4-тармақтағы «Қорықтың аумағында» және «қорық аумағы» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік табиғи қорық аумағында» және «мемлекеттік табиғи қорық аумағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 41-бапта:
1-тармақ «әзірлеу жолымен» деген сөздерден кейін «уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «ғылыми зерттеулерден» деген сөздер «ғылыми қызметтен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта «сирек және жоғалып бара жатқан түрлерін» деген сөздер «сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнгендерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 42-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «қорықтардың» деген сөздің алдынан «мемлекеттік табиғи» деген сөздермен толықтырылсын;
29) 43-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде арнайы бөлінген учаскелерде, осы қорықтың күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол беріледі.»;
30) 45-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «тамашалау алаңдарын» деген сөздерден кейін «, жағажайлар, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай керек-жарағын жалға беру пункттерін» деген сөздермен толықтырылсын;
31) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру
1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті өздерінде туроператор қызметіне лицензия болған кезде тікелей мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері 5 жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Аталған мақсаттар үшін осы учаскелерді беру, сондай-ақ оларды құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсаттар беру мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілеріне пайдалануға рұқсат беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.»;
32) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:
«46-1-бап. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелеріндегі объектілер құрылысы
1. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелеріндегі объектілер құрылысы уәкілетті органның рұқсаты негізінде және уәкілетті органмен келісілген сызбаға (сызбалық жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүргізіледі.
2. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерін құрылыс объектілеріне пайдалануға рұқсатты уәкілетті орган береді.
3. Жеке немесе заңды тұлғалардың өзіне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскені пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткен соң шарттың қолданыу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар.
4. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскені және ондағы құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру шартында айқындалады.
5. Уәкілетті органның жазбаша хабардар етуіне сәйкес құрылыс объектілері басқа тұлғаға берілген не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жер учаскесін пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға жүктелетін учаскені мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру міндеті сақталады.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіз тәсілмен учаскелердегі объектілерді бөлшектеп, сыртқа шығаруға міндетті.»;
33) 47-бапта:
1-тармақта:
7) тармақшадағы «мен балық аулау» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
9) мелиорациялық аулау;
10) ғылыми-зерттеу мақсатында аулау;
11) өсімін молайту мақсатында аулау.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, мелиорациялық балық аулау, ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, өсімін молайту мақсатында аулау заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілеріне берілген уәкілетті органның тиісті рұқсаттары бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде жүзеге асырылады.»;
34) 52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) әуесқойлық (спорттық) аңшылық;
10) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
11) мелиорациялық аулау;
12) ғылыми-зерттеулік аулау;
13) өсімін молайту мақсатында аулау.»;
35) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік табиғи резерваттарда жүзеге асыратын мұндай қызметті қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың бөрене кесетін құрылғыларды пайдалану жөніндегі қызметіне тыйым салынады.»;
36) 65-баптың 4-тармағында:
«табиғат ескерткiштерi» деген сөздердің алдынан «республикалық маңызы бар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттьқ табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды құру немесе кеңейту кезінде жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіштер жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінен шығарылады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерін құру мен кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемелері болған жағдайда, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне енгізіледі.»;
37) 66-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарында осы салада мамандандырылған ұйым әзірлеген жобаларға сәйкес оларды сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.»;
38) 67-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) гидрогеологиялық - жерасты суларының бірегей көздерін сақтау үшін.»;
39) 68-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік табиғи қаумалдардың шекаралары меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша айқындалады және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.»;
40) 78-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, оның ішінде олардың дириваттарын алып қоюға:
1) арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу;
2) аң аулаудың ұлттық түрлерін дамыту;
3) ғылыми зерттеулер;
4) селекция үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айрықша жағдайларда жол беріледі.»;
41) 81-бапта:
1-тармақ «Экологиялық дәліздер» деген сөздерден кейін «барлық санаттағы жер учаскелерінде оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Экологиялық дәліздер режимінің ерекшеліктері ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында айқындалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Экологиялық дәліз құру туралы шешімді жаратылыстану-ғылыми негіздеме негізінде уәкілетті органның ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
Экологиялық дәліздердің шекаралары табиғи географиялық шептер бойынша белгіленеді және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.
Экологиялық дәліздерді қорғау мен басқаруды табиғат қорғау мекемелері жүзеге асырады. Экологиялық дәліздер уәкілетті органның шешімдерімен табиғат қорғау мекемелеріне бекітіп берілетін болады.».
11. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 15, 120-құжат):
1) 12-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы «оны пайдалану» деген сөздер «пайдалану» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) аталған Заңға қосымшада:
1-тармақтың 22) тармақшасындағы «оларды пайдалану» деген сөздер «,пайдалану» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта 13) тармақшадағы «қызметіне жүзеге асырылады.» деген сөздер «қызметіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласында;
15) орман қорын сақтау, қорғау, пайдалану, ормандарды молайту және орман өсіру саласында;
16) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жүзеге асырылады.».
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 60) тармақшасын, 64) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын; 7-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2), 3) және 4) тармақшаларын; 9-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацын, 5) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші, отыз алтыншы және отыз жетінші абзацтарын, 14) тармақшасының төртінші абзацын, 22) тармақшасының екінші абзацын, 27) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 9) тармақшасының оныншы абзацы орман шаруашылығын жобалау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар бөлігінде өз қолданысын 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 25-і.
№ 548-IV