9-шы Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IFRS 9)
«Қаржы құралдары»
1 Тарау Мақсаты
1.1 Бұл ХҚЕС-ң (IFRS) мақсаты ұйымның ақша айналымының сомасы, уақыт мерзімі және болашақ қаржы айналымының өзгергіштігін бағалау үшін қаржылық есептілікті пайдаланушыларға маңызды және пайдалы ақпаратты ұсынатын қаржы активтерін қаржылық есептілігінің принциптерін қалыптастыру болып табылады.
2 Тарау Қолдану аясы
2.1 Ұйым бұл ХҚЕС-ты 39 (IAS) Қаржы құралдары: тану және бағалау ХҚЕС аясындағы барлық активтерге қатысты қолдануы тиіс.
3 Тарау Тану және тануды тоқтату
3.1 Қаржы активтерінің бастапқы танылуы |
3.1.1 Ұйым құралдың келісімшарт шарттарының бір жағы болған уақытта ғана, ол қаржы жағдайында қаржы активін тануы тиіс (B3.1.1 және B3.1.2 -тармақтарын қараңыз). Ұйым қаржы активін бірінші болып таныған уақытта оны 4.1.1 -4.1.5- тармақтарына сәйкес сыныптауы және 5.1.1 мен 5.1.2- тармақтарына сәйкес бағалауы тиіс. Ұйым қаржы міндеттілігін бірінші болып таныған уақытта оны 4.2.1 және 4.2.2 -тармақтарына сәйкес сыныптауы және 5.1.1- тармағына сәйкес бағалауы тиіс.
Қаржы активтерін стандартты түрде сатылуы және сатып алынуы
3.1.2 Қаржы активтерін стандартты түрде сатылуының және сатып алынуы сату күні есебі мен сату күнін белгілеу есебін (B3.1.3-B3.1.6 тармақтарын қараңыз) қолдана отырып танылуы және танылуының тоқтатылуы тиіс.
3.2 Қаржы активтерін тануды тоқтату |
3.2.1 Шоғырландырлған қаржы есептілігінде 3.2.2-3.2.9, B3.1.1, B3.1.2 және B3.2.1-B3.2.17- тармақтары шоғырландырылған деңгейде қолданылады. Сондықтан, ұйым бірінші 27 ХҚЕС-на (IAS) «Шоғырландырылған және жеке қаржылық есеп» және 12 ТТК (SIC) «Ұйымды арнайы мақсатта шоғырландыру» стандарттарына сай еншілес ұйымдарды шоғырландырады, оның нәтижесінде алынған топқа 3.2.2-3.2.9, B3.1.1, B3.1.2 және B3.2.1-B3.2.17 -тармақтарын қолданады.
3.2.2 3.2.3 - 3.2. 9- тармақтарына сай тануды тоқтау қаншалықты және қандай деңгейде дұрыс болатындығын бағаламас бұрын төмендегідей жолмен ұйым қаржы активтерінің бөлігі (немесе аналогиялық қаржы активтері тобының бөлігіне) немесе жалпы қаржы активтеріне(немесе аналогиялық қаржы активтері тобына) бұл тармақтарды қолданудың қажеттігін анықтап алуы тиіс
(а) Ұйым тек қаржы активтерінің бөлігіне (немесе аналогиялық қаржы активтері тобының бөлігіне) ғана 3.2.3 - 3.2.9 -тармақтарын қолданады, егер танылуы тоқтатылатын бөлік үшін төмендегі үш шарттың бірі тура келсе:
(i) Егер бұл бөлік қаржы активі бөлігінен (немесе аналогиялық қаржы активтері тобының бөлігіне) шығатын нақты идентифициаланған ақша қоры ағымының үлесін қамтитын болса. Мысалы, ұйым контрагентке борыштық міндеттемеден шығатын негізгі ақша қорының ағымынан емес, пайыздан шығатын ақша қорына құқық беретін пайыздық мөлшерлемесі бар купон шығаруды ұйғарса, онда 3.2.3 - 3.2.9- тармақтары пайыздан шығатын ақша қорының ағымына қолданылады.
(ii) Егер бұл бөлік қаржы активі бөлігінен шығатын толық пропорционалды (теңдей бөлінген) ақша қоры ағымының үлесін қамтитын болса (немесе аналогиялық қаржы активтері тобын). Мысалы, ұйым контрагенттің үлестік құралдан шығатын барлық ақша қоры ағымына 90 пайыздық үлеске құқылы болуына келісімге келеді. Бұл жағдайда 90 пайыздықақша қоры ағымына 3.2.3 - 3.2.9 -тармақтары қолданылады. Егерде контрагент саны біреуден көп болса, және өткізуші ұйымның үлесі толықтай пропорционалды болған жағдайда, онда әрбір контрагенттің үлесі пропорционалды болуы талап етілмейді.
(iii) Бұл бөлікте қаржы активі бөлігінен (немесе аналогиялық қаржы активтері тобына) шығатын нақты идентифициаланған ақша қоры ағымының тек пропорционалды (теңдей бөлінген) үлесі қарастырылады. Мысалы, ұйым контрагенттің үлестік құралданшығатын барлық ақша қоры ағымына 90 пайыздық үлеске құқылы болуына келісімге келеді. Бұл жағдайда пайыздан түсетін ақша қоры ағымының сол 90 пайызына 3.2.3 - 3.2.9 -тармақтары қолданылады. Егерде контрагент саны біреуден көп болса, және өткізуші ұйымның үлесі толықтай пропорционалды болған жағдайда, онда әрбір контрагенттің нақты идентифициаланған ақша қоры ағымының үлесі пропорционалды болуы талап етілмейді.
(b) Қалған жағдайлардың бәрінде балық қаржы активтері (немесе аналогиялық қаржы активтері тобына) үшін 3.2.3 - 3.2.9 -тармақтары қолданылады. Мысалы, ұйым (i) қаржы активінің(немесе қаржы активтері тобының) ақшақорының түсімінің алғашқы немесе соңғы 90 пайызын алуға немесе (ii) дебиторлық қарыз тобынан ақша қоры ағымының 90 пайызына құқығын берсе, бірақ сатып алушыға негізгі дебиторлық қарыз көлемінен 8 пайызға дейін несиелік залалдың орнын толтыруға кепілдік беретін болса, онда 3.2.3 - 3.2.9- тармақтары барлық осы қаржы активтеріне қолданылады( немесе аналогиялық қаржы активтері тобына).
3.2.3 - 3.2.9 -тармақтарындағы «қаржы активі» термині қаржы активінің бөлігі дегенді (немесе аналогиялық қаржы активтері тобы) жоғарыда (а) тармақшасында көрсетілгендей немесе барлық қаржы активі дегенді (немесе барлық қаржы активтері тобы) білдіреді.
3.2.3 Ұйым төмендегі жағдайда қаржы активтерін тануды тоқтатуы тиіс, егер тек:
(а) осы қаржы активтерінен түсетін қаржы қорының ағымына келісілген құқығы мерзімінен шыққан кезде, немесе
(b) ол қаржы активін 3.2.4 и 3.2.5 -тармақтарында көрсетілгендей өткізетін болса, оған қоса 3.2.6 тармағына сай өткізу барысы тануды тоқтау талаптарын қанағаттандырған болса.
(Қаржы активтерін стандартты шарт негізінде сату бойынша 3.1.2- тармағын қараңыз)
3.2.4 Ұйым қаржы активін келесі шарттар орындалғанда ғана өткізеді:
(а) ол осы қаржы активінен ақша құралдарының ағымын алуға келісімдік құқықтарды алуға; немесе
(b) қаржы активінен ақша құралдарының ағымын алуға келісімдік құқықтарды сақтап қалады, бірақ 3.2.5. тармағында көрсетілген шарттарды қанағаттандыратын келісім-шартқа сәйкес, осы ақша құралдарын бір немесе одан көп алушыларға төлеуге міндеттенеді.
3.2.5 Ұйым қаржы активінен («бастапқы актив») ақша құралдарының ағымын алуға келісімдік құқықтарды сақтап қалса, бірақ осы ақша құралдарын бір немесе одан көп алушыларға («соңғы алушы») төлеу туралы міндеттеме алса, бұл ұйым тек төмендегі барлық 3 шарт орындалған кезде аталған опреацияны қаржы активін өткізу ретінде қарастырады.
(а) Ұйым бастапқы актив бойынша эквивалентті сома алмаған жағдайда, соңғы алушыларға соманы төлеу міндеттемесіне ие болмайды. Ұйымның нарықтық бағам бойынша қосылған пайыздарды қоса алғанда берілген соманы толық өтеу құқығымен қысқа мерзімді алдын-ала төлемдер беруі бұл шартты бұзбайды.
(b) ақша қаражаттарын өткізу туралы келісімнің шарттарына сай, соңғы алушының оларға ақша қаражаттарын төлеп беру міндеттемесін қамтамасыз ету ретінде өткізуді қоспағанда, ұйымға бастапқы активті сатуға немесе кепілдікке беруге тыйым салынады.
(c) Ұйым соңғы алушылардың атынан жиналатын ақша қаражаттарын айтарлықтай кешіктірусіз аудару міндеттемесі бар. Осыдан өзге, ақша қаражаттарын алу мерзімінен оларды соңғы алушыларға аудару талабының мерзіміне дейінгі есеп-қисап өткізудің қысқа кезеңдік уақытында ақша қаражаттарына немесе эквивалентті ақша қаражаттарына инвестиция салуды қоспағанда, ұйымның осы ақша қаражаттарын қайта инвестициялауға құқығы жоқ (ХҚЕС (IAS) 7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік» көрсетілгендей), сонымен бірге, осындай инвестициядан түскен пайыздар соңғы алушыларға өткізіледі..
3.2.6 Ұйым қаржы активін өткізген кезде (3.2.4 қараңыз), ол қаржы активін иемденумен байланысты сақталатын тәуекелдер мен сыйақылар деңгейін бағалауы тиіс. Бұл жағдайда:
(а) егер ұйым қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды өткізсе, ол қаржы активін тануды тоқтатып, осыдан бөлек активтер және міндеттемелер ретінде өткізу кезінде құрылған немесе сақталып қалғандарын тануы тиіс.
(b) егер ұйым қаржы активін иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалса, ол қаржы активін тануды жалғастыруы тиіс.
(c) егер ұйым қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдерді және сыйақыларды өткізбесе және сақтап қалмаса, ол қаржы активін бақылауды сақтап қалғандығын анықтауы тиіс. Бұл жағдайда:
(i) егер ұйым бақылауды сақтап қалмаса, онда ол қаржы активін тануды тоқтатып, осыдан бөлек активтер және міндеттемелер ретінде өткізу кезінде құрылған немесе сақталып қалғандарын тануы тиіс.
(ii) егер ұйым бақылауды сақтап қалса, ол қаржы активін тануды қаржы активінде қатысуын жалғастырып жатқан деңгейде жалғастыруы тиіс (қараңыз 3.2.16).
3.2.7 Тәуекелдер мен сыйақыларды өткізу (3.2.6 -қараңыз) ұйым активті өткізгеннен кейін тап болатын, өткізілген активтен түскен таза ақша ағымдарының сомалары мен мерзімдері өзгеруінің тәуекелін салыстыру арқылы бағаланады. Егер ұйым өзі тап болған, қаржы активінен түсетін болашақ ақша құралдарының таза ағымының келтірілген құнының өзгеру тәуекелі өткізу нәтижесінде айтарлықтай өзгеріске ұшырамаса (мысалы, ұйым қаржы активін белгіленген баға бойынша немесе кредитордың пайдасын қоса алғанда сату бағасы бойынша қайта сатып алу шартымен сатып жіберуіне байланысты) ұйым қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақылардысақтап қалады.Егер ұйым қаржы активін иемденумен байланысты өзгерістер тәуекелі қаржы активімен байланысты, қаржы активінен түсетін болашақ ақша құралдарының таза ағымының келтірілген құнының жалпы ықтимал өзгеруіне қатысты маңызды болмаса, ұйым қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды өткізген болып саналады (мысалы, ұйым қаржы активін қайта сатып алу ықтималдығын қайта сатып алу кезінде тек әділ құн бойынша сатумен немесе займға қатысу келісімшарты секілді 3.2.5 -тармағының шарттарына жауап беретіндей, үлкенірек қаржы активінен түсетін ақша қаражаттары ағымының толықтай мөлшерлес үлесін өткізумен байланысты).
3.2.8 Көптеген жағдайларда ұйымның қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды өткізгені айқын болады және қандай да бір есеп-қисаптарды орындау қажеттілігі жоқ. Өзге жағдайларда өткізуге дейінгі және өткізуден кейінгі келешек ақша қаражаттарының таза ағымының келтірілген құнының өзгеруімен байланысты ұйымның тәуекелдерін есептеу және салыстыру қажет. Есептеу және салыстыру дисконттау мөлшерлемесі ретінде сәйкес ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлемені пайдалану арқылы жасалады. Ақша қаражатының таза ағымының барлық негізді өзгерістері ескеріледі, осымен бірге, туындау ықтималдығы жоғары нәтижелерге көбірек назар аударылады.
3.2.9 Ұйымның өткізілген активке бақылауын сақтап қалуы (3.2.6(с) -тармағын қараңыз) қабылдаушы тараптың активті сату мүмкіндігіне байланысты. Егер қабылдаушы тараптың барлық активті байланысты емес үшінші тарапқа іс жүзінде сатып жіберу мүмкіндігі болса, және осымен бірге қабылдаушы тарап аталған мүмкіндікті осындай өткізуге қосымша шектеулер қолданусыз біржақты түрде қабылдай алса, ұйым бақылауды сақтамайды.
Тануды тоқтату талаптарын қанағаттандыратын өткізулер
3.2.10 Егер ұйым қаржы активін тануды тоқтату талаптарына сай өткізсе, және қаржы активіне сыйақыға қызмет көрсету құқығын сақтап қалса, онда ол осындай қызмет көрсету келісімшарты бойынша активті немесе міндеттемені тануы тиіс. Егер алынатын сыйақы ұйымның көрсеткен қызметін жеткілікті шамада өтемейтіні күтілетін болса, мұндай жағдайда қызмет көрсету бойынша міндеттеме әділ құн бойынша танылуы тиіс. Егер алынатын сыйақы қызмет көрсету үшін жеткіліктіден көбірек күтілетін болса, 3.1.13 -тармағына сәйкес, үлкенірек қаржы активінің баланстық құнын бөлу негізінде анықталған көлемдегі қызмет көрсету құқығымен ұсынылған қызмет көрсету бойынша актив танылуы тиіс.
3.2.11 Егер өткізу нәтижесінде қаржы активін тану толық көлемде тоқтатылса, бірақ өткізу нәтижесінде ұйым жаңа қаржы активін иемденуге немесе жаңа қаржы міндеттемесін, немесе қызмет көрсету бойынша міндеттеме қабылдауға әкеп соқса, онда ұйым жаңа қаржы активін, қаржы міндеттемесін немесе қызмет көрсету міндеттемесін әділ құн бойынша тануы тиіс.
3.2.12 Қаржы активін тануды толық көлемде тоқтату кезінде:
(а) баланстық құнның (тануды тоқтату күнінде бағаланған) және
(b) алынған өтемақы сомасының (жаңа қабылданған міндеттемені алып тастағанда, жаңа алынған активті қоса отырып) арасындағы айырмашылық пайда мен залал құрамында танылуы тиіс.
3.2.13 Егер өткізілген актив үлкен қаржы активінің бөлігі болса (мысалы, ұйым қарыз құралының бөлігі болып табылатын ақша қаражаты ағымдарын өткізген кезде) (3.2.2(а) -тармағын қараңыз), және осы өткізілген бөлік тануды тоқтату талаптарын толықтай қанағаттандыратын болса, алдыңғы үлкен қаржы активінің баланстық құны танылуы жалғасып жатқан бөлік пен танылуы тоқтатылған бөлік арасында, осы бөліктердің өткізу күніндегі салыстырмалы әділ құнға негізделе отырып, бөлінуі тиіс.
Осы мақсатта қызмет көрсету бойынша сақталған актив есепте танылуы тоқтатылмаған актив ретінде көрсетілуі тиіс.
(а) танылуы тоқтатылған бөлікке жатқызылған баланстық құн (тануды тоқтату күнінде бағаланған), және
(b) танылуы тоқтатылған бөлік үшін алынған өтемақы сомасы (жаңа қабылданған міндеттемені алып тастағанда, жаңа алынған активті қоса отырып) арасындағы айырмашылық пайда мен залал құрамында танылуы тиіc.
