Ауыл шаруашылығы мен орман алаптарын автомобиль жолдарымен құрылыстарды салу үшін алу кезінде меншік иелерінің немесе жерді пайдаланушылардың зияндарымен ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің шығындары белгіленген тәртіппен өтеледі.
22. Автомобиль жолының жерлері арқылы өтуінің варианты мен автомобиль жолдарын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) кейіннен жер беру шарттары жерлерді алу көзделген жер учаскелерінің иелерімен және жерді пайдаланушылармен, тиісті жерге орналастыру органдарымен, табиғат қорғау, сәулет органдарымен және көзделіп отырған жер берілуі мүдделерін қозғайтын басқа да ұйымдармен және мекемелермен алдын ала келісіледі.
23. Автомобиль жолы жерлер арқылы өтуін алдын ала келісу жобалау зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін негіз болып табылады.
24. Тиісті атқарушы орган автомобиль жолының өтетін жерін жергілікті жерлерге бекіткенге дейін жобалау-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға жол берілмейді.
25. Жобалау-зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жоба белгіленген тәртіппен бекітіледі, ал салынуға, (қайта жаңартуға, жөнделуге) автомобиль жолы салынатын, қайта жаңартылатын және жөнделетін жолдың титулдық тізіміне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттендірілген автомобиль жолдарын басқару жөніндегі орган тиісті атқарушы органға автомобиль жолы өтетін жердің алдын ала келісілген нұсқасына жер алу және жерді осы автомобиль жолын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) беру жөнінде өтініш жасайды.
Өтінішке:
автомобиль жолының (жол құрылыстарының) өтетін жерін таңдау жөнінде алдын ала келісу материалдары;
автомобиль жолын салу жобасы - объект құрылысының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауды, жер беруді, жерді қайта өңдеу, шаруашылық және өзге де қызметтің қолайсыз әсерін болдырмау жөніндегі шараларды және қоршаған табиғи ортаны сақтаудың, сондай-ақ сауықтыруды және жақсартуды қамтитын «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» бөлімі;
жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылардың шеккен зияндарын, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын жерді алуға немесе уақытша пайдалануға байланысты басқа да шығындарды өтеу туралы міндеттеме қоса беріледі.
26. Тиісті атқарушы орган жерді қайтарып алу және автомобиль жолына беру туралы шешім қабылдайды.
4. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіру
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
27. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіруді жер учаскесі берілетін жол органдары мен автомобиль жолдарын басқарушылардың және жер учаскелері алынатын жер иелерінің немесе жерді пайдаланушылардың қатысуымен жерге орналастыру органдары жүзеге асырады.
28. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіру автомобиль жолына берілген жер учаскесінің шекарасын анықтау және оны басқа жер иелерінің, жерді пайдаланушылардың жерінен белгіленген үлгідегі таңбалармен шектеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 845 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
тәртібі
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде плакаттар, стенділер, жарық тақталар, билбордтар, транспаранттар, афишалар және басқа де жарнамаларды тұрақты орнату объектілері түріндегі сыртқы көрнекі жарнамаларды орналастыру шарттарын, келісу және орналастыру тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Автомобиль жолдары жолақ бөлігінің құрылыс жобасымен қарастырылған және жол органдарымен пайдаланбайтын жерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің орналастыру жол органдарымен шарт және объектіні автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде орналастыруға төлқұжат бойынша жер учаскелерінің мақсатты пайдалану бағдарын өзгертпестен оларды уақытша қысқа мерзімдік жер пайдалануға беру жолымен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің орналастыру көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау шарттарының және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен стандарттар талаптарының сақталуы жағдайында жолдың көлік-пайдалану сапасын төмендетуге жол берiлмейтiн ретте жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің иелері жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары қарауындағы жол органдарын орналастыру орнын және өз деректерін көрсете отырып, объектіні орналастыруды ресімдеу туралы өтініш береді. Өтінішке объектінің түрлі түсті орындалуымен және өлшемдерімен бірге нобайы қоса беріледі.
Жол органдары өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын анықтайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ объектілердің өлшемдері мен көркемдік орындалуының қолданылып жүрген нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мәселе оң шешілген жағдайда объектіні жолға байланыстыру жүзеге асырылады және паспорт ресімделеді, онда: паспорттың қолданылу мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде қозғалысты ұйымдастырумен бірге объектіні жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына орналастырудың схемасы мен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизі көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Паспортты жол органы береді және бес жұмыс күні ішінде Жол полициясы бөлімшелерімен келісіледі.
Паспорттың қолданылу мерзімі автомобиль жолдарын дамыту бағдарламаларына сүйене отырып анықталады, бірақ бір жылдан аспайды және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі иесінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
Орнатылған объектілердің мөлшерлері өзгерген жағдайда паспорт қайта ресімдеуге жатады.
Паспорттың қолданылуы объектінің іс жүзіндегі мөлшерлері паспортта енгізілген мөлшерлерге сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 8-тармақ алынып тасталды
8. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 9-тармақ алынып тасталды
9. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 10-тармақ алынып тасталды
10.алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 11-тармақ алынып тасталды
11.алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 қаулысымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен 13-тармақ алынып тасталды
13. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелерінен алынатын төлем тиісті бюджетке енгізілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тиісті құжаттамаларды ресімдеместен және оны жол органдарымен, жол полициясы бөлімшелерімен келіспестен өз бетінше орналастыруға тыйым салынады. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру тиісті рұқсат беру құжаты болмаған кезде төлем сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы өз бетінше орналастырған иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірілген материалдық залалды өтейді.
Жолақ бөлікті өз бетімен пайдалану, заңсыз пайдаланған уақытта тартқан шығындары өтелместен, тоқтатылады.