2) ҰҚЖ көріну қашықтығы қолданыстағы жүйенің өлшеудің төменгі шегінен төмен болған жағдайда оны жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде BLW қысқарту, METAR мен SPECI мәліметтерде M қысқарту түрінде көрсетіледі, бұдан кейін осы жүйемен белгіленетін ең жоғарғы мән жазылады.
134. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде:
1) өлшем бірліктері көрсетіледі;
2) ҰҚЖ көріну қашықтығына бақылаулар ҰҚЖ бір учаскесі үшін жүргізілсе, осы бақылаулар деректері бақылау орнын көрсетпей-ақ енгізіледі;
3) ҰҚЖ көріну қашықтығын бақылау ҰҚЖ бірнеше орыннан жүргізілсе, мәліметтің басында қону аймағы үшін репрезентативті өлшем, содан кейін ҰҚЖ ортасы және шеті үшін репрезентативті өлшем көрсетіледі және осы өлшемдер репрезентативті болып табылатын орындар белгіленеді;
4) бірнеше ҰҚЖ пайдаланған кезде әр ҰҚЖ көріну қашықтығының қолданыстағы мәндері енгізіледі және осы мәндер жататын жолақтар көрсетіледі.
135. METAR мен SPECI мәліметтерінде:
1) ҰҚЖ бақылау орнын көрсетпей қону аймағы үшін репрезентативті шама;
2) қонуларды орындау үшін бірнеше ҰҚЖ, әрқайсысына бірақ төртеуден көп емес қону аймағында ҰҚЖ көріну қашықтығының мәндерін енгізу және осы мәндер жататын жолақтар көрсетіледі.
136. ҰҚЖ көріну қашықтығын бағалау үшін аспаптық жүйелерді пайдалану кезінде METAR және SPECI мәліметтеріне бақылаудан кейінгі 10 минуттық кезеңде ҰҚЖ көріну қашықтығының өзгерілуі туралы ақпаратты мынадай жағдайларда енгізу қажет:
1) ҰҚЖ көріну қашықтығы мәндерінің өзгеру үрдісі бақыланса, яғни бірінші 5 минуты ішінде орта мән орта мәннен 100 метр айырмашылығы болса немесе осы кезеңінің екінші 5 минутының ішінде одан асса, онда өзгеріс көрсетіледі. ҰҚЖ көріну қашықтығы ұлғаю жағына немесе азаю жағына өзгеру үрдісі байқалса, онда осы өзгерісті белгілеу үшін тиісті U немесе D қысқартулар қолданылады. 10 минуттық кезең ішінде нақты тербелу үрдісін көрсетпесе, мәліметтерде N қысқарту пайдаланылады. Үрдістің болуы туралы ақпарат болмаған кезде мәліметтерге қысқартулар енгізу қажеттігі жоқ;
2) 10 минуттық кезеңнің 1 минутында ҰҚЖ көріну қашықтығының мәндері орта мағынадан 50 м астам немесе 20% астам айырмашылығы болса, 10 минут орта мәнінің орнына 1 минутқа орта ең төменгі және орта ең жоғарғы мағына көрсетіледі. Бақылау алдындағы 10 минуттық кезең ішінде ҰҚЖ көріну қашықтығы мәндерінің елеулі тұрақсыздығы тіркелсе, өзгерістерді белгілеу үшін тұрақсыздықтан кейін алынған мәндерді ғана пайдаланылады.
137. 2 минут ішінде ҰҚЖ көріну қашықтығының шұғыл және тұрақты өзгерісі кезінде, егер ол осы Қағидалардың 61-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген SPECI мәліметтерін шығаруға арналған өлшемдерге жеткен немесе арттырған жағдайда елеулі тұрақсыздық орын алады.
7. Ағымдағы ауа райы
138. Әуеайлақта және (немесе) оның жанында ағымдағы ауа райына бақылау жүргізіледі және ол туралы деректер хабарландырылады.
139. Ағымдағы ауа райы туралы ақпарат жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер үшін әуеайлақтағы жағдайлар үшін репрезентативті болып табылады.
140. METAR және SPECI мәліметтері үшін арналған ағымдағы ауа райы туралы ақпарат репрезентативті болуға тиіс:
1) әуеайлақтағы жағдай үшін;
2) осы Қағидалардың 147-тармағында көрсетілген ағымдағы ауа райының құбылыстарына қатысты әуеайлақтың бақылау нүктесінен 8 километрден 16 километрге дейінгі шегінде, әуеайлақтың жанындағы жер үшін.
141. Ағымдағы ауа райының құбылыстарын бақылау үшін аспаптық жүйелер пайдаланылған жағдайда ақпараттың репрезентативтілігі тиісті тәртіппен орналасқан көрсеткіштер арқылы қамтамасыз етіледі.
142. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде, сондай-ақ METAR мен SPECI мәліметтерінде ағымдағы ауа райының бақылаудағы құбылыстарының түрі және сипаттамасы көрсетіледі және олардың қарқындылығына және әуеайлаққа жақындығына тиісінше баға беріледі.
143. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде, сондай-ақ METAR мен SPECI мәліметтерінде тиісті жағдайда өлшемдердің қабылданған қысқартылған белгілерді пайдаланумен төменде көрсетілген ағымдағы ауа райының құбылыстарының түрлері көрсетіледі:
1) жауын-шашын:
сіркіреген жауын (DZ), жаңбыр (RA), қар (SN), қар түйіршігі (SG), қар аралас жаңбыр (PL), мұзды кристаллдар (бұршақ) (IC), алмас шаңы деп аталатын өлшенген жағдайда мұзды кристаллдар - осы құбылыстарға байланысты көріну 5000 м немесе одан кемді құрайтын жағдайда ғана хабарландырылады;
бұршақ (GR) - аса ірі бұршақтардың диаметрі кемінде 5 миллиметр құрайтын болса, хабарландырылады;
мұзды және (немесе) қарлы жарма (GS) - аса ірі бұршақтардың диаметрі 5 миллиметр құрайтын болса, хабарландырылады;
2) көрінуді нашарлататын құбылыс (гидрометеорлер):
тұман (FG) - MI (төмен), ВС (грядтар), PR (бөліктеніп) немесе VC (мекен) сипаттамалармен бірлесіп пайдалану жағдайлардан басқа көріну 1000 метрден кем болғанда хабарландырылады;
буалдыр (BR) - ең құрғанда 1000 метр, бірақ 5000 метр астам емес көріну болғанда хабарландырылады;
3) көрінуді нашарлататын құбылыстар (литометеорлар): құм (SA), шаң (құрсаулы) (DU), мұнар (HZ), буалдыр (FU), жанартаудың күлі (VA) осы тармақшада көрсетілген қысқартулар, литометрлердің болуымен байланысты және 5000 метр немесе одан аз, SA қоспағанда «DR» (төменгі борасын) сипаттамасын бірлесіп қолданғанда және жанартау күлімен көріністің төмендеуінде қолданылады.
144. METAR және SPECI автоматтандырылған мәліметтерінде осы Қағидалардың 143-тармағы 1) тармақшасында аталған жауын-шашынның түрлерінен басқа, жауын-шашын түрін анықтай алмаған жағдайда UP қысқартуы пайдаланылады.
145. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде қажет болған кезде қабылданған қысқартуларды және тиісті өлшемдерді пайдаланумен төменде көрсетілген ағымдағы ауа райы құбылыстарының сипаттамалары көрсетіледі:
1) найзағай (TS) - TSRA жаңбырмен, TSSN қармен, TSPL қар аралас жаңбырмен, TSGR бұршақпен найзағай және (немесе) TSGS қарлы жармамен немесе жауын-шашындардың осы нысандарының жиынтығы TSRASN туралы хабарландыру үшін пайдаланылады. Бақылаудың алдындағы 10 минуттық кезеңде найзағай естілсе немесе әуеайлақта жарқыраған найзағай көрінсе, бірақ әуеайлақта жауын-шашын болмаған жағдайда «TS» қысқартуы қосымша белгілерсіз пайдаланылады;
2) нөсерлі жауын-шашын (SH) - SHRA нөсерлі жаңбыр, SHSN қар, SHPL қар аралас жаңбыр, SHGR бұршақ, SHGS мұзды және (немесе) қарлы жарма немесе SHRASN жауын-шашынының осы нысандарының жиынтығы туралы хабарландыру үшін пайдаланылады. Әуеайлақ жанында (Қағидалардың 152- тармағын қараңыз) бақыланудағы нөсер туралы мәлімет үшін түрін немесе жауын-шашынының қарқындылығын көрсетпей, VCSH қысқартуын пайдалану қажет. Әуеайлақ жанында бақыланудағы нөсер туралы мәлімет үшін жауын-шашынының түрін және қарқындылығын көрсетпей қысқарту пайдаланылады;
3) аса суытылған су тамшылары немесе жауын-шашын (мұзданатын (FZ) - FG, DZ және RA сипаттамаларымен ғана пайдаланылады);
4) сырма боран (BL) - жер деңгейінен 2 метр (6 фут) және одан астам биіктікте көтерілетін DU, SA немесе SN мәліметтері үшін пайдаланылады;
5) сырма борасын (DR) - жер деңгейінен 2 метр (6 фут) және одан астам биіктікте көтерілетін DU, SA немесе SN мәліметтері үшін пайдаланылады;
6) төмен (MI) - жер деңгейінен 2 метр (6 фут) кем;
7) тізбектер (ВС) - әуеайлақты кейбір жерін жабатын тұманның тізбегі;
8) бөлік (PR) - әуеайлақтың маңызды бөлігі тұманмен жабылған, қалған жерде тұман жоқ.
146. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде сегіз румбы бойынша найзағайдың орын ауыстыруы мен бағыты туралы хабарланады.
147. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде ағымдағы ауа райының хабарландыратын құбылыстарының тиісті қарқындылығын және қажет болған жағдайда әуеайлаққа жақындығын мынадай тәртіпте көрсету қажет:
(қысқартулармен ашық мәтінде жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге) (METAR мен SPECI)
әлсіз FBL «-»
орташа MOD (көрсеткішсіз)
қатты HVY «+»
DZ, GR, GS, PL, RA, SG және SN (немесе ағымдағы ауа райының осы түрлерінің жиынтығымен) сипаттамалармен ғана көрсетіледі; DS, SS (DS және SS жағдайларда орташа немесе қатты қарқындылық көрсетілу тиіс). Кіші қарқындылық жауын-шашын үшін ғана көрсетіледі.
Маңай (VC) - әуеайлақтың бақылау нүктесінен шамамен 8 километр және 16 километр арасында, әуеайлақтың бақылау нүктесінен тек қана DS, SS, FG, FC, SH, PO, BLDU, BLSA, BLSN, TS және VA сипаттамалармен METAR және SPECI мәліметтерінде көрсетіледі.
148. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде:
1) осы Қағидалардың 143 және 145-тармақтарында келтірілген санынан әуеайлақта және оның жанындағы ұшуларға ықпал ететін ағымдағы ауа райының толық сипаттамасы үшін тиісті жағдайларда сипаттамаларды және әуеайлаққа жақындығын немесе қарқындылығын көрсету мақсатында ағымдағы ауа райы құбылыстарының бір немесе бірнеше, ең көп дегенде үш рет қысқартылған мәндері пайдаланылады;
2) бірінші кезекте тиісті жағдайларда құбылыстың қарқындылығы немесе әуеайлаққа жақындығын хабарлау қажет, содан кейін ауа райы құбылыстарының тиісті сипаттамалары мен түрі көрсетіледі;
3) ауа райы құбылыстарының екі ірі түрі бақыланған жағдайда ауа райы құбылысына жататын қарқындылықтың немесе әуеайлаққа жақындығының индексінен кейін осы құбылыс көрсетілетін екі жеке топпен хабарландырылады.
Бақылау кезінде жауын-шашынның әртүрлі түрлерін бір топпен хабарландыру қажет, осының барысында жауын-шашының жиынтық қарқындылығын көрсететін қарқындылықтың бір индексінен кейін жауын-шашынының басым түрі көрсетіледі.
149. Жауын-шашынның қарқындылығын бағалау кезінде көрінудің метеорологиялық қашықтығының және көрінудің метеорологиялық қашықтығының мәндері, ауа райы құбылыстарының үйлесімділігі, бұлттылықтың нысаны және өзге де метеорологиялық факторлар ескеріледі.
150. Қатты дауылдың, құйынның, қатты құйынның, сырма бұрқасынның қарқындылығы бағаланбайды.
151. Тұманның, буалдырдың, мұнардың, мұзды инелердің қарқындылығы бағаланбайды.
152. Метеорологиялық қашықтық көрінудің мәніне қарай құм (құмды) борандардың жиілігі орташа және қатты деңгейде көрсетіледі (қатты - көрінуде (МҚК) 1000 метрден аз емес).
153. Атмосфералық құбылыстарын бақылау нәтижелері ауа райының журнал-күнделігіне ауа райы құбылысының басталуы, аяқталуы және қарқындылықтың өзгеруін көрсетіп, құбылыстар түрінің символдарымен жазылады. Атмосфералық құбылыстардың қарқындылығы ауа райының журнал күнтізбесінде құбылыс символының жанында белгіленеді. Нашар қарқындылық кезінде құбылыс символының қасында «0», қатты қарқындылық болған жағдайда «2» жазылады.
8. Бұлттылық және деректерді мәліметтерде ұсыну
154. Ұшулар үшін маңызды бұлттылықты сипаттау үшін бақылаулар жүргізіледі және бұлттардың саны, түрі және төменгі шегінің биіктігі туралы мәліметтер беріледі. Аспандағы жағдайды белгілеу кезінде қиындық туса, бұлттардың санын, түрін және төменгі шегінің биіктігін бақылау орнына тік көріну бақыланады және ол туралы деректер хабарландырылады. Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және тік көріну туралы деректер метрлерде хабарландырылады.
155. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде пайдалану үшін арналған бұлттылықты бақылаулар қонуға бет алу үшін аймағына репрезентативті болып табылады.
156. METAR мен SPECI мәліметтерінде пайдалану үшін арналған бұлттылықты бақылаулар әуеайлақ және оның маңайы үшін репрезентативті болып табылады.
157. Бұлттарды бақылау бұлттардың физикалық сипаттамаларын, сондай-ақ тік және көлденең бағыттағы ұзақтығын, құрамы мен нысанын шолу және жер бетіндегі олардың биіктігін, қозғалысының жылдамдығын және бағытын аспаптық бақылауларды қамтиды.
158. Бұлттылықтың көлемін және бұлттардың төменгі шегінің биіктігін өлшеу үшін аспаптық жүйелерді пайдаланған кезде бақылаулардың көрнекті датчиктерді пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.
Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі туралы шынайы мәліметтерді алу мақсатында аталған датчиктер аспаптар бойынша қонуға бет алу жүйесінің орташа маркерді орнату жерінде орналасады. Әуеайлақтарда орташа маркер ҰҚЖ қонуға бет алу жағынан ҰҚЖ қону табалдырығынан 900-1200 метр (3000-4000 фут) қашықтықта қолданылмайды.
159. Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі әуеайлақтан асырып көрсетіледі. Қонуға нақты бет алу үшін жабдықталған ҰҚЖ пайдалану барысында оның табалдырығы 10 метрден (33 фут) асса немесе тым әуеайлақтың арттыруынан айырмашылығы болса, бұлттардың төменгі шегінің биіктігінің өлшенген мағынасына биіктіктердің әр түріне түзетулер енгізіледі.
Ашық теңізде орналасқан құрылыстардан мәліметтерді ұсыну кезінде бұлттардың төменгі шегінің биіктігі теңіздің орташа деңгейіне қатысты көрсетіледі.
160. METAR және SPECI мәліметтерінде бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі туралы мәліметтер 30 метр (100 фут) еселі өлшемге, 1500 метрден биіктіктің барысында (10 000 фут) дейін және 1500 метрден 3000 метр (10 000 фут) дейін 300 метр (1000 фут) еселі өлшемде хабарландырылады.
161. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және ATIS мен VOLMET хабарламаларында бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі және тік көріну туралы мәліметтер еселі 10 метрден 600 метрге дейін хабарландырылады.
162. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде:
1) бұлттардың көлемін «FEW» (аз 1-2 октанттар), «SCT» (шашыраңқы 3-4 октанттар), «BKN» (ақша бұлттар 5-7 октанттар) немесе «OVC» (тұтас 8 октанттар) қысқартуды пайдаланумен көрсету қажет;
2) будақ - жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді будақ бұлттарды CB мен TCU қысқартуларды пайдаланумен көрсету қажет;
3) тік көріну 600 метр (2000 фут) биіктікке дейін арнайы және жергілікті тұрақты мәліметтердің 10 метр еселі өлшемде, METAR және SPECI мәліметтерінде 30 метр (100 фут) еселі өлшемге көрсетіледі;
4) ұшулар үшін маңызды бұлттар болмағанда және тік көріну шексіз болса және CAVOK қысқарту ауа райының жағдайларын сипаттау үшін келмесе NSC қысқарту пайдаланылады;
5) бұлттардың бірнеше қабаты немесе ұшу үшін маңызды бұлттар жеке алаптар түрінде бақыланса, бұлттардың төменгі шетінің биіктігін және көлемін бұлттардың төменгі шегі биіктігінің өсу тәртібінде және мынадай өлшемдерге сәйкес көрсетіледі:
ең төменгі қабат немесе алап, санына қарамастан FEW, SCT, BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;
көкжиектің 2/8 астам жабатын мынадай қабат немесе алап SCT, BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;
көкжиектің 4/8 астам жабатын жоғарылау қабат немесе алап BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;
будақ - осы тармақшаның критерийлерінде көзделген ақпаратта көрсетілмеген, олар бақылағанда жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді будақ бұлттар;
6) бұлттардың төменгі шегі сейіліп кеткен, сейілген немесе тез өзгертілген жағдайда мәліметте бұлттардың төменгі шегінің немесе оның бөліктерінің ең аз биіктігі көрсетіледі;
7) бұлттардың жеке қабаты жалпы төменгі шегімен қою - жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді бұлттардан құрылған жағдайда, мәліметте бұлттардың түрін қою жаңбырлы деп көрсетіледі.
Мұнара тәрізді будақ бұлттар үлкен тік ұзақтығы бар күшті будақ бұлттардың болуы туралы куәландырады.
163. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде:
1) бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және тік көріну туралы деректерді ұсыну үшін пайдаланылатын өлшем бірліктері көрсетіледі;
2) бірнеше ҰҚЖ пайдаланылған және осы ҰҚЖ бұлттардың төменгі шектеріне бақылаулар аспаптар арқылы жүргізілген жағдайда, мәліметтерде әр ҰҚЖ үшін бұлттардың төменгі шектерінің қолданыстағы мәндері жазылады және олар жататын ҰҚЖ көрсетіледі.
164. Автоматтандырылған жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер мен METAR мен SPECI мәліметтерінде:
1) бұлттардың түрін автоматтандырылған бақылау жүйесі арқылы бақылауға мүмкіндік болмаған жағдайда бұлттылықтың әр тобына бұлттар туралы мәліметтерді «///» белгімен ауыстырылады;
2) автоматтандырылған бақылау жүйесі бұлттарды анықтамаған жағдайда, NCD (Nil cloud Detected) қысқарту пайдаланылады;
3) түйдек-жаңбырлы және мұнара тәрізді будақ бұлттарды автоматтандырылған бақылау жүйесі анықтаған кезде, бұлттардың төменгі шегінің биіктігін және бұлттардың көлемін анықтауға мүмкіндік болмаса, бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және көлемі туралы мәліметтер «//////» белгісімен өзгертіледі.
165. Бұлттардың төменгі шегі биіктігінің (бұдан әрі - БТШБ) негізгі және қосымша көрсеткіштері істен шыққан және аспап құралдары болмаған жағдайда бұлттылықтың қабаты ерекше жыртылған және оның биіктігі өлшенбейтін жағдайда, БТШБ әуе кемелері экипаждарының деректері бойынша немесе көзбен шолумен бағаланады.
166. METAR мен SPECI мәліметтерінде бұлттылықтың төменгі шегінің биіктігі туралы ақпарат мәні 200 метр және одан кем болғанда немесе тік көріну қосымша ақпарат тобында (RMK) нақтыланады. Бұл ретте QBB қысқарту пайдаланылады және бұлттардың төменгі шегінің өлшенген биіктігі метрмен көрсетіледі. Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі 140 метрді құрайды, бұл QBB 140 бұлттылықтың биіктігі ретінде 80 метр - QBВ 080 кодпен жазылады.
9. Ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы
167. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер және METAR мен SPECI мәліметтері үшін арналған ауа температурасын және шық нүктесінің температурасын бақылау ҰҚЖ барлық кешені үшін репрезентативті болып табылады.
168. Ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы Цельсий (бұдан әрі - 0С) градусында хабарландырылады.
169. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR немесе SPECI мәліметтерінде ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы туралы мәліметтер 0С толық градустарына еселі өлшемдерде хабарландырылады. Деректерді хабарландыру үшін пайдаланылатын шкалаға енгізілмейтін кез келген бақылаудағы мән 0С жақын градусына дейін дөңгеленеді, осының барысында 0,5 градус бақылаудағы мәндер 0С жақын градусына дейін жоғары дөңгеленеді.
170. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR немесе SPECI мәліметтерінде температура 0 градус 0С төмен көрсетіледі.
171. Ауа температурасының және шық нүктесі температурасы градусының дөңгеленген толық өлшемдеріне -9-дан +9 дейін диапазонның алдында «0» қойылады.
172. Қысқартулармен ашық мәтінді хабарландыру үшін мәліметтерде ауа температурасын «Т» символымен, шық нүктесінің температурасын «ТР» символымен белгілеу қажет. 0 градус 0С болғанда төмен температураны көрсету барысында температура мәнінің алдында «М» символы қойылады.
10. Атмосфералық қысым
173. Атмосфералық қысым өлшенеді, ал QNH және (немесе) QFE өлшемдері гПа немесе сынап бағанасының миллиметрлерінің (бұдан әрі - сн.бғ.мм.) он бөлігіне дейін нақты есептеп шығарылады.
174. Қонуға нақты бет алу үшін жабдықталмаған, табалдырықтары әуеайлақтан 2 метр (7 фут) төмен немесе жоғары орналасқан ҰҚЖ, сондай-ақ қонуға нақты бет алу үшін жабдықталған ҰҚЖ QFE өлшемдер табалдырықтың тиісті арттыруына қатысты есептеледі.
175. Барометр ҰҚЖ табалдырығынан 2 метр деңгейден жоғары немесе төмен орналасқан жағдайда өлшенген мәнге биіктіктердің әр түріне түзету енгізіледі. Барометр мен ҰҚЖ тиісті табалдырығы арасында («нольдік» сынап бағанасы) биіктіктердің әртүрлі түрлері туралы деректерді әуежай қызметтері әуеайлақ метеорологиялық органына хабарлайды.
176. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR немесе SPECI мәліметтеріне енгізілетін QNH мен QFE деректері гПа он бөлігімен есептеледі және мәліметтерде толық гПа еселі өлшемдерде төрт цифрды пайдаланумен хабарландырылады. Деректерді хабарландыру үшін пайдаланатын шкалаға енгізілмеген кез келген бақыланатын мән жақын толық гПа дейін дөңгеленеді.
177. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге мынадай ақпарат енгізіледі:
1) QFE (с.б.мм және гектопаскальда - гПа);
2) QNH (гектопаскальда - гПа);
3) егер QFE мағыналары бірнеше ҰҚЖ қажет болған жағдайда әр ҰҚЖ талап етілетін мағыналар QFE енгізіледі және олар жататын ҰҚЖ көрсетіледі.
178. METAR мен SPECI мәліметтерге гПа QNH енгізіледі, QFE (с.б.мм және гПа) қосымша ақпараттың тобына (RMK) енгізіледі.
11. Қосымша ақпарат
179. Әуеайлақтан тыс (METAR және SPECI) шығарылатын мәліметтерге ең көп дегенде үш топты пайдалана отырып, мынадай ақпарат (ауа райының жақында болған құбылыстары, яғни соңғы шығарылған тұрақты мәліметтен кейінгі кезеңде немесе өткен сағатта, бірақ бақылау сәттегі емес, осы кезеңдердің қысқасына тәуелді, әуеайлақта бақыланған ауа райының құбылыстары туралы) енгізіледі:
1) мұзданатын жауын-шашын (REFZDZ, REFZRA);
2) орташа немесе қатты жауын-шашын, соның ішінде нөсер (REDZ, RERA, RESN; RESG, REPL, RESHRA; RESHSN, RESHGR; RESHGS);
3) сырғыма бұрқасын (REBLSN);
4) шаңды боран, құмды боран (REDS, RESS);
5) найзағай (RETS);
6) құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын) (REFC);
7) жанартау күлі (REVA);
Жақында болған ауа райы құбылыстарының қарқындылығы көрсетілмейді;
8) төменгі қабаттарда желдің ауысуы;
9) ҰҚЖ жағдайы.
180. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге қосымша ақпарат ретінде төменде аталған ерекше метеорологиялық жағдайлар немесе олардың жиынтығы туралы ақпарат енгізіледі:
түйдек-жаңбырлы бұлттар - CB;
найзағай - TS;
орташа немесе қатты турбуленттілік - МOD TURB, SEV TURB;
желдің ауысуы - WS;
бұршақ - GR;
қатты дауылдың желісі - SEV SQL;
орташа немесе қатты мұздану - MOD ICE, SEV ICE;
мұзданатын жауын-шашын FZDZ, FZRA;
қатты таулы толқындар - SEV MTW;
шаңды боран немесе құмды боран - DS, SS;
жаяу бұрқасын - BLSN;
құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын) - FC.
181. METAR немесе SPECI мәліметтеріне жергілікті жағдайлармен расталғандай желдің ауысуы туралы ақпаратты енгізу қажет, қажет болған жағдайда осы ақпарат қабылданған қысқартулармен ашық мәтінмен көрсетіледі.
182. METAR және SPECI мәліметтеріне қосымша ретінде мынадай ақпараттар енгізіледі:
1) тікұшақтардың ұшуларын қамтамасыз ету мақсатында ашық теңізде құрылыстарда орнатылған авиациялық метеорологиялық станцияларынан теңіз бетінің температурасы және жағдайы туралы;
2) әуежайдың тиісті уәкілетті органы ұсынатын ҰҚЖ жағдайы туралы.
12. Метеорологиялық спутниктердің көмегімен бақылау
183. Әуеайлақ метеорологиялық органдары Жердің метеорологиялық спутниктері арқылы алынған ақпаратты жердегі метеорологиялық бақылаулардың деректеріне қосымша пайдаланады.
184. Спутник ақпараты халықаралық метеорологиялық спутниктердің және метеорологиялық органдардың белгіленген рұқсаты мен тиісті жабдықтар болған кезде өзге де спутниктерден хабарландырылады.
185. Жердің метеорологиялық спутниктерінің көмегі арқылы алынған деректер бұлттардың нысаны, көлемі және шегінің биіктігі, температураның тік таратылуы және ауаның ылғалдылығы, атмосфераның жоғары қабатындағы жел туралы ақпаратты қамтиды. Жел және атмосфераның жоғары қабаты туралы деректер бұлттардың қозғалысын бақылау арқылы алынады.
186. Спутниктік деректерді талдау кезінде атмосфералық фронттың бұлттар жүйесінің және циклондардың өзгеруіне, турбуленттік аймақтарының әуеайлағының бақылау нүктесіне, төмен бұлттылықтың, ағымдағы ағыстардың және олардың географиялық орналасуының жағдайы нақтыланады.
187. Жердің метеорологиялық спутниктерінен және басқа спутниктерден алынған метеорологиялық ақпарат тиісті өңдеуден кейін пайдаланушыларға басып шығарылған спутниктік суреттер немесе тікелей компьютерлік жүйелер түрінде ұсынылады.
188. Спутниктік ақпарат метеорологиялық спутниктер компьютерлік жүйелер арқылы хабарландыратын кестеге сәйкес қабылданады және таратылады. Метеорологиялық спутник тікелей хабарландыру мерзімінде жұмыс істеген жағдайда ақпаратты ол пункт бетінде ұшу барысында арнайы аспап арқылы фотосуреттер түрінде алуға болады. Ұшуларды қамтамасыз ету барысында метеорологиялық орган спутниктік деректерді қабылдау және өңдеудің автоматтандырылған жүйеден түсетін ақпаратты пайдалануы мүмкін.