29-шы Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 29)
Гиперинфляциялық экономикадағы қаржы есептілігі[1]
Қолдану аясы
1. Осы Стандарт, шоғырландырылған қаржы есептілігін қосқанда, функционалды валютасы гиперинфляциялық экономика валютасы болып табылатын кез келген ұйымның дербес қаржы есептілігіне қатысты қолданылуға тиіс.
2. Гиперинфляциялық экономика жағдайында есептерді қайта қарамайынша, шаруашылық қызметтің нəтижесі мен қаржылық жағдай туралы есептілікті жергілікті валютамен тапсыру пайдасыз. Ақшаның сатып алу қабілетінен айырылу қарқыны соншалық, тіпті бір есепті кезең ішінде əр уақытта болған операциялар мен өзге де оқиғалардан алынған сомаларды салыстырудың өзі шатастыратын болады.
3. Осы Стандарт оның гиперинфляция сатысына көшердегі инфляция қарқынының абсолюттік мəнін белгілемейді. Қаржы есептілігінің көрсеткіштерін қайта қарау қажеттілігінің туындау кезін айқындау осы Стандартқа сəйкес субъективтік шешімдер қатарына жатады. Қарастырылатын мемлекеттегі экономикалық жағдайдың сипаттамалары гиперинфляцияның болуын көрсетеді, бұларға басқаларымен қатар мыналар жатады:
(a) халықтың негізгі бөлігі өзінің жинақ ақшасын ақша түрінде емес немесе біршама тұрақты шетел валютасында сақтауды артық санайды. Жергілікті валютадағы қолда бар сомалар сатып алу қабілетін сақтау мақсатында дереу инвестицияланады;
(b) халықтың негізгі бөлігі ақша сомаларын жергілікті валютада емес, біршама тұрақты шетел валютасында қарастырады. Бағаларды осындай валютада көрсетуге болады;
(c) несиеге сату мен сатып алу, тіпті егер сол кезең ұзақ болмаса да, несие берілетін мерзім ішінде сатып алу қабілетінің күтілген төмендеуін өтейтін бағалар бойынша жүргізіледі;
(d) пайыздық мөлшерлемелер, жалақы жəне бағалар баға индексіне байланысты; жəне
(e) үш жыл ішінде инфляцияның жиынтық өсуі 100%-ға жақындайды немесе одан асады.
4. Экономикасы гиперинфляция жағдайындағы бір елдің валютасымен есептілік беретін барлық ұйымдар осы Стандартты бірдей күннен бастап қолданғаны жөн. Соның өзінде, ұйым есептілікті соның валютасымен жасайтын елде гиперинфляция болуын анықтаған есептік кезеңнен бастап осы Стандарт кез келген ұйымның қаржы есептілігіне қолданылады.
Қаржы есептілігін қайта есептеу
5. Айрықша факторлардың немесе жалпы саяси, экономикалық немесе əлеуметтік жағдайлардың
ықпалы нəтижесінде уақыт өткен сайын бағалар өзгереді. Сұраныс пен ұсыныстың, технологияның өзгеруі сияқты осындай айрықша факторлар жекелеген өнімдерге деген бағалардың едəуір жəне бір-біріне байланыссыз артуын немесе төмендеуін туғызуы мүмкін. Бұған қоса, жалпы сипаттағы жағдайлар бағалардың жалпы деңгейіндегі өзгерістерге жəне, сөйтіп, ақшаның жалпы сатып алу қабілетіндегі өзгерістерге əкеліп соғуы мүмкін.
6. Қаржылық есепті бастапқы құны бойынша есепке алу негізінде дайындайтын ұйымдар бағаның жалпы деңгейінің өзгерістеріне немесе танылған активтердің немесе міндеттемелердің нақты бағаларының өсуіне қарамастан, солай жасайды. Бұған ұйымнан əділ құны бойынша бағалау талап етілетін немесе ұйым өз еркімен солай бағалайтын активтер жəне міндеттемелер кірмейді. Мысалы, меншік, ғимараттар жəне құралдар əділ құнға қайта бағалануы мүмкін жəне биологиялық активтердің əділ құны бойынша бағалануы көбіне талап етіледі. Солай бола тұра, кейбір ұйымдар иеленетін активтерінің нақты бағалардың өзгерістерінің ықпалын көрсететін ағымдағы құн бойынша көзқарасқа негізделген қаржылық есептерін ұсынады.
7. Гиперинфляция жағдайында қаржы есептілігі, тарихи құнға негізделе ме немесе қалыпқа келтірілетін құнға негізделе ме, егер ол есептік күнгі қолданыстағы өлшем бірліктерінде көрсетілсе ғана пайдалы болып табылады. Соның нəтижесінде осы Стандарт гиперинфляциялық экономикасы бар елдің валютасымен қаржы есептілігін беретін ұйымның бастапқы қаржы есептілігіне қолданылады. Қайта қаралмаған қаржы есептілігіне толықтыру түрінде осы Стандарт талап ететін ақпаратты ұсынуға рұқсат берілмейді. Мұның үстіне, оны қайта есептегенге дейін қаржы есептілігін жеке ұсынуға жол берілмейді.
8. Функционалды валютасы гиперинфляциялық экономиканың валютасы болып табылатын ұйымның қаржы есептілігі ұйымның, ол активтердің бастапқы құнына негізделді ме, жоқ па қатысты кез келген ақпарат та есептік кезең соңындағы қолданыстағы өлшем бірліктерінің көрсеткіштерімен көрсетілуге тиіс. Салыстырмалы сомаларды ұсынылатын əртүрлі ұсыну валютасында ұсыну мақсатында 21 Валюталық бағам өзгерісінің əсері ХҚЕС-тың (IAS) 42(b) жəне 43-тармақтары қолданылады.
9. Таза ақша баптары бойынша пайда немесе залал таза табысқа қосылып, жеке ашып көрсетілуге тиіс.
10. Осы Стандартқа сəйкес есептілікті қайта қарау белгілі бір рəсімдердің, сондай-ақ субъективті шешімнің қолданылуын талап етеді. Осынау рəсімдерді кезеңнен-кезеңге дəйектілікпен қолдану қайта есептелген қаржы есептілігіне қосылған жиынтық сомалардың дəлдігінен де маңыздырақ.
Тарихи құн негізінде дайындалған қаржы есептілігі
Қаржылық жағдай туралы есеп
11. Есептік күнгі қолданыстағы өлшем бірліктерінде көрсетілмеген қаржылық жағдай туралы есептің сомалары бұларға бағалардың жалпы индексі қолданыла отырып қайта есептеледі.
12. Ақша баптары қайта қаралмайды, өйткені бұлар есепті күнгі қолданыстағы ақша бірліктерімен көрсетіліп қойылған. Ақшамен алуға немесе ақшамен төлеуге жататын ақша мен баптар ақша баптары болып табылады.
13. Шарт бойынша бағалардың өзгерістеріне байланысты индекстік облигациялар мен қарыздар тəрізді активтер мен міндеттемелер есептік күнгі өтелмеген соманы айқындау мақсатында шартқа сəйкес түзетіледі. Бұл баптар қайта есептелген қаржылық жағдай туралы есепте сондай түзетілген сомада ескеріледі.
14. Қалған басқа активтер мен міндеттемелер ақшалай емес болып табылады. Кейбір ақшалай емес баптар ықтимал таза құн жəне нарықтық құн тəрізді есептік күндегі қолданыстағы сомаларда есепке алынады, сондықтан бұлар түзетілмейді. Қалған барлық ақшалай емес активтер мен міндеттемелер қайта есептеледі.
15. Көптеген ақшалай емес баптар өзіндік құны бойынша немесе амортизациялық аударымдары шегерілген өзіндік құны бойынша бағаланады; сондықтан бұлар иелену күніндегі сомалармен көрсетіледі. Əрбір баптың айнымалы құнының немесе амортизациялық аударымдары шегерілген өзіндік құны оның бастапқы құнына жəне жиынтық амортизациялық аударымдарына иеленген күннен бастап есептік кезең аяғына дейінгі бағалардың жалпы индексінің өзгеру шамасын қолдану жолымен анықталады. Мысалы, меншік, жер жəне құралдар, шикізат жəне тауар қорларының, гудвиллдің, патенттердің, сауда маркаларының жəне осыған ұқсас активтер оларды сатып алынған күнінен бастап қайта қаралады. Ішінара дайын жəне дайын өнім қорларының құны сатып алу мен өңдеу шығындары жұмсалған күннен бастап қайта қаралады.
16. Меншік, жер жəне құралдардың жекелеген түрлерін сатып алған күндердің дəлме-дəл жазбалары болмауы ықтимал, ал оларды бағалау мүмкін емес. Мұндай сирек кездесетін жағдайларда осы Стандартты қолданудың бірінші кезеңінде оларды қайта есептеу үшін негіз ретінде баптардың құнын тəуелсіз кəсіби бағалауды пайдалану қажет болуы мүмкін.
17. Осы Стандартқа сəйкес меншік, ғимараттар жəне жабдықтардың құнын қайта есептеуді талап ететін кезеңдер үшін бағалардың жалпы индексі болмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда, мысалы, функционалды валюта мен біршама тұрақты шетел валютасы арасындағы айырбас мөлшерлемесіндегі өзгерістерге негізделген бағалауды қолдану қажет болуы мүмкін.
18. Кейбір ақшалай емес баптар, мысалы, анағұрлым бұрынғы күндері қайта бағаланған меншік, ғимараттар мен жабдықтардың сатып алыну немесе қаржылық жағдай туралы есепті жасау күндеріне сəйкес келмейтін күндердегі шын мəнісіндегі сомаларда ескеріледі. Бұл жағдайларда қаржылық жағдай туралы есептік құны қайта бағалау күнінен бастап қайта қаралады.
19. Тиісті ХҚЕС-ына (IFRS) сəйкес ақшалай емес баптың қайта қаралған сомасы, өтелетін сомасынан асып кеткенде, кемітіледі. Мысалы, меншік, ғимараттар жəне жабдықтардың, гудвиллдің, патенттер мен сауда белгілерінің қайта қаралған сомалары өтелетін соманың шамасына дейін кемітіледі жəне қорлардың түзетілген сомалары сатудың ықтимал таза құнына дейін кемітіледі.
20. Инвестиция салынатын, есебі қатысу əдісі бойынша жүргізілетін ұйым экономикасын гиперинфляция қамтыған елдің валютасымен есеп бере алады. Инвестицияланатын мұндай ұйымның қаржылық жағдай туралы есепі жəне толық табысы туралы есебі инвестордың таза активтердегі үлесін жəне пайда немесе шығынын есептеп шығару үшін осы Стандартқа сəйкес қайта қаралады. Инвестицияланатын ұйымның қайта қаралған қаржы есептілігі шетел валютасымен көрсетілгенде, ол есептік кезеңнің аяғындағы мөлшерлемесі бойынша аударылады.
21. Инфляция əсері əдетте қарыздар бойынша шығындарда танылады. Қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын күрделі шығындарды бір мезгілде түзету жəне сол бір кезең ішінде инфляцияны өтейтін қарыздар қаражатының сол бір бөлігін капиталдандыру тиімсіз. Қарыздар бойынша шығындардың осы бір бөлігі олар пайда болған кезеңдегі шығыс ретінде танылады.
22. Ұйымның активтерді қосымша есептелген пайыздарды төлемей, төлемдердің уақытын ұзартуға мүмкіндік беретін келісім бойынша алуына болады. Пайыздар сомасын жүктеу мүмкін болмаған жағдайда, мұндай активтер алынған күннен бастап емес, төлем жасалған күннен бастап түзетіледі.
23. [Жойылған].
24. Осы Стандартты қолданудың алғашқы кезеңінің басында капиталдың элементтері, қайта бөлінген пайда мен кез келген жеткізе бағалау сомаларын қоспағанда, осы элементтер қосылған немесе қандай да бір басқа жолмен пайда болған тиісті күндерден бастап бағалардың жалпы индексін қолдану арқылы қайта қаралады. Өткен кезеңдерде пайда болған кез келген жеткізе бағалау сомалары шығарып тасталады. Бөлінбеген пайданың қайта қаралған мəндері қайта есептелген қаржылық жағдай туралы есептің барлық басқа да сомаларынан шығарылады.
25. Алғашқы кезеңнің соңында жəне кейінгі кезеңдерде капиталдың барлық элементтері кезең басынан немесе, егер кешірек келсе, жарна күнінен бастап бағалардың жалпы индексін қолдану жолымен қайта түзетіледі. Кезең ішінде капиталда болған өзгерістер 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС-ына (IAS) сəйкес ашып көрсетіледі.
Жиынтық табыс туралы есептілік
26. Осы Стандарт толық табыс туралы есептегі барлық баптар есептік күнгі қолданыстағы өлшем бірліктерімен көрсетілуін талап етеді. Сонымен, барлық сомалар оларға бағалардың жалпы индексіндегі кірістер немесе шығыстар бабы бастапқыда қаржы есептілігіне жазылып қойылған күннен бастап болған өзгерісті қолдану арқылы қайта есептелуге тиіс.
Таза ақша баптары бойынша пайда немесе залал
27. Инфляция кезеңінде ақша активтері ақша міндеттемелерінен асып кеткен ұйым сатып алу қабілетін жоғалтады, ал ақша міндеттемелері ақша активтерінен артқан ұйым активтері мен міндеттемелері бағалар деңгейіне байланбаған дəрежеде сатып алу қабілетін ұлғайтады. Таза ақша баптары бойынша осы пайда немесе залал ақша емес активтерді, капиталды жəне пайдалар мен залалдар туралы есептің баптарын қайта қараудан жəне индекстелетін активтер мен міндеттемелерді түзетуден алынған айырма ретінде айқындалуы мүмкін. Пайда немесе залал кезең ішіндегі ақша активтері мен ақша міндеттемелері арасындағы айырманың орташа алынған мəніне бағалардың жалпы индексіндегі өзгерісін пайдалану арқылы бағалана алады.
28. Таза ақша баптары бойынша кіріс немесе шығыс пайда немесе залалға қосылады. Келісім бойынша баға өзгерістеріне байланған активтер мен міндеттемелерге 13-тармаққа сəйкес жасалған түзету таза ақша баптары бойынша кіріс немесе шығысқа кереғар есептеледі. Пайыздық кірістер мен шығыстар сияқты басқа кірістер мен шығындар жəне инвестицияланған немесе борыштық қаражатпен байланысты мөлшерлемелік айырмалар сияқты табыс жəне шығын туралы есептің басқа баптары да таза ақша баптарымен орайластырылады. Мұндай баптар жеке-дара талданып ашып көрсетілсе де, бұларды толық табыс туралы есепте таза ақша баптары бойынша кіріс немесе шығысымен бірге көрсету пайдалы болуы мүмкін.
Ағымдағы құн негізінде дайындалған қаржы есептілігі
Қаржылық жағдай туралы есептілік
29. Қалпына келтірілетін құн бойынша көрсетілген баптар түзетілуге жатпайды, өйткені бұлар есептілік күнгі қолданыстағы өлшем бірліктерінде көрсетілген. Қаржылық жағдай туралы есептіліктегі өзге баптар 11-25-тармақтарға сəйкес қайта есептеледі.
Жиынтықты табыс туралы есептілік
30. Қалпына келтірілетін құн бойынша пайдалар мен залалдар туралы есеп қайта қаралғанға дейін əдетте солардың негізіне жататын операциялардың немесе оқиғалардың болу кезіндегі шын мəнісіндегі шығындарды көрсетеді. Сатылған өнімнің өзіндік құны мен амортизациясы бұларды жүзеге асыру сəтіндегі ағымдағы құны бойынша есепке алынады; сату жəне өзге де шығыстар олардың пайда болу кезінде ақшалай көрсетіледі. Сонымен, барлық сомалар бағалардың жалпы индексін қолдану жолымен есептік күнгі қолданыстағы өлшем бірліктеріне аударуға жатады.
Таза ақша баптары бойынша пайда немесе залал
31. Таза ақшалай айқындамалар бойынша пайда немесе залал 27 жəне 28-баптарға сəйкес ескеріледі.
Салықтар
32. Осы Стандартқа сəйкес қаржы есептілігін қайта есептеу жеке активтер мен міндеттемелердің қаржылық жағдай есебі құны мен олардың салықтық негізі арасында айырмалардың пайда болуына əкеліп соғуы мүмкін. Бұл айырмалардың есепке алынуы Пайдаға салынатын салықтар ХҚЕС-ына (IAS) сəйкес жүргізіледі.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік
33. Осы Стандарт ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте барлық баптардың есептік күнгі қолданыстағы өлшем бірліктерінде көрсетілуін талап етеді.
Салыстырмалы көрсеткіштер
34. Алдыңғы есептік кезеңнің сəйкес көрсеткіштері бастапқы құнға негізделді ме, болмаса ағымдағы құнға негізделді ме, оған қарамастан, бұлар салыстырмалы қаржы есептілігі есептік кезеңнің соңында қолданыста болған өлшем бірліктерінде тапсырылатын болып, бағалардың жалпы индексін қолдану арқылы түзетіледі. Анағұрлым бұрынырақ кезеңдерге қатысты ашылатын ақпарат та есепті кезеңнің соңына қолданыстағы өлшем бірліктерімен көрсетіледі. Салыстырмалы сомаларды ұсынылатын əртүрлі ұсыну валютасында ұсыну мақсатында 21 Валюталық бағам өзгерісінің əсері ХҚЕС-ының (IAS) 42(b) жəне 43-тармақтары қолданылады.
Шоғырландырылған қаржы есептілігі
35. Гиперинфляциялық экономикасы бар елдің валютасымен есеп беретін бас ұйымның гиперинфляциялық экономикасы бар елдердің валюталарымен есеп беретін еншілес ұйымдары да болуы мүмкін. Мұндай еншілес ұйымның қаржы есептілігі оның бас ұйымы жасайтын шоғырландырылған қаржы есептілігіне қосылмас бұрын ол есеп беретін валютадағы елдің бағаларының жалпы индексін қолдана отырып, қайта есептелуге тиіс. Мұндай еншілес ұйым шетелдік еншілес ұйым болып табылғанда, оның қайта қаралған қаржы есептілігі кезең соңындағы мөлшерлемелер бойынша қайта есептеледі. Гиперинфляциялық экономикасы бар елдердің валютасында есеп бермейтін еншілес ұйымдардың қаржы есептілігі 21 Валюталық бағам өзгерісінің əсері ХҚЕС-ына (IAS) сəйкес өңделеді.
36. Есеп беру күндері əртүрлі қаржы есептіліктері шоғырландырылған жағдайда, барлық баптар, мейлі ақша баптары болсын-болмасын, шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау күніне қолданыстағы өлшем бірліктеріне қайта аударылуға тиіс. §
Бағалардың жалпы индексін таңдау мен пайдалану
37. Осы Стандартқа сəйкес қаржы есептілігін қайта қарау жалпы сатып алу қабілетіндегі өзгерістерді көрсететін бағалардың жалпы индексін пайдалануды талап етеді. Бір ғана елдің валютасымен есеп беретін барлық ұйымдардың сол индексті ғана пайдаланғаны жөн.
Гиперинфляция кезеңінен шығатын экономика
38. Экономика гиперинфляция кезеңінен шығып, ұйым осы Стандартқа сəйкес қаржы есептілігін жасап, ұсынуды тоқтатқанда, ол өзінің кейінгі қаржы есептіліктеріндегі қаржылық жағдай туралы есептік шамалар үшін негіз ретінде алдыңғы есептік кезеңнің соңында қолданыста болған өлшем бірліктерінде көрсетілген сомаларды пайдалануға тиіс.
Ақпаратты ашып көрсету
39. Қаржы есептілігінде мынадай ақпарат:
(a) қаржы есептілігі жəне өткен кезеңдердің тиісті көрсеткіштері функционалды валютаның жалпы сатып алу қабілетіндегі өзгерістерді ескере отырып қайта есептелу, сөйтіп, есептік күнге қолданыста болған өлшем бірліктерінде тапсыру фактісі;
(b) қаржы есептілігі бастапқы немесе сол күнгі құн негізінде жасалды ма; жəне
(c) есептік күнгі бағалар индексінің атауы мен деңгейі жəне ағымдағы жəне өткен есептік кезеңдер ішіндегі индекстегі өзгерістер ашып көрсетілуге тиіс.
40. Осы Стандарт талап ететін ашып көрсетулер қаржы есептілігінде инфляция ықпалының нəтижелерін көрсету əдісін бейнелеу үшін қажет. Бұлар сондай-ақ осы əдісті жəне қорытынды сомаларды түсіну үшін қажетті басқа да ақпаратты қамтамасыз етуге арналған.
41. Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1990 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігіне қатысты күшіне енеді.