3.2.14 Егер ұйым үлкен қаржы активінің алдыңғы баланстық құнын танылуы жалғасып жатқан бөлік пен танылуы тоқтатылған бөлік арасында бөлсе, танылуы жалғасып жатқан бөліктің әділ құны анықталуы тиіс. Егер ұйым танылуы жалғасып жатқан активке балама актив бөліктерін сату тәжірибесіне ие болса, немесе активтің осы іспеттес бөліктеріне арналған басқа да нарықтық операциялар бар болса, нақты операциялардың соңғы бағалары активтің осы бөлігінің ең жақсы әділ құнын бағалауды қамтамасыз етеді. Егер танылуы жалғасып жатқан актив бөлігінің әділ құнын анықтауға негіз бола алатын белгіленген баға немесе таяуда өткізілген нарықтық операциялар болмаса, үлкен қаржы активінің толық әділ құны ментанылуы тоқтатылған активтің бөлігі үшін қабылдаушы тарап беретін өтемақы арасындағы айырмашылық ең жақсы бағалау болып табылады.
Тануды тоқтату талаптарын қанағаттандырмайтын өткізулер
3.2.15 Егер ұйымның өткізілген активті иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалғандықтан өткізу тануды тоқтатуға әкеп соқпаса, онда ұйым өткізілген активті толық көлемде тануы тиіс және алынған өтемақыға қатысты қаржылық міндеттемені тануы тиіс. Келесі кезеңдерде ұйым өткізілген активтен түсетін барлық түсімдерді және қаржылық міндеттеме бойынша келтірілген шығындарды тануы тиіс.
Өткізілген активтегі жалғаспалы қатысу
3.2.16 Егер ұйым өткізілген активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды не өткізбесе, не сақтамаса, және өткізілген активке бақылауын сақтап қалса, онда ұйым өзінің осы өткізілген активтегі қатысу деңгейіне байланысты тануын жалғастыра береді. Ұйымның өткізілген активтегі жалғаспалы қатысуының деңгейі өткізілген актив құнының өзгеру тәуекеліне ұшырау қаупі болып табылады. Мысалы:
(а) егер ұйымның жалғаспалы қатысуы өткізілген актив бойынша кепілдеме формасында болса, онда ұйымның жалғаспалы қатысуының деңгейі (i) актив көлемінің және (ii) ұйым қайтаруға міндеттелуі ықтимал («кепілдік сомасы»)., алынған сыйақының ең үлкен сомасының ең кіші көлемі болып табылады.
(b) егер ұйымның жалғаспалы қатысуы өткізілген активке шығарылған немесе сатып алынған опцион түрінде болса (немесе екеуі бірдей), онда ұйымның жалғаспалы қатысу деңгейі ұйым сатып ала алатын, өткізілген активтің көлемімен бірдей. Дегенмен, әділ құн бойынша бағаланатын, активті сатуға шығарылған опцион жағдайында, ұйымның жалғаспалы қатысуының деңгейі өткізілген активтің әділ құнының және опционды орындау бағасының ең аз көлемімен шектелген (В3.2.13 -тармағын қараңыз).
(c) егер ұйымның жалғаспалы қатысуы есеп айырысуы ақша құралдарымен жүзеге асырылатын опцион немесе өткізілген актив бойынша балама резерв түрінде болса, онда ұйымның жалғаспалы қатысу деңгейі жоғарыда (b) тармағында көрсетілгендей, есеп айырысуы ақшалай емес құралдармен жүзеге асырылатын опцион ретіндегідей бағаланады.
3.2.17 Егер ұйым активті өзінің қатысуы деңгейіндегідей тануын жалғастырып жатса, онда ұйым онымен байланысты міндеттемені де таниды. Осы стандарттың бағалауға қатысты өзге талаптарына қарамастан, өткізілген актив және байланысты міндеттеме ұйым сақтап қалған құқықтар мен міндеттемелерді көрсететін негізде бағаланады. Байланысты міндеттеменің құны өткізілген активтің және байланысты міндеттеменің таза баланстық құны:
(а) егер өткізілген актив амортизацияланған құн бойынша бағаланса, ұйым сақтап қалған құқықтар мен міндеттемелердің амортизацияланған құны; немесе
(b) егер өткізілген актив әділ құн бойынша бағаланатын болса, жеке негізде бағаланатын, ұйым сақтап қалған құқықтар мен міндеттемелердің тең әділ құны болып табылатындай есептеледі.
3.2.18 Ұйым өткізілген активтегі жалғаспалы қатысуының деңгейіне сай, кез-келген түсімді тануы тиіс, және байланысты міндеттеме бойынша шығындарды тануы тиіс.
3.2.19 Келесі бағалаулар мақсатында өткізілген активтің және байланысты міндеттеменің әділ құнындағы танылған өзгерістер сатылы түрде 5.7.1 -тармағына сәйкес есепке алынады және өзара есептелінбеуі тиіс.
3.2.20 Егер ұйым қаржы активінің тек бір бөлігіне қатысуын жалғастырып жатса, (мысалы, егер ұйым өткізілген активті қайта сатып алу құқығын сақтап қалады немесе ұйымның бақылауды сақтай отырып, бірақ қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтамайды) онда ұйым қаржы активінің алдыңғы баланстық құнын актив бөліктерінің өткізу күніндегі әділ құнына негізделе отырып, өзінің жалғаспалы қатысуы нәтижесінде тануын жалғастырып жатқан бөлік пен танылуы тоқтаған бөлік арасында бөледі.
Бұл мақсатқа 3.2.14- тармағының талаптары қолданылады.
(а) бұдан әрі танылмайтын бөлікке берілген баланстық құн (тануды тоқтату күніне бағаланған) мен
(b) танылуы тоқтатылған бөлікке алынған өтемақы сомасы арасындағы айырмашылық түсім мен шығын құрамында танылуы тиіс.
3.2.21 Егер өткізілген актив амортизацияланған құн бойынша бағаланса, осы стандарт қарастыратын, қаржылық міндеттемені түсім мен шығын арқылы әділ құн бойынша есептелетін ретінде сыныптау мүмкіндігі байланысты міндеттемеге қолданылмайды.
Барлық өткізулер
3.2.22 Егер өткізілген активті тану жалғасып жатса, онда актив және байланысты міндеттеме өзара есептелмеуі тиіс. Баламалы түрде, ұйым өткізілген активтен келетін шығындарды байланысты міндетемелерден келетін шығындармен өзара есептемеуі тиіс. (32 ХҚЕС (IAS) «Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну», 42 -тармағын қараңыз).
3.2.23 Егер өткізуші тарап қабылдаушы тарапқа ақшалай емес қамтамасыздандыру ұсынса (қарыздық немесе үлескерлік құрал сияқты), өткізуші және қабылдаушы тараптың осы қамтамасыздандыруды есепке алуы қабылдаушы тараптың осы қамтамасыздандыруды сатуға немесе қайта кепілдікке қою құқығына ие болуына, және өткізуші тараптың өз міндеттемелерін орындауына тәуелді. Өткізуші және қабылдаушы тараптар мұндай қамтамасыздандыруды келесі жолмен көрсетуі тиіс:
(а) Егер қабылдаушы тарап, келісімшартқа немесе жалпы қабылданған тәжірибеге сай осы қамтамасыздандыруды сатуға немесе қайта кепілдікке қоюға құқылы болса, онда өткізуші тарап мұндай активті өзінің қаржы жағдайы туралы есебінде (мысалы, кері сатып алу бойынша қарыз құралының немесе дебиторлық келісімшарттың кепіліне берілген қарыз активі ретінде) басқа активтерден бөлек сыныптауы тиіс.
(b) Егер қабылдаушы тарап өзіне кепілдемеге берілген қамтамасыздандыруды сататын болса, онда ол сатудан түсімді тануы және әділ құн бойынша бағаланған осы қамтамасыздандыруды қайтаруы тиіс.
(c) Егер өткізуші тарап келісімшарт шарттарын орындамаса және осындай қамтамасыздандыруды кері қайтарып алуға құқығы жоқ болса, онда ол бұл қамтамасыздандыруды тануын тоқтатуы тиіс, ал қабылдаушы тарап бұл қамтамасыздандыруды әділ құн бойынша бағаланған өз активі ретінде немесе бұл қамтамасыздандыруды сатып жіберген болса, өзінің қамтамасыздандыруды қайтару міндетін тануын тоқтатуы тиіс.
(d) (с) тармағында қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, бұл қамтамасыздандыруды өткізуші тарап өз активі ретінде есептеуі, ал қабылдаушы тарап актив ретінде есептемеуі тиіс.