36) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, сондай-ақ филиалдары, өкiлдiктерi арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;
37) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін төлем мөлшерi, ол салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетiледi;
38) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
39) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы;
40) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
41) Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
42) пруденциялық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн экономикалық талаптар;
43) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
44) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
45) уәкiлеттi орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
46) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;
47) үлестес тұлғалар - шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бiрi) қабылдайтын шешiмдеріне, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ұлттық басқарушы холдингтiң жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң құрамында болуы тұлғалардың бiр-бiрiне қатысты үлестес екенiн айқындау үшiн негiз болып табылмайды.»;
2) 18-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк монополия»;
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші абзац «Орталық» деген сөзден кейін «мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді төлеуді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;»;
1-1) тармақшадағы «азаматтарға» деген сөз алып тасталсын;
4-3) тармақшадағы «бас тартуды» деген сөздер «бас тартуды ресімдеуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелердiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органға» деген сөздер «салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 5-4), 5-5) және 5-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның төлемдерді тағайындауы үшін зейнетақы, жәрдемақы алушылардың істерінің макеттерін қалыптастыруды;
5-2) зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін және өзге де төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды және оларды дербестендірілген есепке алуды;
5-3) бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аударуды;
5-4) міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара іс-қимыл жасауды;
5-5) орталық атқарушы органның бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;
5-6) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлері бойынша ақпараттық қызметтер ұсынуды;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
6. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жылжымалы мүлiк - көлiк құралдары, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүлiктiк құқықтар, соның iшiнде болашақтағы өнiмге және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен жылжымайтын мүлiкке жатқызылмаған өзге де мүлiкке құқық;
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу - жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) кепіл туралы шарттағы немесе өзге шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тiркеушi органдардың және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтарының осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;
3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдары (тiркеушi органдар) - мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар;
4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк - тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтары өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) - тiркеушi органдар және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
6) өтiнiш берушi - тiркеушi органға және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсiмi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;
7) тiркелген кепiл - осы Заңда белгiленген тәртiппен тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлi;
8) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - жылжымайтын мүлік орталығы) - жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.»;
2) 3-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жылжымайтын мүлік орталықтары;»;
2-тармақ «Тiркеушi органдардың» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласындағы мемлекеттік монополия»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік орталықтары жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:
1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша;
2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркелуге тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жылжымайтын мүлік орталықтары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі тіркелген тізілімді жүргізуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
4) 9-бапта:
1-тармақ «тiркеушi органға» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының атауы;»;
3-тармақ «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 9-2-бап «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 10-бапта:
тақырып «Тіркеуші органның» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «сәтiнен бастап тiркеушi орган» деген сөздер «кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «Тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 11-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы «Тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «кепiлдi тiркеуден бас тарта алады» деген сөздер «кепiлдi тiркеуден бас тартады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 13-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша «тiркеушi органның» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «тiркеушi органның» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «тіркеуші орган» деген сөздер «тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы өздері берген куәліктерге қатысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 14-баптың 2-тармағының екінші сөйлеміндегі «тiркеудi жүргiзетiн органға» деген сөздер «тіркеуші органға немесе жылжымайтын мүлік орталығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 16-баптың бірінші бөлігі «тiркеушi органға» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 17-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «немесе жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «немесе жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 18-баптың 2-тармағында:
бірінші абзац «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «тіркеуші органның» деген сөздерден кейін «немесе жылжымалы мүлік орталығының» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 19-бап «тiркеушi органға» деген сөздерден кейін «немесе жылжымайтын мүлік орталығына» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 21-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы «Тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «немесе жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылып, 6) тармақшасындағы «заңдарда белгіленген тәртіппен жауап береді» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші сөйлемі «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-баптың 12) тармақшасы «құратын» деген сөзден кейін «, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-1-баптың 3-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын;
3) 7-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-2-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк монополия
1. Карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою мемлекеттік монополияға жатады және оны өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызмет карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі қызметпен технологиялық байланысты болып табылады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
8. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар):
3-2 және 25-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк монополия
1. Өтінім материалдарына, қорғау құжатына және өсімдіктердің қорғалатын сорттары мен жануарлар тұқымдары бойынша мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізуді; Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірме ұсынуды; өтініш берушінің белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап алты айға дейін өткізіп алған ақы төлеу мерзімін қалпына келтіруді; автордың куәлігін, қосымшаларды және олардың телнұсқаларын беруді; қорғау құжатының қолданылу мерзімін күшінде ұстап тұруды, ұзартуды және қорғау құжатын беру, күшінде ұстап тұру, ұзарту туралы мәліметтерді жариялауды; ашық лицензия беруге арналған өтінім қабылдауды; шарттардың қосымша келісімдеріне сараптама жүргізуді, шарттарды тіркеу туралы мәліметтер жариялауды; патенттік құжаттаманы (нөмірленген немесе атауы жазылған) іздестіруді; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды; кепіл шартына сараптама жүргізуді қоса алғанда, селекциялық жетiстiктерге өтiнiмдер қабылдау және өтінімдерге алдын ала сараптама жүргiзу, патенттi немесе селекциялық жетiстiктерге патент алу құқығын басқаға беру шарттарына, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргiзу, Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу, селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді жариялау, қорғау құжаттарын беруге дайындау жөніндегі қызмет мемлекеттiк монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.
2. Сараптама ұйымының қызметімен технологиялық байланысты қызметке:
1) өтінім материалдарының көшірмелерін әзірлеу;
2) селекциялық жетістіктерге арналған қорғау құжаттары бойынша анықтамалар, статистикалық мәліметтер ұсыну;
3) төлемдерді қайта есепке алу және растау жатады.
3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
«25-бап. Заңдық маңызы бар іс-қимылдарға ақы төлеу
Уәкiлеттi органның патент беру, шарттарды тiркеу жөнiнде iс-қимылдар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарын патентке қабілеттілігіне сынақтан өткізгені үшін төлемақы алады.».
9. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) еуразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім;»;
«13) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес берілген өтінім.»;
2) 4-1 және 35-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы мемлекеттiк монополия
1. Белгіленген мерзімнен кейін конвенциялық басымдықты сұрата отырып өтінімдер қабылдауды; халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыруды; формальды сараптама жүргізуді; формуланың әрбір тәуелсіз тармағына мәні бойынша біреуден артық қосымша сараптама жүргізуді; сараптаманың сауалына жауаптарды және төлемақыларды ұсынудың мерзімдерін ұзартуды және қалпына келтіруді; өнертабысқа немесе пайдалы модельге өтінімді қайта өзгертуді; өтінімді өтініш берушінің қатысуымен қарауды; өтінім құжаттарының қазақ тіліне немесе орыс тіліне аудармасының ұсынылу мерзімін ұзартуды, сұратылатын құжаттарды ұсыну мерзімдерін әрбір айға белгіленген мерзімі аяқталған күннен бастап он екі айға дейін ұзартуды, өтініш берушінің аударманы ұсыну бойынша өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруді; өтінім материалдарына, қорғау құжатына, өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне өзгерістер енгізуді; бір үлгідегі өзгерістер енгізуді; халықаралық және еуразиялық өтінімдерді өңдеуді, тексеруді және салып жіберуді; өнертабыстың, пайдалы модельдің және өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілігін бағалау мақсатында техника деңгейін айқындау үшін ақпараттық іздестіру жүргізуді; автордың куәлігін, қосымшаларды және олардың телнұсқаларын беруді; қорғау құжатының қолданылу мерзімін күшінде ұстап тұруды, ұзартуды, қалпына келтіруді және қорғау құжатын күшінде ұстап тұру, ұзарту немесе қалпына келтіру туралы мәліметтерді жариялауды; бір және бір топ өнеркәсіптік меншік объектісіне қатысты кешенді кәсіпкерлік лицензия беру туралы шарттың сараптамасын тіркеуге өтінім қабылдауды; шарттарды тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; қосымша келісімдерге сараптама жүргізуді; ашық лицензия беруге өтінім қабылдауды; өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмелер ұсынуды; патенттік құжаттаманы (нөмірленген немесе атауы жазылған) іздестіруді; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды; техника объектілері мен технологияларды патенттік тазалығы тұрғысынан зерттеуді; техника деңгейінің даму үрдістерін зерттеуді және талдауды; ғылыми зерттеулерді патенттік-құқықтық талдауды, кепіл шартына сараптама жүргізуді қоса алғанда, өнертабыстарға, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер қабылдау және өтінімдерге сараптама жүргізу, қорғау құжатын беруге құжаттар дайындау, қорғау құжатын беру туралы мәліметтерді жариялау, қорғау құжатын күшінде ұстап тұру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, қорғау құжаттарын басқаға беру және оларды алуға құқықты басқаға беру туралы шарттарға, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргiзу, Өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.
2. Сараптама ұйымының қызметімен технологиялық байланысты қызметке:
1) өтінімнің (басым құжаттың) көшірмелерін, өтінім материалдарының көшірмелерін, қарсы қойылған құжаттардың көшірмелерін дайындау, қорғау құжаттары жөнінде анықтамалар, статистикалық мәліметтер ұсыну;
2) төлемдерді қайта есепке алу және растау жатады.
3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
«35-бап. Мемлекеттiк баж
Уәкiлеттi органның қорғау құжаттарын беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiндегi iс-қимылдар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.».
10. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Мадрид келісімі - 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;»;
2) 3-1 және 45-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы мемлекеттiк монополия
1. Ұжымдық тауар таңбасын тіркеуге өтінім қабылдауды; формальды сараптама жүргізуді; өтінім материалдарына өзгерістер мен түзетулер енгізуді; өтініш берушінің бастамасы бойынша сыныптар бойынша тауар таңбасына өтінімдер бөлуді; тауар таңбасына өтінімді ұжымдық тауар таңбасына қайта өзгертуді және керісінше өзгертуді; Мадрид келісіміне сәйкес халықаралық өтінімді қабылдауды; тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныпталуына сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеуді; халықаралық өтінімге өзгерістер енгізу туралы өтінішті салып жіберуді, ресімдеуді; үшеуден асқан әрбір сынып үшін қосымша өтінімге сараптама жүргізуді; толық сараптама жүргізу басталған күннен бастап алты айдан кейін толық сараптаманы жедел әрі жылдамдатып жүргізуді; тіркеуден алдын ала бас тарту туралы шешімге қарсылық білдіруді қарауды; сараптаманың шешіміне қарсылық білдіру мерзімін әр айда ұзартып отыруды; сауалға жауап қайтару мерзімін әр ай сайын ұзартып отыруды; сауалға жауап қайтарудың, ақы төлеудің, өтініш берушінің қарсылық білдіруінің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруді; куәліктің телнұсқасын, қосымшаны беруді және беру туралы мәліметтерді жариялауды; қорғалатын тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының және тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміне, тауар таңбасының куәліктеріне және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына өзгерістер енгізуді; тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына арналған куәліктің, тауар таңбасына арналған және қосымша үшеуден асатын әрбір сынып үшін куәліктің қолданылу мерзімін ұзартуды; ұзарту туралы мәліметтерді жариялауды; кепіл шартына, кешенді кәсіпкерлік лицензия беру туралы шартқа, бір немесе бір топ өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты тауар таңбасына арналған куәлікті алу құқығын басқаға беру туралы шартқа сараптама жүргізуді; қосымша келісімдерге сараптама жүргізуді және шарттарды тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірмелер, анықтамалар беруді; тауар таңбаларының дерекқорындағы белгілерді және іздестіру туралы есепті ұсына отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің аталған сыныптарына қатысты тіркеуге мәлімделген белгілерді алдын ала іздестіруді жүргізуді; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды қоса алғанда, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге өтінімдер қабылдау және өтінімдерге сараптама жүргізу, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына арналған құқықтарды беру туралы шарттарға, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргізу, қорғалатын тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының және тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізілімдерін жүргізу, куәліктерді беруге дайындау жөніндегі қызметтер мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.