Осы тармақта көзделген хабарламаға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімнің (шешімдердің) көшірмесі (көшірмелері), жаңадан құрылатын акционерлік инвестициялық қордың (акционерлік инвестициялық қорлардың) жарғысының (жарғыларының) көшірмесі (көшірмелері) қоса беріледі.
3. Акционерлiк инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен соттың шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша сотқа инвестициялық қорды мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы.
4. Акционерлiк инвестициялық қор соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, ол соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға сот шешiмiнiң көшiрмесiн қоса беріп, бұл туралы хабарлама жiбередi.
3-тарау. Иивестициялық пай қоры
16-бап. Инвестициялық пай қорының құқықтық жағдайы
1. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды.
Егер инвестициялық пай қорының ережесінде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзiмге құрылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Инвестициялық пай қоры активтерiне меншiк құқығындағы үлес басқарушы компания шығаратын паймен куәландырылады.
Осы Заңда белгіленген жағдайды қоспағанда, инвестициялық пай қорының активтерiн оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлестi заттай бөлiп алуға жол берiлмейдi.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерi пайлар шығарылымын тiркеу күнi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз мың айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
17-бап. Инвестициялық пай қорын құру
1. Инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмдi, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерiнiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесi қабылдайды.
Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесi, егер оның жарғысында өзгеше белгiленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерiн бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiмдер де қабылдайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Басқарушы компания бiрнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы.
Бір басқарушы компания құрған, бір түрдегі инвестициялық пай қорлары инвестициялық декларациялар бойынша ажыратылуға тиіс.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Басқарушы компания жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өзі қамтамасыз ететін инвестициялық қорлардың пайларын ұстаушы бола алмайды.
Кастодиан, тіркеуші, аудиторлық ұйым және бағалаушы жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Инвестициялық пай қорларын бiрiктiру немесе олардың нысанын өзгерту
1. Қордың қағидаларында белгiленген талаптармен және тәртiппен бiр нысандағы инвестициялық пай қорларын бiрiктiруге жол берiледi.
2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы жабық инвестициялық пай қорының инвестициялық портфелінің құрылымы ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры портфелінің инвестициялық құрылымына қатысты осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және инвестициялық қор қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес болған жағдайда қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қоры етіп өзгертуге жол берiлмейдi.»
19-бап. Инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты
1. Инвестор инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына бiрiктiру және кейiннен оларды осы қордың ережесіне сәйкес инвестициялау мақсатында басқарушы компанияның сенiмгерлiк басқаруына бередi.
2. Инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шарты қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын басқарушы компания инвестициялық пай қорының ережелерiнде айқындайды. Қордың пай ұстаушысы инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартын көрсетiлген шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдауы мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген талаптармен бiрге инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартында:
1) шартты бұзу және (немесе) қордың жұмысын тоқтату талаптары мен тәртібі;
2) қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қор жұмыс iстеуiн тоқтатқаннан кейiнгi, соның iшiнде оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе одан айырған жағдайларда мiндеттерiн орындау шарттары мен тәртібі;
3) тараптардың жауапкершiлiгi болуға тиiс.
20-бап. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тiркеу
1. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi орган басқарушы компания ұсынған мынадай құжаттар негiзiнде:
1) өтiнiш;
2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмнiң көшiрмесi;
3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) бекiткен қор ережесi (екi дана);
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
4) кастодианмен және тiркеушiмен жасалған шарттардың жобасы;
5) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiнiң инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметiнiң шарттары мен тәртібін регламенттейтiн iшкi құжаттары (екi дана) негiзiнде жүзеге асырады.
2. Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру шарттары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
3. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тiркеуге табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган олар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
4. Пайлар шығарылымын мемлекеттік тiркеу процесiнде уәкiлеттi орган: 1) инвестициялық пай қорының ережесін;
2) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiне инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметiнiң шарттары мен тәртібін регламенттейтiн iшкi құжаттарын келiседi.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган басқарушы компанияға пайлар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк беру және олар туралы мәлiметтердi Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне енгізу арқылы пайлардың шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырады.
Басқарушы компания өзгерген және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілген кезде уәкілетті орган инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды жүзеге асырады.
6. Уәкiлеттi органның инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тiркеуден бас тарту туралы шешiмi:
1) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) инвестициялық пай қорының ережелерiнде, оларға өзгерістер мен толықтыруларда және келiсуге табыс етiлген өзге де құжаттарда қайшылықты немесе дәйектемесiз мәлiметтер болған;
3) басқарушы компания қызметi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.
21-бап. Инвестициялық пай қорының пайы
1. Пайдың бағасы мен бiр ұстаушыға тиесiлi пайлардың саны бөлшек сандармен көрсетiлуi мүмкiн.
2. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартына қосылғаны туралы куәландырады.
Пай ұстаушының өз пайын иелiгiнен шығаруы сенiмгерлiк басқару шартының бұзылғанын бiлдiредi.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асырады.
Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу, пайларды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiнде пайлармен жасалған мәмiлелердi тiркеу ерекшелiктерi тiркеушiнiң iшкi құжаттарында айқындалады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар қор активтерiн инвестициялық басқаруға байланысты туындаған мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi және өздерiнiң пайларына тиесiлi құн шегiнде зияндар тәуекелiн оның ішінде инвестициялық пай қоры активтерiнiң рыноктiк құнының өзгеруiне байланысты зияндар тәуекелiн көтередi.
5. Ашық инвестициялық пай қорының және тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорының пайларын сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiне орналастыру мен айналымға жiберуге жол берiлмейдi.
22-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары
1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясынан өзiне тиесiлi пайды осы Заңда және осы қордың ережесінде белгiленген жағдайларда және тәртiппен сатып алуды талап етуге құқылы.
2. Жабық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, осы жабық инвестициялық пай қорының ережелерiнде көзделген шарттармен және тәртiппен осы пай бойынша дивидендтердi мезгiл-мезгiл алып тұруға құқылы.
3. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар инвестициялық пай қорының ережелерiне сәйкес басқарушы компанияның қызметiн бақылауды жүзеге асырады.
23-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Инвестициялық пай қорларының пайлары Қазақстан Республикасының ұлттық валюта немесе пайдың номиналды құны көрсетілген валюта ақшасымен ғана төленуге тиiс.
2. Инвестициялық пай қорының пайларына төленетiн ақша оларды орналастыру кезiнде осы қордың кастодианындағы инвестициялық пай қорының шотына аударылады.
3. Бастапқы орналастыру кезеңiнде инвестициялық пай қорының пайлары барлық инвесторлар үшiн қор ережелерiнде айқындалған бiрыңғай нақтылы құн бойынша орналастырылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру үш айдан ұзаққа созылмайды және қор ережесінде көрсетiлген мерзiмде басталады.
Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңi инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталған күні пайларды ұстаушылардың саны бестен кем болмайтын жағдайда қор инвестициялық пай қоры активтерiнiң осы Заңда белгiленген ең төменгi мөлшерiне қол жеткiзген кезде аяқталады.
5. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн қордың таза активтерiнiң құны инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмiн ұзартуға басқарушы компанияның өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi органның рұқсатымен бiр рет жол берiледi, бiрақ ол үш айдан аспауға тиiс.
6. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвесторлардың пайларды сатып алуға өтiнiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi басқарушы компания немесе оның өкiлдерi осы Заңда және осы қордың ережесінде белгiленген шарттармен және тәртiппен қабылдайды және орындайды.
Өтiнiмнiң болуы мен ақшаның түсуi пай ұстаушылар тiзiлiміндегі сатып алушының жеке шотына пайларды есепке алу шарты болып табылады. Пайларды есепке алу осы шарт орындалған күннен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүзеге асырылады.
Пайларды орналастыру кезiнде пайларды пай ұстаушылар тiзiлiміндегі сатып алушының жеке шотына есепке алу мәмiлесiн тiркеу басқарушы компанияның бұйрығы негiзiнде жүзеге асырылады.
7. Пайды кейiннен орналастыру бағасы, өтiнiм болған жағдайда, ақша түскен жұмыс күнiнiң соңындағы қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Өтiнiм ақша түскеннен кейiн түскен жағдайда, пайды орналастыру бағасы өтiнiм түскен жұмыс күнiнiң аяғына қарай қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Пайды орналастыру бағасына, егер бұл қордың ережелерiнде көзделген болса, үстеме ақы қосылуы мүмкiн.
8. Инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудан бас тартуға:
1) инвестициялық пай қорының ережесінде белгiленген өтiнiмдер беру тәртібі мен шарттары сақталмаған;
2) уәкiлеттi органның немесе басқарушы компанияның шешiмi бойынша инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру тоқтатыла тұрған;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де талаптар орындалмаған жағдайларда ғана жол берiледi.
24-бап. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу
1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамында бар немесе оларды өткізуден алынған ақша, сондай-ақ осы Заңмен белгiленген талаптарды сақтай отырып қарызға алынған қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi iшiнде пайларды сатып алуға жол берiлмейдi.
3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу туралы талаптар пайларды сатып алуға өтiнiмдер нысанында берiледi.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
4. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi басқарушы компания немесе оның өкiлдерi осы Заңда және осы қордың ережесінде белгiленген шарттармен және тәртiппен пайлар сатып алынатын күннiң алдындағы жұмыс күнi аяқталғанға дейiн қабылдайды. Өтінім берушіге ақшаны беру (оның ішінде ақшаны ол көрсеткен шотқа аудару) пайларды сатып алған күні жүзеге асырылады.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
5. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдер, егер қордың ережесінде көзделген болса, жеңiлдiктер шегерiле отырып, пайларды сатып алу күнінің алдындағы жұмыс күнінің соңындағы пайдың есептiк құны негiзге алынып айқындалған баға бойынша орындалады.
6. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы қордың пайларын сатып алуды оларды ұстаушылардың өтiнiмдерi бойынша осы Заңда және осы қордың ережесінде белгiленген құн бойынша, мерзiмдерде және уақыт кезеңдерiнде жүзеге асыруға мiндеттi.
Аралық инвестициялық пай қорының пайларын айына бiр реттен сирек сатып алуды жүргiзген кезде пайларды сатып алуға өтiнiмдердi қабылдау кезеңi үш жұмыс күнiнен кем болмауға тиiс.
7. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесіне пайларды ұстаушылар мүддесiне нұқсан келтiретiн өзгерістер мен толықтырулар енгізiлген жағдайда, осы қордың пайларын ұстаушылар өздерiне тиесілі пайларды көрсетiлген өзгерістер мен толықтырулар күшiне енгiзiлген күнге дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде сатып алуды талап етуге құқылы.
8. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудан:
1) қордың ережесінде белгiленген өтiнiм беру тәртібі мен шарттары сақталмаған;
2) осы Заңда көзделген тәртiппен қордың пайларын сатып алуды тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.
25-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын кейiннен орналастыру немесе сатып алу кезіндегі үстеме ақылар мен жеңiлдiктер
1. Инвестициялық пай қорының ережесінде пайларды кейiннен орналастыру кезiнде олардың есептеу құнына үстеме ақылар немесе пайларды басқарушы компания сатып алған кезде олардың есептеу құнына жеңiлдiктер қолдану шарттары мен мөлшерлерi көзделуi мүмкiн.
2. Жеңiлдiктiң ең жоғары мөлшерi инвестициялық пай қорының пайын басқарушы компания сатып алған кезде оның есептеу құнының үш процентiнен аспауы керек.
3. Инвестициялық пай қорының, оның қызметi тоқтатылған жағдайда не ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгендiктен пайларын сатып алу кезiнде пайдың есептеу құнынан жеңiлдiктер жасауға жол берiлмейдi.
26-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру мен сатып алуды тоқтата тұру
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды:
1) инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тұлғалардың немесе шығарған (берген) қаржы құралдары инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын немесе шарттық мiндеттемелердi бұзған немесе орындауы мүмкiн болмаған жағдайларда уәкiлеттi органның ұйғарымы бойынша;
2) ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесіне сәйкес басқарушы компания арқылы тоқтатыла тұрады.
2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуды тоқтата тұру кезiнде сонымен бiр мезгiлде осы қордың пайларын орналастыру тоқтатыла тұрады.
3. Пайларды орналастыруды және (немесе) сатып алу осындай тоқтата тұруға себеп болған бұзушылықтар жойылғанға дейiн белгiсiз мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
4. Пайларды орналастыру және (немесе) сатып алуды тоқтата тұру қажет болған жағдайда, басқарушы компания осындай тоқтата тұрудың себептерiн және оларды жою жөніндегі шараларды көрсете отырып, уәкiлеттi органға бұл туралы сол күнi жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Орналастыру және (немесе) сатып алу басталған күнi басқарушы компания уәкiлеттi органды орналастырудың және (немесе) сатып алудың қайта басталғаны жөнiнде хабардар етуге мiндеттi.
5. Егер бұл қор пайларын ұстаушылардың мүдделерiне сай келмесе, уәкiлеттi орган басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды тоқтата тұруына тыйым салуға, сондай-ақ осындай тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғанға дейiн пайларды орналастыру мен сатып алуды қайта бастауға тыйым салуға құқылы.
6-тармаққа өзгерістерді қара - 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңы (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға басқарушы компанияның, тiркеушiнiң немесе кастодианның лицензиясының қолданылуы тоқтатылғаны немесе одан айырылғаны туралы уәкiлеттi органның хабарламасын алған кезден бастап лицензияның қолданылуы қайта басталған, басқа басқарушы компания, тiркеушi, қордың басқа кастодианы тағайындалған немесе қордың жұмыс iстеуi тоқтатылған күнге дейiн тоқтата тұруға мiндеттi.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 7 тармақпен толықтырылды
7. Басқарушы компания пайларды орналастыруды тоқтата тұру күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, орналастыруды тоқтата тұру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде хабардар еткен жағдайда, пайларды орналастыруды белгілі бір кезеңге тоқтата тұру мүмкіндігін аралық және жабық инвестициялық пай қорының ережелерінде көздеуге құқылы.
27-бап. Инвестициялық пай қорының ережесi
1. Инвестициялық пай қорының ережесінде:
1) инвестициялық пай қорының толық және қысқартылған атауы;
2) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының толық атауы мен орналасқан жерi;
3) инвестициялық пай қоры кастодианының толық атауы мен орналасқан жерi, оның құқықтары мен мiндеттері;
4) тармақшаға өзгерістерді қара - 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңы (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушiнiң толық атауы мен орналасқан жерi;
5) инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының және кастодианының аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың толық атауы;
6) инвестициялық декларация;
7) инвестициялық пай қорының активтерiн инвестициялық декларация талаптарына сәйкес келтiру тәртібі мен мерзiмдерi;
8) инвестициялық пай қоры жұмыс iстейтiн мерзiм, не оның мерзiмсiз жұмыс iстеуi туралы көрсету;
9) инвестициялық пай қоры активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты;
10) инвестициялық пай қорының пайларына инвестициялау кезіндегі инвесторлар тәуекелдерiнiң сипаттамасы;
11) инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның құқықтары мен мiндеттерi;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) инвестициялық пай қоры пайының бастапқы орналастыру кезеңіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе пайдың номиналды құны көрсетілетін өзге валютада көрсетілуі мүмкін номиналды құны;
13) инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдер беру мен оларды орындаудың шарттары мен тәртібі;
14) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары мен мiндеттерi;
15) инвестициялық пай қоры активтерiнiң құнын және пайдың есептiк құнын есепке алу және айқындау тәртібі;
16) пайларды орналастыру кезiнде олардың есептiк құнына үстеме ақы қолдану шарттары мен есептеу тәртібі;
17) басқарушы компанияның және инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өзге де тұлғалардың осы қордың активтерi есебiнен төленуге жататын шығыстары мен сыйақыларының түрлерi, айқындалу тәртібі және ең жоғары мөлшерлерi;
18) тармақшаға өзгерістерді қара - 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңы (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) басқарушы компанияның, тiркеушiнiң немесе кастодианның инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiгi болмаған немесе одан бас тартқан жағдайларда, оларды ауыстыру шарттары мен тәртібі;
19) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды тоқтата тұру шарттары мен тәртібі;
20) инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiнiң тоқтатылғандығы туралы ақпарат жариялануға тиiстi баспасөз басылымының атауын көрсете отырып, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiнiң тоқтатылу, оның iшiнде қордың жұмыс iстеуi тоқтатылған кезде пайларды сатып алудың шарттары мен тәртібі;
21) пай ұстаушылардың сұратулары бойынша есеп берудiң шарттары мен тәртібі;
22) пай ұстаушылар алдында инвестициялық пай қоры, оның ережесi және оларға енгiзiлген өзгерістер, қордың таза активтерi құнының және пайдың есептiк құнының өзгеруi, пайды орналастыру және сатып алу бағалары туралы, сондай-ақ инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тұлғалар, олардың қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратты ашу шарттары мен тәртібі;
23) басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі өкiлдерiнiң (олар бар болса) байланыс телефондарының нөмiрлерi, орналасқан жерi көрсетiлген тiзбесi болуға тиiс.
2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесінде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтерден басқа:
1) пайды сатып алуға өтiнiм беру және оны орындау шарттары мен тәртібі;
2) пайларды сатып алуды тоқтата тұру шарттары мен тәртібі;
3) басқарушы компания пайды сатып алған кезде оның есептiк құнына жеңiлдiк қолдану шарттары мен есептеу тәртібі;