«әуесқойлық (спорттық) аң аулауды - жеке адамдарға сервитут беруге;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) аншлагтар орнатуға;»;
17) тармақшадағы «алуға міндетті.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қару-жарақпен, көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;
19) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
20) жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;
21) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге міндетті.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;»;
25) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар
1. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi - жануарлар дүниесi объектілерін олардың табиғи өсiмi мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемi.
Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi олардың өткен жылдағы санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес белгiленедi және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойымен өрiс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су айдындарын мекендейтiн жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi халықаралық шарттардың негiзiнде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленеді.
2. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы - уәкілетті орган аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерін қатыстыра отырып белгілеген жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бөлігі.
Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі, балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.»;
26) 32-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «қыран құстары» деген сөздер «аушы жыртқыш құстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы «аң аулау» деген сөздерден кейін «, оның ішінде ұлттық аң аулау» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін аулау.»;
27) 33-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «иттер мен қыран» деген сөздер «аңшылық иттер мен аушы жыртқыш» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
9-тармақтың 27) тармақшасының төртінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«аңшылық шаруашылығы субъектісімен» деген сөздер «аңшылардың қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығымен және аңшылық шаруашылығы субъектілерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«рұқсат алуының» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының» деген сөздермен толықтырылсын;
28) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:
«33-1-бап. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері
1. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау үшін құрылады.
2. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері өздерінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен тіркеуге жатады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін тіркеуді уәкілетті орган олардың берген өтініштері мен олардың жеке қаражаты есебінен жүргізеді.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы:
1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
5) жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квоталарын бөлуге қатысуды;
6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебін және тіркеуін жүргізуді;
7) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәліктерін беруді, уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілікті ұсынуды;
8) аңшылық минимумына оқыту жүргізуді;
9) аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы деректердің есебін жүргізуді және оларды уәкілетті органға беруді;
10) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;
11) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуды;
12) шетелдіктермен Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру шарттарын жасасуды;
13) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;
14) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады.
4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін:
1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, акваөсіруді, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
5) жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квоталарын бөлуге қатысуды;
6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуы;
7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуы;
8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;
9) шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру шарттарын жасасуды;
10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.»;
29) 34-баптың 4-тармағының екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
30) 37-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
31) 38-бапта:
2-тармақта:
«және тиiстi сервитуттар белгiлеу» деген сөздер «, тиiстi сервитуттар мен аңшылық шаруашылығының санаттарын белгiлеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мен биологиялық-экономикалық зерттеу» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақта:
3) тармақшасындағы «иттердi және қыран» деген сөздер «аушы жыртқыш» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшасындағы «жағдайларында аң аулауға тыйым салынады.» деген сөздер «жағдайларында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;
15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;
16) өзен құндызы тұрғызған бөгетті бұзып;
17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектілерін қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);
18) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;
19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;
20) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;
21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;
22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органмен келісiм бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);
23) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келiсім бойынша тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;
24) жануарлардың рұқсатта көрсетілген санынан тыс;
25) рұқсатта көрсетілмеген басқа жануарлар түрлерін;
26) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;
27) аулап алу объектісі болып табылатын жануарлар түрлеріне, басқа елдерден әкелінген жыртқыш қыран құстарды пайдалана отырып;
28) еркекүйрекке көктемгі аң аулау кезінде еліктіруші үйрексіз немесе тұлыпсыз;
29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезінде қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың еріп жүруінсіз;
30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;
31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.»;
32) 39-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсіру және көбейту үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не олардың қорларының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары, тоғандар және басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңiз сулары.
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.»;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «су тоғандарында» деген сөздер «су айдындарында және (немесе) учаскелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «жүруіне тыйым салынады.» деген сөздер «жүруіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) санитариялық күзет аймақтары мен акваториялар шегінде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатсыз және балық аулау қағидаларында көзделген құжаттарды ресімдеусіз жеке және заңды тұлғалардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сатып алуына және өткізуіне тыйым салынады.»;
5-тармақта:
9) тармақшадағы «уәкілетті органның рұқсатынсыз балық аулаудың жаңа түрлері мен тәсiлдерін қолданумен, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен;»;
33) 40-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлігіндегі «және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың» деген сөздер «, ғылыми ұйымдардың және аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлігінде:
«шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттау, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын биологиялық-экономикалық тексеру» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Пайдаланушы аңшылық алқаптарын бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде қабылдаған міндеттемелер аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың міндетті талаптары болып табылады.»;
бесінші бөлігі «сәйкес келген» деген сөздерден кейін «, шарттық міндеттемелерді орындаған» деген сөздермен толықтырылып, «және уәкiлеттi органның ұсынымынсыз» деген сөздер «, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi алдыңғы шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерiн паспорттаудың материалдары негiзiнде қайта бекiтілiп берiледi.»;
34) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Мамандандырылған ұйымдар
Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдар құрады.»;
35) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
«43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсiмiн молайту
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды мамандандырылған ұйымдар, сондай-ақ биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және уәкілетті органның рұқсаты негiзiнде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
36) 8-тараудың тақырыбы «Жануарлар» деген сөзден кейін «түрлерінің» деген сөзбен толықтырылсын;
37) 44-баптың тақырыбындағы «Жануарлар» деген сөзден кейін «түрлерінің» деген сөзбен толықтырылсын және бірінші абзацындағы «Жануарлардың» деген сөз «Жануарлар түрлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 45-баптың тақырыбы мен бірінші абзацындағы «Жануарлар дүниесi объектiлерiнiң» деген сөздер «Жануарлар дүниесi түрлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 46-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «Жануарлардың» деген сөз «Жануарлар түрлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 50-баптың 2) тармақшасындағы «жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздер «жануарлар түрлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 52-бапта:
1-тармақта:
7-2) тармақшадағы «балық» деген сөздің алдынан «аңшылық алқаптары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «қызметтік атыс қаруын» деген сөздер «қызметтік қаруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 7) тармақшадағы «интродукциялауды» деген сөзден кейін «, реинтродукциялауды» деген сөзбен толықтырылсын»;
42) 53-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацындағы «қызметке» деген сөз «шаруашылық қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 55-бапта:
1-тармақтағы «мемлекеттiк мекемелердің» деген сөздер «мамандандырылған ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «атыс қаруын» деген сөздер «қызметтік қару» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 56-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қорықшының:
1) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейiннен оларды жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға, уәкiлеттi органға не сотқа мiндеттi түрде беру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;
2) қызметтік қаруды алып жүруге және айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;
3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға және балық аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;
4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беру үшін алып қоюға;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау және балық аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға беру үшін алып қоюға құқығы бар.
3. Қорықшы:
1) бекiтілiп берiлген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге;
2) аң аулау және балық аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында жануарлар дүниесін пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кесуге;
3) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олар мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыратын әрекеттерді тоқтатуды талап етуге;
4) жануарлар дүниесi объектiлерiнің мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын және шоғырлану орындарын сақтау жөнінде шаралар қолдануға;
5) жануарлар дүниесiне ұқыпты және iзгiлiктi қарау насихатын жүргізуге;
6) жануарлар ауырған және дүлей зiлзала кезiнде қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарлар дүниесi объектiлерiне көмек көрсету жөнінде шаралар қолдануға;
7) аншлагтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.».
10. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 13, 114-құжат):
«1) бүкіл мәтін бойынша:
«облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi органдары», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары» және «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары» және «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жануарлар мен өсiмдiктердiң» және «жануарлар мен өсiмдiктер» деген сөздер тиісінше «өсiмдiктер мен жануарлардың» және «өсiмдiктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық ресурстар - экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;
2) бөрене тілу - ағаш кесетін жабдықта бөренені тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнімдеріне тілу;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi - өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі санаттары мен түрлерiнің жиынтығы;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) -ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, өрттiң алдын алу, анықтау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) -судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;