333. SIGMET мәліметтері метеорологиялық бақылау органдарына, аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталықтарына және өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес басқа метеорологиялық органдарға жіберіледі. Жанартаудың күлі туралы SIGMET мәліметтері VAAC жіберіледі.
SIGMET мәліметтері ОРМЕТ деректерінің халықаралық банктеріне таратылады.
334. SIGMET мәліметтері әуе кемелерінің борттарынан алынған ақпарат, аэросиноптикалық нақты және болжам материалдарын талдау, жердегі және радиолокациялық бақылаулардың деректері негізінде жасалады.
335. SIGMET ескертудің мәтіні мынадай ақпаратты қамтиды:
1) мәліметтің атауы және оның реттік нөмірі;
2) әрекет ету күні және кезеңі;
3) ҰАА немесе диспетчерлік тораптық аудан атауы;
4) құбылыстың сипаттамасы;
5) ақпараттың түрі (OBS, FCST);
6) орналасқан орны (белгілі географиялық пункттердің кеңдігі мен ұзақтығы немесе атауы);
7) деңгейі;
8) ауысуы;
9) қарқындылықтың өзгеруі.
336. SIGMET ақпараты артық сипаттама материалды ұстамайды. SIGMET мәліметі шығарылымына қатысты құбылыстардың сипаттамасына осы Қағидалардың 330-тармағында көрсетілгеннен басқа ешқандай қосымша материал енгізілмейді.
Найзағайға қатысты SIGMET ақпаратында оларға байланысты турбуленттілік пен мұздану ескерілмейді.
SIGMET және AIRMET ақпараттарының талаптары осы Қағидаларға 7, 8, 9-қосымшаларда көрсетілді.
337. Осы ауданда құбылыстардың пайда болуы бақыланбаса немесе күтілмесе SIGMET ақпараты жойылады.
3. Желдің ауысуы туралы ескертулер және хабарландырулар
338. Желдің ауысуы туралы ескертулерді уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҰ тиісті органдарымен және мүдделі пайдаланушылармен жергілікті деңгейде келісілген шарттарға сәйкес желдің ауысуы кедергі болатын әуеайлақтар үшін дайындайды.
Желдің ауысуы туралы ескертулерді уәкілетті метеорологиялық органдар тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҰ тиісті органдарымен және мүдделі пайдаланушылармен жергілікті деңгейде келісілген шарттарға сәйкес желдің ауысуы кедергі болатын әуеайлақтар үшін дайындайды.
Желдің ауысуы туралы ескерту қону, қонуға бет алу немесе ұшу аумағында немесе әуе ҰҚЖ және 500 м (1600 фут) қону немесе ұшуға бет алу барысында айдау кезінде әуе кемелеріне жағымсыз ықпал етуі мүмкін бақыланатын және күтілетін желдің ауысуы туралы қысқаша ақпаратты қамтиды.
339. Ұшып келетін және ұшып кететін әуе кемелері үшін желдің ауысуы туралы ескертулерді әуе кемелерінің желдің ауысуы болмаған жағдайда немесе келісілген уақыт кезеңі өткенде жойылады. Желдің ауысуы туралы ескертуді жою критерийлерін метеорологиялық өкілетті орган және ӘҚҰ тиісті уәкілетті органы және мүдделі пайдаланушылардың арасындағы келісім бойынша әр әуеайлақ үшін сол жерде белгіленеді.
340. Желдің ауысатыны туралы мәліметтер мыналар арқылы алынады:
1) желдің ауысуын қашықтықтан өлшеудің жер үсті жабдықтары (доплерлік радиолокатор);
2) нақты ҰҚЖ немесе бірнеше ҰҚЖ және қонуға бет алу және ұшуға бет алудың тиісті траекторияларын бақылау үшін орналасқан жер бетіндегі жел мен (немесе) қысым датчиктерінің жүйесі;
3) биіктікті алу немесе қонуға бет алу кезеңінде әуе кемелерінің борттарынан бақылаулар;
4) әуеайлаққа жақын маңда орналасқан немесе жақында орналасқан биік учаскелерде, матчаталарда немесе мұнарада орнатылған тиісті датчиктер арқылы алынған басқа метеорологиялық ақпарат.
341. Желдің ауысу шарттары әдеттегі мына құбылыстарға байланысты:
найзағай, шағын жел, құйғыш тәрізді бұлттар (торнадо немесе су құйындары) жаппай қарқын;
алдыңғы шептегі бет;
жергілікті топографиялық жағдайлармен күшейтілген қатты жерге жақын жел;
таулы толқындар (соның ішінде әуеайлақ ауданындағы кіші биіктіктерде дауыл қақпалары);
кіші биіктіктерде температуралық инверсиялар.
342. Әуе кемелерінің пилоттары желдің ауысуы туралы хабарларда өздерінің желдің сол кездегі ауысу қарқындылығын субъективті бағалауына негізделген мынандай жіктеу терминдерін пайдаланады: «орташа», «қатты», «өте қатты». Осы тәрізді хабарлар желдің ауысуы туралы ескертулерге өзгеріссіз енгізілуге тиіс.
343. Желдің ауысуы туралы ескертулер (хабарландыру) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде әуеайлақта желдің ауысуы туралы ескертулерді және хабарландыруды жасау үлгісіне (WS WRNG) сәйкес шығарылады және мүдделі тараптарға таратылады.
344. Осы Қағидаларға 10-қосымшадағы үлгіде ескертілген реттік нөмір осы әуеайлақ бойынша ағымдағы күннің 00.01 UTC бастап шығарылған желдің ауысуы туралы ескертулердің санын көрсетеді.
345. Осы Қағидалардың 10-қосымшасындағы үлгіде аталған қысқартулардан басқа, мәтінді пайдалану барынша азайтылады. Қосымша ақпарат ИКАО бекіткен қысқартулармен, ашық мәтінде жасалады. ИКАО бекіткен қысқартулар болмаған жағдайда ағылшын тіліндегі ашық мәтін пайдаланылады.
346. Әуе кемесінің бортынан хабарды желдің ауысуы туралы ескертуді дайындау немесе бұрын шығарылған ескертуді растау үшін пайдаланатын жағдайда әуе кемесінің бортынан тиісті хабарды, соның ішінде әуе кемесінің түрін жергілікті келісімге сәйкес мүдделі тараптарға өзгеріссіз тарату қажет.
347. Ұшып келе жатқан әуе кемесінің бортынан, сондай-ақ ұшып кетіп жатқан әуе кемесінің бортынан желдің ауысуы туралы хабар алынғаннан кейін желдің ауысуы туралы екі әртүрлі ескерту болу мүмкін: біреуі келе жатқан әуе кемелері үшін, екіншісі кетіп бара жатқан әуе кемесі үшін.
348. Желдің ауысуы туралы хабарландыру тікелей қашықтықта өлшеудің автоматтандырылған немесе желдің ауысуын анықтаудың жердегі жабдықпен жергілікті келісімге сәйкес мүдделі тараптарға таратылады.
349. Шағын қарқындылықтар желдің ауысуын қашықтықта өлшеу және анықтаудың жердегі жабдықпен анықталған, ол туралы ұшқыштар хабарлаған, бақыланған жағдайда желдің ауысуы туралы ескертуге және хабарландыруға шағын қарқындыққа нақты сілтемені енгізу қажет.
350. Желдің ауысуын анықтау және қашықтықта өлшеудің жердегі жабдықтың ақпараты желдің ауысуы туралы хабарландыруды дайындау үшін пайдаланылса, хабарландыру метеорологиялық уәкілетті орган, ӘҚҰ тиісті уәкілетті органы және мүдделі пайдаланушылардың арасындағы келісімге сәйкес ҰҚЖ нақты учаскелерімен және қонуға бет алу және ұшу траекториялары бойындағы арақашықтықпен байланыстырылады.
351. Күтілетін желдің ауысуы туралы ескерту әуеайлақ ауданында жергілікті географиялық ерекшеліктермен үйлесіп, аэросиноптикалық материалдар бойынша метеорологиялық жағдай желдің ауысу болуына ықпал еткенде жасалады.
Желдің ауысуы туралы ескертулер қабылданған қысқартулармен ашық мәтінде жасалады және ӘҚҰ диспетчерлеріне таратылады және ATIS хабарламаға енгізіледі және осы әуеайлақтан тыс таратылмайды.
7. Әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық қамтамасыз ету
1. Жалпы ережелер
352. Пайдаланушылар және ұшу экипажының мүшелері метеорологиялық ақпаратпен:
1) пайдаланушылар жүзеге асыратын ұшу алдындағы жоспарлау;
2) пайдаланушылар жүзеге асыратын ұшуларды орындауды орталықтандырылған басқару жүйесін пайдалана отырып, ұшуды қайта жоспарлау;
3) ұшу алдында ұшу экипажын пайдалану;
4) ұшып жүрген әуе кемелері үшін жабдықталады.
Пайдаланушылар және ұшу экипажының мүшелері жабдықталатын метеорологиялық ақпарат ұшу уақыты және биіктігіне және бағыттың географиялық ұзақтығына қатысты ұшу талаптарына жауап береді, белгіленген сәтке және ұшу кезеңіне жатады және белгіленген қонудың әуеайлағына дейін ұшуды қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады. Онда пайдаланушы тағайындаған белгіленген қону әуеайлағы және қосымша әуеайлақтардың арасындағы бағыттың бөлігінде күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы деректер қамтылған.
353. Пайдаланушылар және ұшу экипажының мүшелері жабдықталатын метеорологиялық ақпарат соңғы деректерді қамтиды және уәкілетті метеорологиялық орган тиісті пайдаланушылардың келісімімен белгілеген мынадай деректерді енгізеді:
1) болжамдар:
биіктіктегі жел;
биіктіктерде ауа ылғалдылығы және температура;
ұшу эшелонының геоәлеуетті абсолюттік биіктігі;
тропопаузаның ұшу эшелоны және тропопаузаның температурасы бірліктерінде;
ең қатты желдің бағыты, жылдамдығы және оның биіктігінің ұшу эшелоны бірлігінде;
SIGWX құбылыстары;
2) белгіленген ұшып кету және қону және қосалқы әуеайлақтар, бағыттағы және келу әуеайлағы үшін METAR немесе SPECI мәліметтері (соның ішінде «тренд» түріндегі болжамдар);
3) ұшып кету және белгіленген қону және қосалқы әуеайлақтар, бағыттағы және келу әуеайлағы үшін TAF болжамдары немесе TAF түзетілген болжамдары;
4) ұшуға арналған болжамдар;
5) SIGMET ақпараты және барлық бағытқа қатысы бар борттан тиісті арнайы хабарламалар;
6) барлық бағытқа қатысы бар жанартау күлі және тропикалық циклон туралы консультативтік ақпарат;
7) барлық бағытқа жататын кіші биіктіктерде ұшу үшін AIRMET ақпараты және AIRMET ақпаратын шығаруға дайындалған карта нысанында аз биіктікте ұшу үшін аймақтық болжамдар немесе GAMET аймақтық болжамдары;
8) ұшу әуеайлағы бойынша хабарламалар (жергілікті әуеайлақ үшін);
9) МРЛ ақпараты;
10) Жердің метеорологиялық спутниктерінен алынған суреттер.
354. Осы Қағидалардың 353-тармағының 1) тармақшасында аталған болжамдар АБДО ұсынатын цифрлы болжамдардан алынады. Егер болжам АБДО жасалғаны көрсетілсе, онда қамтылған метеорологиялық ақпаратқа өзгерістер енгізілмейді. АБДО жасаған цифрлы болжамдардан алынған карталар осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген карта мен кестелерді құрастыру жөніндегі талаптар бойынша әрекет етудің белгіленген аймақтары үшін ұсынылады.
355. Егер осы Қағидалардың 353-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген желдің болжамы, биіктіктегі ауаның температурасы карта түрінде ұсынылған жағдайда олар белгіленген уақытқа ұшу эшелондарының болжам карталары болып табылады.
Осы Қағидалардың 353-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген SIGWX құбылыстарының болжамдары карта түрінде ұсынылған жағдайда, олар ұшудың эшелондарымен шектелген атмосфера қабатының белгіленген уақытқа болжамды карталары болып табылады.
356. Пайдаланушы жүзеге асыратын ұшу алдындағы жоспарлау және ұшу барысында қайта жоспарлау үшін талап етілетін биіктіктегі желдің және ауа температурасының және SIGWX ауа райы құбылыстарының болжамдары эшелоннан 100 жоғары болса, олар алғаннан кейін және ұшуға дейін 3 сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Пайдаланушы жүзеге асыратын ұшу алдындағы жоспарлау және ұшу барысында қайта жоспарлау үшін басқа метеорологиялық ақпарат мүмкіндігінше ертерек беріледі.
357. Қажет болған жағдайда уәкілетті пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне қызмет көрсетуді ұсынуды ұйымдастыратын мемлекеттің метеорологиялық органы басқа мемлекеттердің уәкілетті метеорологиялық органдарымен олардан қажетті мәліметтерді және (немесе) болжамдарды алуға бағытталған шараларды үйлестіреді.
358. Пайдаланушылар және ұшу экипажының мүшелері пайдаланушылармен келісілген негізінде уәкілетті метеорологиялық орган белгіленген жерде және әуеайлақ метеорологиялық органы мен тиісті пайдаланушының арасындағы келісім бойынша белгіленген уақытта жабдықталады.
359. Өкілетті метеорологиялық орган мен тиісті пайдаланушының арасындағы келісім бойынша пайдаланушылар және ұшу экипажының мүшелері метеорологиялық ақпаратпен мына әдістердің бірімен жабдықталады:
1) қолмен жазылған немесе басылған материал, соның ішінде белгіленген карталар мен нысандар;
2) цифрлы нысандағы деректер;
3) нұсқама беру;
4) консультация;
5) көрсету; немесе
6) осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларын ескере отырып, дербес нұсқама беру және ұшу құжаттамасын жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйесі. Бұл ретте пайдаланушылардың және ұшу экипажының мүшелері телефон арқылы немесе басқа қолайлы байланыс құралдарын пайдалана отырып, метеорология органынан консультация алу үшін қолжетімділік сақталады.
360. Пайдаланушылармен келісім бойынша уәкілетті метеорологиялық орган мыналарды:
1) ұсынылуға жататын ақпараттың түрі мен нысанын,
2) осы ақпаратпен жабдықтау әдісі мен құралдарын белгілейді.
361. Пайдаланушылардың сұрауы бойынша ұшуларды жоспарлау үшін ұсынылатын метеорологиялық ақпаратқа ұшудың ең төменгі қауіпсіз эшелонын белгілеу үшін қажетті деректерді енгізу қажет.
362. Әуе кемесінің экипаждары ұшу алдында және ұшу барысында метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Осы ақпарат ұшудың уақытына, биіктігіне және бағдарына (ауданына) сәйкес болуы тиіс. Ұшу алдындағы дайындық кезеңінде әуе кемелерінің экипаждары мыналармен қамтамасыз етіледі:
1) ауызша метеорологиялық консультациямен;
2) ұшу, қону және қосымша әуеайлақтары бойынша нақты ауа райы және болжамдар туралы деректермен;
3) ұшу бағыттары және аудандары бойынша болжамдармен және ескертулермен және SIGMET ақпаратымен (ұшу бағдарлары бойынша күтілетін немесе бар метео құбылыстары туралы ақпарат);
4) биіктіктер бойынша желдің және температураның және ауа райының ерекше құбылыстарының болжамдарымен.
363. Авиациялық жұмыстарды орындау бойынша ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету үшін ұшулардың бағыттары мен аудандары бойынша болжамдары пайдаланылады.
364. Әуе жолдарынан тыс қону алаңдарын және белгіленген бағдарларды таңдаумен жергілікті әуе желілердің ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету кезінде ұшу аудандары бойынша ауа райының болжамдары жасалады.
365. ЖӘЖ болжау аудандарының карта-сызбалары ӘҚҰ және авиациялық жұмыстарға қызмет көрсетуге қатысатын метеорологиялық органдар мамандарының жұмыс орындарында орналасады.
366. Авиациялық жұмыстардың ауданын метеорологиялық жарықтандыруды арттыру мақсатында уақытша метео посттары құрылуы, ауа райы туралы ақпаратты таратуға арнайы дайындықтан өткен тапсырыс берушінің мамандары тартылуы мүмкін.
367. Уақытша метеорологиялық посттар мен метеоақпараттарды жеткізу тәсілін құру туралы шешім пайдаланушы мен ӘҚҰ органының келісімі бойынша метеорологиялық өкілетті орган қабылдайды.
368. Авиациялық жұмыстарды метеорологиялық қамтамасыз ету жұмыстары мыналарды қамтиды:
1) ауа райының болжамдары жасалатын аудандардың, соның ішінде көршілес метеорологиялық органдардың тізбесі;
2) ұшулар аудандары бойынша болжамдарға түзетулерді шығаруға арналған өлшемдер;
3) метеорологиялық жұмыстар жүргізілетін станциялардың тізбесі және олардың жұмыс кезеңі;
4) ұшу алдындағы дайындалу және ұшуды орындау уақыты кезінде әуе кемелерінің экипаждарына метеорологиялық ақпаратты жеткізу тәсілдері;
5) әуе кемелерінің экипаждарынан метеорологиялық ақпаратты алу тәсілдері;
6) ӘҚҰ органдарына метеорологиялық ақпаратты жеткізу тәсілдері.
369. Бағдар бойынша ұшуды қамтамасыз етуге арналған ақпарат экипажға жаңа ақпарат ұсынылатын бірінші қонудың әуеайлағына дейін жеткілікті болуы тиіс. Жеке жағдайларда бірінші қонудың әуеайлағында әрі қарай ұшу үшін ақпаратпен қамтамасыз етілмегенде, ол ұшу әуе айлағында экипажға ұсынылады.
370. Ұшып шығатын әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету «Брифинг» диспетчері (ЖӘЖ) әуеайлақ метеорологиялық органына беретін ұшудың тәулік жоспарлары негізінде жүргізіледі, ал жоспарда көрсетілмеген жеке рейстер - ұшудың жоспарланған уақытына дейін 1 сағаттан кешіктірмей берілген қосымша тапсырыстар негізінде қамтамасыз етіледі. Тапсырыстар мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) ұшудың жоспарланған уақыты;
2) әуеайлаққа жоспарлы келу уақыты;
3) ұшу бағыты және аралық әуеайлаққа келудің жоспарланған уақыты және одан ұшу уақыты;
4) қосымша әуеайлақтар;
5) эшелон және ұшу биіктігі;
6) ұшу түрі (АҰЕ немесе ШҰЕ).
371. Синоптикалық бөлімі жоқ метеорологиялық органдар әуе кемелерінің экипаждарын базалық АМСА (АМО) және басқа әуеайлақтардан алынған ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қажетті ақпараттар әуеайлақтың метеорологиялық органының ұшу әуеайлағының (қону алаңның) бастығынан немесе қолда бар байланыс арналары бойынша тікелей әуе кемесінің командирінен сұралады.
372. Ұшудың түріне және ұзақтығына қарай метеорологиялық ақпараттар әуе кемелерінің экипаждарына ұшу құжаттамасы нысанында және (немесе) ауызша нысанда ұсынылады, осы ақпараттар сондай-ақ экипаждардың ұшу алдындағы метеорологиялық дайындық жүргізетін үй-жайларында орнатылған арнайы көрмелерде, стендтерде орналасады.
373. Болжамдардың әрекет ету кезеңі ұшудың есепті уақытын қону әуеайлағы және қосымша әуеайлаққа дейін 30 минут бұрын беруі тиіс.
2. Консультация беру және ақпараттарды көрсету
374. Әуе кемесі экипаждарының ұшу алдындағы метеорологиялық дайындығы алдағы ұшудың метеорологиялық жағдайларын өздігінше үйренуді және экипаждардан АМСА-ға алынған нақты және ұшу бағыты (аудан) бойынша әуеайлақтағы күтілген метео жайдайлар туралы қажетті ақпараттарды қамтиды.
375. Ұшу экипажы мүшелеріне және (немесе) персоналына ұшу өндірісімен байланысты консультация беру сұрау салу бойынша жүргізіледі. Консультацияның мақсаты - ұшу құжаттамаларының орнына пайдаланушы және өкілетті орган арасындағы келісім бойынша немесе ақпараттың ұшу құжаттамаларындағы толықтырулар мен түсініктемелер үшін консультация жұмыс істейтін, қосалқы және басқа тиісті әуеайлақтардағы, қону жоспарланған әуеайлақтардағы берілген ұшу бағыты бойынша нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы соңғы алынған ақпараттармен жабдықтау болып табылады.
376. Консультация жүргізу үшін қолданылатын ақпараттар осы Қағидалардың 353-тармағында аталған кез келген немесе барлық элементтерді қамтиды.
377. Әуеайлақ метеорологиялық органы әуеайлақ бойынша болжамның ұшу құжаттамасына енгізілгеннен айтарлықтай ерекшеленетін әуеайлақ ауданындағы метеорологиялық жағдайларды эволюциялау туралы пікірлерін айтқан жағдайда, ұшу экипажы мүшелерінің назары осы айырмашылыққа аударылады.
378. Консультация беруді, ұшу құжаттамасын көрсету және (немесе) рәсімдеуді әуеайлаққа қызмет көрсетуші әуеайлақ метеорологиялық органы қамтамасыз етеді.
379. Өзара байланысында консультация беру және (немесе) ұшу құжаттамасын рәсімдеу туралы сұраныс түскен ұшуларды жүргізуге қатысты ұшу экипажының мүшесі немесе басқа адам әуеайлақтық метеорологиялық органы мен тиісті пайдаланушының арасындағы келісілген уақытта әуеайлақ метеорологиялық органына келеді. Әуеайлақтың жергілікті жағдайы жеке консультация беру жүргізуге мүмкіндік туғызбаған жағдайда әуеайлақ метеорологиялық органы телефон бойынша немесе басқа электр байланыс құралының көмегімен осындай қызмет көрсетуді ұсынады.
380. Шетелдік әуе кемелері экипаждарында консультация беру ағылшын тілінде жүргізіледі.
381. Әуеайлақ метеорологиялық органы ұшуды жүргізуге қатысты әуе кемесі экипажының мүшелерін немесе басқа қызметкерді қамтамасыз етеді және консультация беруді жүргізеді. Консультация беру кезінде экипажға мыналар хабарланады:
1) бірінші қону әуеайлағына дейін немесе мүмкіндігінше бағыттағы соңғы әуеайлаққа дейін ұшу бағыты (ауданы) бойынша синоптикалық жағдайдың сипаттамасы;
2) биіктіктегі жел, биіктік ауадағы температура, тропопаузаның биіктігі туралы ағымдағы және болжамдық мәліметтер, ең қатты жел туралы ақпарат;
3) ұшу бағыты бойынша ауа райының нақты және күтілген құбылысы және ағысты ағын туралы ақпараттар;
4) ұшу, қону және запастағы әуеайлақтардағы ауа райының нақты және күтілетін жағдайы;
5) экипаждың талабы бойынша басқа бар метеорологиялық мәліметтер.
382. Кіші биіктіктегі ұшуларды қамтамасыз ету үшін консультация беру кезінде, сонымен қатар көзбен шолу ұшуларының ережесі бойынша 100 эшелонға (немесе таулы аудандарда 150 ұшу эшелонына дейін немесе қажеттілікте жоғары) дейінгі биіктік бойынша метеорологиялық ақпараттар пайдаланылады. Кең кеңістікте көрінудің 5000 м кем көлеміне дейін төмендеуіне ықпал ететін кез келген нақты немесе күтілетін құбылыстардың пайда болуын, сондай-ақ ұшулардың орындалуына ықпал ететін нақты немесе күтілетін бұлттардың пайда болуына ерекше көрсету қажет.
383. Ұшу экипажының мүшелеріне және ұшуларды дайындауға байланысты қызметкерлерге көмек көрсету, сондай-ақ әуеайлақта нұсқаманы және консультация беруді жүргізу барысында пайдалану үшін метеорологиялық орган соңғы алған ақпаратты көрсетеді:
1) METAR және SPECI мәліметтерін;
2) TAF болжамдарын және «тренд» түріндегі болжамды;
3) жергілікті әуеайлақ бойынша ескертуді;
4) ұшу үшін болжамды;
5) SIGMET, AIRMET және SIGMET мәліметінде көрсетілмеген борттан арнайы хабарларды;
6) ағымдағы және болжау карталарын;
7) Жердің метеорологиялық серіктерінің суреттері немесе мозаика және (немесе) нефанализдерді;
8) жердегі метеорологиялық локаторлар арқылы алынған ақпаратты.
384. Көрсетілетін материал ұшу экипажының мүшелері және ұшуларды орындауға байланысты басқа қызметкерлерге қолжетімді болып табылады. Уәкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушының арасындағы келісім бойынша көрсетуді консультацияның орнына пайдалануға болады.
385. Авиациялық пайдаланушыларды метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін әуеайлақ метеорологиялық органдары метеорологиялық деректердің халықаралық банктерін пайдаланады немесе тікелей басқа мемлекеттердің метеорологиялық органдарынан сұратады.
386. Метеорологиялық консультациядан өткен соң әуе кемесінің командирі консультациядан өтуді тіркеу бланкісінде рейстің, борт нөмірін, қону әуеайлағын және ұшу уақытын, сондай-ақ консультация уақытын көрсетеді.
387. Ұшудың жоспарланған уақыттан 20 минут және одан астам кешігу барысында экипажға метеорологиялық жағдайды нақтылау қажет.
3. Ұшу құжаттамасы
388. Ұшу құжаттамасына енгізілетін ақпарат карта, кестелер және қысқартулармен ашық мәтін түрінде ұсынуы тиіс. Әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамдары құжаттамаға TAF код нысанында немесе қысқартулар мен кестелерді пайдаланумен ашық мәтінде енгізіледі.
389. 2 сағат ұзақтығымен АҰЕ бойынша ұшу құжаттамасы осы Қағидалардың 353-тармағының 2), 3), 5), 6), 9), 10) тармақшаларында аталған ақпаратты қамтиды.
390. 2 сағаттан астам ұзақтығымен АҰЕ бойынша ұшу үшін ұшу құжаттамасы осы Қағидалардың 353-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 9), 10) тармақшаларында аталған ақпараттарды қамтиды:
1) бағдарда ауа райының күтілетін ерекше құбылыстары туралы және қажет болғанда тропопаузаның биіктігі және ағымды ағыстары туралы деректер;
2) ұшу, келу және қосымша әуеайлақтары бойынша болжамдар.
Ұшу эшелондары үшін жел мен температура туралы мәліметтер 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПа), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа), 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100 гПа);
Эшелонның ұшу бірліктерінде тропопауза биіктігі туралы немесе тропопаузаның абсолютті биіктігі мен температурасы туралы мәлімет;
Ең жылдам желдің жылдамдығы мен бағыты туралы және эшелонның ұшу бірлігінде оның биіктігі немесе абсолютті биіктігі туралы мәлімет;
эшелон ұшулары үшін ылғалдылық туралы мәлімет 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа);
эшелон ұшулары үшін геоәлеуетті абсолютті биіктік туралы мәлімет 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПа), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа), 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100 гПа).
391. 100 ұшу эшелондары (немесе таулы аудандарда 150 ұшу эшелонына дейін немесе қажет болғанда жоғарырақ эшелонға дейін) үшін кіші биіктіктерде ШҰЕ бойынша ұшулар үшін ұшу құжаттамасы ұшу ұзақтығына қарамастан әуе кемесінің экипажына беріледі және мыналарды қамтиды:
1) METAR және SPECI мәліметтерін;
2) TAF болжамдарын және «тренд» түріндегі болжамды;
3) ұшу әуеайлағы бойынша ескертуді;
4) SIGMET және AIRMET ақпараттарын;
5) кіші биіктіктерде ұшулар үшін SWL карталар түрінде аймақтық болжамдарды;
6) бір-бірінен 500 км қашықтықта тұратын пункттер үшін карта түрінде жел және температураның болжамдары, мынадай абсолюттік биіктер үшін: 600, 1500 және 3000 м (2000, 5000 және 10000 фут);
7) GAMET аймақтық болжамдарды;
8) осы Қағидалардың 264-286-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған қабылданған қысқартулармен ашық мәтін нысанында ұшу бағдарлары және аудандары бойынша болжамдар.
392. Ұшу құжаттамасында АБДО шығаратын мынадай болжамдар пайдаланылады:
1) SIGWX болжамдары:
SIGWX болжамдары (250-630 (SWH) ұшу эшелоны үшін жоғары деңгей;
SIGWX болжамдары 100-250 (SWM ұшу эшелоны үшін орта деңгей);
2) тұрақты торының торабындағы болжамдар:
ұшу эшелондары үшін жел және температура туралы болжам 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПа), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа), 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100 гПа);
ұшудың эшелон бірлігімен тропопаузаның биіктігі және тропопаузаның температурасы туралы ақпарат;
ұшудың эшелон немесе абсолютті биіктік бірлігімен ең қатты желдің бағыты мен жылдамдығы туралы ақпарат;