7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау -ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу, оның ішінде жедел ден қою сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау және қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы - жер қорғаудың және пайдаланудың белгіленген режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесі;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу - мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау мен пайдаланудың оңтайлы режимін белгілеу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу;
12) жаратылыстану-ғылыми негіздеме - мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын ғылыми бағалау;
13) интродукция - өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн олар мекендейтiн орта шегiнен тыс жерлерге әдейi көшіру немесе кездейсоқ көшіру;
14) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы;
15) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының ерекше бағалы екпелері, сулы-батпақты алқаптар, негізгі орнитологиялық аумақтар, бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері, өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, өсімдіктер дүниесінің бірегей жеке-дара объектілері;
16) рекреациялық жүктеме - есепке алу кезеңінде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны;
17) Табиғат жылнамасы - мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы;
18) табиғи кешендер - ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектiлерiнiң жиынтығы;
19) табиғи кешендердi орнықты пайдалану - табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;
20) табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемелерi) және мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
21) техникалық-экономикалық негіздеме - мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағалау;
22) экологиялық дәлiз - тiрi табиғат объектiлерiнiң табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiмен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектiлерi учаскелерiн бiлдiретiн экологиялық желiнiң бiр бөлiгi;
23) экологиялық желi - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерiмен экологиялық дәлiздер арқылы байланысқан және өңiрдiң табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлi санаттар мен түрлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешенi.»;
3) 3-баптың 2) тармақшасындағы «мен бақылау» деген сөздер «, бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-тараудың тақырыбындағы «және бақылау» деген сөздер «, бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 6-бапта:
2) тармақша «уәкiлеттi» деген сөздің алдынан «аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) және 5) тармақшалардағы «заңнамалық» деген сөз «заңдарымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 7-бапта:
бірінші абзацындағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін алып қоюға шешім қабылдау;»;
4) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын;»
жетінші абзац алып тасталсын;
оныншы абзац «республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттiк» деген сөздер «республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік» деген сөздермен, «тәртібін бекіту» деген сөздер «тәртібін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын;
осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда жергілікті халықтың мұқтаждары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын;
өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерінің тізбесін бекіту;»;
5) тармақшадағы «сатып алу арқылы» деген сөздер «мемлекет мұқтажы үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-2) тармақшадағы «республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттiк» деген сөздер «республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
«6-3) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін алып қою туралы шешім қабылдау;»;
7) 8-бапта:
тақырып «Уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «және оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшадағы «үйлестіру» деген сөз «салааралық үйлестіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «тізбесін» деген сөзден кейін «әзірлеу және» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату тәртібін әзірлеу және олардың аумақтарын кішірейту жөнінде ұсыныстар енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келісу;
5-2) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратуды және олардың аумағын кішірейтуді келісу;
5-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің санатына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру;»;
6) тармақшада:
үшінші абзацта:
«құрудың немесе кеңейтудің» деген сөздер «құру және кеңейту жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әзірлеу» деген сөзден кейін «, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын;»;
алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын;
сегізінші абзацта «мекемесінің рәміздерін» деген сөздерден кейін «(эмблемасы мен туын)» деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«өзінің қарауындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін;
заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) мыналарды:
республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын;
табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын;
жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын;
осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін;
өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің санатына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібін;
табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесін әзірлеу және бекіту;»;
9) тармақшада:
«негіздемелердің» деген сөз «негіздемелер жобаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«аумақтарды» деген сөзден кейін «, экологиялық дәліздерді» деген сөздермен, «ұйымдастыру» деген сөзден кейін «және бекіту» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшадағы «ғылыми-зерттеу жұмыстарын» деген сөздер «ғылыми қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметтерді жүзеге асыру мен мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің туристік және рекреациялық қызметтерді жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;
14-2) өздеріне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру;
14-3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеулік аулауды, молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру;»;
15) тармақша «бақылауды» деген сөзден кейін «және қадағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақша «нысандық киім» деген сөздердің алдынан «айырым белгілері бар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5), 16-6), 16-7) және 16-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
16-2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін әзірлеу;
16-3) республикалық маңызы бар табиғаттың мемлекеттік ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау режимі түрін бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
16-4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биоалуандылығын сақтауға және дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар тізбесін бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
16-5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келісу;
16-6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін қордағы жерлерге ауыстыру тәртібін әзірлеу;
16-7) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалды аймақтандыруды түзету жобаларын келісу;
16-8) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлеу;»;
17) тармақша «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «өз құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылып, «экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын» деген сөздер алып тасталсын;
18) тармақша «ынтымақтастықты» деген сөзден кейін «және халықаралық шарттарды іске асыруды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аумақтық бөлімшелер өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.»;
8) 9-бапта:
2) тармақшадағы «негiздемелердi» деген сөз «негiздемелердiң жобаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«бекiтедi» деген сөздің алдынан «әзірлейді және» деген сөздермен толықтырылсын;
«тiркелуiн» деген сөзден кейін «(қайта тiркелуiн)» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «ерекше» деген сөздің алдынан «өздерінің қарауындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
9) 10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
9) тармақшада:
«бекiтедi» деген сөз «әзірлейді және бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тiркеуге» деген сөзден кейін «(қайта тіркеуге)» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша «бақылауды» деген сөзден кейін «және қадағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратады және олардың аумақтарын кішірейтеді;
16) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
10) 11-бапта:
тақырып және 1-тармақ «бақылау» деген сөзден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
11) 12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «саласындағы мәселелер» деген сөздер «мәселелері» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 13-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «жүйесiн» деген сөздің алдынан «және экологиялық желілер» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «айқындайтын» деген сөзден кейін «биоалуандылықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 14-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды «республикалық маңызы бар» санатынан «жергілікті маңызы бар» санатына ауыстыруға жол берілмейді.»;
14) 17-баптың 2-тармағындағы «Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдар» деген сөздер «Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 18-баптың 1-тармағы «айналасында» деген сөзден кейін «және олардың шекараларында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 19-баптың тақырыбы және 2-тармағы «рәмiздерi», «рәмiздерiн» деген сөздерден кейін тиісінше «(эмблемасы мен туы)», «(эмблемасы мен туын)» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 20-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «оң қорытындысы болған жағдайда» деген сөздер «оң қорытындысын алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте «әзірлеуді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ оларды түзетуді» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «(бұдан әрi - жаратылыстану-ғылыми негiздеме)» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «(бұдан әрi - техникалық-экономикалық негiздеме)» деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшадағы «сатып алынатын» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша «аумақты» деген сөздің алдынан «ерекше қорғалатын табиғи» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен» деген сөздер алып тасталсын;
18) 22-баптың 6-тармағындағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi» деген сөздер «Табиғи кешендер» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 23-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.»;
20) 24-бапта:
1-тармақтағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламаларына және бекітілген» деген сөздер «Бекiтiлген» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «, сондай-ақ олар жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін» деген сөздер алып тасталсын;
21) 25-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.»;
22) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
«32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
1. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы Қазақстан Республикасының аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жай-күйі, оларды зерттеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шаралар туралы мәліметтер жиынтығын қамтитын, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлері тізбелерінің суреттермен безендірілген басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы сонымен бір мезгілде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында тұрақты немесе уақытша мекендейтін, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер (биік және аласа) мен жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) түрлері (кіші түрлері, таралымдары) енгізіледі.
3. Саны және орнықты тіршілік ету жағдайлары табиғи еркіндік жағдайында олардың өсімін молайтуға және генетикалық қорын сақтауға қатер төнуді болдырмайтын шекке дейін қалпына келтірілген өсімдіктер мен жануарлар түрлері (кіші түрлері, таралымдары) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабынан шығарылуға жатады.
4. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізуді бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлардың суреттермен безендірілген тізбелері ресми жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Мыналар:
1) арнайы жасалған жағдайларда көбейту;
2) ғылыми зерттеулер;
3) селекция үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін алып қою жүзеге асырылады.
6. Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету уәкілетті орган берген рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
7. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу және одан шығару жөнінде ұсынымдар тұжырымдау үшін құрамы мен ережесін уәкілетті орган бекітетін ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар құрылады.»;
23) 33-бапта:
1-тармақтың 11) тармақшасы «нысанды киiм» деген сөздердің алдынан «айырым белгілері бар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «нысанды киiм» деген сөздердің алдынан «айырым белгілері бар» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 35-бапта:
1) тармақша «бағдарламаларын,» деген сөздерден кейін «табиғат қорғау мекемелерін басқару жоспарларын,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «аймағының» деген сөзден кейін «жер бөлудің жерге орналастыру жобасын жасау және» деген сөздермен толықтырылсын;
25) 38-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның бірінші абзацындағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың» деген сөздер алып тасталсын, «табиғи кешендерiн» деген сөздер «табиғи кешендердi» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
төртінші абзац «(шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау)» деген сөздермен толықтырылсын»;
бесінші абзацта «елдi» деген сөздің алдынан «ормандарды молайту және» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«шектеулi шаруашылық қызмет тауарларын өткiзуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерiн отырғызудан түсетін табыстар;»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден);»;
3) тармақшадағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін» деген сөздер «рәміздерді (эмблема мен туды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «қайырымалдықтары есебiнен құралады.» деген сөздер «қайырымалдықтары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) гранттардан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражатынан;
7) осы Заңның 82-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер есебiнен құралады.»;
26) 40-бапта:
1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) орман қорғау іс-шараларын жүзеге асыру үшін қажет санитариялық мақсатта ағаш кесуді қоспағанда, өсімдік қабатының бұзылуына әкеп соғатын орман пайдаланудың барлық түрлеріне, оның ішінде тағамдық, дәрілік және техникалық өсімдіктер, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын, шөп шабуға, мал жаюға және өсімдіктер дүниесін пайдаланудың басқа да түрлеріне;»;