39. Ұйымның үлесі нөлге дейін төмендетілгеннен кейін қосымша залалдар қамтамасыз етіледі және міндеттемелер тек инвестор өзіне заңдық немесе жүктелген міндеттер қабылдаған немесе қауымдасқан ұйымның немесе бірлескен кәсіпорынның атынан төлемдерді жүзеге асырған дәрежеде ғана танылады. Егер қауымдасқан ұйым немесе бірлескен кәсіпорын кейіннен пайдалар жарияласа, онда ұйым оның осы пайдадағы үлесі танылмаған шығындардың үлесімен теңестірілгеннен кейін ғана осы пайдадағы өзінің үлесін тануды жаңартады.
Құнсызданудан болған залалдар
40. 38-тармаққа сәйкес қауымдасқан ұйымның немесе бірлескен кәсіпорынның танылған шығындарын қосқанда, ұйым үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдаланғаннан кейін, ұйымның осы қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға салған таза инвестициясы бойынша құнсызданудан болған кез келген қосымша шығынды тану қажеттігін анықтау үшін 39 ХҚЕС (IAS) Қаржы құралдары: тану және багалау стандартының талаптарын қолданады.
41. Ұйым сонымен қатар ұйымның таза инвестициялары мен құнсыздануының шығынының бір бөлігі болып табылмайтын қауымдасқан ұйымдағы немесе бірлескен кәсіпорындағы үлесі бойынша құнсызданудан болған қандай да бір қосымша шығын танылған-танылмағандығын анықтау үшін 39 ХҚЕС (IAS) Халықаралық қаржылық есептіліктің стандартының талаптарын қолданады.
42. Қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға салынған инвестицияның қаржылық жағдай туралы есептік құнының бір бөлігін құрайтын гудвилл жеке танылмайтындықтан, ол 36 Активтердің құнсыздануы ХҚЕС (IAS) стандартындағы іскерлік беделді құнсыздануы бойынша сынақтан өткізу туралы талаптарды қолдану арқылы құнсыздану бойынша жеке сынақтан өткізілмейді. Мұның орнына, инвестицияның барлық қаржылық жағдай туралы есептік құны 36 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес, құнсыздануы бойынша жеке актив ретінде, 39 ХҚЕС-тың (IAS) талаптарын қолдану инвестицияның құнсыздану мүмкін екендігі көрсеткенде, оның өтелетін сомасын (қолданыстағы құны және сатуға жұмсалған шығындар шегерілген әділ құнның ең үлкен мәні) оның қаржылық жағдай туралы есептік құнымен салыстыру арқылы сынақтан өткізіледі. Осы жағдайларда танылған құнсызданудан болатын шығындар қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға салынған инвестицияның қаржылық жағдай туралы есептік құнының бір бөлігін құрайтын гудвиллді қоса, ешқандай активке жатқызылмайды. Осыған сәйкес, құнсыздану шығындарының қарама-қарсы бағытта жүруі, инвестицияның өтелетін сомасы кейінірек ұлғаятындай шамада, 36 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес танылады. Инвестицияның қолданыстағы құнын анықтағанда, ұйым төмендегілерді бағалайды:
(a) оның операцияларынан түсетін ақша ағындарын және инвестицияны түпкілікті іске асырудан түсетін түсімдерді қоса алғанда, қауымдасқан ұйым немесе бірлескен кәсіпорын шамамен жүргізетін ақша қаражатының болжанған болашақ ағындарының дисконтталған құнынан өз үлесін; немесе
(b) пайда болуы инвестициядан алынатын дивидендтерден және оның түпкілікті іске асырылуынан күтілетін болжанған ақша қаражатының болашақ ағындарының дисконтталған құнын бағалайды.
Дұрыс жол берілгенде, екі әдіс те бірдей нәтиже береді.
43. Жеке қауымдасқан ұйым немесе бірлескен кәсіпорын пайдалануды жалғастырудан түсетін ақша қаражатының келетін ағындарын жасамайтын, ұйымның басқа активтері жасайтын ақша қаражатының ағындарынан айтарлықтай дәрежеде тәуелсіз бола алатын жағдайларды қоспағанда, қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға салынған инвестицияның өтелетін сомасы әрбір қауымдасқан ұйым немесе бірлескен кәсіпорын бойынша жеке-жеке бағаланады.
44. Қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға салынған инвестиция инвестордың жеке қаржы есептілігінде 27 ХҚЕС-тың (IAS) 10-тармағына (2011 жылғы түзету бойынша) сәйкес есепке алынуға тиіс.
Күшіне ену күні және өту кезеңі шарттары |
45. Ұйым осы Стандартты 2013 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға тиіс. Стандартты мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым осы Стандартты ертерек кезеңдерге қатысты қолданатын болса, ол мұны ашып көрсетуге міндетті және 10 ХҚЕС (IFRS), 11 Бірлескен қызмет ХҚЕС (IFRS), 12 Басқа кәсіпорындардагы қатысулар туралы ақпараттарды ашып көрсету ХҚЕС (IFRS) және 27 ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы редакция) бір мезгілде қолдануға тиіс.
9 ХҚЕС (IFRS) стандартына сілтемелер
46. Егер ұйым ХҚЕС (IFRS) 9 стандартын әлі қолданбаған болса, онда кез-келген ХҚЕС (IFRS) 9-ға берілетін сілтеме ХҚЕС (IAS) 39 сілтемесі деп оқылуы тиіс.
ХҚЕС (IAS) 28 (2003) стандартының күшін жою
47. Осы Стандарт 28 Қауымдасқан үйымдарга және бірлескен кэсіпорындарга салынган инвестицияларды есепке алу ХҚЕС-ты (IAS) (2003 жылғы редакциясындағы) алмастырады.