3) 6-баптың 3) тармақшасы «жануарлар дүниесiнiң» деген сөздердің алдынан «бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, өңдеу және олардың уылдырығын және мемлекеттік монополияға жатқызылған өнімнің басқа түрлерін экспорттау жөніндегі қызметті қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 6-1-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мамандандырылған ұйымдар;»;
6) тармақша алып тасталсын;
8) тармақшадағы «субъектілері кіреді.» деген сөздер «субъектілері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
9-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«9) аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері кіреді.»;
5) 8-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
6) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін әкімшілік орган мен ғылыми ұйымды айқындайды;»;
6-2) тармақша «түрлерін» деген сөзден кейін «, олардың бөліктерін немесе дериваттарын» деген сөздермен толықтырылсын;
6-3) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейін «, реинтродукциялау» деген сөзбен толықтырылсын;
7) және 7-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекітеді;
7-1) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидасын бекітеді;»;
12) тармақша алып тасталсын;
14-2) тармақшадағы «тәртібін айқындайды» деген сөздер «қағидасын бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-1) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейін «, реинтродукциялау» деген сөзбен толықтырылсын;
17-1) тармақша «түрлерiн» деген сөзден кейін «, олардың бөліктерін және дериваттарын» деген сөздермен толықтырылсын;
17-2) тармақшадағы «жануарлар дүниесін» деген сөздер «жануарлар дүниесі объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы «жүргiзудiң тәртібін белгілейді» деген сөздер «жүргізу қағидасын бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 24-5), 24-6), 24-7), 24-8), 24-9), 24-10), 24-11), 24-12) және 24-13) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-5) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидасын бекітеді;
24-6) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидасын бекітеді;
24-7) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидасын бекітеді;
24-8) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидасын бекітеді;
9-тармақтың 5) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
24-9) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидасын бекітеді;
24-10) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды өткізу қағидасын бекітеді;
24-11) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидасын бекітеді;
24-12) әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидасын бекітеді;
24-13) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілерге жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидасын бекітеді;»;
6) 9-баптың 1 тармағында:
4) және 6) тармақшалардағы «бекітеді» деген сөз «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 6) тармақшасының үшінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7) тармақша «айқындаудың» деген сөзден кейін «, сондай-ақ балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен, бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесін алу квоталарын бөледі;»;
12) тармақшадағы «айқындайды» деген сөз «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша алып тасталсын;
16) тармақшадағы «айқындайды» деген сөз «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы «бекітеді» деген сөз «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) тармақшадағы «белгілейді» деген сөз «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
25) тармақшадағы «бекітеді» деген сөз «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;»;
27) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейін «, реинтродукциялау және будандастыру» деген сөздермен толықтырылсын;
29) және 33) тармақшалардағы «айқындайды» деген сөздер «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) тармақшадағы «ғылыми ұсынымдар негізінде» деген сөздер алып тасталсын;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидасын әзірлейді;»;
36) тармақшадағы «бекітеді» деген сөз «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейін «, реинтродукциялау және будандастыру» деген сөздермен толықтырылсын;
43) тармақшадағы «жануарлар дүниесін» деген сөздер «жануарлар дүниесі объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;»;
47) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейін «, реинтродукциялау» деген сөзбен толықтырылсын;
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48) жерсіндіруге рұқсат береді;»;
мынадай мазмұндағы 51-1), 51-2), 51-3), 51-4), 51-5), 51-6), 51-7), 51-8), 51-9), 51-10), 51-11), 51-12), 51-13), 51-14), 51-15), 51-16), 51-17), 51-18), 51-19), 51-20), 51-21), 51-22), 51-23), 51-24), 51-25), 51-26), 51-27), 51-28), 51-29), 51-30), 51-31), 51-32), 51-33), 51-34), 51-35), 51-36), 51-37) және 51-38) тармақшалармен толықтырылсын:
«51-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын әзірлейді және бекітеді;
51-2) қорықшының төс белгісінің және айыру белгісі бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
51-3) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағиданы әзірлейді және бекітеді;
51-4) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағиданы әзірлейді және бекітеді;
51-5) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
51-6) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
9-тармақтың 6) тармақшасының отыз алтыншы және отыз жетінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
51-7) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидасын әзірлейді;
51-8) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу ережесін әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
51-9) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын белгілейді;
51-10) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын әзірлейді және бекітеді;
51-11) су қоймаларына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын әзірлейді және бекітеді;
51-12) Қазақстан Республикасының Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын алу жөніндегі ұсынысты енгізеді;
51-13) жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерін әзірлейді;
51-14) жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу қағидасын әзірлейді;
51-15) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;
51-16) су қоймаларын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидасын әзірлейді;
51-17) аңшылық, балық аулау қағидасын әзірлейді;
51-18) аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидасын және балық шаруашылығын жүргізу қағидасын әзірлейді;
51-19) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерлерін әзірлейді;
51-20) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлейді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
51-21) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды, олардың уылдырығын өткізу қағидасын әзірлейді;
51-22) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидасын әзірлейді;
51-23) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алуға рұқсаттар беру қағидасын әзірлейді;
51-24) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді;
51-25) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидасын әзірлейді;
51-26) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидасын әзірлейді;
51-27) зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттік есепке алу қағидасын әзірлейді;
51-28) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидасын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
51-29) аңшылық пен балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізбесін әзірлейді;
51-30) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айыру белгілері бар (погондарсыз) нысандық киімді киюге құқығы бар қызметкерлерінің тізбесін әзірлейді;
51-31) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидасын әзірлейді;
51-32) шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасын әзірлейді және бекітеді;
51-33) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу қағидасын әзірлейді;
51-34) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидасын әзірлейді;
51-35) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидасын әзірлейді;
51-36) әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасын әзірлейді;
51-37) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілер қатарына жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидасын әзірлейді;
51-38) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;».
7) 10-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы «тоғандарының» деген сөз «айдындарының және (немесе) учаскелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша «бекiтiп беру» деген сөздерден кейін «мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;»;
8) 11-бапта:
тақырыбының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
мәтініндегі «жануарлар дүниесi түрлерiнiң» деген сөздер «жануарлар түрлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын
9) 11-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бекіре тұқымдас балықтар кездейсоқ ауланған жағдайда тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары - табиғи мекендеу ортасына жіберілуге, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары өтеусіз негізде мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуға тиіс.»;»;
10) 12-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасында:
«жануарларды» деген сөз «жануарлар түрлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оның ішінде» деген сөздерден кейін «бағалы,» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақтағы «мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларын» деген сөздер «бағдарламалық құжаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 13-бапта:
3) тармақша «жануарлардың» деген сөзден кейін «бағалы,» деген сөзбен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «жануарларды» деген сөз «жануарлар түрлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 14-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы «алу» деген сөздің алдынан «жануарлар дүниесі объектілерін» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
2) тармақшадағы «органның келісімі бойынша» деген сөздер «органның келісімінсіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «, олардың жұмыртқаларын» деген сөздер «және олардың дериваттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша «мерзiмнен тыс» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ тыныштық аймақтарында» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жануарлар дүниесi объектiлерiн жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн (саршұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, атжалмандарды) құрту кезiнде, сондай-ақ жануарлардың жаппай құтыру iндетi және басқа аурулары болған жағдайларда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келiсiм бойынша улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) аулауға;»;
11) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейін «, реинтродукциялау» деген сөзбен толықтырылсын;
13) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау
1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiледi.
2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, оның ішінде олардың дериваттарын алуға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша:
1) арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу;
2) аңшылықтың ұлттық түрлерін дамыту;
3) ғылыми зерттеулер;
4) селекциялау үшін жол беріледі.
4. Мыналарға:
1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің қырылуына;
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi санының азаюына немесе мекендеу ортасын бұзуға әкеп соғатын іс-әрекеттерге жол берілмейді.
5. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын бағып-қағу, тасымалдау, сату, сатуға қою және сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
14) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Шаруашылық және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер:
1) уәкілетті органмен келісім бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде осы Заңның 12-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға арналған қаражатты көздеуге;
9-тармақтың 14) тармақшасының төртінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес, балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыруға міндетті.»;
15) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары және (немесе) учаскелері
1. Балық шаруашылығы үшін ерекше құнды маңызы бар, оларда шаруашылық және өзге де қызметтің реттелетін режимі белгіленетін су объектілері немесе олардың бөліктері, іргелес жағалау аумағымен шектеулі акваториялар (серуендеу орындары, қыстау шұңқырлары, уылдырық шашатын және жануарлар түрлерінің табиғи жағдайларда табиғи жолмен көбею орындары) балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары және (немесе) учаскелері болып табылады.
2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құндыларға жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі биологиялық сан алуандық негізінде бекітеді.»;
16) 19-бапта:
тақырыбындағы «Жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздер «Жануарлар түрлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздер «Жануарлар түрлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жануарлар түрлерін, оның ішінде бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және санын арттыру;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;»;
4) тармақшадағы «жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздер «жануарлар түрлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
«2. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және олардың санын көбейту мақсатында оларды кейiннен мекендеу ортасына шығара отырып, жасанды түрде өсiру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.»;
3-1-тармақтағы «сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген санатқа жатқызылған,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы «Жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздер «Жануарлар түрлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 20-бапта:
тақырыбындағы «Жануарларды интродукциялау мен будандастыру» деген сөздер «Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «жануарларды интродукциялау мен будандастыруға» деген сөздер «жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«интродукциялау» деген сөзден кейін «, реинтродукциялау» деген сөзбен толықтырылсын;
«будандастыруға» деген сөзден кейін «, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 20-1-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын жерсіндіру
1. Балықтарды және басқа да су жануарларын жерсіндіру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде берілген уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.»;
19) 22-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау мақсатында жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жануарлар дүниесiн ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану жылдың кез-келген уақытында және уәкілетті орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негізінде рұқсат етілген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесi объектілерін ғылыми-зерттеулер үшін алып қою квотасын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимиті шегіндегі ғылыми-зерттеулер бағдарламаларына сәйкес бекітеді.»;
20) 23-баптың 2-тармағындағы «заңдарының» және 5-тармағындағы «заңдары», «заңдарының» деген сөздер тиісінше «заңнамасының», «заңнамасы», «заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылып, 5-тармағындағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» деген сөздер «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 24-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсаттарында пайдалану.»;
22) 25-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
9-тармақтың 22) тармақшасының екінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«негiзiнде» деген сөзден кейін «құрамына уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілетін» деген сөздермен толықтырылсын;
«биологиялық-экономикалық тексерудiң» деген сөздер «шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 26-бапта:
1-2-тармақтың төртінші абзацындағы «бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «бас тартылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. Аулаған жері туралы анықтаманы балықтардың және басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуға ұсыным жасаған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өтініш түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде береді.
Жасанды жағдайларда өсірілген балықтар мен басқа да су жануарлары үшін аулаған жері туралы анықтама жасанды өсірілгендігін растайтын құжаттар ұсынған кезде беріледі.
Аулаған жері туралы анықтама жазуға жануарлар дүниесi объектілерін алып қоюдың белгіленген лимиті және жасанды өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шегінде рұқсат етіледі.»;
24) 27-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «жасасуға құқығы бар.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылық-тарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға;
7) аң-құсты өсіруді жүзеге асыруға құқығы бар.»;
2-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жануарлар дүниесiнің пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;»;
8) тармақша «және олардың санының азаюына жол бермеуге» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруға және балық шаруашылығын ұйымдастыруға сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;»;
11) тармақшаның төртінші абзацындағы «аулауды - жеке адамдарға сервитут беруге;» деген сөздер «балық аулауды - жеке адамдарға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: