Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн
өнiм өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі
комитетiн тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 22 қаңтардағы № 72 қаулысы
(2008.12.06. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығы 3-тармағының 2) тармақшасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берiле отырып, таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған Комитеттiң мүлкiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 38 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 3, 13-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, № 49-50, 578-құжат).
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 22 қаңтардағы
№ 72 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 31-жолдың 3-бағаны "этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру, этил спиртiн сақтау және сату, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату, этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импорты" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 34-жол алынып тасталсын.
2. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетi" деген бөлiм алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 25-8-жолмен толықтырылсын:
"25-8 "ҚазАлкоОрталық" республикалық Алматы
мемлекеттік кәсiпорны қаласы
(шаруашылық жүргiзу
құқығында) ".
3. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
5. "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 сәуірдегі № 396 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 13, 144-құжат):
2-тармақта "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетi мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын.