Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге құжатының нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.»;
4-тармақтағы «құжаттарды қоса бере отырып» деген сөздер «құжаттардың түпнұсқаларын көрсетіп, олардың көшірмелерін қоса бере отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
90) 565-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою үшін табыс еткен салықтық өтінішке түпнұсқасын көрсетіп, мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
жеке басын куәландыратын құжат;
жекеше нотариустық, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия;
жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжат.
Жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан орнын растайтын құжат жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оларды пайдалануға құқықты растайтын құжат болып табылады.»;
91) 568-бапта:
6-тармағының 91) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.»;
2-тармақтың төртінші бөлігіндегі «236-бабына» деген сөздер «236 немесе 276-5-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
92) 569-баптың 3-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен аталған салық төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;»;
3) тармақшадағы «тапсырылмаса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.» деген сөздер «тапсырылмаса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) заңды тұлғаның құрылтайшысы:
әрекетсіз заңды тұлға;
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы;
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға болып табылса;
5) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер:
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы;
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға болып табылса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.»;
93) 571-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;»;
5-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай анықталған күннен бастап;»;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;»;
7-тармақта:
1) тармақшадағы «37 - 43» деген цифрлар «37, 41» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда - осы Кодекстің 39-бабында көрсетілген салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап;
3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда - осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап жүргізіледі.»;
94) 574-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша «көтерме» деген сөзден кейін «және (немесе) бөлшек» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.» деген сөздер «көрсетілетін қызметтерді;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.»;
5-тармақта:
1) тармақшада:
«2) тармақшасында» деген сөздер «2) - 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«станцияларын» деген сөзден кейін «, алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу кезінде қойма (қосалқы, инженерлік-техникалық) үй-жайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша:
«1),» деген цифрдан кейін «3),» деген цифрмен толықтырылсын;
«4),» деген цифрдан кейін «5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 6),» деген сөздермен толықтырылсын;
95) 576-баптың 3-тармағында:
2) тармақшадағы «2) тармақшасында» деген сөздер «2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;»;
96) 581-баптың бірінші бөлігінде:
3) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақша ережесі осы Кодекстің 55-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетелдік және азаматтығы жоқ адам төлеген кезде қолданылмайды;»;
7) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;»;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;»;
97) 595-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) резидент емес заңды тұлға корпоративтік табыс салығын төлеу және ол бойынша декларация табыс ету тәртібіне осы резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелердің тобы бойынша жинақталып, оның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы ауысқан кезде - осы Кодекстің 200-бабының 1-тармағында көзделген хабарлама негізінде;»;
98) 599-баптың 1-тармағы «төлемдерді,» деген сөзден кейін «кедендік төлемдерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармағының 99) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
99) 600-баптағы «Есепке жатқызылатын» деген сөздер «Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес бюджеттен қайтарылуы тиіс есепке жатқызылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
100) 601-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «төлемдерді,» деген сөзден кейін «кедендік төлемдерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
101) 602-бапта:
1-тармақ «төлемдерді,» деген сөзден кейін «кедендік төлемдерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «599 және 600-баптарында» деген сөздер «599-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
102) 605-баптың 1-тармағының бірінші абзацы «төлемдерді,» деген сөзден кейін «кедендік төлемдерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
103) 608-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Хабарлама» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, хабарлама» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Егер осы баптың 1-2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізу күні осындай хабарламаларды тапсыру күні болып табылады.
1-2. Осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағына сәйкес салықтық зерттеу актісінің негізінде салықтық тексеру аяқталған және салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда мына күндердің бірі:
салық төлеушіде (салық агентінде) банк шоты болмаған кезде - осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күн;
салық төлеушіде (салық агентінде) банк шоты болған кезде -егер хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы мерзім ішінде қол қою арқылы тапсырылмаса, осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң басталатын күн мұндай хабарламаларды тапсыру күні болып табылады.»;
104) 609-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «төлемдер» деген сөзден кейін «, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер» деген сөздермен толықтырылсын;
104) тармақшаның үшінші - алтыншы абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;
осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.»;
105) 611-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда - осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 55-бабында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерін төлеу бойынша операциялардан;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе байланыстың және телекоммуникацияның электронды арналары арқылы электронды түрде жібереді. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі электрондық түрде жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.»;
6-тармағының 106) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
106) 614-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелген жағдайларда жай серіктестік (консорциум) құрамындағы өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салық берешегін өндіріп алған кезде осы тарауда көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық төлеушіге және (немесе) операторға қатысты қолданылады. Өндіріп алудың түпкілікті мөлшері салық берешегін өтеу туралы хабарламада көрсетілген сомадан аспауы тиіс.»;
6-тармағының 107) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
107) 625-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау үшін;»;
108) 627-бапта:
108) тармақшаның екінші, үшінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттар, ақпарат бар адамдарды, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкілін;»;
2-тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацындағы «этил спиртін» деген сөздер «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
2) тармақшада:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесінің орындалуы;»;
жиырмасыншы абзацтағы «этил спиртін» деген сөздер «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің төртінші абзацындағы «этил спиртін» деген сөздер «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарсы тексеру деп:»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрауы бойынша;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі жөнінде және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқтығын растай алмайтын түсініктеме ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) жасалатын операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады;»;
9-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы жиырма бірінші абзацтағы «шешімі негізінде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.» деген сөздер «шешімі негізінде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жиырма екінші - жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша;
салық органдарында тіркеу есебіне қою мәселелері бойынша;
бақылау-касса машиналарының болуы мәселелері бойынша;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша;
бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша;
лицензиялау ережелерін және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау мәселелері бойынша;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.»;
екінші бөліктегі «Осы баптың 9-тармағының» деген сөздер «Осы тармақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі негізінде жүргізіледі.»;
6-тармағының 109) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
109) 629-бапта:
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «мәліметтер мен» деген сөздер «мәліметтерді және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органы құқықтық статистика органына хабарлай отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып тапсыруға немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберуге міндетті.»;
5-тармақта:
бірінші бөлік 5) тармақшадағы «жүргiзiлетiн тексерудiң салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.» деген сөздер «жүргізілетін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 640-бабына сәйкес салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мәліметтерді) табыс ету туралы салық қызметі органының талабын қойған жағдайда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.»;
екінші бөліктегі «5)» деген цифр «6)» деген цифрмен ауыстырылсын;
110) 632-бапта:
6-тармағының 110) тармақшасының екінші абзац 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 8) тармақшасындағы «салық кезеңін» деген сөздер «кезеңді» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тақырыптық тексерулерді тағайындау туралы нұсқамада мыналар көрсетілуі тиіс:
1) аумақтың тексерілетін учаскесі, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде көрсетілген тармақтың 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-касса машиналарының болуы;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;
2) мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде көрсетілген тармақтың 8) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер:
бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау;
лицензиялау қағидаларын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілмеген мәселелер бойынша тақырыптық тексеру тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 12) тармақшасындағы «растау мәселелері көрсетіледі.» деген сөздер «растау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) - 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесін орындау;
14) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
15) бақылау-касса машиналарының болуы;
16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;
17) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау;
18) лицензиялау қағидаларын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;
19) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімнің орындалуы мәселелері көрсетіледі.»;
6-тармағының 110) тармақшасының жиырма екінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтағы «салық кезеңі» деген сөздер «кезең» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың төртінші абзацындағы «этил спиртін» деген сөздер «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін» деген сөздермен ауыстырылсын;
111) 633-бапта:
1-тармақ «күн» деген сөзден кейін «немесе салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамаға қол қоюдан бас тартуы туралы акт жасалған күн» деген сөздермен толықтырылсын;
3 және 4-тармақтардағы «этил спиртін» деген сөздер «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін» деген сөздермен ауыстырылсын;
112) 635-бапта:
6-тармағының 112) тармақшасының екінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтағы «салық кезеңіне» деген сөздер «кезеңге» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
«мәселелері бойынша» деген сөздер «саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының» деген сөздер «кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«экспорт режимінде» деген сөздер «экспорт кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде» деген сөздер «Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-11-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-13-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына өткізіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша және тәртіппен табыс етілген, өңдеу өнімдерін кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.
Өңдеу өнімдерін кеден одағының кеден аумағынан экспорт экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «тәртіпте ашылған төлеушінің» деген сөздер «тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған, зат түрінде қарыз берген жағдайда, қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциясы бойынша шарттың (келісімшарттың), зат түрінде қарыз беру бойынша шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ аталған операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің болуы ескеріледі.
Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша оған меншік құқығының лизинг алушыға көшуін көздейтін Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкеткен жағдайда лизинг төлемінің нақты түсуін растайтын (тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының өтелуі бөлігінде) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосылған құн салығын төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі ескеріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына не кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуы тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосылған құн салығын төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі жөніндегі мәліметтер ескеріледі.»;