Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 Қаулысы
(2012.26.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 (бұр. ред. қара); 2007.31.01. № 73 (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 634 (бұр.ред.қара); 2007.02.09 №761 (бұр.ред.қара); 2007.15.10. № 948 (бұр.ред.қара; 2007.03.12. № 1163 (бұр.ред.қара); 2008.26.05. № 499 (бұр.ред.қара); 2008.18.09 № 858 (бұр. ред. қара); 2009.26.06. № 982 (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 612 (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 836 қаулысымен
бекітілген
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі
комиссияның құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Мыңбаев Сауат Мұхамбетбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, төрағаның орынбасары, |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы, |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице- министрi |
Өтепов Эдуард Карлұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы |
Жұмабаев Ермек Жианшаұлы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша); |
Қанаев Серікжан Зиаданұлы | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісім бойынша), |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі, |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Имашев Берік Мәжитұлы | Қазақстан Республикасының Әділет министрі, |
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, |
Оспанов Мұрат Мағауияұлы | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 836 қаулысымен
бекітілген
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты
концессиялар жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия концессиялық жобаларды қарау және іріктеу үшін құрылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) концессиялық жобаларды қарау және іріктеу;
2) конкурсқа қатысушылар берген барлық конкурстық өтінімдерді қарау;
3) концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізу;
4) концессионер таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша концессиялық жобаларды бекіту болып табылады.
5. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:
1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Комиссия отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
2) концессиялық жобаларды іріктеудегі проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін қажетіне қарай мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға;
3) мемлекеттік және басқа ұйымдардан Комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады. Комиссияның төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметі үшін дербес жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бірі орындайды.
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2007.15.10. № 948 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) ; ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 499 (бұр.ред.қара); 2008.18.09 № 858 (бұр. ред. қара); 2010.18.06. № 612 (бұр.ред.қара) қаулыларымен өзгертілді
7. Комиссияның құрамына ауыстыру құқығынсыз Көлік және коммуникация, Мұнай және газ, Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Әділет министрліктерінің және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бірінші басшылары, Парламент депутаттары және республикалық меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы кіреді.
8. Концессия жөніндегі конкурстың тиісті ұйымдастырушысы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Комиссияның жұмыс органы қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы Комиссияның кезекті отырысына қажетті материалдарды отырысқа дейін кем дегенде он күн бұрын Комиссияның хатшысына ұсынады.
Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстың хаттамасын ресімдейді.
11. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия мyшелерінің жалпы санының кемінде үштен eкici қатысқан кезде Комиссияның отырысы заңды деп саналады.
12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе қабылданған болып саналады және Комиссияның барлық мyшелері міндетті түрде қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Комиссия мүшелері айрықша пікір құқығына ие, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және Комиссия хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
13. Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларға қарау нәтижелері туралы хабарлайды.
14. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.