Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 тамыздағы № 837 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1116 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
(Бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі лицензиялау жүйесiн жетiлдiру саласындағы мемлекеттік үйлестiрушi орган болып белгіленсiн";
2) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгі" деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 27-1, 27-2, 27-3-жолдармен
толықтырылсын:
"27-1 Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігінiң
Шаруашылық басқармасы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны Астана қаласы
27-2 "Экономикалық зерттеулер
институты" республикалық
мемлекеттік кәсiпорны Алматы қаласы
27-3 "Арнайы бағдарламалардың
ғылыми-әдiстемелiк орталығы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны Астана қаласы";
реттiк нөмiрлерi 27, 28-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 298-1-жолмен толықтырылсын:
"298-1 "Аңзооөнеркәсiп" ӨБ"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы";
3) "Экономикалық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесiн "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны етiп қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 488 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 160-құжат):
2-тармақта:
", сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiктiң құқық субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын" деген сөздер алынып тасталсын;
"Экономика" деген сөзден кейiн "және бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен толықтырылсын;
4) "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 541 қаулысында:
2-тармақта:
", сондай-ақ Кәсiпорынға қатысы бойынша мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы органы" деген сөздер алынып тасталсын;
"сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1116 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 мамырдағы № 653 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 230-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 589 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 208-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 қазандағы № 1332 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 464-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және өз күшiн "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорынына қатысты 2002 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 20 тамыздағы
№ 837 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
№ 970 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлiгінiң қарамағындағы
ұйымдардың тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
2. "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
3. "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.