатын ҰҚЖ және ҰҚЖ учаскесін көрсетумен нақты таңбаланды.
87. Кешенді автоматтандырылған жүйе болған кезде осы жүйенің (аталған жабдық) көмегімен әр датчик үшін желдің бағыты мен жылдамдығының айтарлықтай өзгеруі және орташа өзгерістері анықталады және көрсетіледі.
88. Желді бақылауды орташаландыру кезеңі мынаны құрайды:
1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының орналасқан жел дисплейлері (индикаторлары) үшін 2 минут;
2) METAR мен SPECI мәліметтері үшін 10 минут. Осы 10 минуттық кезең кезінде желдің бағыты және (немесе) жылдамдығы бойынша байқалған тұрақсыздық болған жағдайда орташа мәндерді анықтау үшін, осындай тұрақсыздық кезеңде алынған деректер пайдаланылады және көрсетілген уақыт интервалы қысқарады.
89. Байқалған тұрақсыздық 2 минуттың ішінде желдің жылдамдығы 5 м/с желдің бағыты 30 градусқа шұғыл және тұрақты өзгерсе немесе жел жылдамдығының өзгеруі 5 м/с немесе одан астам жағдайда байқалған тұрақсыздық орын алады.
90. 10 минуттық орташаландыруды қамтамасыз етпейтін желдің аспаптық өзгеруі барысында әуеайлақ шегінен тыс таратылатын мәліметтер үшін 2 минуттық орташаландыру кезеңі пайдаланылады.
91. Жергілікті тұрақты және арнайы, сондай-ақ METAR мен SPECI мәліметтерінде желдің бағыты және жылдамдығы туралы мәлімет 10 нақты градусқа және тиісінше 1 м/с тең көлемде хабарландырылады. Мәліметтер үшін пайдаланылатын деректер шкаласына енгізілмейтін кез келген бақылаудағы мән осы шкаланың жақын бөлігіне дейін дөңгеленеді.
92. Жергілікті және арнайы мәліметтерде, METAR және SPECI мәліметтерінде:
1) желдің бағытын анықтау барысында пайдаланылатын өлшем бірлігі көрсетіледі;
2) соңғы 10 минут жел бағытының орташадан ауытқуы мынадай түрде көрсетіледі (егер жалпы өзгеріс 60 градус немесе одан астамды құрайды):
өзгерістердің толық диапазоны 60 градус немесе одан жоғары, бірақ 1800 кем, желдің жылдамдығы 2 м/с немесе одан астам құрайды, бағыттың осындай өзгерістері жерге жақын жел бағытының өзгеруі бақыланған шекте 2 экстремалды көлемде көрсетіледі;
өзгерістердің толық диапазоны 60 градус немесе одан жоғары, бірақ 180 градустан кем, желдің жылдамдығы 2 м/с аз болса, желдің орташа бағытын көрсетусіз желдің бағыты ауыспалы ретінде хабарланады;
өзгерістердің толық диапазоны 180 градус немесе одан артық болған жағдайда желдің орташа бағытын көрсетпей, желдің бағыты ауыспалы ретінде хабарланады;
3) METAR және SPECI мәліметтерінде 5 м/с немесе (10 мин.) одан астам және жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде орташа жылдамдық 3 м/с немесе одан астам орташа жылдамдық жоғары жылдамдықтан асса, соңғы 2 минутта байқалған желдің орташа жылдамдығынан (екпін) ауытқуы көрсетіледі:
1 м/с және одан кем жел жылдамдығы туралы хабарландырылған жағдайда, олар «штиль» деп көрсетіледі;
50 м/с жел жылдамдығы туралы хабарландырылған жағдайда олар құрамдас бөлігі деп көрсетіледі;
10 минут кезінде желдің бағыты және (немесе) жылдамдығы бойынша елеулі тұрақсыздық болған жағдайда, осы кезден кейін желдің орташа бағытынан және орташа жылдамдықтан пайда болған ауытқулар көрсетіледі.
93. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде:
1) егер жер бетіндегі желді бақылау ҰҚЖ бойындағы бірнеше жерден жүргізілсе, осы көлемдер репрезентативтік болып табылатын бақылаулар орындарының орналасу жерлері көрсетіледі;
2) егер бірнеше ҰҚЖ пайдаланылса және жер бетіндегі жел осы ҰҚЖ бақыланса, әр ҰҚЖ желдің қолданыстағы мәндері қосылады және осы мәндерге жататын ҰҚЖ көрсетіледі;
3) осы Қағидалардың 92-тармағының 2) тармақшасына сәйкес желдің орташа бағытында ауытқу көрсетілсе, онда олардың шегінде желдің өзгеруі байқалған жер бетіндегі желдің екі төтенше көлемі қосылады;
4) осы Қағидалардың 92-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орташа жылдамдықтан ауытқулар көрсетілсе, олар өлшенген жел жылдамдығының барынша және ең аз көлемі ретінде көрсетіледі.
94. METAR және SPECI мәліметтерінде, Қағидалардың 92-тармағының 3) тармақшасына сәйкес желдің орташа жылдамдығы ауытқу жағдайда желдің өлшенген ең жоғарғы жылдамдығының мәні хабарланады.
95. Уақытша әуеайлақтарда және қону алаңдарында бақылаулар флюгерлерді, жел конустарын және қол анемометрлерді пайдаланумен жасалады.
96. Техникалық құралдар болған жағдайда биіктіктегі желді бақылау ұшулар кезеңінде әр 3 сағат сайын, қажет болған жағдайда басқа мерзімдерде жасалады. Бақылаулардың деректері бойынша 100 метр биіктікте және ұшулардың әуеайлақ шеңберінің деңгейінде желдің бағыты және жылдамдығы анықталады. Биіктікте желдің бағыты мен жылдамдығын нақтылау үшін 10 километр радиуста орналасқан аэрологиялық станциялардың ақпаратын, сондай-ақ әуе кемелерінің борттарынан алынған жел туралы деректерді пайдалануға болады.
97. Биіктікте желді аспаптық әдіспен анықтау мүмкін болмаған кезде, синоптикалық бөлігі бар әуеайлақ метеорологиялық органдары болжам деректерін ұсынады.
6. Ұшу-қону жолағындағы көріну және көріну қашықтығы
98. Авиациялық мақсаттар үшін көріну мынадай өлшемдердің ең көлемдісі болып табылады, ал ол туралы деректер метрмен немесе километрмен хабарланады:
1) оны ашық реңде бақылау кезінде жерге жақын орналасқан қолайлы өлшемдегі қара объектіні анықтауға және тануға болатын ең үлкен қашықтық;
2) жарықтандырылмаған реңде жарық күші шамамен 1000 кандел (кд) оттарды анықтауға және тануға болатын ең үлкен қашықтық.
99. Көрінуді бақылау құрал-саймандарын немесе көрінудің орнатылған және таңдалып алынған күндізгі және түнгі бағдарларын пайдалана отырып жүргізіледі. Көріну бағдарларының сызбаларын әуе қозғалысына қызмет көрсету органы мен әуеайлақ метеорологиялық органы дайындайды және олардың басшылары бекітеді.
100. Көрінуді өлшеу үшін құрал-саймандық жүйелер пайдаланады, көрінуді бақылау репрезентативтігі датчиктерді пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерді жасау кезінде олардың деректері пайдаланылатын көрінуді бақылауға датчиктер ҰҚЖ бойы және қону аймағында көріну туралы дәйекті ақпаратты алатындай орналастырылады. Көріну ҰҚЖ үстінен шамамен 2,5 метр биіктікте өлшенеді.
101. Ұшып кететін әуе кемелері үшін пайдаланылатын жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде осы мәліметтерді жасау үшін көрінуді бақылаулар ҰҚЖ бойындағы жағдай үшін репрезентативті болып табылады. Ұшып келетін әуе кемелері үшін жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде пайдаланылатын, ҰҚЖ қону аймағы үшін репрезентативті болып табылады.
102. METAR және SPECI мәліметтерін жасау үшін көрінуді бақылау әуеайлақ үшін репрезентативті болып табылады.
103. Қону жүйелерімен жабдықталмаған әуеайлақтарда көрінуді бақылау ҰҚЖ жағына қарай да, басқа бағыттарда да жүргізіледі. Ауа райының мәліметіне ҰҚЖ жұмыс бағытында анықталған көріну мәні енгізіледі. Кез келген басқа бағыттағы ең аз мән, егер ол мәліметке енгізілген мәннен кем болса, қозғалыс қызметінің диспетчерлерін және кезекші синоптигін (компас бойынша сегіз бағыттың бірін көрсете отырып) хабарландырады.
104. Іңірде визуалды бақылаулар кезінде көріну күндізгі және түнгі жарық бағдарлары бойынша бағаланады, бұл ретте мәліметке анықталған мәндерден көрінудің ең үлкен мәні енгізіледі.
105. Жабдықтарды пайдалану кезінде көрсеткіштерді автоматты тіркеу қамтамасыз етіледі және оларды қосу және өшіру уақыты жазылады.
106. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде көрінуді өлшеу үшін құралды жүйелер пайдаланылатын кезде:
1) көрінуді бақылау осы Қағидалардың 101-тармағында көрсетілгендей ҰҚЖ бойында бірнеше орыннан жүргізілген жағдайда, алдымен жанасу аймағы үшін репрезентативті мәндерді содан кейін, қажет болған кезде ҰҚЖ орта нүктесі мен алыс шеті үшін репрезентативті мәндерді көрсеткен жөн, бұл ретте сондай-ақ осы мәндер репрезентативті болып табылатын орындар көрсетіледі;
2) бірнеше ҰҚЖ пайдаланса және көрінуді бақылау осы ҰҚЖ қатысты жүргізілген жағдайда, әр ҰҚЖ көрінудің мағыналарын қосу және осы мағыналар жататын жолақтарды көрсету қажет.
107. Құралмен бақылау кезінде тұрақты және арнайы мәліметтерде ҰҚЖ ұзындығына әуе кемесінің ұшуына (қонуына) шешім қабылдау үшін көріну туралы ресми деректер болып мыналар қабылданады:
1) ҰҚЖ 2000 метр және одан кем кезде - ҰҚЖ екі шетінен өлшенген көрінудің екі мәнінің азы;
2) ҰҚЖ 2000 метр астам кезде - жұмысшы СДП және ҰҚЖ ортасынан өлшенген көрінудің екі мәнінің азы.
108. Құрал-саймандық бақылаудан көзбен шолу бақылауына ауысу және керісінше, негізгі аспаптан қосалқы бақылауға ауысу кезінде бақылаушылар уақыты мен себептерін көрсетумен бақылау журналына жазба жазады.
109. Негізгі және қосалқы жабдықтарды пайдалану кезінде құрал-саймандық бақылаудан шолу бақылауына көшу туралы шешімді бақылаушы қабылдайды және кезекші синоптиктерге хабарлап, журналға жазба енгізеді.
110. Көрінуді өлшеу үшін аспаптық жүйелерді пайдалану кезінде олардың шығыс деректері ағымдағы репрезентативті өлшемдерді алуды қамтамасыз ету үшін кемінде әр 60 секунд сайын жаңартылады. Орталашандыру кезеңі мыналарды құрайды:
1) 1 минут (бұдан әрі - мин.) ӘҚҚК органдарында пайдаланылатын жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер мен дисплейлер үшін және ҰҚЖ көріну қашықтығының дисплейлері үшін;
2) бақылаудың алдындағы тікелей 10 минуттық кезеңнің ішінде көрінудің елеулі тұрақсыздығы болған жағдайды қоспағанда, METAR және SPECI мәліметтері үшін 10 мин; бұл жағдайда орташа мәндерді анықтау барысында осы тұрақсыздық кезеңінен кейін алынған деректері ғана пайдаланылады.
111. 2 минут ішінде осы Қағидалардың 60-тармағының 5) тармақшасында көзделген SPECI мәліметтерін шығару үшін өлшемдерге жететін немесе асатын ҰҚЖ көрінудің шұғыл және тұрақты өзгерісі байқалған жағдайда елеулі тұрақсыздықты білдіреді.
112. Ұшу алаңында әртүрлі көріну жағдайларында тікұшақтардың және басқа әуе кемелерінің ұшуларын және қонуларын қамтамасыз ету үшін диспетчердің сұранысы бойынша, оған сұранысында көрсетілген бағытта анықталған (осы бағытта орнатылған немесе таңдалған көріну бағдары және аспаптар болған жағдайда) көрінудің мәні беріледі.
113. Әуеайлақтың шегінен тыс таратылатын мәліметтерді жасау үшін арналған көрінуді бақылаулар әуеайлақ және оған жататын мекен үшін репрезентативті болып табылады, осы тәрізді бақылаулар барысында бағыттар бойынша көрінудің маңызды өзгерістеріне аса көңіл бөлінеді.
114. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер мен METAR және SPECI мәліметтерінде:
1) кемінде 800 метр көріну барысында көріну 50 метр еселі өлшемдерде;
2) 800 метр және одан астам, бірақ 5 километр кем көріну барысында көріну 100 метр еселік өлшемде;
3) 5 километр және одан астам және 10 километр және одан астам көріну барысында ол - 1 километр еселік өлшемде;
4) 10 километр және одан астам жағдайда метеорологиялық жағдайлар CAVOK пайдаланған жағдайдан басқа 10 километр ретінде көрсетіледі.
Деректерді хабарлау шкаласына нақты енбейтін кез келген бақыланатын өлшем шкаланың өте төмен келесі мағынасына дейін төмен жаққа дөңгеленеді.
115. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде ҰҚЖ бойы көрінудің өлшемі оның өлшеу бірліктерімен бірге көрсетіледі.
116. METAR және SPECI мәліметтерінде осы Қағидалардың 1-тарауына сәйкес басым көрінудің көрсетіледі. Әр бағыттағы көріну бірдей болмаса және төмен көріну басым көрінуден айырмашылығы болса және басым көрінудің мәндері 2000 метрден кем немесе 50 % кем және 5000 метр кем жағдайда мәліметтерде тіркелген ең аз көрінуді және әуеайлаққа қатысты жалпы бағытты компас бойынша сегіз бағыттың бірін көрсетумен көрсетіледі. Егер ең аз көріну бірнеше бағыттарда тіркелген жағдайда, пайдалану жағынан ең маңызды бағыт көрсетіледі.
117. Көріну тез өзгерген кезде және басым көрінуді анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда бағытты көрсетусіз көрінудің тек ең аз мәндері ғана көрсетіледі.
118. Әуеайлақтарда тиісті іріктелген және орнатылған бағдар және/немесе аспаптар болған кезде басым көріну анықталады. Орнатылған бағдар мен аспаптар болмаған кезде METAR және SPECI мәліметтеріндегі көріну осы Қағидалардың 107-тармағына сәйкес көрсетіледі.
119. ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау II мен III санат аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуды орындауға арналған барлық ҰҚЖ жүзеге асырылады.
ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығын бағалау мыналарды қоса алғанда, көрінудің төмендеуі кезеңінде пайдалануға арналған барлық ҰҚЖ-да жүзеге асырылады:
1) қонуға нақты бет алу үшін және I санатты аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуды орындауға арналған ҰҚЖ;
2) қону жарықтары және жоғары қарқындылығымен осьтік жарықтары бар ұшу үшін пайдаланылатын ҰҚЖ.
120. ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау нәтижелері ҰҚЖ көріну немесе көріну қашықтығы кемінде 2000 метр құрайтын кезең ішінде хабарландырылады (метрде).
121. ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау деректері мына аймақтар үшін репрезентативті болып табылады:
1) қонуға нақты бет алу және қонудың құралдарымен жабдықталмаған, немесе I санаттағы аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуларды орындау үшін жабдықталған ҰҚЖ-ның қону аймағы;
2) II санаттағы бойынша аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуларды орындауға арналған ҰҚЖ-ның ортасы үшін және қону аймағы;
3) III санаттағы аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуларды орындауға арналған ҰҚЖ орта нүктесінің және алыс шетінің қону аймағы.
122. Әуеайлақ ауданында ӘҚҚК органдары және әуеайлақты аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету органдары ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау үшін автоматтандырылған жабдықтардың пайдалану сенімділігі өзгергені туралы хабарландырылады.
123. І және ІІI санаттардың аспаптары бойынша қонуға бет алу және қонуды орындауға арналған ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау үшін трансмиссометрлерде және тікелей жайылып кетудің өлшеуіштерінде негізделген аспаптық жүйелер пайдаланылады.
124. I санаттағы аспаптар бойынша қонуға бет алу және қонуларды орындау үшін арналған ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау үшін трансмиссометрлерде және тікелей жайылып кету өлшеушілерде негізделген аспаптық жүйелерді пайдалану ұсынылады.
125. ҰҚЖ көріну қашықтығы ҰҚЖ деңгейі үстінен 2,5 метр (7,5 фут) биіктікте және ҰҚЖ осьтік желісінен бүйірден 120 метрден астам емес қашықтықта бағаланады.
Қону аймағы үшін бақылау орнының репрезентативтілігі мақсатында ол орын жергілікті жердің жағдайлары мүмкіндік берсе, ҰҚЖ табалдырығынан 300 метр қашықтықта орналасады. ҰҚЖ орта нүктесі және алыс шеті үшін бақылау орындары көрнекті болу мақсатында олар табалдырықтан 1000-1500 метр және ҰҚЖ шетінен 300 метр қашықтықта орналасады. Қосымша орындарының нақты орналасуы авиациялық метеорологиялық және климат факторларын есепке ала отырып белгіленеді.
126. Жоғары қарқынды жарықтар жүйесі (бұдан әрі - ЖҚЖ) пайдаланылатын әуеайлақта түнде және іңірде 2000 метр және одан аз мәнде және күндіз 1000 метр мән болғанда өлшенген көріну ҰҚЖ көріну қашықтығының тиісті кестелер бойынша қайта есептеледі.
127. Төмен қарқынды жарық жүйесі (ТҚЖ) пайдаланылатын әуайлақта 2000 метр және одан кем көрінуді ҰҚЖ көріну қашықтығына қайта есептеу түнгі уақытта жасалады.
128. ЖҚЖ және ТҚЖ жүйелерімен жабдықталмаған әуеайлақтарда ҰҚЖ көріну қашықтығын қайта есептеу жүзеге асырылмайды.
129. Бірнеше ҰҚЖ пайдаланған және осы ҰҚЖ көріну қашықтығында айырмашылығы болған жағдайда оның мәндері жататын ҰҚЖ нөмірлерін көрсетумен енгізіледі.
130. Қатар ҰҚЖ болған жағдайда L - сол және R - оң белгілер қолданылады.
131. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде ҰҚЖ көріну қашықтығы туралы мәлімет 400 метр ҰҚЖ көріну қашықтығы барысында 25 метр еселік өлшемде, ҰҚЖ көріну қашықтығы 400 метрден 800 метрге дейін - 50 метр еселік, ҰҚЖ көріну қашықтығы 800 метрден астам - 100 метр еселік өлшемде хабарланады.
Қолданыстағы есеп шкаласына енгізілмейтін кез келген бақылаудағы өлшем шкаласының мынадай төменгі бөлігіне дейін дөңгеленеді.
132. ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалаудың төменгі шегі 50 метр, ал жоғары шегі 2000 метр болып есептеледі. Осы шектердің төмен немесе жоғары көріну ҰҚЖ көріну қашықтығы 50 метр төмен немесе 2000 метр жоғары деп көрсетіледі.
133. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде:
1) ҰҚЖ көріну қашықтығы қолданыстағы жүйенің өлшеудің жоғары шегінен жоғары болған жағдайда ол жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде ABV қысқарту, METAR мен SPECI мәліметтерде Р қысқарту түрінде көрсетіледі, бұдан кейін осы жүйемен белгіленетін ең жоғарғы мән жазылады;