Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N
165 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 589 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 54-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі туралы ережеде:
1-тармақта:
"жүзеге асырушы" деген сөздерден кейін ", қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы;" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"45) қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;";
мына мазмұндағы 45-1) және 45-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"45-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс тапсырысын қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынады және бекітілген тапсырмаларды мемлекеттік тапсырысшы мен орындаушыларға жеткізеді;
45-2) қорғаныс тапсырысы тапсырмаларын орындау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі