Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 73 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 419 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Супрун - Қазақстан Республикасының
Виктор Васильевич Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Ахметов Даниал Кенжетайұлы, Палымбетов Болат Әбілқасымұлы, Смайылов Әлихан Асханұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |