2. Сараптама ұйымының негiзгi қызметiмен технологиялық байланысты қызметке:
1) өтінімнің (басым құжаттың) көшірмелерін куәландыру;
2) төлемдерді қайта есепке алу және растау жатады.
3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
«45-бап. Мемлекеттiк баж
Уәкiлеттi органның куәлiктердi, сертификаттарды беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiнде iс-қимылдар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.».
11. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):
1-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Салық салу объектілерінің құнын айқындау саласындағы мемлекеттік монополия
1. Салық салу объектілерінің (тұрғынжайдың, саяжай құрылысының, аяқталмаған құрылыс объектісінің, салқын жапсаржайдың, шаруашылық (қызметтік) құрылыстың, шығыңқы ірге қабатының, тұрғынжай жертөлесінің, гараждың) құнын айқындау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
12. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бюллетень - интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдi басылым;
2) интегралдық микросхема - электрондық схема функцияларды орындауға арналған түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады;
3) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi - топология) - интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;
4) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;
5) лицензиялық шарт - ол бойынша құқық иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалануға құқық беретін шарт;
6) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiк ету құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) топологияға айрықша құқық - құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүліктік құқығы;
8) топологияны пайдалану - егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхеманы қамтитын бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату немесе азаматтық айналымға коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын өзгедей енгiзу;
9) уәкiлеттi орган - өз өкілеттіктері шегінде интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.».
13. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 1-баптың 15) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-баптың 15-2) тармақшасы алып тасталсын;
3) 64-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобаларға (жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға) мемлекеттік сараптама жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
14. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1-баптың 25-1) тармақшасындағы «мемлекеттік мекеме» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
10-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
16. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат, № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 4-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
3) 14-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «мемлекеттік монополияға жатқызылған» деген сөздер «осы Заңның талаптары негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 1-бапта:
3), 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын бекітеді;
4-2) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын бекітеді;»;
3) 5-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын әзірлейді;»;
9) тармақша алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай:
1) шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының;
2) куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының;
3) «электрондық үкіметке», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
18. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) асыраушы - өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраушы адам;
2) асырауындағылар санының коэффициентi - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған) асыраушының асырауында болған оның отбасы мүшелерiнiң санын ескеретiн коэффициент;
3) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн осы Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;
4) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi - жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;
5) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк төлемдердi есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - өңірлерде құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - құрылымдық бөлімшелері) бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
6) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - осы Заңда белгiленген тәртiппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам;
7) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
8) әлеуметтiк қатер - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;
9) әлеуметтiк төлемдер - әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын ай сайынғы төлемдер;
10) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлiмшелерi;
11) әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi - алушы) - өзi үшiн Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген не оларды өзi төлеген және әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оған қатысты әлеуметтiк төлем тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;
12) еңбек ету қабiлетiнен айрылу - қызметкердiң жұмыс орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айрылуы, оның дәрежесi айрылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынастан көрінеді;
13) еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент;
14) қатысу өтілінің коэффициентi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысу өтіліне (күнтiзбемен есептегендегi уақыттың жалпы мөлшерiне) қарай айқындалатын коэффициент;
15) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдар алымын жинауды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн заңды тұлға;
16) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерi - әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмi өтiп кеткендiгi үшiн алынған өсiмпұл, инвестициялық табыс және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтiк төлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артық төленген қаражатты қайтаруды шегерiп тастағанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсiмдер;
17) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылуына байланысты табыстың бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;
18) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi - мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
19) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар - төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; Орталық; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар;
20) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға;
21) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) - өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат.
Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар деп дара кәсiпкерлер - қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерi танылады;
22) табысты ауыстыру коэффициентi - әлеуметтiк төлемнiң әлеуметтiк аударымдарды есептеу кезiнде негiзге алынған табыс мөлшерiне қатынасын айқындайтын коэффициент;
23) уәкiлеттi орган - Қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.»;
2) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия
1. Орталық және оның құрылымдық бөлiмшелерi мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың міндетті әлеуметтiк аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды;
2) Қордың қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды;
3) құжаттар қабылдау, тағайындауға арналған істердің макеттерін қалыптастыру, Қордан әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу мәселелері бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара іс-қимыл жасауды;
4) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Орталықтың қызмет түрлеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық қызметтер ұсынуды;
5) төлеушілерден түскен міндетті әлеуметтік аударымдарды Қорға аударуды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және олар бойынша өсімпұлдарды төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыруды;
6) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды жүзеге асырады.
2. Орталық және оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтік аударымдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
19. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:
«40-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
2) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) радиосигналдар параметрлерін өлшеуді, радиоэлектрондық аппаратураның жанама электромагниттік сәулеленуін байқауды қоса алғанда, радиожиілік спектрі мен радиоэлекторондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді;
2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді;
3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;
4) Халықаралық электр байланысы одағындағы Қазақстан Республикасының орбиталық-жиілікті ресурсын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеуді;
5) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
20. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат, № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-баптың 17) тармақшасында:
«iшкi суларда жүзетiн кемелердi және «өзен-теңiзде» жүзетiн» деген сөздер алып тасталсын;
«мемлекеттік» деген сөз «, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «, порттардың, жағалау объектiлерiнiң, кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарының» деген сөздер алып тасталсын;
3) 16-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «және техникалық байқауға» деген сөздер «,техникалық қадағалауға және куәландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «сексен» деген сөзден кейін «және одан да көп» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеме қатынасының тiркелiмi кемелердiң техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн кемелерді өтеусіз негізде куәландыруды жүзеге асырады.»;
екінші бөліктегі «, кемелердi жөндеудi, оларды жасау мен жаңғыртуды байқау» деген сөздер алып тасталсын.