3. Әскери бөлiмшелердiң, сондай-ақ құқық қорғау органдары бөлiмшелерiнiң командирлерi мен бастықтары әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене бiтiмiн жетiлдiру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасы құрама спорт командаларының мерзiмдi әскери қызметке шақырылған мүшелерi өздерiнiң спорттық шеберлiгiн шыңдау үшiн қажеттi жағдайлары бар бөлiмшелерге жiберiледi, оларға халықаралық, ұлттық және басқа да спорттық жарыстарға қатысуға мүмкіндік беріледі.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң дене шынықтыру мен спортты дамытуға қатысуы
Мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi өздерiнiң құзыретi шегiнде:
дене шынықтыруды аурулардың алдын алу және оны емдеу құралы ретiнде пайдаланады;
дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарға дәрiгерлiк бақылау мен икемдi қадағалауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын халықаралық спорт жарыстарына даярлауды медициналық жағынан қамтамасыз етуге қатысады;
дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды жарысқа жiберудi жүзеге асырады;
спорт медицинасы мен емдік дене шынықтыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
қолданылып жүрген ережелерге сәйкес мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, оқу орындарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын ұйымдастыруға белсене қатысады;
халықтың дене бiтiмiнiң даму деңгейiн анықтайды;
Халықаралық Олимпиадалық Комитеттiң сертификаты бар мамандандырылған мекемелерде допингке қарсы бақылауды қамтамасыз етедi.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын сақтау, азаматтардың денсаулығын қорғау
1. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерi дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткізу кезiнде дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтетiн қауiпсiздiк нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының қағидаларына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған объектiлер мен ғимараттар санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сай болуға тиiс.
4. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Азаматтар мен қатысушылардың қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз етудi күрделендiретiн спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның iшiнде мiнбенiң тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанар-жағармай заттары мен материалдарының болуы, авариялық жарықтандыру мен эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе ақаулары, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкiн электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу бөлiгiнде төтенше жағдайлар жөніндегі органдар енгiзетiн ұсыным бойынша өз бетінше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткізуге тыйым салады.
6. Спорттық-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушылар iс-шараны өткiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей көрермендердiң болжамды саны туралы, бір күн бұрын - сатылған билеттердiң, берiлген рұқсаттардың, оның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсаттардың саны, сондай-ақ iшкi iстер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына арналған тұрақ орындары туралы жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етуге мiндеттi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
15-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер
Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге құқылы, оларға төленетін ақы міндетті сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалады.
3-тарау. Спортты ұйымдастыру және дамыту
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Жоғары дәрежедегi спортшылар әзiрлеу
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жоғары дәрежедегі спортшылар даярлауды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган бекіткен спорт түрлері жөніндегі бағдарламаларға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік мамандар, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының жоғары дәрежедегі спортшыларын даярлау келісім-шарт негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Спорт қызметi туралы келісім-шартта спортшының құқықтары мен мiндеттерi, оның әлеуметтiк-медициналық сақтандырылуы, мұндай келісім-шартты жасасу мен бұзу талаптары болуға тиiс. Спорт қызметi туралы келісім-шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар мен мiндеттер болуы мүмкiн.
17-бап. Спорт мектептерi мен мектеп-интернаттары
1. Қосымша білім беру мекемелерi ретiнде спорт мектептерi, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құрылады.
2. Мемлекет спорт мектептерi мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қолда бар материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңа базасын жасау үшiн жағдай туғызады.
18-бап. Спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдік мамандардың, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттың түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің құрамдас бөлiгi болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында қатысу мақсатында құрылады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының құрама командаларын спорт түрлерi бойынша тиiстi қоғамдық бiрлестiктер дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, конкурстық негiзде қалыптастырады. Алдын ала белгiленген және жарияланған арнаулы нормативтердi спорт қағидаттарын сақтай отырып орындаған спортшылар Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi және жастар (резервтiк) құрамдарына енгiзiледi. Қазақстан Республикасы құрама командаларының белгiленген нормативтердi орындамайтын, өз мiндеттерiн үнемi бұзатын мүшелерi Қазақстан Республикасы құрама командаларынан шығарылады. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамдарын спорттың әр түрi бойынша қоғамдық бiрлестiктердiң ұсынуымен дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтiп отырады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, ғалымдардың, спортшылары халықаралық жарыстарда өнер көрсету қорытындылары бойынша жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спорттық медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары, сондай-ақ осы спортшыларды даярлаған және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорт қызметін жүзеге асыратын жаттықтырушылар, ғалымдар және өзге де қызметкерлер.
Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының тізімдерін дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган қалыптастырады және бекітеді.
19-бап. Кәсiпқойлық спортпен айналысу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының келісім-шарт негiзiнде Қазақстан Республикасында да, басқа елдерде де ақы төленетiн кәсiпқойлық спорт қызметiмен айналысуға құқығы бар.
2. Кәсiпқой бірлестiктер құру тәртібі және олардың жұмыс iстеу жағдайлары, кәсiпқойлық спорт сабақтарын ұйымдастыру, келісiм-шарттар жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Спортшылардың, төрешiлердiң, жаттықтырушылардың және басқа мамандардың спорт жарыстарына дайындалу мен қатысуға байланысты және олардың табыс көзi болып табылатын кәсiпқойлық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Спорт қызметiн ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі мүдделi заңды тұлғалармен бірлесе отырып дене шынықтыру мен спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзедi, халықтың әртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жоғары спорт нәтижелерiне жетуге бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар мен бағдарламалар жасайды, келісім-шарт негiзiнде дене шынықтыру мен спорт, медицина, биология және психология саласындағы жетекшi отандық және шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Спорт резервін даярлау
1. Спорт резервін даярлау оқу-жаттығу процесі кезеңінде оқу-жаттығу бағдарламаларының және оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
Оқу-жаттығу процесі спортшыларды даярлаудың мынадай көпжылдық кезеңдеріне бөлінеді:
1) спорттық-сауықтыру;
2) бастапқы даярлық;
3) оқу-жаттығу;
4) спорт шеберлігін жетілдіру;
5) жоғары спорт шеберлігі.
1-1. Спорт резервін жасөспірім және жас спортшылар құрайды. Спорттың жекелеген түрлері бойынша жасөспірімдер мен жастардың жас шамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларды өткізуді, спортшыларға медициналық қызмет көрсетуді, оларды тамақтандыруды және оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларға бару жолын, сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, спорт құрал-сайманымен және жабдығымен қамтамасыз етуді қамтиды.
3. Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымдарында және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарында жүргізіледі.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Спортта тыйым салынған тәсiлдер, әдiстер мен құралдар
1. Спорттық нәтижелерге жету үшiн спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерiне:
Халықаралық Олимпиадалық Комитет, спорт түрлерi бойынша халықаралық федерациялар және республикалық қоғамдық бірлестіктер тыйым салған тәсiлдердi, әдiстердi, медициналық және биологиялық препараттарды пайдалануға;
қандай түрдегі болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш қолдануды пайдалануға тыйым салынады.
2. алынып тасталды
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 22-1 баппен толықтырылды; 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-1-бап өзгертілді
22-1-бап. Спорттық сыныптама
1. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтарды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгiлеген біліктiлiк талаптарына сәйкес бередi.
Жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.
Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру ережесін қара
2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар берiледi:
1) спорттық атақтар:
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы;
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы;
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;
Қазақстан Республикасының спорт шеберi;
2) спорттық разрядтар:
Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгіне кандидат;
1-разрядты спортшы;
2-разрядты спортшы;
3-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 1-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 2-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 3-разрядты спортшы.
3. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскерлер мен нұсқаушы-спортшыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
біліктiлiгі жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгі жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы.
Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін қара
4. Жаттықтырушыларға мынадай біліктiлiк санаттары берiледi:
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы.
5. Спорт төрешілеріне мынадай біліктiлiк санаттары берiледi:
жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi;
ұлттық спорт төрешiсi;
бірiншi санатты спорт төрешiсi;
спорт төрешiсi.
4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 22-2-баппен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22-2-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу ережесін бекітеді;
2) спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекітеді;
3) республикалық спорттық іс-шаралардың, универсиадалардың жүлдегерлерін және оларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін көтермелеу мөлшерлерін бекітеді;
4) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлемақы төлеу ережесін бекітеді;
5) Президенттік тестілерді өткізу ережесін бекітеді;
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 23-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;
4) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
5-1) спорт түрлерi, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорт практикасын енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
9) спорт ғимараттарын салуға арналған жобалық құжаттаманы келiседi және спорт құрал-сайманын шығару кезiнде әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
19-1) Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді;
10) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында стандарттау аясындағы қызметті жүзеге асырады;
11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады;
12) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкілдік етеді;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
13) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;
15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;
16) тұрғын аудандардың, әкімшілік үйлердің, мектеп жасына дейінгі мекемелер мен оқу орындарының қолданылып жүрген қала құрылысы нормалары негізінде спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу нормативтерін әзірлейді;
17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерін, спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
18) спорттық iс шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудiң нормативтерiн әзiрлейдi;
19) спорт жарыстарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану тәртібін айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» деген атауды пайдалануға рұқсат береді;
20) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртібін айқындайды.
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің және спорт медицинасы мен оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) спорт түрлері бойынша жарыстардың ережесін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды
24) Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) ауысуы туралы ережені бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) дене шынықтыру-спорт және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекітеді;
2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды
26) спорт түрлері бойынша бас және мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
27) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 23-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-1-бап өзгертілді
23-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру және спорт мәселелерi жөніндегі құзыретi
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;
2) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi;
3) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;
7) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
8) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi;
9) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткізудi үйлестiредi;
12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органға табыс етедi;