«Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 23 сәуірдегі № 541 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы , сондай-ақ Кәсіпорынға қатысы бойынша мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асырушы органы деп белгіленсін.
3. Құпия.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) бір айлық мерзімде Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне қарасты мекемелердің тізбесінде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
«4. «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі