21. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат):
26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнiм (дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникадан басқа), процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады.».
22. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым», «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымды», «Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның», «Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым», «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымға» деген сөздер тиісінше «мемлекеттiк техникалық қызмет»,«мемлекеттiк техникалық қызметті», «Мемлекеттiк техникалық қызметтің», «Мемлекеттiк техникалық қызмет», «мемлекеттiк техникалық қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрi - ұлттық оператор)» деген сөздер «ақпараттандыру саласындағы оператор» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесі - компьютерлік оқиғаларға ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілеріне және оларды пайдаланушыларға жәрдем көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;»;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
3) 5-бапта:
9) тармақшадағы «ұлттық» деген сөз алып тасталсын;
16) тармақша алып тасталсын;
4) 9-баптың тақырыбы мен бірінші абзацындағы «Ұлттық оператордың», «Ұлттық оператор» деген сөздер тиісінше «Ақпараттандыру саласындағы оператордың», «Ақпараттандыру саласындағы оператор» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
1) ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттық зерттеуді;
2) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес жүйелерді қорғауды қамтамасыз етудің мониторингін;
3) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткізуді және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жүргізуді;
4) мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізуді;
5) Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық почтасының бірыңғай шлюзін техникалық сүйемелдеуді;
6) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелер депозитарийінің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың мемлекеттік тіркелімін жүргізуді;
7) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеуді;
8) жоғарғы деңгейдегi қазақстандық домендік атауға қызмет көрсететiн домендiк атаулар серверлерiнiң үзiлiссiз орнықты жұмыс iстеу мониторингін;
9) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын байланыс операторларының ақпараттық-коммуникациялық желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын сүйемелдеуді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
6) 28-баптың мәтініндегі және 42-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «ұлттық операторға», «ұлттық оператордың», «ақпараттық жүйенің меншік иесі, иеленушісі немесе ұлттық операторы» деген сөздер тиісінше «ақпараттандыру саласындағы операторға», «ақпараттандыру саласындағы оператордың», «меншік иесі, иеленуші немесе ақпараттандыру саласының операторы» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 18-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы мемлекеттік монополия»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
2) 19-бап алып тасталсын.
24. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аккредиттеу жөніндегі орган - конкурстық негізде айқындалатын, аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі болып табылатын заңды тұлға;»;
2) 5-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аккредиттеу жөнiндегi органды таңдау бойынша конкурсты өткiзу қағидаларын және аккредиттеу жөнiндегi органға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) аккредиттеу жөнiндегi органды осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген қағидаларға сәйкес айқындау;»;
3) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурсты өткізу қағидаларын және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
1-2) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне аккредиттеу жөніндегі органды мәртебесінен айыру жөнінде ұсыныс енгізеді;»;
4) 7-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
25. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат, № 12, 111-құжат):
1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары - акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлға акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді;
2) бәсекелестік - дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы;
3) бірін-бірі алмастыратын тауарлар - тұтынушы оларды тұтыну (өндіру) процесінде бірін-бірімен алмастыра алатындай, өзінің функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын тауарлар тобы болуы мүмкін;
4) мемлекеттiк монополия - осы Заңда көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы;
5) монополистік қызмет - жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі әсер етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі;
6) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) монополиялық жағдай - табиғи монополия, мемлекеттік монополия субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз пайыз үлеске ие нарық субъектілерінің жағдайы;
8) монополиялық табыс - нарық субъектісінің осы Заңда шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табысы;
9) нарық субъектісі - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғасы, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға (оның филиалы мен өкілдігі);
10) реттелетін нарықтар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары;
11) реттеуші орган - реттелетін нарықтарда бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;
12) сатушы (өнім беруші) - тауар өткізуші (беруші) жеке немесе заңды тұлға;
13) тауар - азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет;
14) тауар нарығы - тұтынушының тауарды сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкіндіктері негізге алына отырып айқындалатын, тауардың немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлардың айналым аясы;
15) тергеу - монополияға қарсы органның осы Заңның бұзылуын растайтын фактілерді анықтауға, оларды тіркеуге және тиісті шешім қабылдауға бағытталған іс-шаралары;
16) тұтынушы - тауарды өз мұқтажы үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
17) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - табиғи немесе мемлекеттік монополия жағдайындағы нарықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі.»;
2) 32-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, монополияға қарсы орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «беруге тыйым салынады.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) өздері өндіретін немесе өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін бағалардан ерекшеленетiн баға белгiлеуге тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік монополия субъектілерінің осы баптың 3-тармағында белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.».
26. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
«23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополияға мынадай қызмет түрлері:
1) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау;
2) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның интернет-ресурсын қалыптастыру, сүйемелдеу және оларды өзекті ету;
3) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру және статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты тарату;
4) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
27. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
16-бапта:
3-тармақта:
үшінші бөліктегі «құжаттарды сараптау және сертификатталатын объектiнi зерттеу жөнiндегi жұмыстарды» деген сөздер «құжаттамаларға сараптама жүргізуді және сертификаттау объектілерін зерттеуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытынды әзірлеуді және оны беруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Аталған республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қорытынды әзірлеу және беру жөніндегі қызметі мемлекеттік монополияға жатады және аталған республикалық мемлекеттік кәсіпорын мен өтініш берушінің арасында жасалатын шарт бойынша өтеулі негізде жүзеге асырылады.»;
4-тармақтағы «Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қарауындағы ұйым» деген сөздер «Осы баптың 3-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
28. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат):
12-баптың 3-тармағының 14) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «монополияға қарсы орган жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын.
29. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу қағидаларын бекітеді;»;
2) 133-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі «1) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайларда, мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының Үкiметi не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрады.»;
3) 134-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша «қалдықтарды көму» деген сөздерден кейін «, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «жер кадастрын» деген сөздер «жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық сараптамасы;»;
19) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) егер олар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдары болса, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;»;
4) тармақша «еңбек» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті ұйым жүзеге асыратын қызметті қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асырады.».
2-бап.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жояды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы шілденің 10-ы
№ 34-V ҚРЗ