31 (IAS) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты
Бірлескен кәсіпкерлікке қатысу үлесі
Қолдану аясы
_________________________________________________________________________________________________________
1 Осы Стандарт бірлескен ұйымдарда жүзеге асырылып отырған құрылымы мен формасына қарамастан бірлескен кәсіпкерлікке қатысу пайызының үлесін және инвесторлардың қаржылық есептерінде бірлескен кәсіпкерлік активтері, міндеттемелері, кірістері мен шығыстары жөнінде есеп беру үшін қолданылуы тиіс. Бұл есеп беру түрінде Алайда ол бірлескен ұйым мүшелерінің:
(а) тәуекелдікті капиталы бар ұйымдарға, не
(b) өзара қорларға, жарналық инвестициялық қорларға және сол сияқты ұйымдарға, соның ішінде инвестициялық сақтандыру қорларына қарасты бірлесе бақыланатын кәсіпкерлікке қатысу үлестеріне қолданылмайды, олар бастапқы танудан кейін пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша көрсетіледі, немесе саудаға арналған деп жіктеледі және олар жөнінде 9 Қаржы құралдарыҚЕХС (IFRS) сәйкес есеп беріледі. Ұйым мұндай инвестициялар осы өзгерістер орын алған кезеңдегі пайда және шығын бойынша танылған әділ құндағы өзгерістермен бірге 9 ҚЕХС-ына (IFRS) сәйкес шығын немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағалауға тиіс. Осындай инвестицияны иеленетін бірлескен ұйым мүшесі 55- және 56-тармақтары талап еткен ақпаратты ашып көрсетуі тиіс
2 Бірлесе бақыланатын кәсіпкрлікке қатысу үлесі бар бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы төмендегі шарттарды орындағанда:
(а) 5 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызметҚЕХС-ына (IFRS) сәйкес берілген үлес сатуға арналғандай жіктеледі;
(b) 27 Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі ҚЕХС-ының (IAS) 10-тармағында көзделген, бірлесе бақыланатын ұйымға инвестициясы бар басты ұйымға шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынбауына мүмкіндік беретін ерекшелік қолданылғанда; немесе
(с) төмендегі шарттардың бәрі орындалғанда:
(і) бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы еншілес ұйым және ол басқа ұйымның толықтай немесе жартылай иелігінде болатын болса, және бұл ұйым теңбе-тең консолидация немесе үлестік қатысу әдісін қолданбайтындығы жөнінде бұл ұйымның иелеріне және дауыс беруге құқығы жоқ иелерін қоса алғанда ақпарат берген болса және олар қарсылық білдірмеген жағдайда;
(іі) бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының қарыз немесе үлес құралдары ашық нарықта (ішкі немесе шетелдік қор биржасында немесе биржадан тыс нарықта, соның ішінде жергілікті және аймақтық нарықта) айналымда болмағанда;
(ііі) бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы құнды қағаздарды тексеру жөніндегі комиссияға немесе басқа да реттеуші мекемеге қатысушының қаржылық есептілігін өткізбеген жағдайда және өткізу барысында болмаса, қатысушы ашық нарыққа кез келген құралды шығару мақсатында; және
(іv) бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының түпкі немесе кез келген аралық басты ұйымы ашық пайдалануға болатын, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (IFRS) талаптарына сәйкес келетін шоғырландырылған қаржы есептілігін шығаратын болғанда 30 (тепе-тең шоғырлану) және 38 -(үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісі)-тармақтардың талаптарын орындаудан босатылады.
Анықтамалар
_________________________________________________________________________________________________________
3 Мына терминдер осы Стандартта төменде көрсетілген мәндерде пайдаланылады:
Бақылау - ұйымның қаржы және операция саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі.
Үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісі - бірлесе бақыланатын ұйымдағы үлес бастапқыда өзіндік құн бойынша ескеріледі, содан соң бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының бірлесе бақыланатын ұйымның таза активтеріндегі үлесінде сатып алудан кейін болған өзгерістер бойынша түзетіледі. Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы пайдасы немесе шығыны бірлесе бақыланатын ұйымның пайдасындағы немесе шығынындағы оның үлесін қамтиды.
Бірлескен кәсіпкрлікке инвестор - бірлескен кәсіпкерлік туралы шарт бойынша сол кәсіпкрлікке бірлескен бақылауға қатыспайтын тарап.
Бірлескен бақылау - шарт бойынша келісілген экономикалық қызметке бақылауды бөлуді білдіреді және мұндай қызметпен байланысты стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер бақылау бөлінген тараптар (бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы) арасындағы ортақ келісімді талап еткен жағдайларда болады.
Бірлескен кәсіпкерлік - екі немесе одан көп тарап экономикалық қызметке бірлескен бақылау бар жағдайда оны өзі бойынша жүзеге асыратын шартты келісім.
Тепе-тең шоғырлану - бірлесе бақыланатын ұйымның активтеріндегі, міндеттемелеріндегі, кірістері мен шығыстарындағы бірлескен кәсіпкерлікке қатысушның үлесі бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының қаржы есептілігіндегі ұқсас баптармен құрамдастырылатын, не оның қаржы есептілігінде жеке жолдармен көрсетілетін есепке алу әдісі.
Жеке қаржы есептілігі - басты ұйым, қауымдасқан ұйым инвесторы немесе бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бақыланатын ұйыммен бірлесе ұсынатын есептілік, онда инвестицияларға есеп инвестициялар объектілерінің есептілікте берілетін нәтижелері мен таза активтерінің емес, ал тікелей қатысу үлесінің негізінде жүргізіледі.
Елеулі ықпал - инвестициялар объектілерінің қаржы және операциялар саясатына жеке-дара немесе бірлесе бақылау жасау мүмкіндігі емес, ал сол саясаттың мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі.
Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы - бірлескен кәсіпкерлік туралы келісімшарт бойынша сол қызметке бақылау жасаушы тарап.
4 Жеке қаржы есептілігі - тепе-тең шоғырлану немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу қолданылатын қаржы есептілігі де, еншілес те, қауымдастырылған да ұйымы, бірлесе бақыланатын ұйымға қатысу үлесі де жоқ ұйымның қаржы есептілігі де емес.
5 Жеке қаржы есептілігі - шоғырландырылған қаржы есептілігіне, инвестицияларды есепке алу үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана жүзеге асырылатын қаржы есептілігіне, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылардың бірлескен кәсіпкерліктегі үлесі тепе-тең негізде шоғырландырылатын қаржы есептілігіне толықтыру ретінде ұсынылатын қаржы есептілігі. Жеке қаржы есептілігі мұндай есептілікті толықтыруға немесе сүйемелдеуге міндетті емес.
6 27 ҚЕХС-ының (IAS) 10-тармағына сәйкес шоғырланудан, 28 Қауымдастырылған ұйымдарға салынған инвестициялар ҚЕХС-ының (IAS) 13(с)-тармағына сәйкес үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолданудан, немесе осы Стандарттың 2-тармағына сәйкес тепе-тең шоғырлануды, немесе үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолданудан босатылатын ұйымдар тек жеке қаржы есептілігін ұсына алады.
Бірлескен кәсіпкерлік нысандары
7 Бірлескен кәсіпкерлікті түрлі нысандар мен құрылымдар түрінде жүзеге асыруға болады. Осы Стандартта үш негізгі түр белгіленген - бірлесе бақыланатын операциялар, бірлесе бақыланатын активтер және бірлесе бақыланатын ұйымдар - бұлар осылай деп жинақтап аталады және бірлескен кәсіпкерлік анықтамасына сай келеді. Мына сипаттамалар бірлескен кәсіпкерліктің барлық түрлеріне тән:
(а) екі немесе одан көп компания шартты келісіммен байланысты; және
(b) келісімшарттық мәмілелерде бірлескен бақылау орнатылады.
Бірлескен бақылау
8 Инвестициялар объекті заң жүзінде қайта ұйымдастырылатын немесе банкрот болған, немесе бірлескен кәсіпкерлікке қатысушыға қаражат аудару жөніндегі өз мүмкіндігіне қатысты ұзақ мерзімді қатаң шектеулер жағдайларында жұмыс істеген кезде бірлескен бақылау алып тасталуы мүмкін. Егер бірлескен бақылау одан әрі жалғасатын болса, ол оқиғалар осы Стандартқа сәйкес бірлескен кәсіпкерлікті есепке алудан бас тарту үшін өздігінен жеткілікті негіз бермейді.
Келісімшарттық мәміле
9 Келісімшарттық мәміленің болуы бірлескен бақылауды қамтитын қатысу үлесін инвестордың елеулі ықпалы бар қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялардан өзгеше етеді (қараңыз: 28 (IAS)). Өз негізінде бірлескен бақылау орнату туралы келісімшарттық мәмілесі жоқ қызмет осы Стандарт мақсаттарында бірлескен кәсіпкерлік болып мойындалмайды.
10 Келісімшарттық мәміленің дәлелі, мысалы, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушығалар арасындағы шарт немесе олардың арасындағы келіссөздер хаттамасы болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда келісім жарғыға немесе бірлескен кәсіпкерліктің басқа да құрылтай құжаттарына қосылады. Нысаны қандай екеніне қарамастан, келісімшарттық мәміле, әдетте, жазбаша нысанда рәсімделеді және мына мәселелерге:
(а) бірлескен кәсіпкерлік есептілігі бойынша қызметке, ұзақтыққа және міндеттемелерге;
(b) директорлар кеңесін немесе бірлескен кәсіпкерлікті басқарудың баламалы органын тағайындауға және кәсіпкерлердің дауыс беру құқықтарына;
(с) кәсіпкерлердің капиталға төлеген жарналарына; және
(d) кәсіпкерлер арасында өндіріс көлемін, кірісті, шығысты немесе бірлескен кәсіпкерлік нәтижелерін бөлуге қатысты болады.
11 Келісімшарттық мәміле бірлескен кәсіпкерлік бірлескен бақылау орнатады. Мұндай талап бірлескен кәсіпкерлердің бір де бірінің бұл қызметке жеке-дара бақылау орнатуға мүмкіндігі болмайтынына кепілдік береді.
12 Келісімшарттық мәміле бір бірлескен кәсіпкерлікке қатысушыны бірлескен кәсіпкерліктің жетекшісі немесе басқарушысы етіп белгілей алады. Жетекші бірлескен кәсіпкерлікке бақылау жасай алмайды, ал келісімшарттық мәмілеге сәйкес бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар келіскен және басқарушы ретінде оған табысталған қаржы және операция саясатының шеңберінде іс-қимыл жасайды. Егер жетекші экономикалық қызметтің қаржы және операция саясатын басқару жөніндегі өкілдіктерге ие болса, ол ондай қызметті бақылайды және ол бірлескен кәсіпкерлік емес, ал оның еншілес ұйымы болып табылады.
Бірлесе бақыланатын операциялар
_________________________________________________________________________________________________________
13 Бірлескен кәсіпкерліктің кейбір түрлерінің операциялары корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе бірлескен кәсіпкерлерден бөлек қаржы құрылымын құруды емес, ал бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылардың активтері мен өзге де ресурстарын пайдалануды көздейді. Әрбір кәсіпкер өзінің жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтарын пайдаланады және өз қорларын жасайды. Оның сондай-ақ өз шығыстары мен міндеттемелері болады, ол өз міндеттемелері болып саналатын өзінің қаржыландыру көзін алады. Бірлескен кәсіпкерлікті бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының жалдамалы қызметкерлері оның өзінің сондай қызметімен қатарластыра жүзеге асыра алады. Бірлескен кәсіпкерлікті тағайындау туралы келісімде әдетте бірлесе өндірілген өнімді сатудан түскен түсім және кез келген бірлесе жұмсалған шығыстар бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар арасында өз көмегімен бөлінетін құрал көзделеді.
14 Екі немесе одан көп бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы нақты өнімді, мысалы, ұшақты жасау, оны сату және тарату үшін өз операцияларын, ресурстары мен тәжірибесін біріктіретін жағдай бірлесе бақыланатын кәсіпкерліктің мысалы бола алады. Әрбір бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы өндірістік процестегі өз бөлігін жүзеге асырады. Әрбір бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы өз шығынын жұмсайды және ұшақты сатудан түсетін түсімнен өз үлесін алады, ал бұл үлес келісімшарттық мәмілеге сәйкес анықталады.
15 Бірлесе бақыланатын активтерге өзінің қатысу үлесі жөнінде әрбір бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы өзінің қаржы есептілігінің жекелеген нысандарында мыналарды:
(а) өзі бақылайтын активтер мен бар міндеттемелерді; және
(b) жұмсалған шығыстарды және бірлескен кәсіпкерлікпен өндірілген тауарларды сату немесе қызметтер көрсету нәтижесінде кірістерден алатын өз үлесін тануға міндетті.
16 Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді.
17 Бірлескен кәсіпкерліктің өзі үшін жекелеген есеп жазбаларының қажет етілмеуі, сол сияқты қаржы есептілігінің жасалмауы мүмкін. Алайда бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлескен кәсіпкерлік нәтижелерін бағалау үшін басқару шоттарын әзірлей алады.
Бірлесе бақыланатын активтер
_________________________________________________________________________________________________________
18 Бірлескен кәсіпкерліктің кейбір түрлері бірлескен бақылау болуын, көп ретте - бірлескен кәсіпкерлік мақсатында салынған немесе алынған және бірлескен кәсіпкерлік мақсаттарына жетуге арналған бір немесе бірнеше активтерді бірлескен кәсіпкерлікке қатысушыдың бірлесе иеленуін көздейді. Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы ол активтерді пайда табу үшін пайдаланады. Әрбір бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы активтермен өндірілген өнімнен үлес алуына болады және әрбір бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады.
19 Бірлескен кәсіпкерліктің мұндай түрлері корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылардың өздерінен бөлек қаржы құрылымын құруды қажет етпейді. Әрбір бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы болашақтағы экономикалық пайдалар үлесін бірлесе бақыланатын активтегі өз үлесі арқылы бақылайды.
20 Мұнай мен газ өндіру саласындағы көптеген компаниялар, сондай-ақ минералдық шикізат өндіретін компаниялар бірлесе бақыланатын активтерді пайдаланады. Мысалы, бірқатар мұнай компаниялары мұнай құбырын бірлесе бақылай және пайдалана алады. Әрбір кәсіпкер мұнай құбырын өз өнімін тасымалдау үшін пайдаланады, ал оның орнына сол мұнай құбырын пайдалануға жұмсалатын шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады. Бірлесе бақыланатын активтің басқа мысалы - екі ұйым мүлікті бірлесе бақылайды, алынатын жалдау ақысының бір бөлігі әрқайсысына тиесілі және де шығыстардың тиісті бөлігін әрқайсысы өз мойнына алады.
21 Бірлесе бақыланатын активтерге қатысу үлесі жөнінде бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы өзінің қаржы есептілігінде:
(а) активтердің сипатына сәйкес сараланған бірлесе бақыланатын активтердегі өз үлесін;
(b) өзі қабылдаған кез келген міндеттемені;
(с) бірлескен кәсіпкерлік жөнінде басқа да бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылармен қатар кез келген міндеттемедегі өз үлесін;
(d) бірлескен кәсіпкерлік нәтижесінде өндірілген өнімдегі өз үлесін, бірлескен кәсіпкерлікке байланысты жұмсалған кез келген шығыстағы өз үлесімен бірге, сатудан немесе пайдаланудан алынған кез келген табысты;
(е) бірлескен кәсіпкерлікке қатысудағы өз үлесі жөнінде, мысалы, кәсіпкердің активтердегі үлесінің қаржыландырылуына, өндірілген өнімдегі өз үлесін сатуға байланысты ол жұмсаған кез келген шығыстарды мойындауға міндетті.
22 Бірлесе бақыланатын активтерге қатысудағы өз үлесі жөнінде әрбір бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы:
(а) инвестициялар сияқты емес, ал бірлесе бақыланатын, активтердің сипатына сәйкес сараланатын активтердегі өз үлесін. Мысалы, бірлесе бақыланатын мұнай құбырының үлесі жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ретінде сараланады;
(b) мысалы, активтердегі өз үлесін қаржыландыру жөнінде ол қабылдаған кез келген міндеттемелерді;
(с) бірлескен кәсіпкерлік жөнінде басқа бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылармен бірге қабылданған кез келген міндеттемелердегі өз үлесін;
(d) бірлескен кәсіпкерлік нәтижесінде өндірілген өнімдегі өз үлесін, бірлескен кәсіпкерлікке байланысты жұмсалған кез келген шығыстағы өз үлесімен бірге, сатудан немесе пайдаланудан алынған кез келген табысты;
(е) бірлескен кәсіпкерлікке қатысудағы өз үлесі жөнінде, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының активтердегі үлесін қаржыландыруға және өндірілген өнімдегі өз үлесін сатуға байланысты ол жұмсаған кез келген шығыстарды өзінің есеп жазбаларына қосады және қаржы есептілігінде мойындайды.
Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді.
23 Бірлесе бақыланатын активтерді есепке алу тәртібі бірлескен кәсіпкерліктің мазмұны мен экономикалық мәнін және, әдетте, заңдылық нысанын көрсетеді. Бірлескен кәсіпкерліктің өзіне арналған жекелеген есептілік жазбалар бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар бірігіп жұмсаған және, түптеп келгенде, қатысудың келісілген үлестеріне сәйкес олардың арасында бөлінген шығыстармен шектелуі мүмкін. Бірлескен кәсіпкерліктің қаржы есептілігінің жасалмауы да мүмкін, дегенмен бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар бірлескен кәсіпкерліктің тиімділігін бағалауларына мүмкіндік беретін басқару шоттарын дайындай алады.
Бірлесе бақыланатын ұйымдар
_________________________________________________________________________________________________________
24 Бірлесе бақыланатын ұйым - корпорация, серіктестік немесе әрбір қатысушылардың өз қатысу үлесі бар басқа ұйым құруды көздейтін бірлескен кәсіпкерлік түрі. Ондай ұйым, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар арасындағы келісімшарттық мәміле оның экономикалық қызметіне бірлескен бақылау орнататыннан басқа жағдайларда, өзге ұйымдар сияқты жұмыс істейді.
25 Бірлесе бақыланатын ұйым бірлескен кәсіпкерліктің активтерін бақылайды, міндеттемелер қабылдайды, шығындар жұмсайды және пайда алады. Ол өз атынан бірлескен кәсіпкерлік мүдделерінде шарттар жасайды және қаржы алады. Әрбір бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлесе бақыланатын ұйым пайдасының бір бөлігін алуға құқылы, алайда кейбір бірлесе бақыланатын ұйымдар бірлескен кәсіпкерлік нәтижесінде алынған өнімнің бөлінуін көздейді.
26 Бірлесе бақыланатын ұйымға тән мысал - екі ұйым нақты саладағы өз қызметін тиісті активтері мен міндеттемелерін бірлесе бақыланатын ұйымға беру жолымен біріктіретін жағдай. Оның басқа бір мысалы - ұйым басқа елдің үкіметімен немесе басқа агенттігімен ынтымақтаса отырып, сол ұйымның, үкіметтің немесе агенттіктің бірлескен бақылауында болатын жеке компания құру жолымен өз ісін сол елде бастайтын жағдай.
27 Көптеген бірлесе бақыланатын ұйымдар іс жүзінде бірлесе бақыланатын операциялар немесе бірлесе бақыланатын активтер деп аталатын бірлескен ұйымдарға ұқсас. Мысалы, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар мұнай құбыры сияқты бірлесе бақыланатын активті салықты немесе басқа да себептерді басшылыққа ала отырып бірлесе бақыланатын ұйымға аудара алады. Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар бірлесе пайдаланылатын активтерді бірлесе бақыланатын ұйымға нақ солайша енгізе алады. Кейбір бірлесе бақыланатын операцияларда қызметтің нақты аспектілерін жүзеге асыру үшін, мысалы, өнімді әзірлеу, өткізу, тарату немесе тауарды сатудан кейін қызметпен қамту үшін бірлесе бақыланатын ұйым құру көзделеді.
28 Бірлесе бақыланатын ұйым өзінің меншікті бухгалтерлік жазбаларын жүргізеді, басқа ұйымдар сияқты, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржы есептілігін әзірлейді және ұсынады.
29 Әрбір бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы әдетте бірлесе бақыланатын компанияға ақша қаражатын немесе басқа ресурстар салады. Бұл салымдар бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы есепке алу жазбаларына жазылады және оның қаржы есептілігінде бірлесе бақыланатын ұйымға инвестиция ретінде мойындалады.
Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушысының шоғырландырылған қаржы есептілігі
Тепе-тең шоғырландыру
30 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлесе бақыланатын ұйымға өзінің қатысу үлесін 38-тармақта айтылған тепе-тең шоғырландыру әдісін немесе баламалы әдісті пайдалана мойындауға міндетті. Тепе-тең шоғырландыру әдісін пайдалану кезінде есептіліктің төменде көрсетілген екі форматтың бірі қолданылуға тиіс.
31 Инвестор рөлінде болатын бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлесе бақыланатын ұйымға қатысу үлесін тепе-тең шоғырландыруға арналған есептіліктің екі форматының бірін, еншілес ұйымдарға инвестицияларының бар-жоғына қарамастан, пайдалана отырып мойындайды немесе өзінің қаржы есептілігін шоғырландырылған қаржы есептілігі ретінде ұсынады.
32 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлесе бақыланатын компанияға қатысу үлесін мойындай отырып, бірлескен кәсіпкерліктің нақты құрылымын немесе нысанын емес, ал бар келісімнің мәні мен экономикалық әділдігін көрсетуі маңызды. Бірлесе бақыланатын ұйымда бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы болашақтағы экономикалық тиімділіктердегі өз үлесін сол ұйымның активтері мен міндеттемелеріне қатысу үлесімен бақылайды. Осы мән мен экономикалық әділдік бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының шоғырландырылған қаржы есептілігінде, ол бірлесе бақыланатын ұйымның активтеріне, міндеттемелеріне, кірісі мен шығысына тепе-тең шоғырландыруға арналған, 34-тармақта айтылған екі форматтың бірін пайдалана қатысу үлесін мойындаған кезде көрсетіледі.
33 Тепе-тең шоғырландыруды қолдану бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының қаржылық жағдай туралы есебі ол бірлесе бақылайтын активтердегі оның үлесін және ол бірлесе жауап беретін міндеттемелер үлесін қамтитынын білдіреді. Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының пайдалары мен шығындары туралы есебі бірлесе бақыланатын ұйымның кірістері мен шығыстарындағы оның үлесін қамтиды. Тепе-тең шоғырландыруға қолдану үшін лайықты көптеген процедуралар еншілес ұйымдарға инвестицияларды шоғырландырудың 27 ҚЕХС-ында (IAS) белгіленген процедураларына ұқсас.
34 Тепе-тең шоғырландыруды жүзеге асыру үшін есептіліктің әр түрлі форматтары пайдаланылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлесе бақыланатын ұйым активтерінің, міндеттемелерінің, кірістерінің немесе шығыстарының әрқайсысындағы өз үлесін өзінің қаржы есептілігіндегі сол сияқты баптармен жол-жолымен біріктіре алады. Мысалы, ол бірлесе бақыланатын ұйым қорындағы өз үлесін өз қорларымен және бірлесе бақыланатын ұйымның жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарындағы өз үлесін өзінің жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарымен біріктіре алады. Басқа жағдайда бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы өзінің қаржы есептілігіне бірлесе бақыланатын ұйымның активтеріндегі, міндеттемелеріндегі, кірістері мен шығыстарындағы өз үлесіне қатысты жекелеген баптар енгізе алады. Мысалы, ол бірлесе бақыланатын ұйымның қысқа мерзімді активіндегі өз үлесін өзінің қысқа мерзімді активі құрамында жеке көрсете алады; ол бірлесе бақыланатын ұйымның жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарындағы өз үлесін өзінің жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтары құрамында жеке көрсете алады. Есептіліктің осы екі форматы да пайданың немесе шығынның бірдей сомаларының және активтердің, міндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың негізгі сыныптарының әрқайсысының бірдей көрсетілуін қамтамасыз етеді; осы Стандарт мақсаттары үшін екі формат та жарамды.