Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 858 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 419 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы енгізілсін;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақта «министрліктерінің» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |