Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь
өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі
комитетiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 ж. 27 қаңтардағы № 38 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.01.99 ж. № 31 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.01.03 ж. № 72 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
ҚР Үкіметінің 19.01.99 ж. № 31 қаулысымен атауы өзгертілдi
Этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру және олардың айналымы саласында бақылауды нығайту және тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 19.01.99 ж. № 31 қаулысымен 1-тармақ өзгертілдi
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Комитетке:
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау мәселелеріндегі қызметiн салааралық үйлестiру;
қазақстандық тауар өндiрушiлер мен этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi тұтынушылардың мүдделерiн қорғау;
этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
өз құзыретiнiң шегiнде этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау жөніндегі нормативтiк және әдiстемелiк құжаттамаларды әзiрлеу, қабылдау және жариялау;
этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудi лицензиялау, этил спиртiн сақтау және сату, алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату;
Қазақстан Республикасының кеден аумағында этил спиртi мен арақтың импортының көлемдерiне бақылау жасау;
заңдарда белгiленген тәртiппен этил спиртi мен арақтың импортын лицензиялау;
дәрi-дәрмектер шығарушыларға және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да мақсатты, әлеуметтiк маңызы бар бағыттарға этил спиртiн акциздер алмастан берудiң көлемдерiн айқындау, олардың пайдаланылуына бақылау жасау;
этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiретiн кәсiпорындардағы акциздiк постылардың жұмыс iстеуiне бақылау жасау;
этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудiң көлемдерiне есеп жүргiзудi ұйымдастыру, акциздiк маркiлердi iске асыру, этил спиртiн сақтау және сату, алкогольдi өнiмдердi сақтау және көтерме сату;
этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымын талдау және баланстарын жасау, акциздiк маркiлердi, акциздердiң бюджетке түсуiн iске асыру жүктелсiн.
3. Комитетте қызметкерлерiнiң саны қосымшаға сәйкес министрлiктер мен ведомстволардың штат санының қысқаруының есебiнен 20 адам болып және 1 қызмет машинасының лимитi белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 19.01.99 ж. № 31 қаулысымен 4-тармақ өзгертілдi
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға арналып көзделген қаражаттың есебiнен Комитет пен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстауды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен басқа да орталық атқарушы органдары бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 27 қаңтардағы
№ 38 Қаулысына
қосымша
Адамдарының саны қысқартылатын және Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь
өнiмiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік бақылау
жөніндегі комитетiне берiлетiн, министрлiктер
мен ведомстволардың
ТIЗБЕСI
ҚР Үкіметінің 19.01.99 ж. № 31 қаулысымен қосымшаның атауы өзгертілдi
┌────────────────────────────────────────────────────┬──────────────────┐
│ Министрлiктер мен ведомстволар │Санының │
│ │қысқаруы (бiрлiк) │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────│
├Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі │ 2 │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар│ 1 │
│министрлігі │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы │ 2 │
│министрлігі │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі │ 1 │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────│
├Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты │ 1 │
│әлеуметтiк қорғау министрлігі │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі │ 2 │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Экология және табиғи │ 1 │
│ресурстар министрлігі │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және │ 1 │
│денсаулық сақтау министрлігі │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық │ 1 │
│келісім министрлігі │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия │ 1 │
│және сауда министрлігі │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Ғылыми министрлігі - │ 1 │
¦Ғылым академиясы │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар │ 1 │
│жөніндегі комитетi │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі │ 1 │
│мемлекеттік комитетi │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау │ 2 │
│және реформалар жөніндегі агенттiгi │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау │ 1 │
│және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Стандарттау │ │
│және метрология жөніндегі комитетi │ │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
├Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі │ 1 │
├────────────────────────────────────────────────────┼──────────────────┤
│Барлығы │ 20 │
└────────────────────────────────────────────────────┴──────────────────┘