(a) егер ұйым инвестициялық жылжымайтын мүліктің осы объектілерінің әділ құнын алдыңғы кезеңдерде (5-тармақта келтірілген әділ құн анықтамасын қанағаттандыратын және 36-52-тармақтардағы ұсынымдарға сәйкес есептелген) бұрын ашып көрсеткен болса (қаржы есептілігінде немесе өзгеше жолмен), ұйымның мыналарды жүзеге асыруы құпталады, бірақ талап етілмейді:
(i) осындай әділ құн ашып көрсетілген ең алғашқы есепті кезеңде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзету; және
(ii) аталған кезеңдер ішіндегі салыстырма көрсеткіштерді қайта есептеу; және
(b) егер ұйым (а) тармақта көрсетілген ақпаратты бұрын ашып көрсетпеген болса, ол салыстырма ақпаратты қайта есептеуі тиіс емес және ол осы фактіні ашып көрсетуі керек.
81. Осы Стандарт 8 ХҚЕС (IAS) талаптарынан ерекшеленетін қадамды қолдануды талап етеді. 8 ХҚЕС (IAS), қайта есептеу мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, салыстырма ақпаратты қайта есептеуді талап етпейді.
82. Ұйым осы Стандартты алғаш рет қолданған кезде, бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзету жылжымайтын мүлікке инвестициялар үшін «қайта бағалаудан мүлік құны өсуінің» бабының құрамына кіретін соманы қайта сыныптауды қамтиды.
Нақты шығындар бойынша есеп үлгісі
83. 8 ХҚЕС (IAS) ережелері ұйым осы Стандартты алғаш қолданған кезде және есеп үлгісін нақты шығындар бойынша таңдаған кезде туындайтын есеп саясатының кез келген өзгерістеріне қатысты қолданылады. Есеп саясатының өзгеруі жылжымайтын мүлікке инвестициялар үшін «қайта бағалаудан мүлік құны өсуінің» бабының құрамына кіретін соманы қайта сыныптауды қамтиды.
84. 27-29-тармақтарда баяндалған активтерді айырбастау операцияларының нәтижесінде сатып алынған инвестициялық жылжымайтын мүліктің бастапқы бағалауға қатысты талаптар болашақ операцияларға ғана перспективалы түрде қолданылуы тиіс.
Бизнес бірлестіктері
84A 2013 жылдың желтоқсан айында шыққан 2011-2013 Кезеңіндегі Жылдық Жетілдірулер 14А тармағын және 6 тармақтың алдындағы тақырыпшаны қосты. Ұйым түзетуді қабылдаған бірінші кезеңнің басынан бастап инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға перспективті түрде осы түзетулерді қолдануы тиіс. Демек, алдыңғы кезеңдердегі жылжымайтын мүлікті сатып алуды есепке алу реттестірілмеуі тиіс. Алайда, ұйым күшіне ену күнінде немесе одан кейін орын тапқан бірінші жылдық кезеңнің басында осыған дейін орын тапқан жылжымайтын мүлікті жеке сатып алуларға қатысты осы түзетулерді қолдануға таңдай алады. Егер тек қана сол ертерек операциялардың түзетулерін қолдануға қажет болатын ақпарат ұйымға қолжетімді болса.
85. Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын қолдану мақұлданады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол осы фактіні ашып көрсетуі керек.
85А 1 Қаржылық есептілікті ұсыну ХҚЕС (IAS) (2007 жылғы редакция) бойынша ХҚЕС-тарында (IFRS) қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 62 тармаққа түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
85В 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына (IFRS) жетілдірулер бойынша 8, 9, 48, 53, 54 және 57-тармақтарына түзетулер енгізілді. 22-тармақ алынып тасталды және 53А және 53В-тармақтары қосылды. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап проспективті түрде жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Ұйымға түзетулерді, егер құрылысы жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүліктердің әділ құны сол күндері анықталған болса, құрылысы жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүлікке 2009 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кез келген күннен бастап қолдануға рұқсат етіледі. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және бір уақытта 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ХҚЕС-ының (IAS) 5 және 81 Е -тармақтарына енгізілген түзетулерді қолдануы тиіс.
85С 2011 жылдың мамырында жарияланған 13-ші ХҚЕС 5-ші тармақта әділ кұнның анықтамасың түзетті, 26, 29, 32, 40, 48, 53, 53B, 78-80 және 85B тармақтарға түзетулер енгізіп, 36-39, 42-47, 49, 51 and 75(d)тармақтарды жойды. Ұйым ол түзетулерді 13-ші ХҚЕС-ті қолданған кезде қолдануы тиіс.
85D 2013 жылдың желтоқсан айында шыққан 2011-2013 Кезеңіндегі Жылдық Жетілдірулер 6 тармақтың басына және 84 тармақтың соңына тақырып қосып, 14А және 84А тармақтарын қосты. Ұйым 2014 1 қаңтардан кейінгі жылма-жыл кезеңдер үшін осы түзетулерді қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
40 ХҚЕС - ның (IAS) Қолданысын тоқтату (2000 жылғы редакциясы) |
86. Осы Стандарт 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік ХҚЕС-ын (IAS) (2000 жылы шығарылған) ауыстырады.