35 Тепе-тең шоғырландыруды жүзеге асыру үшін қандай формат пайдаланылса да, кез келген активтерді немесе міндеттемелерді басқа міндеттемелерді басқа шығыстарды немесе кірістерді шегеру жолымен немесе активтерді шегеру жолымен, немесе кез келген кірістер мен шығыстарды шегеру жолымен есепке алу орынды, ал есепке алу - активтің жүзеге асырылуын немесе міндеттеменің өтелуін күту.
36 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы тепе-тең шоғырландырудың пайдаланылуын бірлесе бақыланатын ұйымға бірлескен бақылау күшін жойған күннен бастап тоқтатуға міндетті.
37 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы тепе-тең шоғырландырудың пайдаланылуын бірлесе бақыланатын ұйымға бірлескен бақылау күшін жойған күннен бастап тоқтатады. Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы өзінің қатысу үлесін сатқанда, немесе бірлесе бақыланатын ұйымға бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының бұдан былайғы бірлескен бақылауына бөгет жасайтын сыртқы шектеу санкциялары сияқты шектеулер қойылғанда солай болады.
Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі
38 30-тармақта айтылған тепе-тең шоғырландыруға балама ретінде бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлесе бақыланатын ұйымдағы өз үлесін үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана мойындауға тиіс.
39 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлесе бақыланатын ұйымға қатысу үлесін, онымен қатар еншілес ұйымдарға инвестициялары бар екеніне немесе өзінің қаржы есептілігін шоғырландырылған қаржы есептілігі ретінде ұсынатынына қарамастан, үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана мойындайды.
40 Кейбір бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар бірлесе бақыланатын ұйымдарға қатысу үлестерін 28 ҚЕХС-ына (IAS) сәйкес үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана мойындайды. Үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісінің пайдаланылуын бақыланатын баптарды бірлесе бақыланатын баптармен біріктіруге болмайды дейтіндер және бірлесе бақыланатын ұйымда бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар бірлесе бақылауға емес, ал елеулі ықпалға ие болып отырғанына сенетіндер қолдауда. Осы Стандарт қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалануды ұсынбайды, өйткені тепе-тең шоғырландыру бірлесе бақыланатын ұйымға бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы қатысуының мәні мен экономикалық әділдігін, яғни болашақ экономикалық тиімділіктердегі бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы үлесіне бақылауды жақсы көрсетеді. Әйтсе де, осы Стандарт үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісін бірлесе бақыланатын ұйымдарға қатысу үлестерін мойындау кезінде рұқсат етілген баламалы тәртіп ретінде пайдалануға жол береді.
41 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалануды бірлесе бақыланатын ұйымда бірлескен бақылау немесе елеулі ықпал күшін жойған күннен бастап тоқтатуға міндетті.
Тепе-тең шоғырландыруды және үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдаланудан шығару
42 Бірлесе бақыланатын ұйымдардағы, 5 ҚЕХС-қа (ІFRS) сәйкес сатуға арналған деп сараланған қатысу үлестері есепке алуда осы Стандартқа сәйкес көрсетілуі тиіс.
43 Бұрын сатуға арналған деп сараланған бірлесе бақыланатын ұйымға қатысу үлесі сондай үлес ретінде мойындау өлшемдерін қанағаттандырудан қалатын кезде ол өзі сатуға арналған деп сараланған күннен бастап тепе-тең шоғырландыру әдісін немесе үлесті қатысу әдісін пайдалана есепке алынуға тиіс. Осындай үлес сатуға арналған деп сараланған сәттен кейінгі кезеңдердегі қаржы есептілігі де тиісінше түзетілуге тиіс.
44 [жойылған]
45 Инвестор ұйымды бірлесіп басқару құзыретінен айрылса, егер бұрынғы бірлесіп басқарылатын ұйым еншілес ұйымға немесе қауымдас ұйымға айналмайтын болса, инвестор кез келген қалдық инвестицияны 9 ҚЕХС-ына (IFRS) сәйкес сол күннен бастап, есепке алуы тиіс. Бірлесіп басқарылатын ұйым инвестордың еншілес ұйымына айналған күннен бастап, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы оған қатысу үлесін 27 ҚЕХС-ына (IAS) және 3 Бизнес бірлестіктеріҚЕХС-ына (IFRS) (2008 жылғы редакция) сәйкес ескеруге тиіс. Бірлесіп басқарылатын ұйым инвестордың қауымдас ұйымына айналған күннен бастап, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы оған қатысу үлесін 28 ҚЕХС-ына (IAS) сәйкес ескеруге тиіс. Инвестор ұйымды бірлесіп басқару құзыретінен айрылғанда, инвестор бұрынғы бірлесіп басқарылатын ұйымдағы инвестор иеленетін кез келген инвестицияны әділ құнымен бағалайды. Инвестор төмендегілер арасындағы кез келген айырмашылықтарды пайда немесе шығын арқылы тануы тиіс:
(а) Кез келген сақталған инвестицияның әділ құны және бірлесіп басқарылатын ұйымдағы пайыз үлесін сатудан түскен табыс; және
(b) Инвестицияның бірлесіп басқару құзыретінен айрылған күнгі қаржылық жағдай туралы есептік құны.
45А Инвестиция бірлесіп басқарылатын ұйым болуын тоқтатқанда және 39 ҚЕХС-ына (IAS) сәйкес есепке алынғанда, инвестицияның бірлесіп басқарылатын ұйым болуын тоқтатқан күнгі әділ құны 9 ҚЕХС-ына (IFRS) сәйкес қаржы активі ретінде бастапқы тану кезіндегі оның әділ құны ретінде қарастырылуы тиіс.
45В Егер инвестор ұйымды бірлесіп басқару құзыретінен айрылса, инвестор басқа толық табыс арқылы танылған сол ұйымға қатысты барлық сомаларды бірлесіп басқарылатын ұйым қатысты активтер мен міндеттемелерді тікелей сатқанда талап етілетіндей тұрғыдан есепке алуы тиіс. Сондықтан, егер бұрын басқа толық табыс арқылы танылған кіріс немесе шығыс пайда немесе шығынға қатысты активтер мен міндеттемелерді сатқанда қайта жіктелетін болса, инвестор ұйымды бірлесіп басқару құзыретінен айрылғанда, кіріс немесе шығысты үлестен пайда немесе шығынға (қайта жіктеу өзгерісі ретінде) қайта жіктейді. Мысалы, егер бірлесіп басқарылатын ұйымның шетелдік операцияға қатысты айырбастаудың жинақтық ерекшеліктері бар болса және инвестор ұйымды бірлесіп басқару құзыретінен айрылса, инвестор бұрын басқа толық табыс арқылы танылған кіріс немесе шығысты шетелдік операцияларға қатысты пайда немесе шығынға қайта жіктеуі тиіс. Егер инвестордың бірлесіп басқарылатын ұйымдағы иелік пайыз азайса, бірақ инвестиция бірлесіп басқарылатын ұйым болуын жалғастырса, инвестор бұрын басқа толық табыс арқылы танылған кіріс немесе шығыстың тек пропорциялық сомасын ғана пайда немесе шығынға қайта жіктеуі тиіс.
Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының жеке қаржы есептілігі
46 Бірлесе бақыланатын ұйымға қатысу үлесі бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының жеке қаржы есептілігінде 27 ҚЕХС-ының (IAS) 38-43-тармақтарына сәйкес есепке алынуға тиіс.
47 Осы Стандартта ашық пайдалану үшін жеке қаржы есептілігін қандай ұйымдар әзірлеуге тиіс екені көрсетілмеген.
Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы мен бірлескен кәсіпкерлік арасындағы операциялар__
48 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы активтерді бірлескен кәсіпкерлікке өткізгенде немесе сатқанда операция бойынша пайданың немесе шығынның кез келген бөлігін мойындау сол операцияның мазмұнын көрсетуге тиіс. Активтер бірлескен кәсіпкерлікте ұсталатын кезде және бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы иелену құқығына байланысты елеулі тәуекелдіктер мен сыйақыларды табыстаған жағдайда, кәсіпкер пайданың басқа кәсіпкерлердің қатысу үлесіне тиесілі бөлігін ғана мойындауға міндетті.(*) Салым немесе сату қысқа мерзімді активтерді сатудың таза ықтимал құнының кемігінен немесе құнсызданудан шығын келгенін дәлелдейтін кезде бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы кез келген шығынның бүкіл сомасын мойындауға міндетті.
49 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлескен кәсіпкерлік активтерін сатып алған кезде, егер ол активтерді тәуелсіз жаққа қайта сатпайтын болса, сол операция бойынша бірлескен кәсіпкерліктің пайдасындағы өз үлесін мойындамауға құқылы емес. Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бұл операциялардан келген шығындардағы өз үлесін, дәл пайдадағы сияқты мойындауға міндетті, бұған жатпайтыны:
шығындар қысқа мерзімді активтерді сатудың таза ықтимал құны кемігенінен немесе құнсызданудан шығын келгенінің дәлелі болып табылатын кезде олар дереу мойындалуға тиіс.
50 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы мен бірлескен кәсіпкерлік арасындағы операция активтің құнсыздануының дәлелі болып табылатынын бағалау үшін бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы активтің өтелетін сомасын 36 Активтердің құнсыздануы ҚЕХС-ына (IAS) сәйкес айқындайды. Пайдалану құндылығын анықтау кезінде бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы активті үздіксіз пайдалану және оны бірлескен кәсіпкерлікпен түпкілікті жүзеге асыру негізінде одан ақша қаражатының болашақтағы тасқынын бағалайды.
Бірлескен кәсіпкерлікке қатысу үлесін инвестордың қаржы есептілігінде көрсету
_________________________________________________________________________________________________________
51 Бірлескен бақылауы жоқ бірлескен кәсіпкерлік инвесторы өз инвестициясын 9 ҚЕХС-ының (IFRS) талаптарын ескере, немесе, егер оның бірлескен кәсіпкерлікте елеулі ықпалы бар болса, 28 ҚЕХС-ына (IAS) сәйкес көрсетуге тиіс.
Бірлескен кәсіпкерлік операторлары
_________________________________________________________________________________________________________
52 Бірлескен кәсіпкерліктің басшыларына немесе басқарушыларына гонорарлар 18 ТүсімҚЕХС-ына (IAS) сәйкес ескерілуге тиіс.
53 Бір немесе бірнеше бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлескен кәсіпкерліктің басшысы немесе басқарушысы ретінде іс-қимыл жасай алады. Әдетте осы міндеттерді атқарғаны үшін басқару гонорары төленеді. Бұл гонорарлар бірлескен кәсіпкерлікте шығыс ретінде ескеріледі.
Ақпаратты ашып көрсету
_________________________________________________________________________________________________________
54 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы, егер шығын мүмкіндігі күмәнді болып табылмаса, төмендегі шартты міндеттемелердің жалпы сомасын басқа шартты міндеттемелердің сомасынан бөлек ашып көрсетуге міндетті:
(а) кәсіпкер үшін оның бірлескен кәсіпкерлікке қатысу үлесіне және ол басқа кәсіпкерлермен бірге жауап беретін өзінің шартты міндеттемелерінің әрқайсысындағы үлестеріне байланысты пайда болуы мүмкін кез келген шартты міндеттемелер;
(b) ол ықтимал жауапты болатын бірлескен кәсіпкерліктің шартты міндеттемелеріндегі оның үлесі; және
(с) бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлескен кәсіпкерлік бойынша басқа бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылардың міндеттемелері бойынша ықтимал жауапты болатынына байланысты пайда болатын шартты міндеттемелер.
55 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлескен кәсіпкерлікке қатысу үлестері жөнінде төмендегі міндеттемелердің жалпы сомасын басқа міндеттемелерден бөлек көрсетуге тиіс:
(а) бірлескен кәсіпкерлікке қатысушының бірлескен кәсіпкерлікке қатысу үлесі және ол үшін, басқа кәсіпкерлер үшін пайда болған инвестициялық міндеттемелердегі үлесі жөніндегі оның кез келген инвестициялық міндеттемелері; және
(b) бірлескен кәсіпкерліктің инвестициялық міндеттемелердегі оның үлесі.
56 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы елеулі бірлескен кәсіпкерлікке қатысу үлестерінің тізбесі мен сипаттамасын және бірлесе бақыланатын ұйымдарда бар меншік үлестерінің арақатынасын табыс етуге міндетті. Бірлесе бақыланатын ұйымдарға қатысу үлестерін тепе-тең шоғырландыруға арналған есептіліктің немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісінің жолдық форматында мойындайтын бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелердің әрқайсысының, бірлескен кәсіпкерлікке қатысу үлестеріне байланысты кірістер мен шығыстардың жалпы сомаларын ашып көрсетуге міндетті.
57 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы бірлесе бақыланатын ұйымдарға қатысу үлестерін мойындау үшін өзі пайдаланатын әдісті ашып көрсетуге міндетті.
Күшіне ену күні және өту кезеңі
58 Ұйым осы Стандарты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қолдануға міндетті. Стандарттың мерзімінен бұрын қолданылуы құпталады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдер үшін қолданатын болса, ол бұл фактіні ашып көрсетуге міндетті.
58А 27 ҚЕХС (IAS) (2008 жылғы редакция)бойынша 45 және 46 тармақтарға түзетулер енгізілді және 45А және 45В тармақтары қосылды. Ұйым осы түзетуді 46 тармаққа қатысты ретроспективалы түрде және түзетуді 45, 45A, 45B тармақтарға қатысты перспективалы түрде жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейіннен бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 27 ҚЕХС-ын (IAS) (2008 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
58В 1 тармаққа 2008 жылдың мамырында шығарылған ҚЕХС-тарына Жетілдірулер (IFRS) бойынша түзетулер енгізілді. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және сол ертерек мерзім ішінде 2008ж. мамырында шығарылған 7 Қаржылық құралдар: ақпаратты ашып көрсетуҚЕХС-ының (IFRS)3-тармағына, 28 ҚЕХС-ының (IAS)1-тармағына және 32 Қаржылық құралдар: ақпаратты ұсыну ҚЕХС -ының (IAS) 4-тармағына енгізілген түзетулерді қолдануы тиіс. Ұйымның осы түзетулерді проспективті түрде қолдануына рұқсат етіледі.
58C [жойылған]
58D 2010 жылдың мамырында шығарылған ҚЕХС-қа Жетілдірулер (IFRS) 58А тармаққа түзетулер енгізді. Ұйым сол өзгерісті 2010 жылдың 1 шілдесінде немесе одан кейін жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым ол түзетуді 2010 жылдың 1 шілдесінен бұрын қолданса ол туралы ашып көрсетуі тиіс.
59Е 2010 жылдың қазанында шығарылған 9 ҚЕХС (IAS) 1, 45-45B және 51-тармақтарға түзетулер енгізді және 58С тармағын жойды. Ұйым сол түзетулерді 2010 жылдың қазанында шығарылған 9 ҚЕХС(IAS) қолданған кезде басшылыққа алады.
31 ҚЕХС (2000 жылғы редакция) (IAS) күшінің жойылуы
59 Осы Стандарт 31 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысу туралы қаржы есептілігі ҚЕХС-ын (IAS) (2000 жылғы редакция) ауыстырады.
* Сондай-ақ, қараңыз: 13 Бірлесе бақыланатын компаниялар - кәсіпкерлер тарапынан ақшалай емес салымдар ТТК (SIC).