48 Егер ұйым кезең ішінде алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын тікелей өлшесе, онда ол осы әділ құн қалай анықталғаны, мысалы, ол осы тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы бойынша өзгергені не өзгермегені туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
49 Егер ұйым 13-тармақта көрсетілген жорамалды теріске шығарса, онда ол осы фактіні ашып көрсетуі және осы жорамалдың ненің негізінде теріске шығарылғанын түсіндіруі тиіс.
50 Ұйым қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына акцияларға негізделген төлемдер операцияларының ұйымның кезең ішіндегі пайдасына немесе залалына және оның қаржылық жағдайына әсерін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
51 50-тармақта көрсетілген принципті жүзеге асыру үшін ұйым кем дегенде мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) шығыстың жалпы сомасының акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер операцияларының нәтижесінде танылған бөлігіндегі жеке ашып көрсетуді қоса алғанда, кезең ішінде танылған, акцияларға негізделген, алынған тауарлар немесе қызмет көрсетулер активтер ретінде тану талаптарына сай келмеген және сондықтан бірден шығыс ретінде танылған төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған шығыстың жалпы сомасын;
(b) акцияларға негізделген төлемдер операциялары нәтижесінде туындаған міндеттемелер үшін:
(і) кезең соңындағы жалпы қаржылық жағдай есебі құнын; және
(іі) қарсы тараптың ақша қаражатына құқығы немесе басқа активтері кезең соңында өткізілген (мысалы, акциялар құнының өсуіне арналған, өткізілген құқық) кезең соңындағы міндеттемелердің жалпы ішкі құны.
52 Егер осы Стандартты ашып көрсетуді талап ететін ақпарат 44, 46 және 50-тармақтардың ұстанымдарын қанағаттандырмаса, онда ұйым оларды қанағаттандыру үшін қажетті осындай қосымша ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
Өтпелі кезең шарттары
53 Акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер операциялары үшін ұйым осы Стандарт акцияларды, акцияларға опциондарды немесе 2002 жылғы 7 қарашадан кейін ұсынылған, оларға құқықтар осы Стандарт күшіне енген күні әлі өтпеген басқа акцияларды ұсынуға қолдануы тиіс.
54 Егер ұйым осы акциялардың өлшеу күні белгіленген әділ құнын жария түрде ашып көрсетсе, ұйымнан осы Стандарт ұсынылған басқа акцияларға қолдану талап етілмейді, дегенмен құптауға болады.
55 Осы Стандарт қолданылатын акциялар бойынша барлық операциялар үшін ұйым салыстырмалы ақпаратты қайта санауы және қолданылатын жерде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын ұсынылған кезеңдердің ең біріншісі үшін түзетуі тиіс.
56 Осы Стандарт қолданылмаған акцияларды (мысалы, 2002 жылғы 7 қарашада немесе бұрын ұсынылған акциялар) ұсыну бойынша барлық операциялар үшін ұйым сонымен қатар 44 және 45-тармақтарда талап етілетін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
57 Осы Стандарт күшіне енгізілгеннен кейін ұйым осы Стандарт қолданылмаған акцияларды ұсыну жөніндегі келісімдердің талаптарын өзгертеді, онда ұйым сонымен қатар осындай өзгерістерді есепке алу үшін 26-29-тармақтарды қолдануы тиіс.
58 Осы Стандарт күшіне енген күні қолда бар акцияларға негізделген төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған міндеттемелер үшін ұйым Стандарт ретроспективті түрде қолдануы тиіс. Осы міндеттемелер үшін ұйым ұйымнан салыстырмалы ақпаратты осы ақпарат кезеңге немесе 2002 жылғы 7 қарашадағы күнге жататын дәрежеде қайта санауды талап етілмейтін жағдайды қоспағанда, салыстырмалы ақпарат қайта саналған ұсынылған кезеңдердің ең біріншісінде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзетуді қоса алғанда салыстырмалы ақпаратты қайта санауы тиіс.
59 Ұйымнан осы Стандарт акцияларға негізделген төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған басқа міндеттемелерге, мысалы, кезең ішінде өтелген, ол бойынша салыстырмалы ақпарат ұсынылған міндеттемелерге ретроспективті түрде қолдану талап етілмейді, дегенмен құптауға болады.
