Мемлекеттік статистика органдары лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 384-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
384-бап. Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау
Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау -
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 384-1-баппен толықтырылды
384-1-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау
Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау -
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
385-бап. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесін бұзу
1. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесін бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 386-бап өзгертілді
386-бап. Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзу
1. Мемлекеттік құпияларға рұқсат етудiң белгiленген тәртібін бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Құпия мәлiметтермен және олар сақталған көздермен жұмыс кезiнде лауазымды адамдардың құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Құпия мәлiметтердiң жария болуына немесе құпия мәлiметтердiң және олар сақталған көздердiң жоғалуына әкеп соққан бірақ мемлекеттік құпиясы жоқ, нақ сол iс-әрекеттер, -
қызметтiң белгiлi бір түрiне арнайы рұқсаттан айыра отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 387-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 387-бап өзгертілді
387-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру
ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру
1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
388-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметi, Республикалық ұлан, Ұлттық қауiпсіздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Қорғаныс министрлігінiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз ену, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
25-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы
режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының
аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 389 -бап өзгертілді
389-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзу
1. Шекара аймағына кіру (өту), уақытша болу немесе жүрiп-тұру ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыпұл салуға әкеп соғады
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсатынсыз не белгiленген тәртiптi бұза отырып шекара аймағында шаруашылық, кәсiпшiлiк немесе өзге де қызметтер жүргiзу, мал ұстау немесе бағу, бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де iс-шаралар өткізу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен 389-1-баппен толықтырылды
389-1-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында белгіленген шектеулерді бұзу
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтың аумағында болуы, -
айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бір жұмыстар жүргізу, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің - бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруынан оқ ату, пиротехникалық құралдарды пайдалану, сондай-ақ атыс тирлерін, стендтері мен атыс орындарын орнату, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің - бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 390 -бап өзгертілді
390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимін бұзу
1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекара өзендерi, көлдерi және өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су бетіндегі және су астындағы) қазақстандық кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың негiзгi бекеттерден шығуының және негiзгi бекеттерге оралуының, суда болуының және кемелердiң (құралдардың) мұз арқылы қозғалуының белгiленген ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсатынсыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында шекара өзендерi, көлдерi мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру немесе өзге қызметтер жүргiзу, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерiнде режимдi бұзу
1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерiнде режимдi бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
Қазақстан Республикасы аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 391-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 391-1-бап өзгертілді
391-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимiн бұзу
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында уәкiлеттi органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеушiлiк, iздестiрушiлiк немесе өзге де қызметтердi жүргiзу, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өту
1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан бір немесе бірнеше тәртiп бұзушының заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кіруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шараларды қолданбауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым қызметкерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтуге әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кіруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған әрекет бір немесе бірнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту қылмысына немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетiн адамның, бір немесе бірнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
393-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 394-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 394-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 394-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 394-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
394-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы
1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тiркелу мерзімдерін не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың тәртібін сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
он тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз келуінен, белгiленген мерзiмдерде қайтып кетуден жалтаруынан, келу мақсатының визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сай болмауынан, сондай-ақ нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеуінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамауынан көрінген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы, -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
Он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберілуіне әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 394-1-баппен толықтырылды
394-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешiмдердi орындамауы -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
22.02.02 № 296-II; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 395-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 395-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
395-бап. Жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында шетелдiктердiң болу қағидаларын бұзуы
1. Қазақстан Республикасына шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды жеке шаруамен шақырған Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның оларды уақтылы тiркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағында жүрiп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және белгiленген болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасынан қайтып кетуi жөнінде шаралар қабылдамауы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасында шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын дара кәсіпкердің, лауазымды адамның немесе заңды тұлғаның оларды уақтылы тiркеу, олардың Қазақстан Республикасына келу, оның аумағында болу және жүріп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және белгіленген болу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан қайтып кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы, -
лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасына заңсыз келуден, оның аумағында заңсыз жүріп-тұрудан, белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасынан қайтып кетуден жалтарудан, нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеуінен көрінген, Қазақстан Республикасында шетелдіктердің болу қағидаларын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын жай беру, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға, лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшiншi бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдікпен немесе азаматтығы жоқ адаммен мәмілелер жасасуы, -
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 396-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 396-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзу және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жұмыс берушінің шетелдік қызметкерді жергілікті атқарушы органның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатында көрсетілген лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) тартуы, -
лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мұндай рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылатын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келген шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алмай Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы, -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберілуіне әкеп соғады.
397-бап. 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара )
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен 398 -бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара )
398-бап. 2009.04.12 № 217-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 399-бап өзгертілді
399-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөніндегі заңсыз қызмет
Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөніндегі қызметтi жөнсіз жарнаманы пайдаланып, не толық емес немесе дәйексіз ақпарат беріп жүзеге асыру, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
26-тарау. Кеден істері саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 400-бап өзгертілді
400-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу
Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттік органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -