11) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерден, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін орындарда және мерзімде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбею кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) уәкілетті органның рұқсатынсыз кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат берілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға тыйым салынады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды
39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар
1. Сулы-батпақты алқаптар - табиғи (тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз суларын қоспағанда) және сирек кездесетіндерін әрі құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, су маңындағы жануарлар түрлерінің жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсімін молайтатын орны болып табылатын жасанды акваторийлер.
2. Сулы-батпақты алқаптар маңызы бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді.
3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген алқаптар жатады.
4. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген барлық қалған алқаптар жатады.
5. Сулы-батпақты алқаптарда, сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді.
6. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган даму жоспарын бекітеді.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бассейндік принцип ескеріле отырып, бекітіп беріледі.
Конкурсты конкурс өткізу ережелеріне сәйкес құрылған, құрамына уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілетін комиссия өткізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда конкурсты Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия өткізеді.
Конкурсқа бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттау негізінде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге перспективті деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады. Пайдаланушы аңшылық алқаптарын бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде қабылдаған міндеттемелер аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың міндетті талаптары болып табылады.
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз соларға бекітіп беріледі.
Бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері біліктілік талаптарына сәйкес келген, шарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда олар бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша қайта бекітіп беріледі.
Жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдар қабылдаған шаралардың нәтижесінде байланысты қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, олар біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда бекітіп берілу мерзімі өткен соң олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге қайта бекітіп беріледі.
Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімін молайту мақсаттары үшін уәкілетті органның ұсынымы бойынша конкурстан тыс негізде қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарына бекітіп берілуі мүмкін.
2. Бекітіп беру:
1) аңшылық алқаптар үшін аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
3) жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді құрайды.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi алдыңғы шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерiн паспорттаудың материалдары негiзiнде қайта бекiтілiп берiледi.
4. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мүдделі жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут беруді қамтамасыз етуге міндетті.
41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану
Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалану уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.
42-бап. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшін пайдалану
Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгеннен басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшiн пайдалану уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
43-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту саласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындар
Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарлар дүниесiнiң саны азаюға ұшыраған жекелеген түрлерiнің популяциясын қорғауды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік мекемелердi және тектiк қорды сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды түрде өсiру үшiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды құрады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды
43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсiмiн молайту
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды мамандандырылған ұйымдар, сондай-ақ биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және уәкілетті органның рұқсаты негiзiнде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-тарау. Жануарлар түрлерінің санын реттеу
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң мақсаттары
Жануарлар түрлерінің санын реттеу:
1) халықтың денсаулығын сақтау;
2) ауыл шаруашылығы мен үй жануарлары ауруларын болдырмау;
3) экономикаға зиян келтiрудi болдырмау;
4) биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-бап өзгертілді
45-бап. Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi
Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi:
1) халықтың, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының жұқтырушылары жануарлар дүниесiнiң объектiлерi болып табылатын ауруларды жұқтыру немесе онымен ауыру қатерiнiң туындауы;
2) экономикаға елеулi зиян келтiру қатерiнiң туындауы;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жануарлардың жекелеген түрлерi санының азаюына және басқа жағымсыз салдарларға әкеп соққан жануарлар дүниесi мекендейтiн ортада қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуы;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің бұзылу қаупінің туындауы болып табылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң тәртібі
Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
9-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты
пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру
47-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану iс-шараларын бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкiн.
48-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру
Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру (жеңiлдiктер, преференциялар беру және мемлекеттік қолдау) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
10-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау
49-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері:
1) тексерулердің жылдық жоспары бойынша жылына бір реттен көп емес;
2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу фактілері туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, олардың түсуіне қарай;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы келеңсіз салдарларды растайтын ғылыми зерттеулер мен жануарлар дүниесінің мониторингі нәтижелері бойынша, олардың айқындалуына қарай, оларды жою жөніндегі ұсынымдарды ескере отырып;
4) жоспарлы іс-шаралар нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нұсқамада көрсетілген мерзімде орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырады.
50-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектiлерi:
1) жануарлар дүниесi және олар мекендейтiн орта;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жануарлар түрлерін ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстаудың шарттары;
3) жануарлар дүниесiн аулау құралдары;
4) жануарлар дүниесiнiң ауланған өнiмi;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт, аң аулауға және (немесе) балық аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт және рұқсат, жолдама, кәсiпшiлiк журналы);
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі қызмет;
7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттама;
8) жануарлар дүниесiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн қызмет болып табылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Ведомстволардың басшылары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
2. Ведомстволар басшыларының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
3. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
4. Аумақтық бөлімше басшысының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын ведомстволардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал ведомстволардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын мамандары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
6. Ведомстволардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын аумақтық бөлімшелерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын мамандары - тиісті облыстың (бассейннің) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
52-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) объектілерге жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;
2) осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;
4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтата тұруға немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгізуге;
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;
6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) су тарту құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықтау және су тұтыну шарттарын уәкілетті органмен келісу нысанына тексеруді жүзеге асыруға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-2) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;
8) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн сот шешiм қабылдағанға дейiн сақтау үшiн алып қоюға;
9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қоюға;
10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешiм шығарғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алып қоюға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;
2) аң аулау және балық аулау ережелерiнiң сақталуына;
3) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт талаптарының орындалуына;
4) жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртібінiң, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуына;
5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі iс-шаралардың орындалуына;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) уәкілетті орган белгілеген жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыру мен жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына;
8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердiң сақталуына;
9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға мiндеттi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 53-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
53-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актілері
1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары талаптарының бұзылуының белгiлi болуына байланысты мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мынадай актiлер:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) тексеру актісі;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мынадай:
жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы;
жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне сот шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге тыйым салу немесе көрсетiлген мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, оны тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ретте шаруашылық қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға немесе сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданыста болады;
3) мынадай:
жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;