Күшіне ену күні
60 Ұйым осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын қолдануды құптауға болады. Егер ұйым осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезең үшін қолданса, оның осы фактіні ашып көрсеткені жөн.
61 3 (2008 жылғы редация) ХҚЕС (IFRS) және 2009 жылдың сәуірінде шығарылған ХҚЕС-ға Жетілдірулер бойынша 5 тармаққа түзетулер енгізілді. Ертерек кезеңдерге қодануға рұқсат етіледі. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінде немесе бұдан кейін бастап қолданыуы тиіс. Егер ұйым 3 (2008 жылғы редакция) ХҚЕС-ын(IFRS) ертерек мерзімде қолданса, сол ертерек мерзімде осы түзетулер қолданылуы тиіс.
62 Ұйым төмендегі түзетулерді ретроспективті түрде 2009 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін басталатын жылдық кезеңдерде қолдануы тиіс:
(a) құқық бермейтін шарттарға қатысты 21А тармағындағы талаптар;
(b) А қосымшасындағы «құқығына ену», «үлестік құқыққа өту талабы» терминдерінің қайта қаралған анықтамалары;
(c) күшін жоюға қатысты 28 және 28А тармақтарындағы түзетулер.
Ертерек қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түзетулерді 2009 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезіңде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
63 2009 жылы маусымда шығарылған Топтық ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциялары жасаған келесі өзгертулерді ретроспективті түрде қолдануы тиіс, 53-59 тармақтарындағы көшу жабдықтауларына жүгінетін, 8 ХҚЕС (IFRS) Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер мен қателерге сәйкес 2010 жылдың 1 қаңтарынан немесе одан кейінгі жылдық мерзімдер үшін:
(a) топтық ұйымдар арасындағы операциялар есебіне қатысты 2 тармаққа өзгеріс, 3 тармақтың жойылуы мен 3A және 43A-43D тармақтары мен B қосымшасындағы B45, B47, B50, B54, B56-B58 және B60 тармақтарының қосылуы.
(b) A қосымшасындағы келесі ұғымдардың қайта қаралған түсініктемелері:
• ақша арқылы акцияларға негізделген төлем операциясы,
• акцияларға негізделген есеп айрысу акциялармен жүргізілетін акциялармен жүргізілетін төлем операциясы.
• акциялармен жүргізілетін төлем келісімі,және
• акциялармен жүргізілетін төлем операциасы
Егер ретроспективті қолдану үшін қажет ақпаратқа қол жеткізу мүмкін болмаса, топтың бұрынғы бірлескен есеп беруінде танылған сомаларды ұйым өзінің бөлек немесе жеке есеп берулерінде көрсетуі тиіс. Ертерек қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түзетулерді 2010 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
63А 2011 жылғы мамыр айында шыққан 10 ХҚЕС мерзімі ұзартылған қаржылық есептілік және 11 ХҚЕС-қа 5 тармақ және А қосымшасына түзетулер енгізілді.Ұйым 10 ХҚЕС және 11 ХҚЕС қолданған уақытта осы түзетулерді қолдану қажет.
Түсінік берулерден бас тарту
64 2009 жылы маусымда шығарылған Топтық ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциялары 8 ХҚЕСТК (IFRIC) 2 ХҚЕС (IFRS) Қолдану аясынан және 11 ХҚЕСТК (IFRIC) 2 ХҚЕС (IFRS) — Топ және қазыналық үлес операцияларынан басым болып табылады. Сол құжат жасаған өзгерістер 8 ХҚЕСТК (IFRIC) және 11 ХҚЕСТК-де (IFRIC) көрсетілген бұрынғы талаптарды келесі түрде қосты:
(a) ұйым алған тауарлар мен қызмет көрсетулердің кейбіреулерін немесе барлығын әдейі түрде куәландыра алмайтын операцияларды есептеуге қатысты 13A тармағы қосылды және 2 тармақ өзгертілді. Осы өзгертулер 2006 жылдың 1 мамырынан бастап жылдық мерзімдер үшін күшіне енді.
(b) топтық ұйымдар арасындағы операциялар есебіне қатысты B қосымшасындағы B46, B48, B49, B51-B53, B55, B59 және B61 тармақтары өзгертілді. Осы өзгертулер 2007 жылдың 1 наурызынан бастап немесе одан кейінгі жылдық мерзімдер үшін күшке енді.
Осы өзгерістер 8 ХҚЕС (IAS) талаптарына сәйкес, 2 ХҚЕС-қа (IFRS) көшу кезіндегі жағдайларына жүгінетін, ретроспективті түрде қолданылды.
А Қосымшасы
Терминдердің анықтамасы
Бұл қосымша осы ХҚЕС-ының (IFRS) ажырамас бөлігі болып табылады.
акцияларға негізделген есеп айырысуы арқылы ақша қаражатымен жүргізілетін төлем трансакциялары | акцияларға негізделген, ұйым тауарларды немесе қызмет көрсетулерді ақша қаражатын немесе басқа активтерді осы тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің жеткізушісіне ұйым акцияларының немесе басқа акцияларының бағасына (немесе құнына) негізделген сомалармен өткізу жөніндегі міндеттемені қабылдау арқылы сатып алатын төлем трансакциясы. |
жалдамалы қызметкерлер және осындай қызмет көрсететін басқа тұлғалар | өздерінің қызметтерін ұйымға ұсынатын және (а) заңды немесе салық мақсаттары үшін қызметкерлер ретінде қарастырылатын, (b) ұйымға оның басшылығымен заңды немесе салық мақсаттары үшін қызметкерлер ретінде қарастырылатын тұлғалар сияқты жұмыс істейтін, немесе (с) көрсететін қызметтері қызметкерлер көрсететін қызметтерге ұқсайтын жеке тұлғалар. Мысалы, осы анықтамаға барлық басшы қызметкерлер, яғни ұйымның атқарушы тұлғалары болып табылмайтын директорларды қоса алғанда, ұйымның қызметін жоспарлау, басқару және бақылау үшін өкілеттігі бар және жауапкершілік атқаратын адамдар кіреді. |
үлестік құралы | ұйымның оның барлық міндеттемелері шегерілгеннен кейін қалған активтеріндегі үлеске құқықты растайтын келісім-шарт.5 |
үлестік құралға берілген құқық | акцияларға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде басқа тарапқа ұйым ұсынған меншікті капитал құралына берілген құқық (шартты немесе шартсыз). |
ұйым бекіткен акцияларға негізделген есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлем трансакциясы | акцияларға негізделген есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлем операциясында ұйым (a) тауарларды немесе қызмет көрсетулерді ұйымның акциялары үшін (акцияларды немесе акцияларға опциондарды қоса алғанда) өтем ретінде алатын төлем трансакциясы, немесе (b) тауарларды немесе көрсетілетін қызметті алады, бірақ жеткізушімен ешбір операция жасауға құқығы жоқ |
әділ құн | актив айырбасталатын, міндеттеме бойынша есеп айырысу жүргізілетін немесе жақсы хабардар етілген, осындай операцияларды жасауға ниетті тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасау кезінде ұсынылған меншік құралдары айырбасталатын сома. |
берілу күні | ұйымның және басқа тараптың келісімнің талаптарын жалпы түсінулері шартымен ұйым және басқа тарап (қызметкерді қоса алғанда) акцияларға негізделген төлем туралы келісім жасаған күн. Акцияларды ұсыну күні ұйым қарсы тарапқа, егер бар болса, белгілі бір өту талаптарын сақтау шартымен ұйымның ақша қаражатына, басқа активтеріне немесе акцияларына құқықты ұсынады. Егер осы келісім бекіту (мысалы, акционерлер) процесіне жатса, онда берілу күні осы бекіту алынған күн болып табылады. |
ішкі құн | қарсы тараптың қол қоюға немесе алуға құқығы бар (шартты немесе шартсыз) акциялардың әділ құны және қарсы тарап осы акциялар үшін ақы төлеуі тиіс баға (егер осындай бар болса) арасындағы айырма. Мысалы, әділ құны 20 а.б.6 акция үшін орындау құны 15 а.б. акцияларға опционның ішкі құны 5 а.б. |
нарықтық талаптар | акцияны орындау бағасы, өтуі немесе орындау мүмкіндігі қатысты болатын және акциялардың нарықтық бағасына байланысты талап, мысалы, акциялардың берілген бағасына немесе акцияларға опционның ішкі құнының берілген сомасына қол жеткізу не ұйымның акцияларының нарықтық бағасының және басқа ұйымдардың акцияларының нарықтық бағалары индексінің арақатынасына негізделген белгілі бір мақсатқа қол жеткізу. |
бағалау күні | ұсынылған акциялардың әділ құны осы Стандарт мақсаты үшін өлшенетін күн. Қызметкерлермен және осындай қызметтер көрсететін басқа тұлғалармен операциялар үшін өлшеу күні ұсыну күні болып табылады. Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен (және осындай қызметтер көрсететін тұлғалармен) операциялар үшін ұйым тауарлар алатын немесе қарсы тарап қызмет көрсететін күн бағалау күні болып табылады. |
қалпына келтіру сипаттамасы | опционның иесі орындау бағасын төлеу үшін ұйымның ақша қаражатын емес, акцияларын пайдалана отырып бұрын ұсынылған опционды орындаған кезде кез келген ретте акцияларға негізделген қосымша опциондарды автоматты түрде ұсынуды қамтамасыз ететін талап. |
қалпына келтірілген опцион | бұрынғы акцияға опционды орындау бағасын төлеу үшін акция пайдаланылған кезде ұсынылатын жаңа акцияға опцион. |
акцияларға негізделген төлем туралы келісімшарт | Ұйым (немесе басқа топтық7 ұйым немесе басқа топтық ұйымның кез-келген акцияларды ұстаушы) және өзге тарап (жалдамалы қызметкерді қоса алғанда) арасындағы өзге тарапқа келесілерді алу құқығын беретін келісім (a) ұйымның немесе басқа топтық ұйымның меншікті капитал құралдарының (акциялар мен акцияларға опциондарды қоса алғанда) бағасына (немесе құнына) негізделген ақшалай сомалар немесе ұйымның басқа активтері, немесе (b) ұйымның немесе басқа топтық ұйымның меншікті капитал құралдары (акциялар мен акцияларға опциондарды қоса алғанда), белгіленген үлестік құқыққа өту талаптары қанағаттандырылса. |
акцияларға негізделген төлемді болжайтын трансакция | Келесі әрекеттер кіретін ұйым операциясы (a) тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізушіден (қызметкерді қоса алғанда) акцияларға негізделген төлем келісімі арқылы осы тауарлар мен қызмет көрсетулерді алу, немесе (б) басқа топтық ұйым тауарлар мен қызмет көрсетулерді алған кезде жеткізушімен акцияларға негізделген төлем келісімі арқылы операцияны жүргізуге міндет туындағанда. |
акция опциондары | иесіне ұйымның акцияларына белгіленген немесе анықталған баға бойынша белгілі бір уақыт ішінде қол қоюға құқық беретін, бірақ міндет емес, шарт. |
құқығына енуі | қандай да бір нәрсеге құқық алу. Акцияларға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде қарсы тараптың ұйымның ақша қаражатын, басқа активтерін немесе акцияларын алуға құқығы оған белгілі бір құқыққа өту талаптарын сақтау шартымен өтеді. |
үлестік құқыққа өту талабы | қарсы тарапта акцияларға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде ұйымның ақша қаражатын, басқа активтерін немесе акцияларды алу құқығы туындауы үшін орындалуы тиіс талаптар. Құқық беретін шарттар қызметтік шарттар немесе жұмыс шарттары болады. Қызметтік шарттар контрагенттің қызмет көрсетудің нақты кезеңін аяқтауын талап етеді. Жұмыс шарттары контрагенттің қызмет көрсетудің нақты кезеңін аяқтауын және нақты жұмыс нәтижелеріне (мысалы, белгілі бір уақыт ішінде ұйым пайдасының белгілі ұлғаюы секілді) қол жеткізуді талап етеді. Жұмыс шартына нарықтық шарт та кіруі мүмкін. |
үлестік құқыққа ену кезеңі | акцияларға негізделген төлем туралы келісім бойынша барлық көрсетілген өту талаптары орындалуы тиіс кезең. |
В қосымшасы
Қолдану бойынша нұсқау
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Ұсынылған акциялардың әділ құнын бағалау
В1 Осы қосымшаның В2-В41-тармақтарында ұсынылған акциялардың және акцияларға опциондардың әділ құнын өлшеу қарастырылады. Қызметкерлерге акциялар немесе акцияларға опциондар ұсыну бойынша операциялардың жалпы сипатты болып табылатын белгілі бір талаптарға ерекше назар аударылады. Осыған байланысты ол жан-жақты болып табылмайды. Сонымен қатар бұдан әрі қарастырылатын бағалау мәселелері негізінен қызметкерлерге ұсынылған акцияларға және акцияларға опциондарға жатады, акциялардың немесе акцияларға опциондардың әділ құны ұсыну күні өлшенетіні туралы жорамал қабылданады. Дегенмен бұдан әрі қарастырылатын көптеген бағалау мәселелері (мысалы, күтілетін өзгергіштікті айқындау) ұйым тауарлар алатын немесе қарсы тарап қызмет көрсетін күні қызметкерлер болып табылмайтын тараптарға ұсынылған акциялардың немесе акцияларға опциондардың әділ құнының есеп айырысу бағасы контексте қолданылады.
Акциялар
В2 Қызметкерлерге ұсынылған акциялардың әділ құны ұйым акцияларының акциялар ұсынылған талаптарды (19-21-тармақтарға сәйкес әділ құнды өлшеуден алынып тасталатын өту талаптарын қоспағанда) ескерілетіндей етіп түзетілген нарықтық бағасы бойынша (немесе, егер ұйымның акциялары нарықта еркін айналмаса, есептелген нарықтық бағасы бойынша) өлшенуі тиіс.
В3 Мысалы, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде дивидендтер алуға құқығы болмаса, осы фактор ұсынылған акциялардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынуы тиіс. Сол секілді, егер өту күнінен кейін акцияларды өткізуге шектеу болса, осы факт назарға алынуы тиіс, бірақ осы шектеулер осы акция үшін нарықтың жақсы хабардар, осындай операцияны жасауға ниетті қатысушысы төлейтін бағаға әсер ететін дәрежеде ғана. Мысалы, егер акциялар толық және өтімді нарықта белсенді айналса, өту күнінен кейін өтуге шектеулердің осы акция үшін нарықтың жақсы хабардар, осындай операцияны жасауға ниетті қатысушысы төлейтін бағаға шамалы әсер етуі немесе ешқандай әсері болмауы мүмкін. Өту кезеңі ішіндегі өтуге шектеулер немесе басқа шектеулер акциялардың ұсыну күнгі әділ құны бағалау кезінде назарға алынуы тиіс, себебі осы шектеулер 19-21-тармақтарға сәйкес ескерілетін өту талаптарының болуынан туындайды.
Акцияларға опциондар
В4 Қызметкерлерге ұсынылған акциялар опциондар үшін көптеген жағдайларда нарықтық бағаларға қолы жетпейді, себебі ұсынылған опциондар бойынша нарықта айналыстағы опциондарға қолданылмайтын талаптар белгіленген. Егер нарықта осындай талаптармен айналыстағы опциондар болмаса, онда ұсынылған опциондардың әділ құны опциондардың бағасын айқындау үлгісін қолдану арқылы бағалануы тиіс.
В5 Ұйым нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушыларының опционның бағасын айқындау үлгісін таңдау кезінде қарауы тиіс факторларды ескеруі тиіс. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған көптеген опциондардың ұзақ мерзімі бар; әдетте олар опционның өту күні және мерзімінің аяқталуы арасындағы кезең ішінде орындалуы мүмкін және мерзімінен бұрын жиі орындалады. Осы факторларды опциондардың ұсыну күнгі әділ құнын бағалау кезінде ескерген жөн. Көптеген ұйымдар үшін осы факторлар опциондардың мерзімінен бұрын орындалу үшін мүмкіндігі көзделмейтін және күтілетін мерзімінен бұрын орындалуға дұрыс әсер етпейтін Блэк-Шоулс-Мертон формуласын пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осы үлгіде сондай-ақ күтілетін өзгергіштік және үлгіге арналған басқа бастапқы ақпарат опцион мерзімі ішінде өзгеруі мүмкін екені ескерілмейді. Дегенмен біршама қысқа мерзімі бар, шартта көзделген немесе өту күнінен кейін қысқа уақыт мерзімі ішінде орындалуы мүмкін акцияларға опциондарға аталған факторлар қолданылмауы мүмкін. Осы жағдайларда Блэк-Шоулс-Мертон формуласы опционның бағасын белгілеудің неғұрлым икемді үлгісін қолдану нәтижесінде алынатын құнға нақты сәйкес келетін құнға әкеп соғады.
В6 Баға белгілеудің барлық үлгісі кем дегенде мынадай факторларды:
(а) опционды орындау бағасын;
(b) опционның мерзімі;
(с) акциялар негізін құрайтын ағымдағы бағасы;
(d) акциялар бағасының күтілетін өзгергіштігін;
(е) акциялар бойынша күтілетін дивидендтерді (егер қолданылса); және
(f) опционның мерзіміне тәуекелсіз пайыздық мөлшерлемені назарға алады.
В7 Нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушылары баға белгілеу кезінде қарауы тиіс басқа факторлар да назарға алынуы тиіс (19-22-тармақтарға сәйкес әділ құнның өзгеруіне алынып тасталатын өту талаптарын және қалпына келтіру сипаттарын қоспағанда).
В8 Мысалы, қызметкерге ұсынылған акцияларға опцион әдетте белгілі бір кезеңдер ішінде орындалуы мүмкін (мысалы, өту кезеңі немесе бағалы қағаздарды реттейтін органдары белгілеген кезеңдер ішінде). Егер опционның бағасын белгілеудің қолданылған үлгісі опционның оның мерзімі ішіндегі кез келген уақытта орындалуы мүмкін екені туралы жорамалды өзгеше көздесе, осы фактор назарға алыну тиіс. Дегенмен, егер ұйым опционның бағасын белгілеудің опциондардың бағалауға арналған, опцион мерзімінің соңында ғана орындалуы мүмкін үлгісін қолданса, онда оларды өту кезеңі (немесе опцион мерзімі ішіндегі басқа кезеңдер) ішінде орындау мүмкіндігі жоқ екенін есепке алу үшін ешқандай түзету талап етілмейді, себебі үлгіде опциондардың осы кезеңдер ішінде орындалмауы мүмкін екені көзделеді.
В9 Қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондарға тән тағы бір фактор опционды мерзімінен бұрын орындау мүмкіндігі болып табылады, мысалы, өйткені опцион еркін жылжи алмайды немесе қызметкер оған өткен барлық опциондарды жұмыстан шығу кезінде орындауы тиіс болады. Күтілетін мерзімінен бұрын орындау В16-В21-тармақтарда көрсетілгендей назарға алынуы тиіс.
В10 Нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушысы акцияларға опционның (немесе басқа акцияның) бағасын белгілеу кезінде қарауы тиіс факторлар ұсынылған акцияларға опционның (немесе басқа акцияның) әділ құнын бағалау кезінде ескермеуі тиіс. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондар үшін опционның құнына тек жекелеген қызметкердің көзқарасы бойынша ғана әсер ететін факторлар нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушысы белгілеуі мүмкін бағаны бағалау үшін маңызды емес.
Опциондардың бағасын белгілеу модельдеріне арналған бастапқы ақпарат
В11 Акциялар мен дивидендтер негізінде жатқан күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде олар бойынша мақсат опцион үшін ағымдағы нарықтық немесе шарттық айырбастау бағасында көрсетілуі мүмкін күтілетін жақындаған баға болып табылады. Тиісінше, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондарды мерзімінен бұрын орындаудың ықпалын бағалау кезіндегі мақсат қызметкерлердің опциондарды орындау ерекшеліктері туралы нақты ақпаратқа рұқсаты бар сыртқы тараптың ұсыну күнінен қол жеткізілген ақпаратқа негіздей отырып әзірлеуі тиіс күтулердің жақындаған бағалаудан тұрады.