2) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық почта операторының немесе почта операторларының өтініштері бойынша халықаралық почта алмасу орындарын бекітеді.».
21-тармақ 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
21. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат):
6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «Мемлекеттік шекара» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
22-тармақ 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
22. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат):
6-баптың 3-тармағындағы «Мемлекеттік шекара» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
23-тармақ 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
23. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16,129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат):
11, 19-4, 19-7-баптардың мәтіні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын.
24. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармағының 2) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Сауда объектілерін, сауда объектілерінде, оның ішінде сауда базарларында сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеуші дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтізбелік ай шегінде күнтізбелік үш күннен астам мерзімге жалға (пайдалануға) беру кезінде мыналарды:
1) жалға алушының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;
2) жалға алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күнін;
3) жалға алушының сәйкестендіру нөмірін;
4) жалға алу (пайдалану) шартының нөмірі (болған жағдайда) мен жасасқан күнін;
5) сауда орнының мақсатын, оның сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы орналасқан орнын;
6) жалға алу (пайдалану) мерзімін;
7) жалға алу төлемінің сомасын және (немесе) өтелетін шығыстардың сомасын;
8) жалға беруші мен жалға алушының қолдары мен мөрін (ол болған жағдайда) қамтуы тиіс жазбаша жалға алу (пайдалану) шарттарын жасасуға міндетті.».
25. «Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы» 2005 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 9, 25-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 80-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 18-1-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-2-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген» деген сөздер «кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген» деген сөздер «кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат):
1) 16-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының кеден аумағында» деген сөздер алып тасталсын;
2) 18-баптың 4-тармағында:
«ресiмдеу» деген сөз «декларациялау» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ресiмдеу тәртібі» деген сөздерден кейін «кеден одағының және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын.
27. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне» деген сөздерден кейін «және (немесе) кеден одағының кеден заңнамасына» деген сөздермен толықтырылсын.
28. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 ж., № 23, 98-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
2) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 27-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аталған дара кәсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік тіркеусіз тыйым салынады.»;
3) 33-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Мемлекеттік» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы «кедендік шекараны» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын субъектінің аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздік постылар арқылы бақылаумен, сондай-ақ этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртіне бақылау есебінің жүргізілуімен, өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сай келуін анықтаумен;»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Заңның күші кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.»;
4) 37-1-баптың 2-тармағы төртінші бөлігінің 3) тармақшасындағы және 3-тармағы үшінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «этил спиртін» деген сөздің алдынан «акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының болуы және түпнұсқалығы, біржолғы талонның болуы,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) көрсетілген Заңға қосымшаның 20-тармағы алып тасталсын.
29. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
36-баптың 4-тармағындағы «кедендік және» деген сөздер алып тасталсын.
30. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23,114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат):
1) 11-баптың 24) тармақшасы алып тасталсын;
2) 35-бап алып тасталсын;
3) 38-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «ресімдеу» деген сөз «декларациялау» деген сөзбен ауыстырылсын.
31. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2007 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 14, 104-құжат):
7-баптың 3-тармағында:
«кеден режимінде» деген сөздер «кедендік рәсіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шарттары мен тәртібі» деген сөздерден кейін «кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын.
32. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
15-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «тиісті лицензия болған кезде» деген сөздер алып тасталсын.
33. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар):
1-баптың 20-2) тармақшасында:
екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында тізбеленген,» деген сөздер «кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабында белгіленген» деген сөздер «кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
34-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
2-баптың 2-тармағындағы «біржолғы талон немесе» деген сөздер алып тасталсын.
35. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 1-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) импорт - өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;»;
8), 9), 12), 14) және 20) тармақшалардағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
15) тармақшадағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) экспорт - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;»;
2) 3-баптағы, 5-баптың 6) тармақшасындағы және 6-баптың 4), 11) тармақшаларындағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
3) 7-бапта:
1) тармақшадағы «кеден» деген сөз «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
4) 9-бапта:
5-тармақтағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
6-тармақта:
«кеден шекарасы» деген сөздер «Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кеден» деген сөз алып тасталсын;
7-тармақтағы «Қазақстан Республикасынан әкету» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағынан әкету» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «кеден шекарасы» деген сөздер «Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «кеден» деген сөз алып тасталсын.
36. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықаралық іскер операциялармен жүзеге асырылады.
Бұл ретте осы тармақшаның мақсаты үшін:
тауарлар экспорты - кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды әкету;
тауарлар импорты - кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу;»;
2) 9-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
37-тармағының 1) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптағы «наурыздан» деген сөз «шілдеден» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-3-бапта:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кеден одағының кедендік аумағына кедендік аумақта өңдеу кедендік рәсімінде әкелінген тауарларды өңдеу және (немесе) жөндеу жөніндегі қызметтер көрсетудi;»;
жиырма тоғызыншы абзацтағы «дүкенінің кеден режимiне» деген сөздер «кедендік рәсіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
37-тармағының 3) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) мынадай мазмұндағы 3-4-баппен толықтырылсын:
«3-4-бап. Тоқтата тұру кезеңінде бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 87-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын:
«1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшiн сатып алынған активтердi;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша салық төлеушінің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындау есебіне мүлкін мемлекет меншігіне беруді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізу. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген салық төлеушілер мен мүліктің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
4) 8, 9 және 10-баптардың бірінші абзацындағы «2011» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
37-тармағының 5) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптармен толықтырылсын:
«11-1-бап. Тоқтата тұру кезеңінде бұл тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 63-бабының 2 және 3-тармақтарының қолданысы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын:
«2. Салық есептілігі:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны импорттаушы ұсынатын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді;
2) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг жөніндегі есептілікті;
3) біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын адамдарға сауда объектілерін, сауда базарларында сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер табыс ететін жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды.
Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің 65 - 67-баптарының, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабының қағидаларын ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.
3. Салық есептілігі импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қоспағанда, мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша, осы баптың
2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін табыс ету бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша, осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін табыс ету бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда - салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;
3) қосымша есептілік - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімінде көрсетілген мәліметтер бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімінде көрсетілген мәліметтер бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімінде көрсетілген мәліметтер бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.
11-2-бап. Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері мен оны табыс ету мерзімдері
1. Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімі біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын адамдарға сауда объектілерін, сауда базарларында сауда орындарын жалдауға (пайдалануға) беретін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жалға алу (пайдалану) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді көрсетуіне арналған:
1) жалдаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
2) жалдаушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні;
3) жалдаушының сәйкестендіру нөмірі;
4) жалға алу (пайдалану) шартының нөмірі (болған жағдайда) мен жасасқан күні;
5) сауда орнының мақсаты, оның сауда объектісінде, оның ішінде сауда базарында орналасқан орны;
6) жалға алу (пайдалану) мерзімі;
7) жалға алу төлемінің сомасы және (немесе) өтелетін шығыстар сомасы.
2. Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімі сауда объектілерін, сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеуші заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан орны бойынша салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
Осы баптың мақсаты үшін жалдаушы деп сауда объектілерін, сауда базарларындағы сауда орындарын жалдаушы (пайдалануға алушы) адам танылады.»;
6) 21-бапта:
бірінші абзацтағы «2014» деген цифрлар «2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «2011 жылдың 1 қаңтарына» деген сөздер «2010 жылдың 1 шілдесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:
Р/с № | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен) |
Қазақстан Республика-сында өндірілетін тауарларға және кеден одағына мүше мемлекет-терден импорттала-тын тауарларға | Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер-ден импорттала-тын тауарларға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | 2207-ден | 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа), этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтынылатын денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) (түссіз емес, боялған) басқа) | 500 теңге/литр | 600 теңге/литр |
2. | 2207-ден | Ішкі нарықта тұтынылатын денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) | 0,1 теңге/литр | 0,1 теңге/литр |
3. | 2208-ден | 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа) | 600 теңге/литр 100% спирт | 750 теңге/литр 100% спирт |
4. | 2207-ден | Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын, 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 50 теңге/литр | 60 теңге/литр |
5. | 2208-ден | Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын, 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 60 теңге/литр 100% спирт | 75 теңге/литр 100% спирт |
6. | 3003, 3004-тен | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім | 250 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
7. | 2208 | Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа) | 250 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
8. | 2208 | Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа) | 230 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
9. | 2208 | Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди | 130 теңге/литр 100 % спирт | - |
10. | 2204, 2205, 2206 00 | Шараптар | 20 теңге/литр | 75 теңге/литр |
11. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа) | 100 теңге/литр | 170 теңге/литр |
12. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы | 0 теңге/литр | 75 теңге/литр |
13. | 2203 00 | Сыра | 13 теңге/литр | 60 теңге/литр |
14. | 2202 90 100 1 | Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра | 0 теңге/литр | 0 теңге/литр |
15. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 800 теңге/ 1000 дана | 950 теңге/ 1000 дана |
16. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 500 теңге/ 1000 дана | 570 теңге/ 1000 дана |
17. | 2402-ден | Сигариллдер | 1140 теңге/ 1000 дана | 1220 теңге/ 1000 дана |
118. | 2402-ден | Сигаралар | 85 теңге/дана | 95 теңге/дана |
19. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда, трубкамен шегетін, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін темекі, кальян және өзге де тұтыну ыдысына салынған және түпкі тұтынуға арналған темекі | 1000 теңге/ килограмм | 1220 теңге/ килограмм |
»;