Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы № 635 қаулысы
(2008.01.02 берілген өзгерістерімен )
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 84 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 1-жолдың 3-бағанында:
төртінші абзацтағы «коллекция жасау» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
«I. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзiмi» деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:
«33. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.»;
«II. Экологиялық қадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi» деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
«27. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.»;
«III. Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13 Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.»;
2) «Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 қыркүйектегi № 1032 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесінде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Қару мен оның патрондарын өндiрудi қаруды өндіруге (зерттеуге, жасауға, сынауға, дайындауға, сондай-ақ көркем өңдеуге, жөндеуге, жинауға, қайта жасауға), патрондар мен олардың құрамдас бөлiктерiн дайындауға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Заңды тұлғалар қару мен оның патрондарын өндiруге тұтастай (бiрыңғай технологиялық кешендi ескере отырып) да, оның жекелеген түрлерiне де лицензия ала алады.».
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен біліктiлiк талаптары өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 8 маусымдағы № 635 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 84 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)