(а) егер өтеу өту кезеңі ішінде жүргізілсе, ұйым осы өтеуді өтуді жеделдету ретінде ескеруі тиіс және сондықтан керісінше жағдайда өту кезеңінің қалған мерзімі ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылуы мүмкін соманы жедел тануы тиіс;
(b) өтеу кезінде жүргізілген төлем акцияларды сатып алу ретінде, яғни төлем сатып алу күні өлшенген акцияның ішкі құнынан асатын соманы қоспағанда, меншікті капиталдан шегеру ретінде есепке алынуы тиіс. Осындай кез келген асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс.
Жоюды және есеп айырысуды қоса алғанда, акциялар ұсынылған талаптардың өзгеруі
26 Ұйым акциялар ұсынылған талаптарды өзгерте алады. Мысалы, ол қызметкерлерге ұсынылған опциондарды орындау бағасын азайта (яғни, өзге бағаны белгілей) алады, бұл осы опциондардың әділ құнын ұлғайтады. 27-29-тармақтардың осындай өзгерістердің ықпал етуін есепке алу жөніндегі талаптары қызметкерлермен жасалған, акцияларға негізделген төлемдер операцияларының мазмұнында беріледі. Дегенмен осы талаптар қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен жасалған, акцияларға негізделген, ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде өлшенетін төлемдер операцияларына да қолданылуы тиіс. Соңғы жағдайда «ұсынылған күніне» сілтеменің орнына 27-29-тармақтарда ұйым тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күніне сілтеме қолданылуы тиіс.
27 Ұйым, кем дегенде, алынған, ұсынылған акциялардың ұсынылған күнгі әділ құны бойынша өлшенген қызмет көрсетулерді, осы акцияларға құқықтар ұсыну күні анықталған өту талаптарының (нарықтық талап болып табылмайтын) сақтамаудан өтпейтін жағдайларды қоспағанда, тануы тиіс. Осы ереже акциялар ұсынылған талаптардың өзгерістеріне немесе осы акцияларды ұсыну туралы келісім бойынша жоюға немесе өтеуді қолданады. Сонымен қатар ұйым акцияларға негізделген төлем туралы келісімнің жалпы әділ құнын көтеретін немесе өзгеше түрде қызметкерге пайдалы өзгерістердің әсерін тануы тиіс. Осы талапты қолдану жөніндегі нұсқау В қосымшасында келтірілген.
28 Егер ұйым құқыққа өту кезеңі ішінде (ұсыну өту талаптарын орындамау нәтижесінде алу арқылы жойылатын жағдайларды қоспағанда) акцияларды ұсынуды жойса немесе өтесе:
(а) ұйым жоюды немесе өтеуді өтуді жеделдету ретінде ескеруі тиіс және сондықтан керісінше жағдайда өту кезеңінің қалған мерзімінің ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылуы тиіс соманы жедел тануы тиіс;
(b) ұсынылған акциялардың сатып алу күні өлшенген әділ құнынан төлем асып кететін соманы қоспағанда, жою немесе ұсынуды өтеу кезінде қызметкерге жүргізілген кез келген төлем меншікті капиталдың үлесін сатып алу ретінде, яғни меншікті капиталдан шегерім ретінде есепке алыну тиіс. Кез келген осындай асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс. Алайда, егер акцияларға негізделген төлем келісімге міндеттеме компоненттері кірген болса, ұйым міндеттеменің әділ құнын күшін жою немесе өтеу күні бағалауы тиіс. Міндеттеме компонентін өтеу үшін жасалған кез келген төлем міндеттеменің өтелуі ретінде есепке алынуы тиіс.
(с) егер қызметкерге жаңа акциялар ұсынылса және осы жаңа акциялар ұсынылған күні ұйым оларды жойылған акциялардың орнын ауыстыру ретінде бірегейлендірсе, онда ол 27-тармаққа және В қосымшасындағы нұсқауға сәйкес, орны ауыстырылған акцияларды ұсынуды акцияларды ұсыну жөніндегі бастапқы келісімді өзгерту сияқты ескеруі тиіс. Ұсынылған қосымша әділ құн орны ауыстырылған акцияларды ұсынылған күнгі орны ауыстырылған акциялардың әділ құны және жойылған акциялардың әділ құны арасындағы айырма ретінде есептеледі. Жойылған акциялардың таза әділ құны олардың әділ құны ретінде олар жойылғанға дейін тікелей, акцияларды жою кезінде қызметкерге жүргізілген төлемнің жоғарыдағы (b) тармағына сәйкес меншікті капиталдан шегерім ретінде есептелген соманы шегере отырып есептеледі. Егер ұйым ұсынылған жаңа акцияларды жойылған акциялардың орнын ауыстыру ретінде бірегейлендірмесе, онда ол осы жаңа акцияларды жаңа ұсынылған акциялар ретінде ескеруі тиіс.
28А Егер ұйым немесе қарсы тарап құқық беретін шартты орындау-орындамауды таңдай алатын болса, ұйым құқыққа өту кезеңінде ұйымның немесе қарсы тараптың құқық беретін шартты орындай алмауын күшін жою ретінде қарастыруы тиіс.
29 Егер ұйым өткізілген акцияларды сатып алса, онда қызметкерге жүргізілген төлем сатып алынған акциялардың сатып алу күні өлшенген әділ құнынан асатын соманы қоспағанда, меншікті капиталдан шегерім ретінде есепке алынуы тиіс. Осындай кез келген асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс.
Ұйым бекіткен акцияларға негізделген есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлем трансакциясы |
30 Акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша қаражаттарымен жүргізілетін төлемдер операциялар үшін ұйым сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және міндеттемелердің әділ құны бойынша туындаған міндеттемені өлшеуі тиіс. Міндеттеме өтелмейінше ұйым міндеттемелердің әрбір есепті күнгі, сондай-ақ міндеттемелер бойынша есеп айырысу күнгі әділ құнын кезең ішіндегі пайданың немесе залалдың құрамындағы міндеттеменің әділ құнындағы өзгерісті тани отырып қайта бағалауы тиіс.
31 Мысалы, ұйым қызметкерлерге акциялар құнының олардың сыйақы пакетінің бір бөлігі ретінде өсуіне құқық бере алады, нәтижесінде қызметкерлер болашақта ақша қаражатын (акцияларды емес) алу құқығын алады, олардың сомасы ұйымның акцияларының бағасының белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір деңгеймен салыстырғанда ұлғаюы негізінде есептеледі. Ұйым сондай-ақ өзінің қызметкерлеріне оларға болашақта не міндетті түрде (мысалы, жұмыстан шыққан кезде), не қызметкердің таңдауы бойынша өтелетін акцияларға (акцияларға опциондарды орындау бойынша шығарылатын акцияларды қоса алғанда) құқық беру арқылы ақша төлемін алу құқығын ұсынады.
32 Ұйым алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемелерді тануы, оларды қызметкерлердің осы қызметті көрсетуіне қарай төлеуі тиіс. Мысалы, кейбір акциялар құнының өсу құқығы қызметкерлерге бірден өтеді, сондықтан қызметкерлерден ақшалай төлемге құқық алу үшін қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Кері дәлелдер болмаған кезде ұйым қызметкерлер көрсеткен қызметтердің акциялар құнының өсу құнының орнына алынғаны туралы жорамал жасауы тиіс. Тиісінше, ұйым алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені бірден тануы, оларды төлеуі тиіс. Егер акциялар құнының өсуіне құқықтар қызметкерлерге олар қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін өтпесе, онда ұйым алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені тануы, оларды қызметкерлер осы кезең ішінде қызмет көрсетуіне қарай төлеуі тиіс.
33 Міндеттеме бастапқы және сол сияқты әрбір есепті күні, ол өтелгенше, акциялар құнының өсу құқықтарының әділ құны бойынша, опциондар бағасын айқындау үлгісін қолдану арқылы, акциялар құнының өсу құқықтары берілген талаптарды және қызметкерлер есепті күнге дейін ұсынған қызмет көрсетулердің көлемін ескере отырып өлшенуі тиіс.
Ақша қаражаттарымен төлеу мүмкіндігі бар акциялар негізіндегі операциялар |
34 Акцияларға негізделген, келісім талаптары не ұйымға не қарсы тарапқа негізінде ұйым ақша құралдарымен (немесе басқа активтермен) не акциялар шығару арқылы операциялар бойынша есеп айырысуды жүргізетін таңдау ұсынады, ұйым осы операцияны немесе осы операцияның компоненттерін, егер ұйымда ақша қаражатымен немесе басқа активтермен өтелетін міндеттеме туындауына байланысты акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша құралдарымен жүргізілетін төлем операциясы ретінде немесе міндеттеменің туындамауына қарай акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлем операциясы ретінде ескеруі тиіс.
Акцияларға негізделген, келісім талаптары контрагентке есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер операциялары
35 Егер ұйым қарсы тарапқа акцияларға негізделген төлемдер операциялар бойынша ақша қаражатымен немесе акциялар шығару арқылы есеп айырысу тәсілін таңдау құқығын ұсынса, онда ұйым борыштық компонент (яғни, қарсы тараптың ақыны ақша қаражатымен төлеуді талап ету құқығы) және үлестік компонент (яғни, қарсы тараптың есеп айырысуды ақша қаражатымен емес, акциялармен талап ету құқығы) кіретін аралас қаржы құралын ұсынады. Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны тікелей өлшенетін операциялар үшін, ұйым аралас қаржы құралының үлестік компонентін тауарлар немесе қызмет көрсетулер алынған күнгі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны және борыштық компоненттердің әділ құны арасындағы айырма ретінде өлшеуі тиіс.
36 Қызметкерлермен операцияларды қоса алғанда, басқа операциялар үшін ұйым аралас қаржы құралдарының өлшеу күнгі әділ құнын ақша қаражатына немесе акцияларға құқықтар ұсынылған талаптарды ескере отырып өлшеуі тиіс.
37 36-тармақты қолданған кезде ұйым ең алдымен борыштық компоненттің әділ құнын, ал одан кейін үлестік компоненттің әділ құнын қарсы тараптың акцияны алуы үшін ақша қаражатын алу құқығынан бас тартуын назарға ала отырып өлшеуі тиіс. Аралас қаржы құралының әділ құны екі компоненттің әділ құндарының сомасы болып табылады. Дегенмен акцияларға негізделген, қарсы тарап өтеу тәсілін таңдайтын төлемдер операциялары әділ құн бір балама өтеу кезінде екінші кездегідей болатындай түрде жиі құрылымдалады. Мысалы, қарсы тараптың акцияларға опциондарды немесе акциялар құнының ақша қаражатымен өсуі құқығын алуды таңдауы бар. Осындай жағдайларда үлестік компоненттің әділ құны нөлге тең және тиісінше аралас қаржы құралының әділ құны борыштық компоненттің әділ құнына тең. Және керісінше, егер өтеудің әртүрлі тәсілдерінің әділ құндарының айырмашылығы болса, онда үлестік компоненттің әділ құны әдетте нөлден жоғары болады; бұл жағдайда аралас қаржы құралының әділ құны борыштық компоненттің әділ құнынан көп болады.
38 Ұйым алынған немесе сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді аралас қаржы құралының әрбір компонентіне қатысты бөлек есепке алуы тиіс. Борыштық компонент үшін ұйым қарсы тарап акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес (30-33-тармақтар) тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және осы тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін ақы төлеу міндеттемесін тануы тиіс. Үлестік компонент үшін (егер осындай бар болса) ұйым алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы ұлғаюды қарсы тарап акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес (10-29-тармақтар) тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде тануы тиіс.
39 Ұйым өтеу күні міндеттемені оның әділ құны бойынша қайта бағалауы тиіс. Егер есеп айырысу кезінде ұйым акциялар шығарса, ақша құралдарымен төлемесе, онда міндеттеме шығарылған акциялар үшін өтем ретінде меншікті капиталға тікелей аударылуы тиіс.
40 Егер өтеу кезінде ұйым акциялар шығармай ақша қаражаттарымен төлесе, онда бұл төлем міндеттемені толық өтеуі тиіс. Бұрын танылған үлестік компонент меншікті капиталдың құрамында қалуы тиіс. Өтеу ретінде ақша қаражатын алуды таңдай отырып, қарсы тарап акцияларды алу құқығынан бас тартты. Дегенмен осы талап ұйымға меншікті капитал құрамындағы қозғалысты, яғни меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына аударуды тануға кедергі жасамайды.
Акцияларға негізделген, келісімшарт талаптары ұйымға есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер операциялары
41 Акцияларға негізделген, келісім талаптары ұйымға есеп айырысуды ақша қаражатымен немесе акциялар шығару арқылы жүргізуді таңдауды ұсынатын төлемдер операциялары үшін ұйым тиісті түрде оның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесінің бар екендігін айқындауы және акцияларға негізделген төлем операциясын ескеруі тиіс. Ұйымда, егер есеп айырысуды акциялармен таңдаудың коммерциялық мазмұны болмаса (мысалы, егер ұйымға акциялар шығаруға заңды түрде тыйым салынса) немесе ұйымның ақша қаражатымен есеп айырысу тәжірибесі немесе белгіленген саясаты болса, немесе әдеттегідей, егер қарсы тарап өтініш білдіріп есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізсе, есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі бар.
42 Егер ұйымның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі болса, онда ол операцияны акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін төлемдер операцияларына қолданылатын 30-33-тармақтардың талаптарына сәйкес есепке алуы тиіс.
43 Егер ұйымда осындай міндеттеме болмаса, онда ол операцияны акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша акциялармен жүргізілетін төлемдер операцияларына қолданылатын 10-29-тармақтардың талаптарына сәйкес есепке алуы тиіс:
(а) егер ұйым ақша қаражатымен есеп айырысуды таңдаса, онда ақшалай төлем меншікті капиталдың үлесін сатып алу ретінде, яғни төмендегі (с) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, меншікті капиталдан шегерім ретінде ескерілуі тиіс;
(b) егер ұйым акциялар шығару арқылы есеп айырысуды таңдаса, онда төмендегі (с) -тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, одан кейінгі есепке алу талап етілмейді (егер қажет болса, меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына аударудан басқа);
(с) егер есеп айырысу күні неғұрлым жоғары әділ құнмен есеп айырысу тәсілін таңдаса, онда ол қосымша өткізілген құн сомасындағы қосымша шығысты, яғни осы ережелердің қайсысы қолданылатынына қарай төленген ақша қаражаты және керісінше жағдайда шығарылуы мүмкін акциялардың әділ құны арасындағы айырманы немесе шығарылған акциялардың әділ құны және керісінше жағдайда төленуі мүмкін ақша қаражаты сомасы арасындағы айырманы тануы тиіс
Топ ұйымдары арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары (2009 жылғы өзгертулер) |
43A Топ ұйымдары арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары үшін, өзінің бөлек немесе жеке қаржылық есептерінде, тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым осы алған тауарлар мен қызмет көрсетулерді акцияларға негізделген немесе ақшаға негізделген төлем операциясы ретінде:
(a) ұсынылған марапат негізі, және
(b) өзінің құқықтары мен міндеттері
негізінде бағалауы тиіс. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым таныған сома үлеске негізделген төлем операциясын жүргізіп жатқан басқа топ ұйымы немесе бірлескен топ таныған сомадан өзгеше болуы мүмкін.
43B Тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым осы алынған тауарлар мен қызмет көрсетулерді үлеске негізделген акциялар арқылы төлем операциясы ретінде келесі жағдайда бағалауы тиіс:
(a) ұсынылған марапаттар өз акция құралдары болып табылғанда, немесе
(b) үлеске негізделген төлем операциясын жүргізуге ұйымның міндеті жоқ болғанда.
Ұйым осындай акцияларға негізделген төлем операциясын 19-21 тармақтарға сәйкес нарықтық емес құқыққа өту талаптарындағы өзгерістер үшін ғана қайта бағалауы тиіс. Бұдан басқа барлық жағдайлар үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым осы алынған тауарлар мен қызмет көрсетулерді ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциясы ретінде бағалауы.
43C Үлеске негізделген төлем операциясын жүргізіп жатқан ұйым топ құрамындағы басқа ұйым тауарлар мен қызмет көрсетулерді алу барысындағы операцияны акцияларға негізделген төлем операциясы ретінде егер ұйымның өз акция құралдары арқылы жүргізілсе ғана тануы тиіс. Басқа жағдайда, операция ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциясы ретінде танылуы тиіс.
43D Кейбір топтық операцияларына бір топтық ұйымның басқа топтық ұйымға тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізушілерге үлеске негізделген төлемдермен қамтамасыз етуі үшін төлеуді талап ететін қайта төлеу шаралары кіреді. Осындай жағдайларда, топ арасындағы қайта төлеу шараларына қарамастан тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым 43B тармаққа сәйкес үлеске негізделген төлем операциясын есептей алады.
Ақпаратты ашып көрсету
44 Ұйым қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына акцияларға негізделген, кезең ішінде болған төлемдер туралы келісімнің сипаты және мөлшерін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
45 44-тармақта жазылған принципті жүзеге асыру үшін тармақ тым болмағанда мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) әрбір келісімнің өту талаптары, ұсынылған опциондардың ең жоғары мерзімі және есеп айырысу әдісі (мысалы, ақша қаражатымен немесе акциялармен) сияқты жалпы талаптарын қоса алғанда, акцияларға негізделген, кезең ішінде кез келген уақытта болған төлемдер туралы келісімдердің әрбір түрінің сипатын. Біршама дәрежеде акцияларға негізделген келісімдердің ұқсас түрлері бар ұйым олар туралы ақпаратты, егер 44-тармақтағы ұстанымды қанағаттандыру үшін ғана әрбір келісім бойынша бөлек ашып көрсету талап етілмесе, біріктіреді;
(b) опциондардың мынадай топтарының әрқайсысы үшін акцияларға опциондардың санын және орындалуының орташа алынған бағасын:
(i) кезеңнің басында орындалмаған;
(ii) кезең ішінде ұсынылған;
(iii) кезең ішінде алынған;
(iv) кезең ішінде орындалған;
(v) мерзімі кезең ішінде аяқталған;
(vi) кезең соңында орындалмаған; және
(vii) кезең соңында әлі де орындалуы мүмкін;
(с) кезең ішінде орындалған акцияларға опциондар үшін орындау күніне акциялардың орташа алынған бағасын. Егер опциондар кезең ішінде жүйелі түрде орындалса, ұйым мұның орнына акциялардың кезең ішіндегі орташа алынған бағасын ашып көрсетеді;
(d) кезең соңында орындалмаған акцияларға опциондар үшін орындау бағаларының диапазоны және шартты қолданудың қалған мерзімдерінің орташа алынған мәнін. Егер орындау бағаларының диапозоны ауқымды болса, онда орындалмаған опциондар шығарылуы мүмкін қосымша акциялардың және осы опциондарды орындау кезінде алынуы мүмкін ақша қаражатының санын және уақыт бойынша бөлуді бағалау үшін көрсетілетін диапазондарға бөлінуі тиіс.
46 Ұйым қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің құны немесе кезең ішінде ұсынылған акциялардың әділ құны қалай белгіленгенін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
47 Егер ұйым ұйымның акциялары үшін өтем ретінде алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде жанама өлшесе, онда 46-тармақта көрсетілген принципті жүзеге асыру үшін ұйым кем дегенде мыналарды ашып көрсетуі тиіс:
(а) кезең ішінде ұсынылған акцияларға опциондар үшін осы опциондардың өлшеу күніндегі орташа алынған бағасын және мыналарды қоса отырып, осы әділ құн қалай өлшенгені туралы ақпаратты:
(і) опционның бағасын айқындаудың пайдаланылған үлгісін және акциялардың орташа алынған бағасын, орындалу бағасын, күтілетін өзгергіштікті, опциондардың мерзімін, күтілетін дивидендтерді, пайыздың тәуекелсіз мөлшерлемені қоса отырып, осы үлгіге арналған бастапқы ақпаратты, сондай-ақ пайдаланылған әдісті және күтілетін мерзімнен тыс орындаудың әсер етуін есепке алу үшін қабылданған жорамалды қоса отырып, үлгіге арналған басқа бастапқы ақпаратты;
(іі) күтілетін өзгергіштік тарихи өзгергіштікке қаншалықты негізделгендігін түсіндіруді қоса отырып күтілетін өзгергіштіктің қалай анықталғандығы туралы ақпаратты;
(ііі) опциондарды ұсынудың басқа талаптарының, мысалы, нарықтық талаптар сияқты, болғаны не болмағаны, әділ құнды өлшеу кезінде ескерілгені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;
(b) кезең ішінде ұсынылған басқа акциялар үшін (яғни, акцияларға опциондардан басқа) осы акциялардың өлшеу күнгі санын және орташа алынған бағасын және мыналарды қоса отырып, осы әділ құн қалай өлшенгені туралы ақпаратты:
(і) егер әділ құн бақыланып отырған нарықтық баға негізінде өлшенбесе, онда ол қалай анықталғаны туралы ақпаратты;
(іі) күтіліп отырған дивидендтер әділ құнды өлшеу кезінде ескергені не ескерілмегені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;
(ііі) ұсынылған акциялардың басқа сипаттарының әділ құнды өлшеу кезінде ескерілгені не ескерілмегені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;
(с) кезең ішінде өзгерген, акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімдер үшін:
(і) осы өзгерістердің түсіндірмесі;
(іі) ұсынылған қосымша әділ құнның көлемін (осы өзгерістердің нәтижесінде);
(ііі) ұсынылған қосымша әділ құн, егер қолданылса, жоғарыдағы (а) және (b) тармақтарында берілген талаптарға сәйкес қалай өлшенгені туралы ақпаратты.