«Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын,
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесін
және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын
пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа
салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған
шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 Қаулысы
(2006.03.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 28 қаңтарда, 2007 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесі;
2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «салымшылардың», «салымшылармен», «салымшылар», «салымшының», «салымшыға», «жасалған» деген сөздерден кейін тиісінше «(алушылардың)», «(алушылармен)», «(алушылар)», «(алушының)», «(алушыға)», «және қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылды (бұр. ред. қара)
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың)
дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке
тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесi
Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын (бұдан әрі - дерекқор), міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін (бұдан әрі - бірыңғай тізім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
1. Дерекқор, бірыңғай тізім жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынатын мәліметтердің негізінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (бұдан әрі - Орталық) базасында қалыптастырылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2006 жылғы 1 наурызға дейін Орталыққа электронды жеткізушіде жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында олар бойынша жеке зейнетақы шоттары ашылған, бірақ міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ салымшылар (алушылар) туралы мәліметтерді ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өздерінің барлық қызметі кезеңіндегі мәліметтерді салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде жүргізілген өзгерістерді ескере отырып, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
3. Орталық осы Ереженің 2-тармағында белгіленген жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған мәліметтердің, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын беретін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтердің негізінде қалыптастырады және дерекқор мен бірыңғай тізімді күн сайын жаңартып отырады.
4. Дерекқорда әрбір салымшы жөнінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (әлеуметтік жеке кодты тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы), салымшының (алушының) жынысы, туған күні, әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, салымшы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының нөмірі, күні және атауы, салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шоты ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының күні мен атауы, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күні мен себебі (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асырылу негіздемесін көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
5. Бірыңғай тізімде әрбір салымшы жөнінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, әлеуметтік жеке коды, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, неғұрлым соңғы жасасу күні бар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының атауы.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша
салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті
зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт жасасқан жеке тұлғалардың
бірыңғай тізімін қалыптастыру
ережесіне қосымша
200__жылғы "__"______ _______Орталыққа жіберетін жасалған және
қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жинақтаушы зейнетақы
қорының атауы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар,
сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында олар бойынша жеке
зейнетақы шоттары ашылған, бірақ міндетті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ
салымшылар (алушылар) туралы мәліметтер
Тегі | Аты | Әкесінің аты | Са- лым- шы- ның жыны- сы | Ту- ған күні | ӘЖК | СТН |
ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ЖЖЖ ЖА АКК |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері | Жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт мәліметтері | Салым- шының (алушының) ЖЗШ туралы мәлімет- тері | Зейнет- ақымен қамсыздан- дыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылғыш және жеке зейнетақы шотының жабылған күні | Зейнет- ақымен қамсыз- дандыру туралы шарттың қолданы- луының тоқтатылу себебі |
Нөмірі | Берілген күні ЖЖЖЖААКК | Нө- мірі | Жасалған және қолданылуы тоқтатылған күні ЖЖЖЖААКК | Ашылған күні ЖЖЖЖААКК | ЖЖЖЖААКК |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ескертпе:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ӘЖК тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы тиісті мәліметтер қамтылуы тиіс.
Олар бойынша мәліметтер болмаған жағдайда 9, 10, 13, 14-бағандарды толтыру міндетті емес.
16, 17-бағандар қажеттілігіне қарай толтырылады.
17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс:
1 - зейнеткерлік жасқа, ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
10 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «салымшылармен», «салымшының», «салымшыға», «жасалған» деген сөздерден кейін тиісінше «(алушылармен)», «(алушының)», «(алушыға)», «және қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылды (бұр. ред. қара)
Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат
айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегi
мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы
мәліметтерді ұсыну ережесi
Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (бұдан әрі - Орталық) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтер берілген күннің алдындағы операциялық күнгі мұндай txt кеңейтудегі мәліметтерді осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
2. Орталыққа берілетін салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтердің құрылымы мыналарды қамтуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (әлеуметтік жеке кодты тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы), салымшының (алушының) жынысы, салымшының (алушының) туған күні, әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке басын куәландыратын құжат деректері, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттың нөмірі мен күні, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының ашылған күні, міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күні мен себебі (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асырылу негіздемесін көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мәліметтерді беру күн сайын Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсілмен, ақпарат көлігінің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, ағымдағы күнгі Астана қаласы уақытының 18 сағатынан кешіктірмей жүзеге асырылады.
4. Орталық мәліметтер келіп түскен күннен кейінгі жұмыс күнінің ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына Орталыққа осы мәліметтердің келіп түскені туралы куәландыратын электронды хабарлама жібереді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының
электронды құжат айналымын
пайдалана отырып, Зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталыққа салымшылармен (алушылармен)
міндетті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы
жасалған және қолданылуы
тоқтатылған шарттар туралы
мәліметтерді ұсыну
ережесіне қосымша
200__жылғы "__"______ _____________________Орталыққа беретін
жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарттар
туралы мәліметтер
Тегі | Аты | Әкесінің аты | Са- лым- шы- ның жыны- сы | Ту- ған күні | ӘЖК | СТН |
ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ӘЖК тіркеу сәтін- дегі | Қа- зіргі дерек- тері | ЖЖЖ ЖА АКК |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері | Жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарт туралы мәліметтер | Салым- шының (алушының) ЖЗШ туралы мәлімет- тер | Зейнет- ақымен қамсыздан- дыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шоты жабылған күні | Зейнет- ақымен қамсыз- дандыру туралы шарттың қолданы- луының тоқтатылу себебі |
Нөмірі | Берілген күні ЖЖЖЖААКК | Нө- мірі | Жасалған және қолданылуы тоқтатылған күні ЖЖЖЖААКК | Жасалған және қолданылуы тоқтатылған күні ЖЖЖЖААКК | ЖЖЖЖААКК |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен ескерту өзгертілді (бұр. ред. қара)
Ескерту:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ӘЖК тіркеу сәтіне және ағымдағы уақытқа тиісті мәліметтер көрсетілуі тиіс.
16, 17-бағандар қажеттілігіне қарай толтырылады.
17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс:
1 - зейнеткерлік жасқа: ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектігі белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
11 - жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының бірлестігi
12 - «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 4-тармағына сәйкес қызметкердің жұмыстан босатылуына байланысты (корпоративтік ЖЗҚ үшін).