40-шы Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 40)
Инвестициялық жылжымайтын мүлік
1. Осы Стандарттың мақсаты инвестициялық жылжымайтын мүлік есебінің тәртібін және ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын тиісті талаптарды белгілеу болып табылады.
2. Осы Стандарт инвестициялық жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты тану, бағалау және ашып көрсету кезінде қолданылады.
3. Осы Стандарт, басқалармен қатар, қаржылық жал ретінде ескерілетін жалдау шарты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлікке жалгердің қаржы есептілігінде бағалауға және операциялық жалдау шарты бойынша жалгерге берілген жылжымайтын мүлікке инвестицияларды жалға берушінің қаржы есептілігінде бағалауға қолданылады. Осы стандартта 17 Жалдау ХҚЕС-ымен (IAS) реттелген мәселелер қаралмайды, оның ішінде:
(a) жалгерлікті қаржылық немесе операциялық жалгерлікке жүйелеу;
(b) инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілерін жалға өткізуден алынған кірісті тану (18 Табыс ХҚЕС-да (IAS) қараңыз);
(c) операциялық жал ретінде ескерілетін жалдау шарты бойынша жалға алушының иелігіндегі жылжымайтын мүлікті оның қаржы есептілігіндегі бағалау;
(d) қаржылық жалгерлікке берілген таза инвестицияларды жалға берушінің қаржы есептілігінде бағалау;
(e) кері жалгерлікпен сату жөніндегі операциялардың есебі; және
(f) қаржылық және операциялық жалгерлік туралы ақпаратты ашып көрсету қаралмайды.
4. Осы Стандарт:
(a) ауыл шаруашылық қызметке жататын биологиялық активтерге (41 Ауылшаруашылыгы ХҚЕС-ты (IAS) қараңыз); және
(b) пайдалы қазбаларға және мұнай, табиғи газ және сол сияқты қалпына келтірілмейтін ресурстар секілді пайдалы қазбалардың қорларына құқықтарға қолданылмайды.
5. Осы Стандартта мынадай терминдер төменде көрсетілген мәнінде пайдаланылады:
Қаржылық жағдай туралы есептік құн - актив қаржылық жағдай туралы есепте танылатын сома.
Өзіндік құн - төленген ақша қаражаттарының немесе олардың баламаларының сомасы немесе оны немесе ғимаратты сатып алу кезінде активті сатып алу мақсатында берілген басқа өтемнің әділ құны немесе мұны қолдануға болса, басқа ХҚЕС-тарда (IFRS), мысалы, 2 Акцияларга негізделген төлем ХҚЕС-ның (IFRS) нақты талаптарына сәйкес бастапқы тану кезіндегі осы активке жатқызылған сома.
Әділ құн - бұл осындай операцияны жасағысы келетін, жақсы хабардар, тәуелсіз тараптардың арасында актив айырбасталуы мүмкін сома (13 -ші Әділ құнның бағасы ХҚЕС-ын (IFRS) қараңыз).
Инвестициялық жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ:
(a) тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе
(b) әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.
Иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік, тауарлар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған.
Жылжымайтын мүлікті инвестициялық жылжымайтын мүлік және иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде сыныптау
6. Жалгер операциялық жалгерлік бойынша иелік ететін жылжымайтын мүлік, мұндай жылжымайтын мүлік барлық қалған жағдайларда инвестициялық жылжымайтын мүлік ұғымына сай келсе және жалгер активті тану үшін 33-55-тармақтарда баяндалған әділ құн бойынша есеп моделін пайдаланса, инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктеле және есепте көрсетіле алады. Жіктеудің мұндай нұсқасы объектілік негізде мүмкін болады. Алайда операциялық жалгерлік шарты бойынша жалгердің иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің бір осындай объектісі үшін жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелетін бүкіл жылжымайтын мүлік әділ құн бойынша есеп моделін пайдалану арқылы ескерілуі тиіс. Егер жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, онда бұлайша жіктелген жылжымайтын мүлік бойынша 74-78-тармақтарда талап етілетін ақпарат ашып көрсетіледі.
7. Инвестициялық жылжымайтын мүлік жалгерлік төлем немесе капитал құнының өсуінен кірістер, не соны да, басқасын да алуға арналған. Сондықтан инвестициялық жылжымайтын мүлік түсетін ақшалай тасқындар, әдетте, ұйымның қалған активтерімен байланысты болмайды. Бұл инвестициялық жылжымайтын мүлікті иеленуші орналасқан жылжымайтын мүліктен өзгешелендіреді. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру немесе жеткізу (немесе мүлікті әкімшілік мақсаттарда пайдалану) мүлікке ғана емес, өндіру немесе жеткізу процесінде пайдаланылатын басқа активтерге де жатпайтын ақшалай қаражаттарды туғызады. 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ХҚЕС (IAS) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті көрсету үшін қолданылады.
8. Ивестициялық жылжымайтын мүлік мысалдары төменде келтірілген:
(a) әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сату үшін емес, ұзақ мерзімді болашақта капитал құнының өсуінен пайда алуға арналған жер;
(b) әрі қарай арналу мақсаты әзірше анықталмаған жер. (Егер ұйым жерді иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланатыны немесе әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сататыны туралы шешім қабылдамаған ретте, жер капитал құнының өсімін алуға арналған деп есептеледі);
(c) ұйымның меншігіндегі (немесе қаржылық жалдау шарты бойынша есеп беретін ұйымның қарауындағы) және операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға берілген ғимарат; және
(d) қазір бос тұрған, бірақ операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға беруге арналған ғимарат.
(e) болашақта инвестициялық меншік ретінде қолдану үшін құрылысы жүріп жатқан немесе жасалып жатқан жылжымайтын мүлік.
9. Әрі қарай инвестициялық жылжымайтын мүлік болып табылмайтын, осы Стандарттың ережелері қолданылмайтын баптардың мысалдары келтірілген:
(a) әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында сатуға арналған немесе құрылысы салынып жатқан немесе сату мақсатымен қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік (2 Босалқылар ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз); мысалы, таяу болашақта сатуға немесе қайта құрып, қайта сатуға ғана арналған жылжымайтын мүлік;
(b) үшінші тұлғалардың тапсыруы бойынша салынып жатқан немесе қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік (11 Құрылысқа жасалган келісімшарттар ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз);
(c) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік (16 ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз), оның ішінде (басқаларымен қоса) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде одан әрі пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; қайта құрып, кейіннен иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; ұйымның қызметкерлері тұратын жылжымайтын мүлік (қызметкерлер нарықтық мөлшерлеме бойынша жалгерлік ақы төлейтін-төлемейтініне қарамастан), сондай-ақ иеленуші орналасқан және істен шығаруға арналған жылжымайтын мүлік; және
(d) [жойылған]
(e) Қаржылық жалдау шарты бойынша басқа ұйымға жалға берілген жылжымайтын мүлік.
10. Жекелеген реттерде жылжымайтын мүлік объектісінің бір бөлігі - жалгерлік ақы алу немесе капитал құнының өсімін алу үшін, ал екінші бөлігі тауарлар өндіру немесе жеткізу, қызметтер көрсету үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер объектінің аталған бөліктерін бір-біріне тәуелсіз сату мүмкін болса (немесе бір-біріне тәуелсіз қаржылық жалгерлікке беру), ұйым объектінің көрсетілген бөліктерін жеке-жеке ескереді. Ал егер объектінің бөліктерін жеке-жеке сатуға болмаса, осы объектінің аз ғана бөлігі тауар өндіруге немесе жеткізуге, қызмет көрсетуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған болса ғана, объект инвестициялық жылжымайтын мүлік деп есептеледі.
11. Кейбір жағдайларда ұйым ұйымға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға алушыларға қосымша қызмет көрсетеді. Ұйым, көрсетілетін қызметтер барлық мәміленің салыстырмалы түрде аз ғана бөлігін құраған жағдайда, осы жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде қарастырады. Кеңсе үйінің иесі жалға алушыларға осы үйді күзету және ағымдағы пайдалану жөнінде қызмет көрсететін жағдай жоғарыда айтылғанның мысалы болып табылады.
12. Басқа жағдайларда көрсетілетін қызметтер неғұрлым маңызды болады. Мысалы, егер ұйым қонақ үйге иелік етіп, оны басқаратын болса, онда тұрғындарға көрсетілетін қызметтер тұтастай келісім үшін маңызды болып табылады. Сөйтіп, иеленуші басқаратын қонақ үй инвестициялық жылжымайтын мүлік емес, иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті білдіреді.
13. Кейде қосымша қызмет көрсетулер жылжымайтын мүлікті инвестициялық жылжымайтын мүлікке жатқызуға болмайтындай соншалықты елеулі болатын-болмайтынын анықтау қиын. Мысалы, қонақ үйдің иесі кейде жекелеген міндеттерді орындауды басқару шарты бойынша үшінші тарапқа береді. Ондай шарттардың талаптары алуан түрлі болады. Бір жағынан, иеленуші нақты түрде енжар инвестор жағдайында болуы мүмкін. Екінші жағынан, иеленуші бөтен ұйымға жекелеген жедел басқару міндеттерін бере алады, бұл жағдайда ол қонақ үйге байланысты ақшалай тасқындардың өзгеру тәуекелдігін одан әрі көтере береді.
14. Объект инвестициялық жылжымайтын мүлік анықтамасына сәйкес келетінін анықтау үшін, кәсіптік пікірге сүйену қажет. Ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлік анықтамасына және 7-13-тармақтарда айтылған ұсынымдарға сәйкес кәсіптік пікірді жүйелі түрде пайдалану үшін белгілі бір өлшемдер әзірлейді. 75(с)-тармақ ұйым, жіктеу болатын жағдайларда, осы өлшемді ашып көрсетуді талап етеді.
14А Инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатып алудың 3 Бизнес Бірлестіктері ХҚЕС-тың (IFRS) қолдану аясындағы бизнес бірлестіктері мен актив тобын немесе активті сатып алуы болу-болмауын белгілеу үшін кәсіптік пікірге сүйену қажет. Сілтеме бизнес бірлестігі екенін анықтау үшін 3 ХҚЕС-қа (IFRS) жасалуы тиіс. Осы Стандарттың 7-14 тармақтарындағы талқылау жылжымайтын мүліктің инвестициялық жылжымайтын мүлік немесе иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік екенін анықтауға қатысты, бірақ жылжымайтын мүлікті сатып алудың 3 ХҚЕС-та анықталған бизнес бірлестіктері екенін анықтауға қатысты емес. Белгілі бір операцияның 3 ХҚЕС-та анықталған бизнес бірлестіктерінің анықтамасына келетінін және осы Стандартта анықталған инвестициялық жылжымайтын мүлікті қамтуын анықтау екі Стандарттың да жеке қолданымын талап етеді.
15. Кейде ұйым өзінің бас кәсіпорны немесе сол топтағы басқа да еншілес кәсіпорны жалға алған және орналасқан жылжымайтын мүлікке ие болады. Мұндай жылжымайтын мүлік шоғырландырылған қаржы есептілігінде инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде көрсетілмейді, өйткені барлық топтың көзқарасы бойынша, осы объект иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік болып табылады. Алайда, жеке алынған меншіктенуші-ұйымның көзқарасы бойынша, объект, егер ол 5-тармақтағы анықтаманы қанағаттандыратын болса, жылжымайтын мүлікке инвестиция болып табылады. Сондықтан жалға беруші өзінің жеке қаржы есептілігінде аталған жылжымайтын мүлікті инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде көрсетеді.
16. Инвестициялық жылжымайтын мүлік мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:
(a) инвестициялық жылжымайтын мүлік байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсу мүмкіндігі бар; және
(b) инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнын сенімді түрде бағалауға болады.
17. Танудың осы принципіне сәйкес ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікке жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды. Мұндай шығындар инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін сатып алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік объектісіне қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.
18. 16-тармақта баяндалған тану принциптеріне сәйкес ұйым мұндай жылжымайтын мүлік объектісіне күнделікті қызметтер көрсету шығындарын инвестициялық жылжымайтын мүліктің құндық қаржылық жағдай туралы есебінде танымайды. Бұл шығындар туындау мөлшеріне қарай пайданың немесе шығынның құрамында танылады. Күнделікті қызметтер көрсетуге арналған шығындар - бұл негізінен еңбек пен шығыс материалдарының құны; бұған қоса олар ұсақ бөлшектердің құнын қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты көбінесе жылжымайтын мүлікті «жөндеу және ағымдағы қызметтер көрсетуге арналған шығыстар» ретінде анықталады.
19. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің бір бөлігі алмастыру жолымен алынуы мүмкін. Мысалы, ішкі қабырғалар бұрыннан бар қабырғалардың орнына салынуы мүмкін. Тану принципіне сәйкес ұйым бұрын бар объектінің алмастырылатын бөлігіне шығындарды, егер тану өлшемдері сақталатын болса, мұндай шығындар туындаған кезде инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің қаржылық жағдай туралы есептік құнында таниды. Жылжытылған бөліктердің сомасы Стандарттың өнімдерді қайта мойындау ережелеріне сәйкес қайта мойындалады.
20. Инвестициялық жылжымайтын мүлік бастапқыда нақты шығындары бойынша бағалау керек. Бастапқы бағалауға операциялар бойынша шығындарды енгізу керек.
21. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға шығатын нақты шығындардың құрамына сатып алу бағасы мен кез келген тікелей шығындар кіреді. Тікелей шығындар, мысалы, білікті заң қызметін көрсету құнын, меншік құқығын беруге салынатын салықтарды және операция бойынша өзге де шығындарды қамтиды.
22. [Жойылған]
23. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнына мыналар кірмейді:
(a) бастапқы шығындар (жылжымайтын мүлікті ұйым басшылығы жоспарлап отырғандай қызмет жасай алуы үшін қажетті болатын күйге оны келтіруге қажетті жағдайларды қоспағанда);
(b) Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі толығудың жоспарланған деңгейіне жеткенге дейін туындайтын операциялық залалдар;
(c) жылжымайтын мүліктің құрылысын салған немесе қайта құрған кезде туындайтын шикізат, еңбек немесе өзге ресурстардың нормативтен тыс ысыраптары.
24. Инвестициялық жылжымайтын мүлік үшін ақы төлеу мерзімі ұзартылған жағдайда, нақты шығындар төлем мерзімі ұзартылмай төленген бағасы ретінде анықталады. Бұл сома мен төлемнің жалпы сомасының арасындағы айырма ұзарту мерзімі ішінде пайыздар төлеуге жұмсалған шығындар ретінде танылады.
25. Жалдау шарты бойынша ұйымның иелігінде тұрған және инвестициялықжылжымайтын мүлік ретінде жіктелетін жылжымайтын мүліктегі үлестің бастапқы құны 17 ХҚЕС-тың (IAS) 20-тармағына сәйкес қаржылық жал секілді анықталады, яғни актив екі мөлшердің: жылжымайтын мүліктің әділ құнының және ең төменгі жалдау төлемінің келтірілген құны бойынша танылуы тиіс. Баламалы сома аталған тармаққа сәйкес міндеттеме ретінде танылуы тиіс.
26. Жал үшін төленген сыйақылар осы мақсаттар үшін ең төменгі жалдау төлемдерінің бір бөлігі ретінде ескеріледі және сондықтан активтің құнына енгізіліп, міндеттеме сомасынан шығарып тасталынады. Егер жалдау шарты бойынша ұйымның иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің үлесі инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелсе, онда әділ құны бойынша ескерілген объекті жылжымайтын мүліктің негізінде жатқан емес, осындай үлес болып табылады. Жылжымайтын мүлік үлесінің әділ құнын анықтау жөніндегі нұсқау әділ құн бойынша есеп моделі үшін 33-52, 13-ші ХҚЕСЫның 40,41,48,50 и 52 тармақтарда баяндалған. Бұл нұсқау осы құн бастапқы тану мақсаттары үшін нақты шығындар ретінде пайдаланылған кезде әділ құнды анықтау кезінде қолданылады.
27. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің бір немесе бірнеше объектілері монетарлық емес активке немесе активтерге немесе монетарлық және монетарлық емес активтердің үйлесіміне айырбастау жолымен алынуы мүмкін. Төменде келтірілген тұжырымдар бір монетарлық емес активтің басқасына айырбасына жатады, бірақ олар сондай-ақ алдыңғы сөйлемде сипатталған барлық айырбастарға қолданылады. Жылжымайтын мүлікке мұндай инвестициялардың құны әділ құн бойынша өлшенеді, бұған мына жағдайлар кірмейді: (а) айырбас операциясының коммерциялық мағынасы болмаса, немесе (b) алынған активтің де, берілген активтің де әділ құны сенімді өлшене алмайды. Сатып алынатын актив, егер тіпті ұйым берілген активті тануды шұғыл тоқтата алмаса да, осындай тәсілмен бағаланады. Егер сатып алынатын актив әділ құн бойынша өлшене алмаса, онда оның құны берілген активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны бойынша өлшенеді.
28. Ұйым болашақ ақша ағыны қандай дәрежеде болатынын, операциялар нәтижесінде қалай өзгеретінін назарға ала отырып, айырбас операциясының коммерциялық мағынасын айқындайды. Айырбас операциясының, егер:
(a) алынған активтің ақша ағындарының құрылымы (тәуекелдік, уақыт бойынша бөлініс және сома) берілген активтің ақша ағындарының құрылымынан ерекшеленсе, немесе
(b) ұйым үшін сипатты операциялардың нәтижесінде оның қызметінің бір бөлігі айырбас нәтижесінде өзгерсе, және
(c) (а) мен (b)-дағы айырма айырбасталған активтердің әділ құнымен салыстырғанда елеулі болса, коммерциялық мағынасы болады.
Айырбас операциясының ұйым үшін сипатты коммерциялық мағынасының бар-жоқтығын анықтау мақсаттары үшін айырбас операциясы қатысты болатын оның қызметінің бір бөлігінің құны салықтарды шегергеннен кейінгі ақша ағындарын көрсетуі тиіс. Бұл талдаудың нәтижесі ұйымның егжей-тегжейлі есептерді жүргізуінсіз айқын болуы тиіс.
29. Егер (а) әділ құнның негізделген есептік бағалаулары осы актив үшін елеусіз ауытқулардың шектерінде араласса немесе (b) осы шектердің шеңберінше түрлі есептік бағалаулардың ықтималдығын негізді бағалауға және оны әділ құнды есептеу кезінде пайдалануға болса, салыстырмалы нарықтық операциялары жоқ активтің әділ құны сенімді өлшене алады. Егер ұйым құнын бағалау үшін алынған немесе берілген активтің әділ құнын сенімді анықтай алса, онда құнды бағалау үшін, егер алынған активтің әділ құны неғұрлым айқынырақ болып табылмаса, берілген активтің әділ құны пайдаланылады.
Есеп саясаты
30. 32А және 34-тармақтарда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ұйым есеп саясаты ретінде 33-55-тармақтарда айтылған әділ құн бойынша есеп үлгісін, немесе 56-тармақта айтылған нақты шығындар бойынша есеп үлгісін таңдап, осы саясатты инвестициялық жылжымайтын мүлік барлық объектілеріне қолдануы керек.
31. 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп багалаулардагы өзгерістер және қателіктер ХҚЕС (IAS) есеп саясатын өз бетінше өзгерту, осы өзгеріс нәтижесінде ұйымның қаржы есептіліктері операциялардың, басқа оқиғалар және шарттардың ұйымның қаржылық жағдайына, қаржылық көрсеткіштеріне немесе ақша қозғалыстарына әсері туралы сенімді және анағұрлым орынды ақпаратты қамтамасыз ететін болса ғана, жасалуы тиіс екендігін баяндайды. Әділ құн бойынша есеп үлгісінен нақты шығындар бойынша есеп үлгісіне көшудің ақпараттың неғұрлым сапалы ұсынылуын қамтамасыз етуі екіталай.
32. Осы Стандарт барлық ұйымдар оны бағалау (егер ұйым әділ құн бойынша есеп үлгісін пайдаланса) немесе ақпаратты ашып көрсету (егер ол нақты шығындар бойынша есеп үлгісін пайдаланса) мақсатында инвестициялық жылжымайтын мүлік әділ құнын анықтауын талап етеді. Ұйымдар жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнын танымал әрі тиісті кәсіпкерлік біліктілікті меңгерген, сондай-ақ осындай санаттағы инвестициялық жылжымайтын мүлікке бағалау жасау тәжірибесі бар және тап сол аумақта орналасқан тәуелсіз бағалаушының инвестициялық жылжымайтын мүлікті бағалауы негізінде анықтауы мақұлданады, бірақ талап етілмейді.
32 А Ұйым:
(a) әділ құнмен немесе осы инвестициялық жылжымайтын мүлік қамтитын белгілі активтердің табыстылығымен тікелей байланысты табыс әкелетін инвестициялық жылжымайтын мүлік қолдайтын барлық міндеттемелер үшін әділ құн бойынша есеп үлгісін немесе нақты шығындар бойынша есеп үлгісін таңдай; және
(b) (а) тармағында жасалған таңдауға қарамастан, барлық өзге инвестициялық жылжымайтын мүлік үшін әділ құн бойынша есеп үлгісін немесе нақты шығындар бойынша есеп үлгісін таңдай алады.
32В Кейбір сақтанушылар мен басқа ұйымдар номиналды бірліктерді шығаратын жылжымайтын мүліктің ішкі қорларын басқарады, оның үстіне кейбір бірліктерді байланысты шарттардағы инвесторлар, ал кейбіреулерін ұйым иелік етеді. 32А-тармағы қордың иелігінде тұрған жылжымайтын мүлікті ішінара нақты шығындар бойынша және ішінара әділ құн бойынша бағалауына рұқсат етпейді.
32С Егер ұйым 32А тармағында сипатталған екі санат үшін түрлі үлгілерді таңдайтын болса, онда инвестициялық жылжымайтын мүліктің түрлі үлгілерді пайдалана отырып өлшенген активтер қорларының арасында сату әділ құн бойынша танылуы тиіс, ал әділ құнның жинақталған өлшемі пайдада немесе шығында танылуы тиіс. Демек, егер инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі әділ құн бойынша есеп үлгісі пайдаланылатын қордан нақты шығындар бойынша есеп үлгісі пайдаланылатын қорға сатылса, онда жылжымайтын мүліктің әділ құны сату күніне оның болжамды құны болады.
Әділ құн бойынша есепке алу үлгісі
33. Әділ құн бойынша есеп үлгісін таңдаған ұйым, 53-тармақта сипатталған жағдайларды қоспағанда, инвестициялық жылжымайтын мүліктің барлық объектілерін әділ құн бойынша өлшейді.
34. Егер жалгер операциялық жалгерлік бойынша иелік ететін жылжымайтын мүлік 6-тармаққа сәйкес инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелсе, онда 30-тармақ қолданылмайды; әділ құн бойынша есеп үлгісі қолданылуы тиіс.
35. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын өзгертуден болған пайданы немесе шығынды олар пайда болған кезеңдегі таза пайда немесе шығын құрамында тану қажет.
36. −
39. [Жойылған]
40. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құны - жақсы хабардар, тәуелсіз, мұндай операцияны жасауға ниеті бар тараптар арасында жылжымайтын мүлік айырбасталуы мүмкін баға (5-тармаққа қараңыз). Тұрпатты емес қаржыландыру, қайтарымды жалгерлікпен сату сияқты ерекше жағдайлар мен мән-жайлардың нәтижесінде арттырылған немесе төмендетілген есеп айырысу бағасы, сатып алу-сату мәмілесіне қатысы бар, кез келген тарап беретін өтеудің жеңілдікті шарттары немесе жеңілдіктер әділ құн болып табылмайды.
41. 25-тармақ жалданған инвестициялық жылжымайтын мүліктің бастапқы тану үшін негізді белгілейді. 33-тармақ жалданған инвестициялық жылжымайтын мүлік қажет болғанда әділ құны бойынша қайта бағалауды талап етеді. Нарықтық мөлшерлемелер бойынша жасалған жалдау шарттары кезінде танылған міндеттемлерге жатқызылатындарды қоса алғанда, күтілетін барлық жалдық төлемдерді шегере отырып сатып алған кездегі жалданған инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құны нөлге тең болуы тиіс. Бұл әділ құн, жалданған активті немесе міндеттемені есепке алу мақсаты үшін 17 ХҚЕС-тың (IAS) 20-тармағына сәйкес әділ құны бойынша немесе ең төменгі жалдық төлемдердің келтірілген құны бойынша танылу-танылмауына қарамастан, өзгермейді. Сөйтіп, 25-тармаққа сәйкес жалданған активтің құнын нақты шығындар бойынша бағалаудан 33-тармаққа сәйкес оның құнын әділ құн бойынша бағалауға көшу бастапқы өзге табыстарды немесе шығындарды тануға алып келмейді, егер әділ құн уақыттың түрлі кездерінде өлшенбесе. Бұл әділ құн бойынша есепке алуға көшу бастапқы танудан кейін жүргізілген кезде орын алады.
42. −
47. [жойылған]
48. Ерекше жағдайларда, ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікті иеленген кезде (немесе бар жылжымайтын мүлік оның қолданылу мақсаты өзгергеннен кейін алғаш рет инвестициялық жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болғанда) әділ құн тұрған шектердің соншалықты үлкен болатыны белгілі болатын, ал сол немесе басқа нәтиженің болу мүмкіндігін бағалау өте күрделі болып, әділ құнды біржақты анықтаудың бүкіл пайдалылығы жоққа шығатын жағдайлар болады. Бұл жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнын кез келген уақыт кезеңінде сенімді анықтаудың мүмкін еместігін дәлелдейді (53-тармақты қараңыз).
49. [Жойылған]
50. Әділ құн бойынша есеп үлгісі бойынша инвестициялық жылжымайтын мүліктің қаржылық жағдай туралы есептік көрсеткішін анықтау кезінде ұйым қаржылық жағдай туралы есепте жекелеген активтер немесе міндеттемелер ретінде танылған активтерді немесе міндеттемелерді қайта есепке алмайды. Мысалы:
(a) лифтілер және ауа айдау жүйесі сияқты жабдықтар көбінесе үйдің ажырамас бөлігін құрайды, сондықтан ол, әдетте, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнына кіреді, бірақ жеке негізгі құрал ретінде танылмайды.