В12 Болашақ өзгергіштіктің, дивидендтердің және орындау ерекшеліктерінің негізделген күтулері жиі болуы мүмкін. Осы жағдайда күтілетін құнды олардың туындау ықтималдылығын ескере отырып диапазон ішіндегі әрбір соманы өлшеу арқылы есептеген жөн.
В13 Болашақ туралы күтулер әдетте тәжірибеге негізделеді, бірақ егер болашақ күтулердің өткен уақытта бақыланған талаптардан өзгешелігі болады деп негізді түрде жорамалдауға болса, өзгереді. Кейбір жағдайларда бірегейлендірілген факторлар түзетілмеген тарихи тәжірибенің болашақ тәжірибенің біршама нашар болжау құралы болып табылатынын көрсетуі мүмкін. Мысалы, егер айырмашылығы үлкен екі қызмет түрі бар ұйым басқасына қарағанда біршама дәрежеде тәуекелдіктілігі төмен болған біріншісін сатса, онда тарихи өзгергіштік болашақ өзгергіштік туралы тиімді күтулерге негіздеген дұрыс болатын ең жақсы ақпарат бола алмайды.
В14 Белгілі бір жағдайларда тарихи ақпаратқа рұқсат берілмеуі мүмкін. Мысалы, листингтен жақында өткен ұйымда оның акциялары бағасының өзгергіштігі туралы шамалы тарихи ақпарат болуы мүмкін немесе мүлдем болмауы мүмкін. Листингтен өтпеген немесе листингтен жақында өткен ұйым бұдан әрі қарастырылады.
В15 Тұтастай алғанда ұйым өзгергіштікті бағалауды, опциондарды орындау ерекшеліктерін және дивидендтерді бағалауды өткен тәжірибе қалай болғанын, болашақ тәжірибе негізделген түрде болжанатыны қалай күтілетініне қарамастан, тек тарихи ақпаратқа негіздемеуі тиіс.
Күтілетін мерзімінен бұрын орындау
В16 Қызметкерлер акцияларға опциондарды әртүрлі себептермен мерзімінен бұрын жиі орындайды. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондар әдетте өткізуге жатпайды. Бұл қызметкерлердің өздерінің акцияларға опциондарын мерзімінен бұрын орындауына әкеп соғады, себебі бұл қызметкер үшін өзінің опциондарын жүзеге асырудың жалғыз тәсілі. Сонымен қатар жұмыстан шыққан қызметкерлер әдетте қысқа мерзім ішінде оған өткен барлық опциондардың орындалуын талап етеді, керісінше жағдайда акцияларға опциондар алынады. Осы фактор сондай-ақ қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондардың мерзімінен бұрын орындауын туындатады. Мерзімінен бұрын орындаудың басқа факторларына тәуекелдіктің және мүлікті диверсификациялау кемшіліктерінің алдын алу кіреді.
В17 Күтілетін мерзімінен бұрын орындаудың ықпал етуі ескерілетін тәсіл опцион бағасын белгілеудің қолданылатын үлгісінің түріне қатысты болады. Мысалы, күтілетін мерзімінен бұрын орындау опцион бағасын белгілеудің үлгісі үшін бастапқы ақпарат (мысалы, Блэк-Шоулс-Мертон формуласы) ретінде опционның күтілетін қолдану мерзімін (қызметкерге ұсынылған акцияларға опцион үшін ұсыну күнінен опционның орындалуы күтілетін күнге дейінгі кезең болып табылады) бағалауды пайдалану арқылы назарға алынуы мүмкін. Күтілетін мерзімінен бұрын орындау балама ретінде шартта көзделген қолдану мерзімін бастапқы ақпарат ретінде пайдаланатын опционның бағасын белгілеудің екі мүшелі немесе ұқсас үлгісіне моделденуі мүмкін.
В18 Мерзімінен бұрын орындауды бағалау кезінде қарау қажет факторларға мыналар кіреді:
(а) акцияларға опцион әдетте өту кезеңінің соңына дейін орындалуы мүмкін өту кезеңінің ұзақтығы. Тиісінше, күтілетін мерзімінен бұрын орындаудың салдарын айқындау опциондарға құқықтардың өтетіндігі туралы жорамалға негізделеді. Өту талаптарының салдары 19-21-тармақтарда қаралады;
(b) ұқсас опциондар өткен уақытта орындалмай қалған уақыттың орташа ұзақтығы;
(с) акциялар негізінде жатқан бағаны. Тәжірибе қызметкерлердің акциялар бағасының орындау бағасынан белгілі бір деңгейде асып түсуге жеткен кезде опциондарды орындауға ұмтылатынын көрсетеді;
(d) қызметкердің ұйымдағы жағдайы. Мысалы, тәжірибе неғұрлым жоғары жағдайдағы қызметкерлердің әдетте неғұрлым төмен лауазымдағы қызметкерлерге қарағанда опциондарды кешірек орындайтынын көрсетеді (осы мәселе В21-тармақта барынша толық талқыланады);
(е) акциялар негізінде жатқан күтілетін өзгергіштікті. Орташа алғанда қызметкерлер жоғары дәрежедегі өзгергіштігі бар акцияларға опциондарды неғұрлым төмен өзгергіштігі бар акцияларға қарағанда орындауға ұмтылады.
В19 В17-тармақта көрсетілгендей, ерте орындалудың ықпалы опционды қолданудың күтілетін мерзімін опционның бағасын белгілеу үлгісін бағалауды пайдалану арқылы ескерілуі мүмкін. Қызметкерлердің тобына ұсынылған акцияларға опциондарды қолданудың күтілетін мерзімін бағалау кезінде ұйым қызметкерлердің опциондарды орындаудың ерекшелігі туралы неғұрлым нақты ақпаратқа (төменде қарастырылады) негіздей отырып, осы бағалауды қызметкерлердің барлық тобы үшін немесе топқа кіретін қызметкерлердің әрбір шағын тобы үшін тиісті түрде есептелген қолданудың орташа алынған күтілетін мерзіміне негіздейді.
В20 Опциондарды ұсыну туралы келісімді салыстырмалы түрде бірдей орындау ерекшеліктері бар қызметкерлер топтарына бөлу маңызды фактор болуы мүмкін. Опционның құны опционды қолдану мерзімінің желілік функциясы болып табылмайды; құн мерзімнің ұлғаюына қарай қарқынның төмендеуімен көтеріледі. Мысалы, басқа да тең жорамалдар кезінде екі жылдық опцион бір жылдық опционға қарағанда көп тұрса, бірақ екі есе емес. Бұл опционның болжанған құнын қатты айырмашылығы бар жекелеген қолдану мерзімі кіретін орташа алынған қолдану мерзімі негізінде ғана есептеу ұсынылған акцияларға опциондардың жалпы әділ құнын көтеретінін білдіреді. Ұсынылған опциондарды әрқайсының қолдану мерзімінің біршама қысқа диапазоны бар, орташа алынған қолдану мерзімінің есебіне кіргізілген бірнеше топқа бөлу осы көтерілуді төмендетеді.
В21 Осындай талқылау екі мүшелі немесе ұқсас үлгіні пайдалану кезінде қолданылады. Мысалы, барлық деңгейдегі қызметкерлерге опциондар ұсынатын ұйымның тәжірибесі жоғары буынның басшылары өздерінің опциондарын орта буын басшыларына қарағанда көбірек ұстайтынын, ал төменгі буынның қызметкерлері өздерінің опциондарын кез келген басқа топқа қарағанда ерте орындайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерінің опциондарын қоса алғанда, акцияларының ең төменгі санын ұстап тұру талап етілетін немесе қолдауға болатын қызметкерлер орташа алғанда опциондарды осы талап қолданылмайтын қызметкерлерге қарағанда кейінірек орындайды. Осы жағдайларда опциондарды орындау ерекшеліктері біршама бірдей алушылардың тобына бөлу ұсынылған акцияларға опциондардың жалпы әділ құнын неғұрлым нақты бағалауға әкеледі.
Күтілетін өзгергіштік
В22 Күтілетін өзгергіштік күтіліп отырғандай кезең ішінде баға өзгеретін соманың көрсеткіші болып табылады. Опционның бағасын айқындау үлгісінде пайдаланылатын өзгергіштік көрсеткіштері уақыт кезеңі ішінде пайызды үздіксіз қосу формуласы бойынша есептелген акциялардың пайдалылық нормаларының жылдық мәнге келтірілген стандарттық ауытқуы болып табылады. Өзгергіштік әдетте жылдыққа келтірілген, уақыт кезеңіне қарамастан салыстыруға болатын, есептеу кезінде пайдаланылған мәндермен көрсетіледі, мысалы, бағаны күн сайын, апта сайын немесе ай сайын бақылау.
В23 Акция бойынша кезең ішіндегі пайдалылық нормасы (оң немесе теріс болуы мүмкін) акционердің дивидендтен немесе акция бағасының өсуінен (немесе азаюынан) қандай пайда алғанын өлшейді.
В24 Акцияның жылдық мәнімен көрсетілген күтілетін өзгергіштігі жобамен үштен екі жағдайда үздіксіз есептелген пайдалылық нормасының түсуі күтілетін диапазон болып табылады. Мысалы, егер үздіксіз қосылған пайыз формуласы бойынша есептелген, 12% күтілетін пайдалылық нормасы бар акцияның 30% өзгергіштігі бар екені айтылады, бұл акцияның пайдалылық нормасы бір жыл ішінде -18% (12% - 30%) және 42% (12% + 30%) арасында, жобамен үштен екіге тең болу ықтималдылығын білдіреді. Егер акцияның бағасы жыл басында 100 а.б. құраса және дивидендтер төленбесе, онда жылдың соңында акцияның бағасы 83,53 а.б. (100 а.б. х е-0,18) және 152,20 а.б. (100 а.б. х е0,42) арасында жобамен үштен екі ықтималдылықпен болады деп күтуге болады.
В25 Күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде қарау қажет факторларға мыналар кіреді:
(а) нарықтағы айналыстағы ұйымның акцияларға опциондардың немесе ұйымның, егер бар болса, опциондардың сипаты (айырбасталатын қарыз сияқты) кіретін басқа акцияларының жобаланған өзгергіштігі;
(b) негізінен опционның күтілетін мерзімімен (опционның шартта көзделген қалған мерзімін және күтілетін мерзімнен бұрын орындаудың ықпалын ескере отырып) салыстырылатын соңғы кезең ішіндегі акциялар бағасының тарихи өзгергіштігі;
(с) ұйымның акциялары нарықта еркін айналатын уақыт ұзақтығы. Жақында листингтен өткен ұйымның листингтен бұрын өткен осындай ұйымдармен салыстырғанда жоғары тарихи өзгергіштігі бар болуы мүмкін. Жақында листингтен өткен ұйымдар бойынша бұдан кейінгі нұсқау төменде берілген;
(d) өзінің орташа мәніне, яғни ұзақ мерзімді орташа деңгейге қайтып келу өзгергіштігінің үрдісі және күтілетін болашақ өзгергіштіктің өткен өзгергіштіктен айырмашылығы болатынын көрсететін басқа факторлар. Мысалы, егер ұйым акциясының бағасы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде болмай қалған жойылудан немесе біршама қайта құрудан өте өзгергіш болса, онда осы кезең тарихи орташа жылдық өзгергіштікті есептеу кезінде назарға алынбайды;
(e) бағаларды бақылауға арналған тиісті және жүйелі аралықтар. Бағаны бақылау кезеңнен кезеңге дейін келісілуі тиіс. Мысалы, ұйым әрбір аптаның жабу бағасын немесе аптаның ең жоғары бағасын пайдаланады, бірақ бір аптаның жабу бағасын және басқа аптаның ең жоғары бағасын пайдаланбауы тиіс. Сонымен қатар бағаны бақылау нәтижелері орындау бағасының валютасымен көрсетілуі тиіс.
Жаңадан тізілген ұйымдар
В26 В25-тармақта айтылғандай, ұйым акция бағасының тарихи өзгергіштігін негізінен опционның күтілетін мерзімімен өлшемдес ең соңғы кезең ішінде қарауы тиіс. Егер листингтен жақында өткен ұйымның тарихи өзгергіштік туралы жеткілікті ақпараты болмаса, онда ол кем дегенде оның акцияларымен сауда-саттық өткен ең ұзақ кезеңнің тарихи өзгергіштігін есептеуі тиіс. Ұйым сондай-ақ осындай ұйымдардың тарихи өзгергіштігін олардың қолдану мерзімінің салыстырмалы кезеңін пайдалана отырып қарайды. Мысалы, тек бір жыл бұрын ғана листингтен өткен және 5 жыл орташа күтілетін қолдану мерзімі бар опциондарды ұсынатын ұйым сол сала ұйымдарының осы ұйымдардың акциялары ашық нарықта айналған алғашқы алты жылдағы схемасын және тарихи өзгергіштік деңгейін қарайды.
Листингтен өтпеген ұйымдар
В27 Листингтен өтпеген ұйымда күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде қарау үшін қажетті тарихи ақпарат жоқ. Оның орнына қарау үшін қажетті кейбір факторлар төменде берілген.
В28 Кейбір жағдайларда листингтен өтпеген, қызметкерлер (немесе басқа тараптар) үшін жүйелі түрде опциондар немесе акциялар шығаратын ұйым өз акциялары үшін ішкі нарықты белгілей алады. Күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде акциялардың осы бағаларының өзгергіштігі назарға алынады.
В29 Балама ретінде ұйым листингтен өткен, олар бойынша акциялардың бағасы немесе күтілетін өзгергіштік бағалау кезінде пайдалануға болатын опцион бағасы туралы ақпарат бар осындай ұйымдардың тарихи немесе болжанған өзгергіштігін қарайды. Бұл қадам, егер ұйым өз акцияларының құнын бағалауды листингтен өткен осындай ұйымдар акцияларының бағысына негіздесе, дұрыс болады.
В30 Егер ұйым өзінің акцияларының құнын бағалауды листингтен өткен осындай ұйымдар акцияларының бағаларына негіздемесе, ал оның орнына өз акцияларын бағалаудың басқа әдісін пайдаланса, онда ол күтілетін өзгергіштіктің осы бағалау әдісіне сәйкес келетін бағалауды алады. Мысалы, ұйым өз акцияларын таза активтердің немесе пайданың мәндері негізінде бағалай алады. Ол таза активтердің немесе пайданың осы мәндерінің күтілетін өзгергіштігін назарға алады.
Күтілетін дивидендтер
В31 Күтілетін дивидендтерді ұсынылған акциялардың немесе опциондардың әділ құнын өлшеу кезінде назарға алуға болатыны не болмайтыны туралы мәселе қарсы тараптың дивидендтерге немесе дивидендтердің баламасына құқығы бар не жоқ екендігіне қатысты болады.
В32 Мысалы, егер қызметкерлерге опциондар ұсынылса және олардың негізінде жатқан акциялар бойынша дивидендтерге немесе дивидендтердің баламасына ұсыну күні және орындау күні арасындағы кезең ішінде олардың құқығы бар болса, онда ұсынылған опциондар олардың негізінде жатқан дивидендтер төленбегендей бағалануы тиіс, яғни күтілетін дивидендтер жөніндегі бастапқы ақпарат нөлге тең болады.
В33 Тиісінше ұсыну күні қызметкерлерге ұсынылған акциялардың әділ құны есептелсе, онда, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде төленетін дивидендтерді алуға құқығы болса, күтілетін дивидендтерге ешқандай түзету талап етілмейді.
В34 Және керісінше, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде (немесе опциондар жағдайында орындау күніне дейін) дивидендтерге немесе дивидендтер баламасына құқықтары жоқ болса, онда акцияларды немесе опциондарды ұсыну күнгі бағалауда күтілетін дивидендтер ескерілуі тиіс. Басқаша айтқанда, ұсынылған опциондардың әділ құны бағаланған кезде, күтілетін дивидендтер опционның бағасын айқындау үлгісін қолдану кезінде ескерілуі тиіс. Ұсынылған акциялардың әділ құны бағаланған кезде, осы бағалау өту кезеңі ішінде төленуі күтілетін дивидендтердің келтірілген құнына азайтылуы тиіс.
В35 Опциондардың бағаларын айқындау үлгілері үшін әдетте дивидендтер бойынша күтілетін кірістілік туралы ақпарат талап етіледі. Дегенмен үлгілер кірістілікті емес, дивидендтердің күтілетін сомасын пайдаланатындай өзгеруі мүмкін. Ұйым не күтілетін кірістілікті, не күтілетін төлемдерді пайдаланады. Егер ұйым кірістілікті пайдаланса, онда ол өзінің дивидендтердің тарихи қалыптасқан өсу схемасын ескеруі тиіс. Мысалы, егер дивидендтердің шамамен жылына 3 пайыз ұлғаюы әдетте ұйымның саясаты болып табылса, онда опционның күтілетін құнында осы жорамалды қолдайтын куәлік бар болған жағдайларды қоспағанда, опционның қолдану мерзімі ішінде дивидендтің белгіленген сомасын көздемеуі тиіс.
В36 Әдетте күтілетін дивидендтер туралы жорамал жалпы рұқсат етілген ақпаратқа негізделуі тиіс. Дивидендтер төлемеген және оларды төлеуді жоспарламаған ұйым дивидендтер бойынша нөлге тең кірістілікті қабылдауы тиіс. Дегенмен, дивидендтерді төлеу тарихы жоқ жаңа ұйым қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондардың күтілетін қолдану мерзімі ішінде дивидендтер төлеуді бастауды жоспарлай алады. Осы ұйымдар олардың дивидендтер бойынша өткен кірістілігінің (нөл) және олармен салыстырылатын ұйымдардың дивидендтері бойынша кірістіліктің орташа мәні арасындағы орташа мәнді пайдалана алады.
Тәуекелсіз пайыздық мөлшерлеме
В37 Әдетте, тәуекелсіз пайыздық мөлшерлеме нөлдік купоны бар, елде орындау бағасы көрсетілген валютамен шығарылған, өтелгенге дейін бағаланатын опционның күтілетін мерзіміне тең қалған мерзімі бар (шартта көзделген, опционды қолданудың қалған мерзімі негізінде және күтілетін мерзімінен бұрын орындаудың ықпалын назарға ала отырып) мемлекеттік облигациялар бойынша ағымдағы кірістілік болып табылады. Егер осындай мемлекеттік облигациялар болмаса немесе жағдай нөлдік купоны бар мемлекеттік облигациялар бойынша болжанған кірістіліктің тәуекелсіз пайыздық мөлшерлемені ашпайтынын көрсетсе (мысалы, жоғары инфляциясы бар экономикаларда), балама мөлшерлемелерді пайдалану қажет болады. Сонымен қатар қолдану мерзімі бағаланатын опционның күтілетін қолдану мерзіміне тең болатын опционның әділ құнын бағалау кезінде балама мөлшерлемелер, егер нарықтың қатысушылары әдетте тәуекелсіз пайыздық мөлшерлемені, нөлге тең купоны бар мемлекеттік облигациялар бойынша болжанған кірістілікті емес, осы балама мөлшерлемелерді пайдалану арқылы белгілеген жағдайда пайдалануы тиіс.
Капиталдың құрылымына ықпал ету
В38 Әдетте, нарықта айналыстағы акцияларға опциондарды ұйым емес, үшінші тұлғалар шығарады. Осы опциондар орындалған кезде сатушы акцияларды опционның иесіне жеткізеді. Бұл акциялар акционерлерден сатып алынады. Осылайша, нарықта айналыстағы акцияларға опциондардың орындалуының ажырату әсері жоқ.
В39 Және керісінше, егер акцияларға опциондарды ұйым шығарса, онда осы акцияларға опциондарды орындау кезінде жаңа акциялар шығарылады (нақты шығарылады не, егер бұрын сатып алынған және акционерден сатып алынған өзінің акциялары ретінде ұсталатын акциялар пайдаланылса, мәні бойынша шығарылады). Акциялардың орындалу күнгі ағымдағы нарықтық бағасы бойынша емес, орындалу бағасы бойынша шығарылатынын ескере отырып, осы нақты немесе әлуетті ажырату акцияның бағасын азайта алады, сондықтан опционның иесі нарықта осындай айналыстағы, акцияның бағасын ажыратпайтын басқа опционды орындау сияқты орындаудан соншалықты көп емес пайда алады.
В40 Осы фактордың акцияларға опциондардың құнына едәуір әсері бар немесе жоқ екені туралы мәселе опциондарды орындау кезінде шығарылған акциялардың санымен шығарылатын жаңа акциялардың санын салыстыру сияқты көптеген факторларға қатысты болады. Сонымен қатар, егер нарық опциондарды ұсынудың болатынын күтіп отырса, онда ұсыну күні ол акциялардың бағасына әлуетті ажыратуды кіргізуі мүмкін.
В41 Дегенмен ұйым ұсынылған акцияларға опциондардың болашақ орындалуынан ажыратудың ықтимал әсері ұсыну күні олардың бағалау әділ құнына әсер ететінін не етпейтінін қарауы тиіс. Опционның бағасын айқындау үлгілері ажыратудың осы әлуетті әсері назарға алатындай бейімделуі мүмкін.
Акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер туралы келісімдерді өзгерту
В42 27-тармақ акциялар, осы акцияларды ұсынуды жою немесе өтеуді ұсынылған талаптардың кез келген өзгерістеріне қарамастан, ұйым кем дегенде ұсынылған акциялардың ұсыну күнгі әділ бағасы бойынша өлшенген, алынған қызметтерді, осы акциялардың өту талаптары (нарықтық емес талаптарды қоспағанда) ұсыну күні белгіленген сақтамаудан өтпеген жағдайды қоспағанда, тануы тиіс. Сонымен қатар ұйым акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімнің жалпы әділ құнынан аспайтын немесе өзгеше түрде қызметкерге пайдалы өзгерістердің ықпалын тануы тиіс.
В43 27-тармақтың талаптарын қолдану үшін:
(а) егер өзгеріс ұсынылған акцияның тікелей және өзгеріске дейін өлшенген әділ құнын ұлғайтса (мысалы, орындау бағасын азайта отырып), онда ұйым ұсынылған қосымша әділ құнды ұсынылған акциялар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеудің әділ құнына кіргізуі тиіс. Ұсынылған қосымша әділ құн өлшенген акцияның әділ құны және бастапқы акцияның әділ құны арасындағы, олардың әрқайсысы өзгеру күні бағаланады, айырма болып табылады. Егер өзгеріс өту кезеңі ішінде болса, онда ұсынылған қосымша әділ құн өлшеу күнінен бастап құқық өзгерген акцияларға өткен күнге дейінгі кезең ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеуге, бастапқы акциялардың ұсыну күнгі, өтудің бастапқы кезеңінің қалған мерзімі ішінде танылатын әділ құнына негізделген сомаға қосымша ретінде енгізіледі. Егер өзгеріс өту кезеңінен кейін болса, онда ұсынылған қосымша әділ құн, егер қызметкерден қызметтің қосымша кезеңін аяқтау ол осы өзгерген акцияларға нақты құқықты алғанға дейін талап етілсе, жедел немесе өту кезеңі ішінде танылады;
(b) осылайша, егер өзгеріс ұсынылған акциялардың санын ұлғайтса, онда ұйым ұсынылған акциялардың өзгеру күні өлшенген әділ құнын жоғарыдағы (а) тармағына сәйкес ұсынылған акциялар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеуге кіргізуі тиіс. Мысалы, егер өзгеріс өту кезеңі ішінде болса, онда ұсынылған акциялардың әділ құны өлшеу күнінен бастап құқық акциялар бойынша өткен күнге дейінгі кезең ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеуге, бастапқы акциялардың ұсыну күнгі, өтудің бастапқы кезеңінің қалған мерзімі ішінде танылатын әділ құнына негізделген сомаға қосымша ретінде енгізіледі;
(с) егер ұйым өту талаптарын қызметкерге қолайлы етіп, мысалы, өту кезеңін азайта немесе ауыстыра немесе қызметтің талабын алып тастай (өзгерісі жоғарыдағы (а) тармағына сәйкес ескерілетін нарықтық талапты қоспағанда) отырып өзгертсе, онда ұйым 19-21-тармақтардың талаптарын қолдану кезінде өзгерген өту талаптарын назарға алуы тиіс.
В44 Егер ұйым ұсынылған акциялардың талаптарын акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімнің жалпы әділ құнын азайтатын түрде немесе қызметкерге пайдалы болатындай етіп өзгертсе, онда ұйым, кем дегенде, ұсынылған акциялар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерді өзгеріс (28-тармаққа сәйкес ескерілуі тиіс ұсынылған акциялардың кейбіреуін немесе барлығын жоюды қоспағанда) болмағандай ескеруді жалғастыруы тиіс. Мысалы:
(а) егер өзгеріс ұсынылған акциялардың өзгеріске дейін және кейін өлшенген әділ құнын азайтса, онда ұйым әділ құнның осы азаюын ескеруі тиіс емес және акциялар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы ұсынылған акциялардың ұсыну күнгі әділ құны ретінде өлшеуді жалғастыруы тиіс;
(b) егер өзгеріс қызметкерге ұсынылған акциялардың санын азайтса, онда осы азаю 28-тармақтың талаптарына сәйкес ұсыну туралы келісімнің осы бөлігін жою ретінде ескерілуі тиіс;
(с) егер ұйым өту талаптарын қызметкерге пайдалы болмайтындай, мысалы, өту кезеңін ұлғайта немесе қызметтің қосымша талабын (өзгерісі жоғарыдағы (а) тармағына сәйкес ескерілетін нарықтық талапты қоспағанда) ауыстыра немесе кіргізе отырып өзгертсе, онда ұйым 19-21-тармақтардың талаптарын қолдану кезінде өзгерген өту талаптарын назарға алуы тиіс емес.
Топтық ұйымдар арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары (2009 жылғы өзгертулер)
B45 43A-43C тармақтары әр ұйымның бөлек немесе жеке есеп беруіндегі топтық ұйымдар арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары есебін қамтиды. B46-B61 тармақтары 43A-43C тармақтарындағы талаптардың қолдану тәртібін талқылайды. 43D тармағында аталып өткендей, топтық ұйымдар арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары деректер мен жағдайларға байланысты түрлі себептерден орын алады. Сондықтан, осы талқылау түпкілікті емес және тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйымның операцияны жүргізуге міндеті болмаса, топтар арасындағы қайта төлемдер келісімдеріне қарамастан, операция ұйымға тиісті меншікті капиталдың еншілес ұйымға берілуі болып табылады.
B46 Төмендегі талқылау қызметкерлермен операцияларға бағытталса да, ол, сонымен қатар, осыған ұқсас тауарлар мен қызмет көрсетулердің жеткізушілерімен, қызметкерлерден басқа, акцияларға негізделген төлем операцияларына қатысты қолданылады. Ұйым және оның еншілес ұйымы арасындағы келісім қызметкерлерді меншікті капитал құралдарымен қамтамасыз еткені үшін ұйымға төлем жасауды талап етуі мүмкін. Төмендегі талдау осындай топ аралық төлем келісімдерін есептеу жолын қарастырмайды.