Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу,
сату, сатып алу, экспонатқа қою жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8
маусымдағы № 635 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөніндегі лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын Бiлiктілік талаптары бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 1-жолдың 3-бағанында:
төртінші абзацтағы "коллекция жасау" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
"I. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзiмi" деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:
"33. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.";
"II. Экологиялық қадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi" деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
"27. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.";
"III. Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi" деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13 Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.";
2) "Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 қыркүйектегi № 1032 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесінде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Қару мен оның патрондарын өндiрудi қаруды өндіруге (зерттеуге, жасауға, сынауға, дайындауға, сондай-ақ көркем өңдеуге, жөндеуге, жинауға, қайта жасауға), патрондар мен олардың құрамдас бөлiктерiн дайындауға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Заңды тұлғалар қару мен оның патрондарын өндiруге тұтастай (бiрыңғай технологиялық кешендi ескере отырып) да, оның жекелеген түрлерiне де лицензия ала алады.".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 8 маусымдағы № 635 қаулысымен
бекітілген
Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру,
жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөніндегі лицензияланатын қызмет
түрiне қойылатын біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы біліктілік талаптары мынадай жұмыс түрлерi бойынша лицензия алуға үмiткер тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) қолданылады:
жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру және жөндеу;
жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жөндеу;
жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алу және сату; жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын экспонатқа қою.
2. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасауға,
өндiруге және жөндеуге қойылатын біліктілiк талаптары
2. Бiлiктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң басшысында (орынбасарында) машина жасау немесе техникалық жоғары немесе орта білімi, сондай-ақ мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтілі тау-кен-техникалық қадағалау органдарында Қауiпсiздiк ережелерiн бiлу тексерiсiнен өткен;
2) тау-кен-техникалық қадағалау органдарында Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуi біліктілігiн тексеруден өткен біліктi мамандардың;
3) көрсетiлген қызмет түрiне зерттеу жүргiзу, әзiрлеу мен өндiру мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми базаның, сондай-ақ негiзгi (базалық) модельдерге арналған конструкторлық құжаттаманың;
4) меншiк немесе оны жалдау құқығындағы мыналарды қамтитын өндiрiстiк техникалық базаның:
мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттар, көлiк құралдары, жабдықтар, стендтер, көтеру тетiктерi мен сенiмдi тексерiлген бақылау-өлшеу аппаратурасы;
жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын өндiру жөніндегі цехтардың келісілген және белгiленген тәртіппен бекітілген жұмыс жобасы;
детальдарды, жинақтау бiрлiктерiн есепке алу мен сақтау жөнiндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негiзгi бөлшектердi (ұңғылар, бекiтпелер, барабандар, рамалар, ұңғылық қорапшалар және т.б.) дайындау жөнiндегі механикалық өңдеу цехы (учаскесi);
детальдарды, жинақтау бiрлiктерiн есепке алу мен сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретiн өрт-күзет дабылы құралдарымен жабдықталған оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын жинақтау цехы;
техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретiн және өрт-күзет дабылы құралдарымен жабдықталған оқшауланған жеке үй-жайларға орналастырылатын дайын қару мен патрондарды сақтауға арналған мамандандырылған қоймалар мен сақтау орындары;
негiзгі бөлшектер мен қаруды өндiру процесiнде ақауы анықталғандарды сақтауға арналған ақау изоляторы;
санитарлық және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн біліктi жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жай.
Өндiрiстiк база аумағына мынадай талаптар қойылады: оқшаулығы, қоршауының болуы, тәулiк бойы қарулы күзет, техникалық нығайтылуы, өрт қауiпсiздiгi және санитарлық нормаларды сақтау, сондай-ақ тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қолданыстағы нормативтерде көзделген қауiпсiз арақашықтықта орналасуы;
5) қарудың осы түрiн пайдалануға құқығы бар айналым субъектiлерiне жататын ұйыммен жауынгерлiк қол атыс қаруы мен (немесе) оның патрондарын жасау мен өндiру ниеттерi туралы хаттама немесе шарт (келісім-шарт);
6) жасауға, өндiруге, жөндеуге жоспарланғандардың тактикалық-техникалық сипаттамалары;
7) жұмыстарды қауiпсiз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтiк-техникалық құжаттар, сондай-ақ материалдарды, жартылай шала өнiмдердi (дайындамаларды), жинақтау детальдарын, дайын және ақаулы бұйымдарды:
оларды жасау, тасымалдау және сақтау процесiнде детальдарды, жинақтау бiрлiктерiн және дайын бұйымдарды есепке алу;
кiрiс пен шығысты есепке алу (нөмiрлiк есеп, сандық есеп, дайындамалар мен детальдарды, құрамдас бөлшектердi санымен әрi салмағымен есептеу) журналын жүргізу бойынша есепке алу мен сақтау жөнiндегі құжаттар;
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып жұмыс жүргiзуге, сондай-ақ режимдiк iс-шаралардың және ұлттық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлгендiгi мен жеткiлiктілігiне берген рұқсаты;
9) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәлiмделген қызмет түрiн жүзеге асыру шарттарының өртке қарсы қауiпсiздiк; санитарлық, экологиялық, тау-кен-техникалық қадағалау органдарының талаптарына сәйкестiгi туралы, азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуi туралы тиiстi қорытындылары.
3. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жөндеуге
қойылатын біліктілік талаптары
3. Бiлiктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң басшысында (орынбасарында) машина жасау немесе техникалық жоғары немесе орта білімi, сондай-ақ мамандығы бойынша кемiнде үш жыл - жұмыс стажы, тау-кен-техникалық қадағалау органдарында Қауiпсiздiк ережелерiн бiлу тексерiсiнен өткен;
2) тау-кен-техникалық қадағалау органдарында Техникалық пайдалану ережелерiн және Қауiпсiздiк ережелерiн бiлуi білiктілігiн тексеруден өткен біліктi мамандардың;
3) мамандандырылған техникалық жөндеу ғимараттары, жабдықтар, стендтер, сенiмдi тексерілген бақылау-өлшеу аппаратурасы;
4) айналым субъектілерiне жатқызылған немесе қарудың осы түрiн пайдалануға құқығы бар ұйыммен жауынгерлiк қол атыс қаруына және (немесе) оның патрондарына жөндеу жүргізу ниеттерi туралы хаттама немесе шарт (келісім-шарт);
5) жөндеуге жоспарланған қару үлгiлерiнiң тактикалық-техникалық сипаттамалары мен техникалық құжаттамасы;
6) жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөніндегі, кiрiстi есепке алу (бұйымдардың нөмiрлiк және сандық есебi) журналын жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтiк-техникалық құжаттар;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, жұмыс жүргiзуге, сондай-ақ режимдiк iс-шаралардың және ұлттық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлгендiгi мен жеткiлiктілігіне берген рұқсаты;
8) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәлiмделген қызмет түрiн жүзеге асыру шарттарының өртке қарсы қауiпсiздiк; санитарлық, экологиялық, тау-кен-техникалық қадағалау органдарының талаптарына сәйкестiгі туралы, азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта қауiпсiздiгінiң қамтамасыз етiлуi туралы тиiстi қорытындылары.
4. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алу және
сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын біліктілік
талаптары
4. Бiлiктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) қарудың осы түрiн пайдалануға құқығы бар айналым субъектiлерiне жататын ұйыммен жауынгерлiк қол атыс қаруы мен (немесе) оның патрондарын сатып алуды немесе сатуды көздейтiн ниеттерi туралы хаттама немесе шарт (келісім-шарт);
2) бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі құжаттама;
3) қарудың үлгiлерiн сатуға жоспарланған тактика-техникалық сипаттамалар мен техникалық құжаттама;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып жұмыс жүргiзуге, сондай-ақ режимдiк iс-шаралардың және ұлттық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлгендiгi мен жеткiлiктілігiне берген рұқсаты;
5) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының - мәлiмделген қызмет түрiн жүзеге асыру шарттарының өртке қарсы қауiпсiздiк; санитарлық, экологиялық, тау-кен-техникалық қадағалау органдарының талаптарына сәйкестiгi туралы, азаматтардың өмiрi туралы мен денсаулығы, қоршаған орта қауiпсiздiгінiң қамтамасыз етiлуi тиiстi қорытындылары.
5. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын экспонатқа қоюға
қойылатын біліктілік талаптары
5. Бiлiктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) құлыппен жабылатын сейфтерi, сөрелерi немесе металл шкафтары бар, дабылмен жабдықталған жеке, арнайы сақтауға арналған үй-жайлар.
Қарулар мен патрондарды мұражай үй-жайларында сақтау олардың сақталуын, сақтау қауiпсiздiгiн әрi бөгде адамдардың қол жетiмдiлiгiн болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылады;
2) үй-жайды тәулiк бойы күзету (күзету қызметтерiн көрсетуге арналған шарт);
3) белгiленген тәртiппен бекітілген қауiпсiздiк техникасы жөніндегі нұсқаулықтар;
4) техникалық қауiпсiздiк ережелерiн бiлу тексерiсiнен өткен инженерлiк-техникалық және басшы қызметкерлердiң, мамандардың біліктi құрамы;
5) бұйымдарды есепке алу, мерзiмдi тексеру және сақтау жөнiндегі құжаттама;
6) қаруды сақтауға арналған үй-жайлар;
7) мыналардың:
iшкi iстер органдарының жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын сақтау және тасымалдау кезiнде белгiленген шарттарды қамтамасыз ете отырып (үй-жайдың жарамдылық актiсi), есебiн бақылауды ұйымдастыру туралы;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәлiмделген қызмет түрiн жүзеге асыру шарттарының өртке қарсы қауiпсiздiк, санитарлық қадағалау органдарының талаптарына сәйкестiгi туралы тиiстi қорытындылары.