«Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың дерекқорын,
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесін
және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын
пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа
салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы жасалған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесін
бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесі;
2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың
дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке
тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесi
Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың дерекқорын (бұдан әрі - дерекқор), міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін (бұдан әрі - бірыңғай тізім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
1. Дерекқор, бірыңғай тізім жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынатын мәліметтердің негізінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (бұдан әрі - Орталық) базасында қалыптастырылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2006 жылғы 1 наурызға дейін Орталыққа электронды жеткізушіде жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында олар бойынша жеке зейнетақы шоттары ашылған, бірақ міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ салымшылар туралы мәліметтерді ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өздерінің барлық қызметі кезеңіндегі мәліметтерді салымшылардың деректемелерінде жүргізілген өзгерістерді ескере отырып, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
3. Орталық осы Ереженің 2-тармағында белгіленген жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған мәліметтердің, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын беретін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған шарттар туралы мәліметтердің негізінде қалыптастырады және дерекқор мен бірыңғай тізімді күн сайын жаңартып отырады.
4. Дерекқорда әрбір салымшы жөнінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (әлеуметтік жеке кодты тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы), салымшының жынысы, туған күні, әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, салымшы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының нөмірі, күні және атауы, салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының күні мен атауы, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күні мен себебі (салымшыға немесе оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асырылу негіздемесін көрсете отырып төлеу, салымшының зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
5. Бірыңғай тізімде әрбір салымшы жөнінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, әлеуметтік жеке коды, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, неғұрлым соңғы жасасу күні бар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының атауы.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша
салымшылардың дерекқорын, міндетті
зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт жасасқан жеке тұлғалардың
бірыңғай тізімін қалыптастыру
ережесіне қосымша
200__жылғы "__"______ _______Орталыққа жіберетін жасалған
міндетті зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар,
сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында олар бойынша жеке
зейнетақы шоттары ашылған, бірақ міндетті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ
салымшылар туралы мәліметтер
Тегі | Аты | Әкесінің аты | Са- лым- шы- ның жыны- сы | Ту- ған күні | ӘЖК | СТН |
ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ЖЖЖ ЖА АКК |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері | Жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт мәліметтері | Салым- шының ЖЗШ туралы мәлімет- тері | Зейнет- ақымен қамсыздан- дыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылғыш және жеке зейнетақы шотының жабылған күні | Зейнет- ақымен қамсыз- дандыру туралы шарттың қолданы- луының тоқтатылу себебі |
Нөмірі | Берілген күні ЖЖЖЖААКК | Нө- мірі | Жасалған күні ЖЖЖЖААКК | Ашылған күні ЖЖЖЖААКК | ЖЖЖЖААКК |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ескертпе:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ӘЖК тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы тиісті мәліметтер қамтылуы тиіс.
Олар бойынша мәліметтер болмаған жағдайда 9, 10, 13, 14-бағандарды толтыру міндетті емес.
16, 17-бағандар қажеттілігіне қарай толтырылады.
17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс:
1 - зейнеткерлік жасқа, ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
6 - салымшының зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
7 - салымшының зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
10 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат
айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегi
мемлекеттік орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
жасалған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесi
Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (бұдан әрі - Орталық) салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын Орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған шарттар туралы мәліметтер берілген күннің алдындағы операциялық күнгі мұндай мәліметтерді осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
2. Орталыққа берілетін салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған шарттар туралы мәліметтердің құрылымы мыналарды қамтуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (әлеуметтік жеке кодты тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы), салымшының жынысы, салымшының туған күні, әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке басын куәландыратын құжат деректері, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттың нөмірі мен күні, салымшының жеке зейнетақы шотының ашылған күні, міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күні мен себебі (салымшыға немесе оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асырылу негіздемесін көрсете отырып төлеу, салымшының зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
3. Мәліметтерді беру күн сайын Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсілмен, ағымдағы күнгі Астана қаласы уақытының 18 сағатынан кешіктірмей жүзеге асырылады.
4. Орталық мәліметтер келіп түскен күннен кейінгі жұмыс күнінің ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына Орталыққа осы мәліметтердің келіп түскені туралы куәландыратын электронды хабарлама жібереді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының
электронды құжат айналымын
пайдалана отырып, Зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталыққа салымшылармен
міндетті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы
жасалған шарттар туралы
мәліметтерді ұсыну
ережесіне қосымша
200__жылғы "__"______ _____________________Орталыққа беретін
жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
жаңадан жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарттар
туралы мәліметтер
Тегі | Аты | Әкесінің аты | Са- лым- шы- ның жыны- сы | Ту- ған күні | ӘЖК | СТН |
ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ЖЖЖ ЖА АКК |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері | Жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарт туралы мәліметтер | Салым- шының ЖЗШ туралы мәлімет- тер | Зейнет- ақымен қамсыздан- дыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шоты жабылған күні | Зейнет- ақымен қамсыз- дандыру туралы шарттың қолданы- луының тоқтатылу себебі |
Нөмірі | Берілген күні ЖЖЖЖААКК | Нө- мірі | Жасалған күні ЖЖЖЖААКК | Жасалған күні ЖЖЖЖААКК | ЖЖЖЖААКК |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ескерту:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ӘЖК тіркеу сәтіне және ағымдағы уақытқа тиісті мәліметтер көрсетілуі тиіс.
16, 17-бағандар қажеттілігіне қарай толтырылады.
17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс:
1 - зейнеткерлік жасқа: ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектігі белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
6 - салымшының зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
7 - салымшының зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу