42. Қолданыстағы валютасы гиперинфляциялы экономика валютасы болып табылатын ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері басқа ұсыну валютасына мына рәсімдерді пайдалана қайта есептелуге тиіс:
(a) барлық сомалар (яғни, активтер, міндеттемелер, үлестік құралдар, кіріс пен шығыс, соның ішінде салыстырмалы деректер) ең соңғы есепті күнгі жабу бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс;
(b) сомалар гиперинфляциялы экономика валютасына қайта есептелген кезде салыстырмалы сомалар ретінде бұрынғы жылғы тиісті қаржылық есептілігінде ағымдағы жылға қатысты деп көрсетілген (яғни, баға деңгейіндегі кейінгі өзгерістерге немесе айырбастау бағамдарындағы кейінгі өзгерістерге түзетулер енгізілмеген) сомаларды міндетті түрде пайдалану керек.
43. Ұйымның қолданыстағы валютасы гиперинфляциялы экономика валютасы болып табылатын кезде ұйым 42-тармақта көзделген қайта есептеу әдісін, гиперинфляциялы экономика валютасына қайта есептеуге жататын салыстырмалы сомалардан басқасын (42(b)-тармақты қараңыз), қолданардан бұрын өзінің қаржылық есептілігін 29-шы Гиперинфляциялық экономика жағдайларындағы қаржылық есептілігі ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес қайта есептеуге міндетті. Экономика гиперинфляциялы болмайтын және ұйым ендігі жерде өзінің қаржылық есептілігін 29-шы ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес қайта есептемейтін болса, ол ұсыну валютасына қайта есептеу үшін тарихи құн ретінде ұйым өзінің қаржылық есептілігін қайта есептеуді тоқтатқан күндегі нақты бағалар деңгейіне қайта есептелген сомаларды пайдалануға міндетті.
Шетелдік операцияларды айырбастау
44. 45-47-тармақтар, 38-43 -тармақтарды қоса алғанда, шетелдік қызметтің нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері сол шетелдік қызметтің есеп беруші ұйымның қаржылық есептілігіне шоғырландыру, пропорциялы шоғырландыру немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісі арқылы қосуға болатындай болуы үшін ұсыну валютасына қайта есептеледі.
45. Шетелдік қызметтің нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін есеп беруші ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштеріне қосу шоғырландырудың топ ішіндегі есеп айырысулар және еншілес ұйымның топ ішіндегі операциялары бойынша қалдықтарды шығарып тастау сияқты қабылданған рәсімдеріне сәйкес орындалады (10-шы Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігі ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз). Алайда, топ ішіндегі ақша активі (немесе міндеттемесі), қысқа мерзімдісі де, ұзақ мерзімдісі де, топ ішіндегі тиісті міндеттемеге (немесе активке) қарсы валюталық бағам ауытқулары нәтижелерінің қаржылық есептілігінде көрсетпестен шығарып тастауға болмайды. Мұның өзі бұл ақша бабының бір валютаны екіншісіне аудару ниеті болып табылатынынын, ал валюта бағамдарының ауытқуы есебінен есеп беруші ұйымға пайда немесе шығын келтіретінінің салдары болып табылады. Тиісінше, есеп беруші ұйымның қаржылық есептілігінде ондай бағам айырмашылығы бұрынғысынша кірісте немесе шығыста мойындалады, не, егер ол 32-тармақта сипатталған жағдайлардан пайда болса, ол шетелдік капитал шығарылғанға дейін капитал ретінде жіктеледі.
46. Шетелдік қызметтің және есеп беруші ұйымның қаржылық есептілігін әзірлеу күні үйлеспейтін болса, шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым көптеген жағдайларда есеп беруші ұйымның есеп беретін күніне дәл келетін күнге қосымша есептілік әзірлейді. Егер осылай істелмесе, 10-шы ХҚЕС (IFRS) басқа есепті күнді пайдалануға рұқсат етеді, бұл жағдайда есепті күнде арасындағы алшақтық үш айдан аспайтын және сол түрлі күндер аралығындағы кезеңде орын алған кез келген елеулі операциялар мен басқа да оқиғаларға түзетулер енгізілген болуы керек. Бұл жағдайда шетелдік қызмет активтері мен міндеттемелері ол есеп беретін күнде қолданылған бағам бойынша қайта есептеледі. Айырбастау бағамдарының елеулі өзгерулеріне түзетулер, 10-шы ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес, есеп беруші ұйымның есеп беретін күніне дейін енгізіледі. Үлесті қатысуды есепке алу әдісі қолданылған кезде, сондай-ақ бірлескен қызметке пропорциялы шоғырландыруды қолданған кезде қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен қызметке 28-ші ХҚЕС (IAS) (2011 жылы түзетілген) сәйкес осындай әдіс қолданылады.
47. Шетелдік қызметті сатып алу кезінде пайда болған кез келген гудвилл және сол шетелдік қызметті сатып алу кезінде пайда болатын активтер мен міндеттемелердің әділ құнына енгізілетін түзетулер оның активтері мен міндеттемелері ретінде есепке алынуы тиіс. Тиісінше, олар сол шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасында білдірілуге 39 және 42-тармақтарға сәйкес жабу бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.
Шетелдік құрылымдық бөлімшенің шығарылуы немесе жартылай жабылуы
48. Шетелдік қызмет шығарылған кезде бағам айырмашылықтарының осы шетелдік қызметке қатысты капиталдың жеке компонентінде кейінге қалдырылған сомасы шығып қалудан келетін пайда немесе шығын деп мойындалатын сол кезеңдегі кірісте немесе шығыста мойындалуға тиіс (1-ші Қаржылық есептілікті ұсыну ХҚЕС (IAS) қараңыз (2007 жылғы редакцияда)).
48A Шетелдік операциядағы ұйымның пайыздарының жойылғанына қосымша, төмендегілер тіпті ұйым бұрынғы еншілес ұйымда, қауымдас ұйымда немесе бірлесіп басқарылатын кәіспорында пайызын сақтап қалатын болса да, шығарылу ретінде есепке алынуы тиіс:
(a) егер жартылай істен шығарылу құрамына шетелдік операция кіретін еншілес ұйымды басқару құзыретінен айырылу қатысы болса, және;
(b) құрамына шетелдік операция кіретін қауымдас ұйымға тигізетін елеулі ықпалынан айырылу.
48B Құрамына шетелдік операция кіретін еншілес ұйымды жапқаннан кейін, сол шетелдік операцияға қатысты басқарылмайтын пайыздарға жатқызылған валюта бағамы айырмашылықтарының жиынтық сомасы танылуын тоқтату керек, бірақ пайда немесе шығынға қайта жіктелмеуі тиіс.
48C Құрамына шетелдік операция кіретін еншілес ұйымды жартылай жапқаннан кейін, ұйым сол шетелдік операцияға қатысты басқарылмайтын пайыздарға басқа толық табыс бойынша танылған валюта бағамы айырмашылықтарының жиынтық сомасының пропорциялық үлесін қайта жатқызады. Шетелдік операцияны басқаша жартылай жапқанда, ұйым пайда немесе шығынға тек басқа толық табыс бойынша танылған валюта бағамы айырмашылықтарының жиынтық сомасының пропорциялық үлесін қайта жіктеуі тиіс.
48D Шетелдік операциядағы ұйымның пайызы жартылай шығарылуы -шығарылу ретінде есепке алынатын 48А тармағындағы азаюдан басқа, шетелдік операциядағы ұйымның иелік ету пайызының кез-келген азаюы.
49. Ұйымның өз шетелдік операциялардағы пайызын үлестік капиталды сату, жою, қайтару немесе ұйымның бәрінен, немесе бір бөлігінен бас тарту арқылы алып тастауына немесе жартылай алып тастауына болады. Ұйымның өз шығындарының салдарынан немесе инвестор таныған құнсыздану салдарынан шетелдік операцияның қаржылық жағдай туралы есептік көрсеткішінің құнсыздануы жартылай алып тастауды құрамайды. Осыған сәйкес, басқа толық табыста танылған шетелдік валюта кірісі немесе шығынының ешқандай бөлігі кіріс немесе шығынға құнсыздану кезінде қайта жіктелмейді.
Барлық бағам айырмашылықтарының салықтық салдарлары
50. Шетелдік валютамен операциялар және бағам айырмашылықтары бойынша ұйымның (соның ішінде шетелдік қызметтің) нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін басқа валютаға қайта есептеу кезінде пайда болатын пайда мен шығынның салыққа әсері болуы мүмкін. Сондай салық әсерлеріне байланысты мәселелер 12-ші Пайдаға салынатын салықтар ХҚЕС-пен (IAS) реттеледі.
51. 53 және 55-57-тармақтарда «қолданыстағы валютаға» сілтемелер, егер сөз топ жайында болса, бас ұйымның қолданыстағы валютасына қатысты.
52. Ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(a) 9-шы ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес пайда немесе шығын арқылы әділ баға бойынша бағаланған қаржы құралдары бойынша пайда болғаннан басқа, пайдада немесе шығында бағам айырмашылықтарының сомасын; және
(b) капиталдың жеке компонентінде мойындалған таза бағам айырмашылықтарын және сол баға айырмашылықтары сомаларының кезең басында және аяғында салыстырып тексерулерді ашып көрсетуге міндетті.
53. Ұсыну валютасы қолданыстағы валютадан өзгеше болған кезде бұл факт, сондай-ақ қолданыстағы валютаның өзі, басқа ұсыну валютасы өзіне байланысты пайдаланылатын себеп көрсетілуге тиіс.
54. Не есеп беруші ұйымның, не елеулі шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасы ауыстырылған кезде бұл факт және қолданыстағы валютаны ауыстыру себебі ашып көрсетілуге тиіс.
55. Ұйым өзінің қаржылық есептілігін өзінің қолданыстағы валютасынан өзгеше валютада ұсынған кезде ол өзі ұсынатын қаржылық есептілігі Халықаралық қаржылық есептіліктің стандартына тек ол қолданылатын әрбір Стандарттың және қолданылатын әрбір Түсіндірменің, соның ішінде 39 және 42-тармақтарда белгіленген қайта есептеу әдісінің барлық талаптарына сәйкес келген кезде ғана сай келетінін көрсетуге міндетті.
56. Жекелеген жағдайларда ұйым өзінің қаржылық есептілігін немесе басқа қаржы ақпаратын оның қолданыстағы валютасы болып табылмайтын валютада ұсынады, бірақ бұл жағдайда 55-тармақтың талаптарын орындамайды. Мысалы, ұйым басқа валютаға өзінің қаржылық есептілігінің кейбір баптарын ғана ауыстыра алады. Немесе өзінің қолданыстағы валютасы гиперинфляциялы экономика валютасы болып табылмайтын ұйым өзінің қаржылық есептілігін басқа валютаға барлық баптарды ең соңғы жабу бағамы бойынша қайта есептеу жолымен ауыстыра алады. Мұндай қайта есептеулер Халықаралық қаржылық есетіліктің стандарттарына сәйкес келмейді, сондықтан ақпаратты 57-тарамаққа сәйкес ашып көрсету талап етіледі.
57. Ұйым өзінің қаржылық есептілігін немесе басқа қаржы ақпаратын оның қолданыстағы валютасынан немесе ұсыну валютасынан өзгеше валютада ұсынған, бұл жағдайда 55-тармақтың талаптарын орындамайтын кезде ол:
(a) мұндай ақпаратты қосымша, яғни Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес берілетін ақпаратқа қатысты емес ақпарат ретінде сәйкестендіруге;
(b) қосымша ақпарат берілетін валютаны ашып көрсетуге; және
(с) өзінің қолданыстағы валютасын және қосымша ақпаратты анықтау үшін пайдаланылған қайта есептеу әдісін ашып көрсетуге міндетті.
Күшіне ену күні және өтпелі кезеңі
58. Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейін басталатын бір жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Стандарттың мерзімінен бұрын қолданылуыны рұқсат етіледі. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қолданатын болса, ол осы фактіні ашып көрсетуге міндетті.
58A 2005 жылғы желтоқсан айында шығарылған Шетел Операцияларына жасалған Инвестициялар (21-ші ХҚЕС-ындағы түзетулері (IAS)) 15A тармағы қосылды және 33-тармақ түзетілді. Ұйым 2006 жылғы 1 қаңтарында немесе осы мерзімнен кейін басталатын жылдарға осы түзетулерді ескеруі тиіс. Стандарттың мерзімінен бұрын қолданылуына рұқсат берілген.
59. Ұйым 47-тармақты перспективалы негізде осы Стандарт алғаш рет қолданылған есепті кезең басталғаннан кейін жүзеге асырылған барлық сатып алуларға қолдануға міндетті. 47-тармақты бұдан бұрынғы сатып алулар жөнінде ретроспективті қолдануға рұқсат етілген. Перспективалы негізде ескерілетін, бірақ осы Стандарт тұңғыш рет қолданылған күнге дейін орын алған шетелдік қызметті сатып алуға қатысты ұйым бұрынғы жылдар үшін қайта есептеу жасауға құқылы емес, сондықтан, тиісінше, орынды болған кезде, сондай сатып алу кезінде пайда болатын іскерлік бедел мен әділ құнға түзетулерді есепке алуда шетелдік қызмет активтері мен міндеттемелері ретінде көрсете алады. Тиісінше, іскерлік бедел мен әділ құнға ондай түзетулер не ұйымның қолданыстағы валютасында көрсетілген, не есептілікте сатып алу күнінде қолданылған айырбастау бағамын пайдалана көрсетілетін ақшалай емес валюталық баптар болып табылады.
60. Осы Стандартты қолданудың нәтижесінде пайда болатын барлық қалған өзгерістер 8-ші Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер және қателер ХҚЕС-тың (IAS) талаптарына сәйкес есепке алынуға тиіс.
60A 1-ші ХҚЕС (IAS) (2007 жылғы редакциясы) бойынша ХҚЕС-тарында қолданылған терминологияға түзетулер енгізілді. Соның ішінде 27, 30-33, 37, 39, 41, 45, 48 және 52 тармақтарына түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1-ші ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакциясы) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
60B 27-ші ХҚЕС-на (IAS) (2008 жылғы редакция) 48А-48D тармақтары қосылды және 49-тармаққа түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді перспективалы түрде жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 27 ХҚЕС-ын (IAS) (2008 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
60C [Жойылған]
60D 2010 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-на (IFRS) Жетілдірулері 60В тармағына өзгерістер енгізді. Ұйым сол өзгерісті 2010 жылдың 1 шілдесінде немесе одан кейінгі жылдық кезеңдер үшін қолдануға тиіс. Ертерек қолданысқа рұқсат беріледі.
60E [Жойылған]
60F 2011 жылғы мамыр айында жарияланған 10-шы және 11-ші ХҚЕС-ның (IFRS) 3(b), 8, 11, 18, 19, 33, 44-46 және 48(a) тармақтарына түзетулер енгізді. Ұйым жарияланған 10-шы және 11-ші ХҚЕС-ты (IFRS) қолданған кезде сол түзетулерді қолдануы тиіс.
60G 2011 жылғы мамыр айында жарияланған 13-шы ХҚЕС (IFRS) әділ құн анықтамасының 8 және 23 тармақтарына түзетулер енгізді. Ұйым жарияланған 13-ші ХҚЕС-ты (IFRS) қолданған кезде сол түзетулерді қолдануы тиіс.
60H 2011 жылғы маусым айында жарияланған 1-ші Қаржылық Есептілікті Ұсыну ХҚЕС (IАS) әділ құн анықтамасының 39-тармағына түзетулер енгізді. Ұйым 2011 жылғы маусым айында жарияланған 1-ші ХҚЕС-ты (IАS) қолданған кезде сол түзетулерді қолдануы тиіс.
60I 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9-шы ХҚЕС (IFRS) 3(a), 4, 5, 27 және 52(a) тармақтарына түзетулер енгізді және 60С, 60E тармақтарын жойды. Ұйым 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9-шы ХҚЕС-ты (IFRS) қолданған кезде сол түзетулерді қолдануы тиіс.
Басқа құжаттардың күшінің жойылуы
61. Осы Стандарт 21-ші Валюталық бағам өзгерістерістерінің әсері ХҚЕС-ын (IAS) (1993 жылғы редакция) ауыстырады.
62. Осы Стандарт мына түсіндірмелерді ауыстырады:
(a) 11-ші Валюта айырбасы - валютаның елеулі құнсыздануы нәтижесінде пайда болатын капиталдану ТТК (SIC);
b) 19-шы Есеп беретін валюта — Бағалануы ТТК (SIC) және 21-ші ХҚЕС (IAS) және 29-шы ХҚЕС-ы (IAS) бойынша Қаржылық Есептілікті Ұсыну; және
(с) 30-шы Есеп Беретін Валюта - Бағалау Валютасынан Есеп Беру Валютасына Қайта Есептеу ТТК (SIC).
[1] 7-ші Ақша Қаражаттарының Қозғалысы Туралы Есептілік ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз.