Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-13 баптар)
2-тарау. Әлеуметтік аударымдар (14-19 баптар)
3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау (20-24 баптар)
4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу (25-26 баптар)
5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (27-32 баптар)
6-тарау. Қорытынды ережелер (33-35 баптар)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бiрi ретіндегі мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) Қордың активтерi - әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмi өтiп кеткендiгi үшiн алынған өсiмпұл, инвестициялық табыс және Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтiк төлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артық төленген қаражатты қайтаруды шегерiп тастағанда, Қорға түсетiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де түсiмдер;
2) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) әлеуметтiк аударымдар алымын жинауды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер төлеудi жүргiзетiн заңды тұлға;
3) асыраушы - өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраушы адам;
4) табысты ауыстыру коэффициентi - әлеуметтiк төлемнiң әлеуметтiк аударымдарды есептеу кезiнде негiзге алынған табыс мөлшерiне қатынасын айқындайтын коэффициент;
5) асырауындағылар санының коэффициентi - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнiң санын ескеретiн коэффициент;
6) қатысу стажының коэффициентi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысу стажына (күнтiзбемен есептегендегi уақыттың жалпы мөлшерiне) қарай айқындалатын коэффициент;
7) еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент;
8) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi - жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 9)тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
9) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне орай табысынан айрылуына байланысты кiрiстiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;
10) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - осы Заңда белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Қорға төлеудi жүзеге асырушы жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам;
11) әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi - алушы) - өзi үшiн Қорға әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген не оларды өзi төлеген және әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган оған қатысты әлеуметтiк төлем тағайындау туралы шешiм шығарған жеке адам, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) - өздеріне табыс әкелетін жұмыспен өздерін қамтамасыз ететін дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар ретінде дара кәсіпкерлер - қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелері танылады;
13) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi - мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен ережелердiң жиынтығы;
14) әлеуметтiк төлемдер - алушының пайдасына Қор жүзеге асыратын ай сайынғы төлемдер;
15) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Қорға төленетiн осы Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
16) әлеуметтiк қатер - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның салдарынан өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы, не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;
17) әлеуметтiк аударымдар ставкасы - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына проценттiк қатынаспен көрсетiлген, Қорға төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
18) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк төлемдердi есепке алу
жөніндегі уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - аймақтарда мiндеттi әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдер аударуды жүзеге асыратын, әлеуметтiк аударымдар мен төлемдердiң дербестендiрiлген, орталықтандырылған есебiн жүргiзетiн құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi құрылымдық бөлiмшелер) бар мемлекеттік кәсiпорын;
19) уәкiлеттi орган - Қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
20) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлiмшелерi;
21) еңбек ету қабiлетiнен айрылу - қызметкердiң жұмысты орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айрылуы, оның дәрежесi айрылған еңбек ету қабiлетiне проценттiк қатынастан көрiнедi;
22) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк
аударымдар жүргiзiлген қатысушысы - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар жеке адам;
23) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар - төлеушi; мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы; алушы; Орталық; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар.
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заң мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты осы Заңда көзделген қатынастарды реттейдi.
3-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;
2) асыраушысынан айрылған жағдай;
3) жұмысынан айрылған жағдай.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.
5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;
2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;
3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;
4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;
5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi;
6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;
7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.
6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығы
Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде осы Заңда белгiленген шарттармен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуын қамтамасыз ету
1. Мемлекет Қордағы әлеуметтiк аударымдардың сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепiлдiк бередi.
2. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуы:
1) Қордың қызметiн, оның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу арқылы реттеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру;
3) Қор активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде есепке алу;
4) Қордың өз қаражаты мен активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу;
5) Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгізу;
6) жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi;
8) Қор активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң айқындауы арқылы қамтамасыз етiледi.
8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдар
Жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтiк сақтандырылуға тиiс.
9-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның құзыретi
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды;
2) еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлейді;
3) құжаттардың дұрыстығын тексереді;
4) әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдау және беру жөнiндегi талаптарды белгiлейді.
2. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган:
1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешiм жөнiнде өтiнiш берушiге Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы жазбаша түрде хабарлауға;
2) әлеуметтiк төлемдердiң уақтылы және толық тағайындалуы мен олардың алынуын бақылауды қамтамасыз етуге;
3) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және алу мәселелерi жөнiнде қажеттi түсiнiктемелер беруге мiндеттi.
10-бап. Орталықтың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Орталықтың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң:
1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға беру үшiн құжаттарды қабылдау мен олардың жиынтықтылығын тексерудi жүзеге асыруға;
2) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қорға Орталықтың шотына ақша аудару туралы сұрау салуға;
3) осы Заңда көзделген қызметтердi көрсеткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен қаражат алуға құқығы бар.
2. Орталық және оның құрылымдық бөлiмшелерi:
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) әлеуметтiк жеке код негiзiнде әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң есебiн жүзеге асыруға және аптасына бiр рет салық органдарымен бiрге әлеуметтiк аударымдардың түсуiне тексеру жүргiзуге;
2) әлеуметтiк төлемдерден жүргiзiлген ұстап қалу туралы алушыларды хабардар етуге;
3) артық төленген сомаларды Орталық арқылы қайтару қажет болған жағдайда бұл туралы алушыға хабарлауға;
4) Қорға жасалған аударымдардың мөлшерi мен мерзiмiне қарамастан, мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдарға қызмет көрсетудiң тең жағдайларын қамтамасыз етуге;
5) банктiк үш күн iшiнде әлеуметтiк аударымдарды Қорға аударуға;
6) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды жасауға және оларды әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға осы Заңда көзделген мерзiмде беруге;
7) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын уақтылы қамтамасыз етуге;
8) артық төленген әлеуметтiк аударым сомаларын осы қаражат Қордан Орталықтың шотына аударылған кезден бастап банктiк үш күн iшiнде төлеушiлерге аударуды жүзеге асыруға;
9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
10) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға және Қорға қажеттi есептiлiктi табыс етуге;
11) әлеуметтiк төлемдердi алу мәселелерi бойынша қажеттi түсiндiрме беруге мiндеттi.
11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) Қордың қаржы тұрақтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
2) өздерiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн Қордың қаржылық және өзге де есептiлiгiнiң тiзбесiн, нысанын, мерзiмiн айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қордың басшы қызметкерлерi үшiн біліктiлiк талаптарын айқындайды, оларды тағайындауға келісім бередi;
4) Қор қызметi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өздерiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер алуға құқылы;
5) Қор қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен инспекциялауға құқылы;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының:
1) осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде Орталық пен оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiш беруге;
2) мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, осы Заңда көзделген тәртiппен Қордан әлеуметтiк төлемдердi алуға;
3) төлеушiден, Орталықтан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң және аудару мен есептелуiнiң толықтығы және уақтылы болуы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау мен алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;
4) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган мен өзге де мемлекеттік органдардың, Орталықтың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң, Қордың осы Заңда белгiленген әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға құқықтарын шектеуге байланысты iс-әрекеттерiне шағымдануға құқығы бар.
2. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы және алушы:
1) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етуге;
2) 2007.19.12. № 9-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3) қате төленген сомаларды қайтарып алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта куәландырудан өтуге және қайта куәландырудан өту мерзiмдерiн сақтауға мiндеттi.
13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Төлеушiнiң:
1) қате төленген әлеуметтiк аударым сомаларын қайтарып алуға;
2) аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан сұратуға және тегiн алуға;
3) осы Заңға сәйкес басқа да құқықтарын iске асыруға құқығы бар.
2. Төлеушi:
1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсiмпұлды уақтылы және толық көлемiнде төлеуге;
2) Қорға төленетiн әлеуметтiк аударымдар мөлшерiн есептеу мен қайта есептеудi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеген жағдайда өсiмпұл есептеудi дербес жүзеге асыруға;
3) есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша салық органдарына есептер беруге мiндеттi.
2-тарау. Әлеуметтік аударымдар
14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төленуге тиiстi әлеуметтiк аударымдар мынадай мөлшерде белгiленедi:
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 1,5 процент;
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 2 процент;
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 3 процент;
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 процент;
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 процент.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдарының мөлшерi:
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 1,5 процентi;
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 2 процентi;
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 3 процентi;
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 процент, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 4 процентінен кем емес;
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 процент, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 5 процентінен кем емес болады.
Бұл ретте, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін әлеуметтік аударымдардың ең үлкен мөлшері есептік кезең үшін әлеуметтік салықтың есептелген сомасынан асып кетпеуі тиіс.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 15-бап өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жұмыс берушiнiң қызметкерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тәртiппен жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына Қазақстан Республикасы әскери қызметшiлерінiң, арнаулы мемлекеттік органдардың және ішкі iстер органдарының, қаржы полициясы органдары мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң ақшалай үлесiн қоса отырып жүргiзiледi.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақ өзгерді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн төленетiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргiзiледi.
Бұл ретте айлық табыс әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері әлеуметтік аударымдарды төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 3-тармақ өзгерді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Әлеуметтiк аударымдарды есептеудiң және аударудың тәртібі мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртібі
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
1. Егер Осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушi қорға әлеуметтiк аударымдарды Орталықтың банк шоты арқылы жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей төлейдi.
2. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) алынып тасталды (бұр. ред. қара)