Қазақстан Республикасының
Заңы
Инвестициялық қорлар туралы
(2012.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қайтарып алған», «қайтарып алынғаны», «лицензиясы қайтарып алынса», «лицензияны қайтарып алған», «қайтарып алынған», «(қайтарып алынуына)», «лицензиясы қайтарып алынған» деген сөздер тиісінше «одан айырған», «одан айырылғаны», «лицензиясынан айырылса», «лицензиядан айырған», «одан айырылған», «(одан айырылуына)», «лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін айқындайды, бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) акционерлік инвестициялық қор - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам;
2) әртараптандыру - инвестициялық қор активтері құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында оларды түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру;
3) басқарушы компания - уәкілетті орган берген лицензия негiзiнде инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
4) жылжымайтын мүлік қоры - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес, осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жылжымайтын мүлікке және осы Заңда рұқсат етілген өзге де мүлікке жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік инвестициялық қор;
5) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеуді, қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;
6) инвестициялық кіріс - инвестициялық қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көрінісіндегі өсімі;
7) инвестициялық қор - осы Заңға сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық немесе инвестициялық пай қоры;
8) инвестициялық қордың активтері - акционерлік инвестициялық қорға тиесілі немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы;
9) инвестициялық қордың таза активтерінің құны - инвестициялық қордың барлық активтерінің құны мен оның инвестициялық қор активтері есебінен төленуге жататын міндеттемелері не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалатын инвестициялық қор активтері құнының ақшалай көрінісі;
10) инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;
11) инвестициялық пай қорының ережелері - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;
12) инвестициялық шешім - инвестициялық қордың активтерін басқару процесінде қабылданатын оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім;
13) пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін және (немесе) осы Заңда белгіленген жағдайда өзге де мүлікті өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжатталмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;
14) пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтарға ие тұлға;
15) пайды сатып алу - осы Заңға және инвестициялық пай қорының қағидаларына сәйкес айқындалатын оның құнын пай ұстаушысына басқарушы компанияның төлеуі арқылы пайды айналымнан шығару;
16) пайдың есептелу құны - инвестициялық пай қорының таза активтерінің құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрінісі;
17) пайдың номиналды құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезіндегі пай құнының ақшалай көрінісі;
18) пайларды бастапқы орналастыру - инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшерін қалыптастыру мақсатында пайларды номиналды құны бойынша орналастыру кезеңі;
19) сенімгерлік басқару шарты - осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес ақшаны сенімгерлік басқаруға беру туралы басқарушы компания акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасалатын, инвестициялық қор активтерін құрайтын инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңдары инвестициялық қорларға қолданылады.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы
1. Осы Заң:
1) акционерлік инвестициялық қорлардың құқықтық жағдайының және қызмет етуiнiң ерекшелiктерiне байланысты;
2) инвестициялық пай қорларын құру, олардың жұмыс iстеуi және жұмыс iстеуiн тоқтату процесiнде туындайтын;
3) бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың инвестициялық қорлардың активтерiн инвестициялық басқару, оларды есепке алу мен сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын шығаруды, орналастыруды, айналысқа жiберудi, сатып алуды және өтеудi қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты құқықтық қатынастарды реттейдi.
2. Осы Заң, басқарушы компанияларды қоспағанда, қызметi Қазақстан Республикасының басқа заң актілерімен реттелетiн өзге тұлғалар жүзеге асыратын мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.
3. Осы Заң дауыс беретін акцияларының елу проценттен астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ұйымдарға қолданылмайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Инвестициялық қорлардың түрлерi
1. Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлерi:
1) акционерлік инвестициялық қор;
2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкiн инвестициялық пай қоры жұмыс iстейдi.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жылжымайтын мүлік қоры оның акцияларын ұстаушысына жылына кемінде бір рет акциялар бойынша дивидендтер алуға құқық береді. Дивидендтерді төлеуге жіберілетін ақшаның ең аз мөлшері қордың таза кірісінің кемінде тоқсан процентін құрауға тиіс.
2. Ашық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол екi аптада бiр реттен кем болмауға тиiс.
3. Инвестициялық аралық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол жылына бiр реттен кем болмауға тиiс.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 4- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
4. Жабық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, сондай-ақ қор ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен пай бойынша дивидендтер алуға құқық бередi.
Шығарған (берген) қаржы құралдары және (немесе) өзге де активтері жабық инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн және оның активтері мөлшерінің бес және одан көп пайызын құрайтын заңды тұлға осы инвестициялық қордың пай ұстаушысы болуға құқылы емес.
Егер осы Заңда және қордың ережелерінде өзгеше көзделмесе, жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзiне тиесiлi пайларды сатып алуды талап етуге құқылы емес.
5. Инвестициялық декларациясында немесе ережелерiнде осы Заңның 41-бабы 1-тармағының 6), 9) және 12) тармақшаларында белгiленген инвестициялау шарттарын сақтамай, қордың активтерiн инвестициялау мүмкiндiгi көзделген инвестициялық қор тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылады.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Акционерлік немесе жабық инвестициялық пай қорлары ғана тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлар бола алады. Жылжымайтын мүлік қоры тәуекелмен инвестицияланатын қорлар бола алмайды.
7. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды
4-1-бап. Ислам инвестициялық қорлары
1. Акционерлік инвестициялық қор не исламдық қаржыландыру принциптерін сақтай отырып, қор активтерін инвестициялауды жүзеге асыратын жабық пайлық инвестициялық қор ислам инвестициялық қоры болып табылады.
2. Ислам инвестициялық қорларының ислам бағалы қағаздарын ұстаушылары өкілінің міндеттерін кастодиан жүзеге асырады.
3. Ислам инвестициялық қорының инвестициялық декларациясы исламдық қаржыландыру принциптеріне сай болуға және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуге тиіс.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Инвестициялық қордың атауы
1. Акционерлік инвестициялық қордың атауында «акционерлік инвестициялық қор» деген сөздер болуға тиiс.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жылжымайтын мүлік қоры болып әрекет ететін акционерлік инвестициялық қордың атауында «жылжымайтын мүлік қоры» деген сөздер болуға тиіс.
2. Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қордың атауында осы қордың тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.
3. Инвестициялық пай қорының атауында «инвестициялық пай қоры» деген сөздердiң болуы, оның ашық, аралық немесе жабық болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Ислам инвестициялық қорының атауында осы қордың ислам қоры болып табылатыны көрсетілуге тиіс.
4. Инвестициялық қордың атауында «ұлттық», «орталық», «үкiметтiк», «кепiлдiк берiлген» немесе «сақтандырылған» деген сөздердi кез келген тiлде көрсетiлген немесе өзгертiлген түрiнде пайдалануға тыйым салынады.
Инвестициялық қордың атауы инвестициялардан түскен кiрiстi сақтандыруды немесе оған кепiлдiк берудi растауға немесе бiлдiруге тиiс емес.
5. Әдiлет органдарында акционерлiк инвестициялық қор ретiнде тiркелмеген және уәкiлеттi органда инвестициялық қордың акциялар шығарылымын тiркемеген, сондай-ақ басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған заңды тұлға өзiн инвестициялық қор деп атауға, инвестициялық қор ретiнде қызметтi жүзеге асыруға және өз атауларында кез келген тiркесте «инвестициялық қор» деген сөздердi пайдалануға құқылы емес.
Егер акционерлік инвестициялық қор мен оның басқарушы компаниясы арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты бұзылған күннен бастап екі ай ішінде акционерлік инвестициялық қор жаңа басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор атауының өзгеруіне байланысты әділет органдарында қайта тіркелуге тиіс.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Инвестициялық қордың активтерін басқару
1. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды инвестициялық қор акционерлерінің немесе пай ұстаушыларының табыс алуы және осындай инвестициялау кезінде тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Акционерлік инвестициялық қордың мүлкі акционерлік инвестициялық қордың жарғысында айқындалған арақатынасында инвестициялауға арналған мүлікке және акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған мүлікке бөлінеді.
Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкі басқарушы компанияның инвестициялық басқаруына берілуге тиіс.
3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкіне сенімгерлік басқару шарты қолданылатын кезеңде акционерлік инвестициялық қор сенімгерлік басқарудағы мүлікке қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертiлдi (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Аудитке қойылатын талаптар
1. Акционерлік инвестициялық қорға және (немесе) инвестициялық қордың басқару компаниясына аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. Акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының жыл сайынғы аудиторлық есептерінде акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық қордың басқару компаниясының қаржылық есептілігі туралы орындаушы аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі және инвестициялық қордың инвестициялық басқаруға берілген (қабылданған) активтеріне қатысты есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
2-тарау. Акционерлік инвестициялық қор
8-бап. Акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары мен акционерлерiне қойылатын талаптар
1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Осы инвестициялық қормен тиiстi шарттар жасаған басқарушы компания, кастодиан , тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы акционерлік инвестициялық қордың акционерлерi бола алмайды.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тыйым салу тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қордың акционерлерiне қолданылмайды.
9-бап. Акционерлік инвестициялық қорларға қойылатын талаптар
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Акционерлік инвестициялық қордың:
1) осы Заңда көрсетiлген қызметтен басқа қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асыруға;
2) «алтын акция» енгізуге;
3) еншiлес ұйымдар құруға;
4) жай акцияларды қоспағанда, өзге қаржы құралдарын шығаруға және орналастыруға құқығы жоқ.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тыйым салу тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорларға.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салу жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.
Негізгі қызмет түрі жылжымайтын мүлік қорларының активтері есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету болып табылатын жылжымайтын мүлік қорлары еншілес ұйымдар құруға құқылы.
Жылжымайтын мүлік қорлары қордың активтері есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікті жалға беруге құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Акционерлiк инвестициялық қор активтерiн есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3-тармаққа өзгерістерді қара - 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңы (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Акционерлік инвестициялық қормен тиiстi шарттар жасасқан басқарушы компания, кастодиан және тiркеушi , тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорға қызмет көрсететiн аталған ұйымдарды қоспағанда, өзара аффилиирленбеуге тиiс.
4. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-бап. Акционерлік инвестициялық қордың жарғысы
Акционерлік инвестициялық қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:
1) қызметiнiң ерекше түрi оның инвестициялық декларациясының шарттарына және Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялау болып табылатыны туралы ереже;
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi және олардың ең жоғары мөлшерi болуға тиіс.
11-бап. Акционерлік инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттік тiркеу
1. Акционерлік инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында және осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Акционерлік инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құжаттардан басқа, акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниямен (ол болған жағдайда), кастодианмен және тiркеушiмен жасасқан шарттарының жобалары, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларация табыс етiледi.
3. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Акционерлік инвестициялық қор акциялары шығарылымының проспектiсiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:
1) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтiнiмдер берудiң және оларды орындаудың шарттары мен тәртібі;
3) акционерлік инвестициялық қордың акцияларын орналастыру және (немесе) сатып алу жөніндегі делдалдардың (олар болған жағдайда) орналасқан жерi мен байланыс телефондарының нөмiрлерi көрсетiле отырып, олардың тiзбесi болуға тиiс.
5. Уәкiлеттi орган өзiне табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген немесе берiлген құжаттарда қайшылықты, жаңылыстыруға әкеп соқтыратын мәлiметтер болған жағдайда, акционерлік инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.
6. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздемелерiн көрсете отырып акционерлік инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттік тiркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
7. Уәкiлеттi орган осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасында құрылған акционерлік инвестициялық қорларды есепке алуды жүзеге асырады.
12-бап. Акционерлік инвестициялық қордың акциялары
1. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларына ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана төленедi.
Акцияларды орналастыру кезiнде олардың ақысын толық төлемеуге жол берiлмейдi.
2. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын бастапқы орналастыру кезiнде оларға төленетiн ақшаны акцияларды сатып алушы акционерлік инвестициялық қордың осы қор кастодианындағы шотына аударады.
3. Тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қорлардың акцияларын сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда-саттық жүйесіне орналастыруға және айналысқа жiберуге жол берiлмейдi.
13-бап. Акционерлік инвестициялық қор органдарының жұмыс iстеу ерекшелiктерi
1. Акционерлік инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысына оның басқарушы компаниясының, кастодианының, тiркеушiнiң және аудиторлық ұйымының, сондай-ақ уәкiлеттi органның өкiлдерi қатысуға құқылы.
Акционерлік инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама қордың басқарушы компаниясына, кастодианына, тiркеушiсiне, аудиторлық ұйымына және уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдарында және акционерлік инвестициялық қордың жарғысында белгiленген тәртiппен жiберiледi.
2. Акционерлік инвестициялық қор акционерлерi жалпы жиналысының қор акцияларын сатып алуға оның акционерлерiнiң тапсырыс беру мүмкiндiгiне әкелiп соғатын шешiмi жалпы жиналыс өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдау акционерлік инвестициялық қордың директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Акционерлік инвестициялық қордың бірінші құрылтай жиналысында Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген мәселелер бойынша шешімдерден басқа, кастодиан таңдау туралы шешім қабылданады.
14-бап. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Акционерлердiң жалпы жиналысы қорды қайта ұйымдастыру немесе осы қордың жарғысына немесе акциялар шығару проспектiсiне акционердiң құқығына қысым жасайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана, акционерлік инвестициялық қордың акционерi егер ол осы жалпы жиналысқа қатысса және көрсетiлген шешiмге қарсы дауыс берсе, сондай-ақ директорлар кеңесі инвестициялық декларацияға осы Заңның 39-бабы 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылдаған жағдайда, өзiне тиесiлi акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Акционерлік қоғам инвестициялық декларацияға өзгерістер мен толықтырулар күшiне енгенге дейiн Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында, осы қордың жарғысында немесе акциялар шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар мен тәртiпте сатып алуға берiлген акцияларды сатып алуға мiндеттi. Акционерлердiң акцияларды сатып алу туралы талаптар қою құқығы осы өзгерістер мен толықтырулар күшiне енгеннен кейiн тоқтатылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату
1. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Қайта ұйымдастыру немесе ерікті түрде тарату туралы шешім қабылданған жағдайда акционерлік инвестициялық қор бұл туралы уәкілетті органға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында аталған шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.