Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 Қаулысы
(2012.20.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.20.03. № 344 Қаулысымен тықырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесі;
ҚР Үкіметінің 2012.20.03. № 344 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «салымшылардың», «салымшылармен», «салымшылар», «салымшының», «салымшыға», «жасалған» деген сөздерден кейін тиісінше «(алушылардың)», «(алушылармен)», «(алушылар)», «(алушының)», «(алушыға)», «және қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылды (бұр. ред. қара)
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру
ережесi
Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын (бұдан әрі - дерекқор), міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін (бұдан әрі - бірыңғай тізім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
1. Дерекқор, бірыңғай тізім жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынатын мәліметтердің негізінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (бұдан әрі - Орталық) базасында қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2006 жылғы 1 наурызға дейін Орталыққа электронды жеткізушіде жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында олар бойынша жеке зейнетақы шоттары ашылған, бірақ міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ салымшылар (алушылар) туралы мәліметтерді ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өздерінің барлық қызметі кезеңіндегі мәліметтерді салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде жүргізілген өзгерістерді ескере отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары, дерекқорды жаңарту мақсатында, 2009 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Орталыққа міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді олардың тоқтатылу себептерін көрсете отырып, электронды жеткізушіде ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қызметінің барлық кезеңіндегі мәліметтерді салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде жүргізілген өзгерістерді ескере отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Орталық осы Ереженің 2, 2-1-тармақтарында белгіленген жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған мәліметтердің, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын беретін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтердің негізінде қалыптастырады және дерекқор мен бірыңғай тізімді күн сайын жаңартып отырады.
ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтер алынған күннен кейінгі күннен кешіктірмей:
1) келіп түскен мәліметтерді:
салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі реттен артық емес жасасуы;
салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы қордан екіншісіне аудару кезеңінде жасасуы;
жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді Орталыққа беру мерзімдерін сақтауы мәніне тексеруді жүзеге асырады;
2) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді:
егер салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бір жылда екі рет жасасқан жағдайда;
салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шартты зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аудару кезеңінде жасасқан кезде бірыңғай тізімге енгізуден бас тартады.
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Дерекқорда әрбір салымшы жөнінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), салымшының (алушының) жынысы, туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, салымшы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының нөмірі, күні және атауы, салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шоты ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының күні мен атауы, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күні мен себебі (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асырылу негіздемесін көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Бірыңғай тізімде әрбір салымшы жөнінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, неғұрлым соңғы жасасу күні бар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының атауы.
ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған, осы Ереженің 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген мәліметтердің негізінде Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттаманы (бұдан әрі - Хаттама) жинақтаушы зейнетақы қорларына жібереді.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді осы Ережеде көзделген негіздемелер бойынша бірыңғай тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда, Хаттама міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы енгізілмеген шарттар туралы ақпаратты қамтуға тиіс (енгізілмеу себебін көрсете отырып).
ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Орталық ай сайын жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жандандырудың осы Ереженің 3-тармағында белгіленген мерзімдерін бұзуы анықталған фактілер туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті органды хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.28.01. № 72 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша
салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті
зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт жасасқан жеке тұлғалардың
бірыңғай тізімін қалыптастыру
ережесіне 1-қосымша
200__жылғы "__"______ _______Орталыққа жіберетін жасалған және
қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жинақтаушы зейнетақы
қорының атауы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар,
сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында олар бойынша жеке
зейнетақы шоттары ашылған, бірақ міндетті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ
салымшылар (алушылар) туралы мәліметтер
Тегі | Аты | Әкесінің аты | Са- лым- шы- ның жыны- сы | Ту- ған күні | ЖСН |
ЖСН қалыптастыру сәтіндегі | Қа- зіргі дерек- тері | ЖСН қалыптастыру сәтіндегі | Қа- зіргі дерек- тері | ЖСН қалыптастыру сәтіндегі | Қа- зіргі дерек- тері | ЖЖЖ ЖА АКК |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері | Жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт мәліметтері | Салым- шының (алушының) ЖЗШ туралы мәлімет- тері | Зейнет- ақымен қамсыздан- дыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылғыш және жеке зейнетақы шотының жабылған күні | Зейнет- ақымен қамсыз- дандыру туралы шарттың қолданы- луының тоқтатылу себебі |
Нөмірі | Берілген күні ЖЖЖЖААКК | Нө- мірі | Жасалған және қолданылуы тоқтатылған күні ЖЖЖЖААКК | Ашылған күні ЖЖЖЖААКК | ЖЖЖЖААКК |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ескертпе:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ЖСН қалыптастыру сәтіндегі тиісті мәліметтер қамтылуы тиіс.
Олар бойынша мәліметтер болмаған жағдайда 9, 10, 13, 14-бағандарды толтыру міндетті емес.
16, 17-бағандар қажеттілігіне қарай толтырылады.
17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс:
1 - зейнеткерлік жасқа, ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
10 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша
салымшылардың (алушылардың) дерекқорын,
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке
тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесіне
2-қосымша
200 жылғы «___»____________________
_____________________________________________________________
жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
Орталыққа жіберетін қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтер
Тегі | Аты | Әкесінің аты | Салымшының (алушының) жынысы | Туған күні | ӘЖК | СТН | Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері | Жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт туралы мәліметтер | Салымшының (алымшының) ЖЗШ туралы мәліметтер | Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шотының жабылған күні | Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуының тоқтатылу себебі |
ӘЖК тіркеу сәтіндегі | Қазіргі деректері | ӘЖК тіркеу сәтіндегі | Қазіргі деректері | ӘЖК тіркеу сәтіндегі | Қазіргі деректері | ЖЖЖ Ж ААКК | Нөмірі | Берілген күні ЖЖЖЖ ААКК | Нөмірі | Жасалған күні ЖЖЖЖ АА КК | Ашылған күні ЖЖЖЖ АА КК | ЖЖЖЖ ААКК |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ескертпе:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда ӘЖК тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы тиісті мәліметтер қамтылуға тиіс.
13, 14, 15-бағандары міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде толтырылуға міндетті.
16, 17-бағандарда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі болуға тиіс:
1 - зейнеткерлік жас: ер адамдар 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
2 - төтенше немесе ең жоғары радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
3-5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
4 - Орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша зейнетақы төлеміне құқығы бар адамдарға кеден органдарын қоспағанда, әскери қызмет, құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған кезде толық көлемде зейнетақы төлемдері тағайындалуына;
5 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, I және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
6 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты;
8 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты;
9 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне(леріне) зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу;
10 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын жерлеуге төлеу;
11 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «салымшылармен», «салымшының», «салымшыға», «жасалған» деген сөздерден кейін тиісінше «(алушылармен)», «(алушының)», «(алушыға)», «және қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылды (бұр. ред. қара)
Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат
айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегi
мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы
мәліметтерді ұсыну ережесi
Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (бұдан әрі - Орталық) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2009.28.01. № 72 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтер берілген күннің алдындағы жұмыс күнгі мұндай мәліметтерді осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Орталыққа берілетін салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтердің құрылымы мыналарды қамтуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), салымшының (алушының) жынысы, салымшының (алушының) туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттың нөмірі мен күні, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының ашылған күні, міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күні мен себебі (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асырылу негіздемесін көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2009.28.01. № 72 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мәліметтерді беру күн сайын Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсілмен, ақпарат көлігінің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, ағымдағы күнгі Астана қаласы уақытының 23 сағат 30 минутынан кешіктірмей жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Орталық мәліметтер келіп түскен күннен бастап келесі жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына осы мәліметтердің Орталыққа келіп түскені туралы куәландыратын электронды хабарлама және Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттама жібереді..
ҚР Үкіметінің 2012.20.03. № 344 Қаулысымен 5-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Орталық күн сайын, осы қордың салымшылары жөнінде төлемдердің мынадай санаттары бойынша:
1) 5 және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге;
2) 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда кемінде 10 жыл тұрған азаматтарға зейнетақы тағайындау туралы өткен жұмыс күні бойынша мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларына береді.
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен қосымша өзгертілді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара)
Жинақтаушы зейнетақы қорларының
электронды құжат айналымын
пайдалана отырып, Зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталыққа салымшылармен (алушылармен)
міндетті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы
жасалған және қолданылуы
тоқтатылған шарттар туралы
мәліметтерді ұсыну
ережесіне қосымша
200__жылғы "__"______ _____________________Орталыққа беретін
жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарттар
туралы мәліметтер
Тегі | Аты | Әкесінің аты | Са- лым- шы- ның жыны- сы | Ту- ған күні | ЖСН |
ЖСН қалыптастыру сәтіндегі | Қа- зіргі дерек- тері | ЖСН қалыптастыру сәтіндегі | Қа- зіргі дерек- тері | ЖСН қалыптастыру сәтіндегі | Қа- зіргі дерек- тері | ЖЖЖ ЖА АКК |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері | Жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарт туралы мәліметтер | Салым- шының (алушының) ЖЗШ туралы мәлімет- тер | Зейнет- ақымен қамсыздан- дыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шоты жабылған күні | Зейнет- ақымен қамсыз- дандыру туралы шарттың қолданы- луының тоқтатылу себебі |
Нөмірі | Берілген күні ЖЖЖЖААКК | Нө- мірі | Жасалған және қолданылуы тоқтатылған күні ЖЖЖЖААКК | Жасалған және қолданылуы тоқтатылған күні ЖЖЖЖААКК | ЖЖЖЖААКК |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2009.28.01. № 72 (бұр.ред.қара) қаулыларымен ескерту өзгертілді
Ескерту:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ЖСН қалыптастыру сәтіндегі тиісті мәліметтер көрсетілуі тиіс.
13, 14, 15-бағандар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде толтырылуға міндетті
16, 17-бағандар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт қолданылуын тоқтатқан кезде толтырылуға міндетті
17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс:
1 - зейнеткерлік жасқа: ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектігі белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
11 - жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының бірлестігi
12 - «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 4-тармағына сәйкес қызметкердің жұмыстан босатылуына байланысты (корпоративтік ЖЗҚ үшін).