3) метеорологиялық қамтамасыз етудің сипатына ықпал ететін басқа өзгерістер жоспарланса, хабардар етеді.
Хабарламада тиісті өзгерістерді жоспарлау үшін уәкілетті метеорологиялық органға қажетті барлық мәліметтер болады.
10. Пайдаланушылар немесе ұшу экипажының мүшелері әуеайлақ метеорологиялық органын мынадай жағдайларда хабарландырады:
1) ұшулардың кестесі туралы;
2) тұрақсыз рейстерді орындау жоспарланған жағдайда;
3) рейстер кешіккен, белгіленген уақыттан ерте орындалған немесе алынып тасталған жағдайда.
11. Әуеайлақ метеорологиялық органына жіберілетін жеке рейстер туралы хабар тарату мынадай ақпаратты қамтуға тиіс (тұрақты рейстер болған жағдайда, әуеайлақ метеорологиялық органы мен пайдаланушы арасындағы келісім бойынша барлық ақпарат немесе оның бөлігі көрсетілмеуі мүмкін):
1) ұшып шығатын және ұшып шығудың есепті уақыты;
2) баратын пункт және келудің есепті уақыты;
3) ұшудың тапсырылған бағдары және аралық әуеайлаққа (әуеайлақтарға) келу уақыты және одан (олардан) ұшып шығу уақыты;
4) өңірлік аэронавигациялық жоспардағы тиісті тізбеден алынған қажетті қосалқы әуеайлақтар;
5) крейсер эшелоны;
6) ұшудың түрі (шолу ұшуларының немесе аспаптар бойынша ұшулардың қағидалары бойынша);
7) ұшу экипажының мүшесіне ұсыну үшін талап етілетін метеорологиялық ақпараттың түрі (ұшу құжаттамасы және/немесе консультация);
8) консультация жүргізу және (немесе) ұшу құжаттамасын беру уақыты.
2. Уәкілетті метеорологиялық орган
Әуеайлақ метеорологиялық органы
12. Уәкілетті метеорологиялық орган осы Қағидалардың талаптарына сәйкес метеорологиялық қамтамасыз ету, авиациялық пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті халықаралық аэронавигацияны жүзеге асыру және дамуына байланысты басқа органдарды жабдықтау бойынша әуеайлақ метеорологиялық органдарының қызметін ұйымдастырады.
13. Уәкілетті метеорологиялық орган әуеайлақ метеорологиялық органдарының қызметіне, олардың қай ведомствоға қарайтынына қарамастан, әдістемелік басқаруды жүзеге асырады.
14. Метеорологиялық уәкілетті орган пайдаланушыларды: пайдаланушылар, ұшу экипажының мүшелері, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, іздеу-құтқару қызметінің органдары, әуежайлардың әкімшіліктерін және ұшуды қамтамасыз етуге қатысты басқа органдарды олардың функцияларын орындау үшін қажетті метеорологиялық ақпаратпен метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
15. Азаматтық авиацияны тікелей метеорологиялық қамтамасыз етуді авиациялық пайдаланушыларға ауа райы мәліметтерін, аэрологиялық және радиолокациялық, спутниктік бақылаулардың деректерін ұсынуға жауапты әуеайлақ метеорологиялық органдары жүзеге асырады.
16. Әуеайлақ метеорологиялық органдарына мыналар жатады:
1) авиациялық метеорологиялық орталық (бұдан әрі - АМО);
2) синоптикалық бөлігі бар авиациялық метеорологиялық станциялар (бұдан әрі - АМСА);
3) синоптикалық бөлігі жоқ авиациялық метеорологиялық станциялар (АМСА).
17. Әуеайлақ метеорологиялық органы қажеттілігіне қарай әуеайлақ ауданында ұшуларды жасауға байланысты қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мынадай функцияларды орындайды:
1) ұшулар үшін болжамдарды және басқа тиісті ақпаратты жасайды және (немесе) алады;
2) жергілікті метеорологиялық жағдайлардың болжамдарын жасайды және (немесе) алады;
3) олар үшін болжамдар жасалатын әуеайлақтардың ауданында метеорологиялық жағдайларға үнемі бақылау жүргізеді;
4) нұсқама жүргізеді, консультация береді және ұшу экипажының мүшелеріне және (немесе) ұшуларды өндіруге байланысты басқа қызметкерлерге ұшу құжаттамасын ұсынады;
5) авиациялық тұтынушыларды басқа метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды;
6) қолдағы бар метеорологиялық ақпаратты көрсетеді;
7) басқа метеорологиялық органдармен метеорологиялық ақпарат алмасады.
18. Әуеайлақ метеорологиялық органдар жұмыстарының санаты және бағдарламасын уәкілетті метеорологиялық орган уәкілетті авиациялық органмен келісіп, белгілейді.
19. Өзінің қызметін орындау барысында әуеайлақ метеорологиялық органдары биіктікте жел, температура және ауа ылғалдылығының болжамы, қатты желдің жылдамдығы, бағыты, биіктігі, тропопаузаның температурасы, сондай-ақ Аймақтық болжамдарының дүниежүзілік жүйесінен және метеорологиялық деректердің халықаралық банктерінен алынатын цифрлы нысанда ауа райының ерекше жағдайларының болжамдары туралы ақпаратты пайдаланады.
20. Әуеайлақ метеорологиялық органдары (АМО, АМСА):
1) авиациялық пайдаланушыларының, ӘҚҰ органдарының және ұшуларды жоспарлауға және қамтамасыз етуге байланысты басқа пайдаланушылардың әуе кемелерінің ұшуларын тікелей метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) метеорологиялық аспаптар мен жабдықтарды пайдалануды жүзеге асырады;
3) өзінің әуеайлағы ауданының климаттық ерекшеліктерін және қызмет көрсететін авиа жолдарында зерттеу бойынша өңірлік зерттеулер жүргізеді және климаттық сипаттама құрастырады;
4) бекітілген әуеайлақтар бойынша авиация үшін қатерлі метеорологиялық құбылыстар туралы ескертеді және ауа райы болжамын жасайды;
5) ЖӘЖ және қону алаңдарында метеорологиялық бақылауларды өндіруге қатыстырылған авиациялық пайдаланушыларды оқытады және нұсқама жүргізеді;
6) метеорология бойынша авиациялық ӘҚҰ органдарының диспетчерлік және ұшу құрамына шарт негізінде сабақ жүргізеді және сынақ қабылдайды.
21. Әуеайлақтың метеорологиялық органдары (АМО және АМСА):
1) авиациялық пайдаланушылардың әуе кемелерінің ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету сапасын;
2) метеорологиялық элементтерін және ауа райының құбылыстарын бақылау сапасы және осы мәліметтерді қозғалыстың, әуежайлардың қызметтеріне және хабарландыру радиоарналарына (VOLMET және АTIS) уақтылы таратуды;
3) әуе кемелерінің экипаждарына берілетін метеорологиялық ақпараттың және құжаттаманың дұрыс рәсімделуін;
4) жедел және есеп құжаттарды тиянақты жүргізуді;
5) байланыс торабына метеорологиялық жедел хаттарды дұрыс рәсімдеуді және уақтылы беруді;
6) метеорологиялық аспаптарды және қондырғыларды техникалық жұмысқа жарамды қалпында ұстауды қамтамасыз етеді.
22. Ұшу ақпараты ауданында (бұдан әрі - ҰАА) немесе ӘҚҰ органдарының диспетчерлік ауданның метеоқызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін уәкілетті метеоорган метеорологиялық бақылау органын тағайындайды.
23. Ұшу ақпарат ауданының (ҰАА) шегінде ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету үшін әуеайлақ метеорологиялық органы мынадай міндеттерді қамтамасыз етеді:
1) жауапты ауданының шегінде ұшулардың орындалуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайларды бақылау;
2) жауапты аудан бойынша SIGMET ақпаратын және басқа ақпаратты дайындау;
3) SIGMET ақпаратын қажетінше басқа метеорологиялық ақпаратпен әуе қозғалысының тиісті органдарын жабдықтау;
4) SIGMET ақпаратын басқа әуеайлақ метеорологиялық органдарына тарату;
5) өңірлік авиациялық келісімде:
AIRMET ақпаратын жауапкершілік жүктелген аудан бойынша даярлау қажет болған жағдайында;
AIRMET ақпаратымен ӘҚҰ тиісті органын қамтамасыз ету;
AIRMET ақпаратын басқа әуеайлақ метеорологиялық органдарын тарату қажет болған жағдайында;
6) ӘҚҰ аумақтық органын (келісім бойынша) SIGMET мәліметі шығарылмаған жанартау күлінің бұлты туралы ақпаратпен жабдықтау;
7) онымен байланыстағы ӘҚҰ аумақтық органын (келісім бойынша) ол бақылау жүргізетін ауданның немесе көршілес аудандардың атмосферасына радиоактивті материалдардың апатты шығыны туралы ақпаратпен жабдықтау. Аталған ақпарат апаттың орналасқан жері, күні және уақыты және радиоактивті материалдардың қозғалысының болжанатын аумағы туралы деректерді қамтуға тиіс.
24. Әуеайлақ метеорологиялық органының кезекші ауысымы ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелері бойынша ӘҚҰ органының ұшу басшысына (ауысым басшысына) жедел бағынады.
25. Метеорологиялық органдары жоқ әуеайлақтарға немесе жұмыс мерзімі әуеайлақ метеорологиялық органының жұмыс мерзімімен сәйкес келмейтін ұшу ақпаратының ауданы үшін:
1) уәкілетті метеорологиялық орган қажеттілік бойынша метеорологиялық ақпаратты ұсыну үшін бір немесе бірнеше метеорологиялық органды тағайындайды;
2) тиісті уәкілетті метеорологиялық органдар тиісті әуеайлақтарды және ӘҚҰ органдарын сондай ақпаратпен жабдықтау әдістерін белгілейді.
26. Метеорологиялық орган бақылау жүргізетін ауданның шекарасы іс жүзінде қаншалықты мүмкін болса, ҰАА шекарасымен немесе ҰАА комбинациясымен және диспетчерлік ауданының шекарасымен сәйкес келуі тиіс.
27. Метеорологиялық бақылау үздіксіз жүргізіледі, ал қозғалысы тығыздығы аз аудандарда бақылау күтілетін ұшуларды орындау уақытымен шектелуі мүмкін.
28. Метеорологиялық бақылау органдарының функцияларын уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органдары жүзеге асырады.
3. Метеорологиялық органдардың функциялары
29. АБДЖ уәкілетті метеорологиялық органдарды және басқа тұтынушыларды цифрлы нысанда метеорологиялық жағдайлардың ауқымды авиациялық болжамдарымен қамтамасыз етеді. Бұл енгізілетін технологиялар қамтамасыз ететін басымдықтарды пайдаланумен рентабель нысанында бәрін қамтитын, өзара байланысты, дүниежүзілік және біркелкі жүйесімен жеткізіледі.
30. АБДЖ аймақтық болжамдардың шеңберінде:
1) барлық талап етілетін деңгейлері үшін тұрақты тордың торабында мыналардың ауқымды болжамдарын дайындайды:
түйдек-жауынды бұлттар;
мұздану;
турбуленттілік;
биіктіктегі жел;
биіктіктегі температура және ылғалдылық;
ұшу эшелонының геоәлеуетті абсолюттік биіктігі;
тропопаузаның биіктігін ұшу эшелонының бірлігі және тропопаузаның температурасы;
ең қатты желдің бағыты, жылдамдығы және ұшу эшелоны бірлігінде оның биіктігі;
2) цифрлы нысанда SIGWX ауа райының ерекше құбылыстарының ауқымды болжамдарын (бұдан әрі - SIGWX болжамдары) дайындайды;
3) метеорологиялық уәкілетті органдарға және басқа пайдаланушыларға цифрлы нысанда осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген болжамдарын таратады;
4) SIGWX болжамдарына (ауа-райының ерекше құбылыстары (ағылшын тілінде қысқартылған аббревиатурасы SIGWX (бұдан әрі - SIGWX) енгізу мақсатында өзінің тиісті өңірлік мамандандырылған метеорологиялық орталығынан (ӨММО) ДМҰ атмосфераға радиоактивті материалдардың апатты қалдықтары туралы ақпаратты қабылдайды;
5) SIGWX болжамдарына жанартаудың атылуы туралы ақпаратты енгізуді үйлестіру мақсатында жанартаудың қызметі туралы ақпаратпен алмасу үшін VAAC қатынасты белгілейді және қолдайды.
31. Уәкілетті метеорологиялық орган азаматтық авиация мүддесінде метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, пайдаланушылармен, ӘҚҰ органдарымен және азаматтық авиацияның басқа қызметтерімен метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселесі бойынша консультация жүргізеді.
32. Уәкілетті метеорологиялық орган авиациялық пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін метеорологиялық қызмет көрсетуге қатысты тиісті талаптарға сай әуеайлақ метеорологиялық органдарын құрады.
33. Синоптикалық бөлігі бар АМО және АМСА мынадай қызметтерді атқарады:
1) әуеайлақта метеорологиялық жағдайларға үнемі бақылау жүргізеді;
2) әуеайлақ, ұшулардың бағдарлары және аудандары, сондай-ақ қосалқы әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамын жасайды;
3) әуе кемелерінің экипаждарына және ұшуларды орындаумен байланысты басқа авиациялық тұтынушыларға консультация жүргізуді және ұшу құжаттамасын ұсынуды қамтамасыз етеді;
4) басқа әуеайлақ метеорологиялық органдарымен метеорологиялық ақпарат алмасады;
5) ЖӘЖ әуеайлақтарында және қону алаңдарында метеорологиялық бақылауларды өндіруге қатыстырылған авиациялық қызметкерлерді оқытады және оларға нұсқама жүргізеді;
6) азаматтық авиация үшін метеорологиялық ақпаратты ұсынуға тартылған жедел желілік бөлімшелердің ақпараттық жұмысын бақылайды;
7) қызмет көрсететін ұшу ауданының климат жағдайларын зерттейді, әуеайлақ паспорттары үшін климат сипаттамаларын және «Метеорологиялық қамтамасыз ету» бөлімін жасауды қамтамасыз етеді;
8) экипаждарға жанартаудың қызметі немесе егер бар болса жанартау күлінің бұлттары туралы ақпарат ұсынады;
9) ӘҚҰ тиісті органдарының жауапкершілік ауданы арқылы өтетін әуе жолдары бойынша ескертулерді шығарады;
10) SIGMET ақпаратын шығарады;
11) ӘҚҰ тиісті органдарының жауапкершілік ауданында ұшулардың орындалуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайларды бақылайды.
34. Синоптикалық бөлігі жоқ АМСА мынадай қызметтерді атқарады:
1) әуеайлақтағы метеорологиялық жағдайларға бақылау жүргізеді және авиациялық тұтынушыларға бақылау нәтижелерін таратуды қамтамасыз етеді;
2) авиациялық тұтынушыларды ауа райының мәліметтерімен, басқа метеорологиялық органдардан алған әуеайлақтар және ұшу бағдарлары бойынша болжамдар мен ескертулермен қамтамасыз етеді.
35. Уәкілетті метеорологиялық орган әуеайлақ метеорологиялық органына ұшу ақпараты ауданының немесе диспетчерлік ауданның шегінде әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын метеорологиялық қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті жүктейді, яғни метеорологиялық бақылаудың функцияларын тапсырады.
36. Жедел топтардың функциялары уәкілетті метеорологиялық орган және авиациялық пайдаланушылар арасында келісім бойынша белгіленеді.
4. Метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету және оны пайдалану
37. Уәкілетті метеорологиялық орган әуеайлақ метеорологиялық органдарына (АМО, АМСА) АБДО және (немесе) АБДО шеңберінде таратылатын Аймақтық болжамдардың өңірлік орталықтарының (одан әрі - АБӨО) өнімдеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
38. Аумақтық болжамдардың дүниежүзілік жүйесі метеорологиялық органдарды және басқа тұтынушыларды тұрақты тордың торабында цифрлы нысанда бағдардағы метео жағдайлардың ауқымды авиациялық болжамдармен қамтамасыз етеді.
39. АБДО метеорологиялық жағдайлардың ауқымды болжамдары барлық талап етілетін деңгейлер үшін ұсынады:
1) биіктіктегі жел;
2) биіктіктегі ауаның температурасы мен ылғалдылығы;
3) ұшу эшелонының абсолюттік биіктігі;
4) тропопаузаның абсолюттік биіктігі және тропопауза температурасы;
5) ең қатты желдің бағыты мен жылдамдығы және оның ұшу эшелонының бірлігіндегі биіктігі;
6) цифрлы нысанда ауа райы құбылыстарының ерекше болжамдары (SIGWX).
40. Метеорологиялық органдар жоқ әуеайлақтарда метеорологиялық қамтамасыз ету мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
1) метеорологиялық бақылауларды арнайы дайындықтан өткен және осы тәрізді бақылауларға рұқсаттары бар әуеайлақтың авиациялық қызметкерлері жасайды;
2) болжамдарды, ескертулерді және басқа қажетті ақпарат уәкілетті метеорологиялық орган және осы әуе айлақтың метеорологиялық ақпараттық пайдаланушылары арасындағы келісім бойынша тағайындалған жақын орналасқан метеорологиялық орган ұсынады. Метеорологиялық ақпаратты тарату үшін қолдағы бар байланыс құралдары пайдаланылады.
41. Жұмыс мерзімі әуеайлақ метеорологиялық органдарының жұмыс мерзімімен сәйкес келмейтін ұшу ақпаратының аудандары үшін уәкілетті метеорологиялық орган қажет болған жағдайда метеорологиялық ақпаратты ұсыну үшін бақылаудың бір немесе бірнеше метеорологиялық органдарды тағайындайды және осы ақпаратпен ӘҚҰ органдарын жабдықтау әдістерін белгілейді.
3. Метеорологиялық бақылаулар және мәліметтер
1. Метеорологиялық бақылауларды ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар
42. Авиациялық метеорологиялық станциялар белгіленген уақыт аралықтары бойынша бақылауларды жиі жүргізеді. Жер бетіндегі жел ҰҚЖ көріну алыстығы, бұлт және (немесе) ауа температурасы белгілі бір өзгерген жағдайда әуеайлақтардағы тұрақты бақылаулар қосымша арнайы бақылаулармен толықтырылады.
43. Ұшу алаңының жұмыс учаскелері үшін сипатты мәліметтерді ұсыну үшін қамтамасыз етуге арналған пункттерде бақылаулар жүргізіледі. Сонымен қатар ауа райы құбылыстарын визуалды бақылау орнынан ұшу алаңының көрінуі қамтамасыз етілуі тиіс.
44. Бақылаулар әуеайлақта және оның шегінен тыс таратылуға тиісті мәліметтерді құрудың негізі болып саналады.
45. Метеорологиялық элементтердің кеңістікте және уақытта өзгертілуіне, сондай-ақ бақылау әдісінің және кейбір элементтерді белгілеу әдісінің жетілдірілмегеніне байланысты мәліметті алушы бақылау сәтінде нақты жағдайларға барынша жақындатылып көрсетілген кез келген мәліметте элементтің нақты мәнін қарайды.
46. ЖӘЖ әуежайларында метеорологиялық органдар жоқ, ауа райын бақылауды бақылауларды өңдеу және метеорологиялық жабдықтарды пайдалану үшін дайындықтан өткен және рұқсат алған авиациялық пайдаланушылардың мамандары қамтамасыз етеді.
47. Тікұшақтардың ұшуларын қамтамасыз ету үшін теңіз кемелерінде және бұрғылау алаңдарында бақылауларды қажетті дайындықтан өткен тиісті ведомстволардың мамандары жүргізеді.
48. ҰҚЖ бар әуеайлақтарда, әуе кемелерінің қонуларын қамтамасыз ететін ИКАО II және III санаты бойынша құралдар бойынша автоматтандырылған бақылап-өлшегіш жүйелер және желдің, көрінудің, ҰҚЖ көріну қашықтығының, бұлттылықтың төменгі шекарасының биіктігін, ағымдағы ауа райының және шық нүктесінің және атмосфералық қысымның көрсеткіштердің қашықтықты индикаторы орнатылады.
49. Осы көрсетілген қондырғы әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына әсер ететін метеорологиялық параметрлерді шынайы уақытта алу, өңдеу, тарату және көрсету жүйесінің автоматтандырылған кешенін білдіреді.
50. Кешенді автоматтандырылған жүйелерді пайдалануда, автоматтық жүйелер көмегімен анықталмайтын метеорологиялық элементтер үшін аталған бақылауларды қолмен енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
2. Тұрақты және арнайы бақылаулар және мәліметтер
51. Әуеайлақтарда тұрақты бақылаулар уақыттың тең аралықтарында жүргізіледі; ұшу кезеңінде аралығы 30 минут (әр сағаттың 00 мен 30 мерзімінде), ұшулар болмаған кезде аралығы 1 сағат.
52. Ұшулар болмаған кезде метеорологиялық ақпаратты пайдаланушылар қосымша бақылау өткізуді сұрайды.
53. Әуеайлақта және ЖӘЖ қону алаңдарында тұрақты бақылаулар авиациялық пайдаланушылардың келісімі бойынша ұшулардың барына қарамастан 1 сағат аралығымен жасалуы мүмкін.
54. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуеайлақтарда бақылаулар ұшулар кезінде ғана жүргізіледі. METAR тұрақты ауа райы мәліметтері (ағылшын тілінде қысқартылған аббревиатурасы METAR (бұдан әрі - METAR) уәкілетті метеорологиялық органның тапсырмасына сәйкес және ӘҚҰ органдары қойған талаптарын ескере отырып, әуеайлақта ұшулар басталғанға дейін шығарылады.
55. Тұрақты бақылаулардың нәтижелері туралы мәліметтер мынадай түрде шығарылады:
1) мәліметтерді жасау тек әуеайлақта таратылатын жергілікті тұрақты мәліметтер (ұшып қонатын және ұшып кететін әуе кемелері, ATIS немесе D-ATIS радиохабарлар тарату үшін арналған);
2) мәліметтерді жасау әуеайлақтың шегінен тыс таратылатын SPECI мәліметтері (ұшуларды жоспарлау және VOLMET радиохабарлар немесе D-VOLMET хабарламасы үшін арналған).
56. АTIS және VOLMET радио хабар тарату станцияларына ӘҚҰ органдарының диспетчерлік пункттеріне таратуға арналған тұрақты мәліметтер METAR кодының терминологиясында қабылданған қысқартулармен ашық мәтінмен хабарландырылады.
57. Арнайы бақылаулар тұрақты бақылауларға толықтыру ретінде жүргізіледі. Арнайы бақылауларды жүргізу өлшемдерінің тізбесін әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен, пайдаланушылармен және басқа мүдделі тараптармен келісу бойынша уәкілетті метеорологиялық орган жасайды.
58. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуеайлақтарда қажет болған жағдайда METAR мәліметтерінің шығарылымы қайта жаңартылғаннан кейін арнайы метеорологиялық SPECI мәліметтері (ағылшын тілінде қысқартылған аббревиатурасы SPECI (бұдан әрі - SPECI) шығарылады.
59. Арнайы бақылаулардың нәтижелері туралы мәліметтер мынадай түрде шығарылады:
1) жергілікті арнайы мәліметтер - мәліметтерді жасау әуеайлағында тарату үшін ғана (ұшып келетін және ұшып кететін әуе кемелері үшін арналған);
2) SPECI мәліметтері - мәліметтерді жасау әуеайлағының шегінен тыс тарату үшін (ұшуларды жоспарлауға, радиохабарлар VOLMET немесе D-VOLMET хабарламасы үшін арналған).
60. Жергілікті арнайы мәліметтерді шығару үшін өлшемдердің тізбесі мыналарды қамтиды:
1) осы әуеайлақты пайдаланатын пайдаланушылардың пайдалану минимумына сәйкес өлшемдер;
2) ӘҚҰ органдарының және пайдаланушылардың жергілікті талаптарын қанағаттандыратын өлшемдер;
3) ауа температурасының бастапқы мәні (әрбір нақты әуеайлақ үшін анықталады);
4) қонуға бет алу және пайда болатын биіктікті алу аймақтарында ерекше метеорологиялық жағдайларға қатысты қолда бар қосымша ақпарат, оның ішінде түйдек-жаңбырлы бұлттар немесе найзағайдың, орташа немесе қатты турбуленттіліктің, бұршақтың, алдыңғы шептегі қатты дауылдың, орташа немесе қатты мұзданудың, мұзданатын жауын-шашынның, қатты тау толқындарының, шаң және құм дауылының, боранның, құйғыш түріндегі бұлттардың (торнадо немесе су құйыны) орналасқан жері;
5) SPECI мәліметтерін жасау үшін өлшемдер болып табылатын көлемдер.
61. SPECI мәліметтері мынадай өлшемдерде өзгерістер болған жағдайда шығарылады:
1) жерге жақын желдің орташа бағыты 60 градус өзгертсе немесе соңғы мәліметте көрсетілген бағытымен салыстырғанда одан да астам болса және (немесе) өзгерілгеннен кейін 5 м/с немесе одан астам құрайтын болса;
2) жерге жақын желдің жылдамдығы соңғы мәліметте көрсетілген жылдамдықпен салыстырғанда 5 м/с немесе одан астам өзгертсе;
3) жерге жақын желдің орташа жылдамдығынан ауытқу көлемі соңғы мәліметте көрсетілген көлеммен салыстырғанда 5 м/с немесе одан да асса, осының барысында өзгергенге дейінгі және өзгертілгеннен кейінгі орташа жылдамдық 8 м/с немесе одан астам құрайтын болса;
4) желдің өзгерістері пайдалану тұрғысынан маңызды мәндерден артса; шекті көлемдерді ӘҚҰ органымен және мүдделі пайдаланушылармен келісіп, уәкілетті метеорологиялық орган желдің өзгерістерін ескере отырып, белгілейді. Жел өзгерістері:
қолданыстағы ҰҚЖ ауыстыруды талап етеді;
ҰҚЖ желдің қуалай соғатын және бүйірден соғатын компоненттерінің өзгеруі осы әуеайлақта ұшуларды орындайтын типтік әуе кемелері үшін негізгі пайдалану шектері болып табылатын мәндерден артатынын куәландырады;
5) көріну жақсарады және мына мәндердің біріне немесе бірнешеуіне жетеді немесе артады немесе көріну нашарлайды және мына мәндердің бірінен немесе бірнешеуінен нашарлау болады:
800, 1500 немесе 3000 метр;
ұшуларды орындау жағдайында шолу ұшулардың қағидалары бойынша 5000 метр;
6) ҰҚЖ көріну қашықтығы жақсарады және мына мәндердің біріне немесе бірнешеуіне жетеді немесе артады немесе ҰҚЖ көріну қашықтығы нашарлайды және мына мәндердің бірінен немесе бірнешеуінен кем болады: 150, 350, 600 немесе 800 метр;
7) ауа райының мынадай құбылыстарынан кез келгендерінің басталу, тоқтатылу немесе өзгеру жағдайы;
мұзданатын жауын-шашын;
қатты (көріну 1000 метрден аз) немесе орташа жауын-шашын, оның ішінде нөсерлі түрі;
(жауын-шашынмен) найзағай;
шаңды дауыл;
құмды дауыл;
8) ауа райының мынадай құбылыстарының кез келгенінің басталу немесе тоқтатылу жағдайы;
мұз кристалдары;
қататын тұман;
шаңды, құмды немесе қарлы сырма;
шаңды жаяу боран, құмды жаяу боран, қарлы жаяу боран;
найзағай (жауын-шашынсыз);
дауыл;
құйғыш түріндегі бұлт (торнадо немесе құйын);
9) BKN, OVC астам саны барысында бұлттардың төменгі қабатының төменгі шегінің биіктігі ұлғаяды және мына мәндердің бірінен немесе бірнешеуінен артады немесе BKN немесе OVC бұлттардың төменгі қабатының төменгі шегінің биіктігі азаяды немесе мына мәндердің бірінен немесе бірнешеуінен кем болады:
30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200, 500 немесе 1000 фут);
450 метр - шолу ұшулардың қағидалары бойынша маңызды санын орындау жағдайында;
10) 450 метр (1500 фут) төмен қабатта бұлттардың саны өзгереді:
SCT-тен немесе BKN кем немесе ОVC дейін;
BKN немесе OVC-тен кем SCT дейін;
11) аспан жабық және тік көріну жақсарады және мына мәндердің біріне немесе бірнешеуіне жетеді немесе артады немесе тік көріну нашарлайды және мына мәндердің бірінен кем болады: 30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200, 500 немесе 1000 фут);
12) таулардың, шоқылардың және басқа биік кедергілердің ашылуы, жабылуы;
13) нақты әуеайлақтың пайдалану минимумында негізделген және уәкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушы арасында келісілген кез келген өлшемдер.
Жергілікті арнайы мәліметтер пайдаланушылардың және басқа әуеайлақтың тұтынушылардың қарауына ұсынылады.
62. Арнайы мәліметтерді ұсынуға әуеайлақтан 200 километр қашықтықта орналасқан метеорологиялық станциялар тартылу мүмкін.
63. Әуеайлақ метеорологиялық органының басшысы жыл сайын уәкілетті метеорологиялық органға тартылатын метеорологиялық станциялардың, мәліметтерді шығару үшін өлшемдерді, тарату үшін байланыс құралдарының тізбесін және басқа талаптарды ұсынады.