48. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
49. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша:
1) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасын;
2) аукцион нәтижелері туралы хаттаманы рәсімдейді.
50. Аукциондық комиссия АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуеттік өнім берушілерді айқындаған жағдайда, аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасын рәсімдейді.
51. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуеттік өнім берушілердің тізімін;
2) АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтіру үшін веб-порталдың көмегімен әлеуетті өнім беруші АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестендіруі және ұсынуы қажет құжаттардың тізбесі.
52. Аукциондық комиссия веб-порталда автоматты түрде тіркелген аукционға қатысушылар болып танылған барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, аукционды өткізу нәтижелері туралы хаттаманы жарияған күннен бастап күнтізбелік жеті күн мерзімде аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
53. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және аукциондық комиссияның хатшысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес веб-порталда жариялайды.
Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау туралы хаттамаға қоса салынады және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау тиісті хаттамаларында аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссиясының хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты веб-порталда жариялайды.
54. Әлеуеттік өнім берушілердің АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда, аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасы рәсімделмейді.
55. Осы Қағидалардың 214-тармағында белгіленген мерзімнен кейін аукциондық комиссиясының хатшысы веб-портал арқылы АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қайта қарау рәсіміне бастамашылық етеді.
56. Аукциондық комиссия:
1) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау хаттамасының тізбесінде белгіленген әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін оларды аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау хаттамасында белгіленген құжаттар тізбесі бойынша АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтіру толықтығы тұрғысынан қайта қарайды;
2) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
3) әлеуетті өнім берушілерден АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысу өтінімдерді, материалдар мен түсіндірулерді қарастыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
4) аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған, АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратып алады.
Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
Осы Қағидалардың 214-тармағында көзделген, АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес аукционға қатысуға өтінімдерді келтіру мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысу өтінімдердің екінші бөлігінде берілген құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды тиісінше түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған аукциондық комиссияның іс-әрекеттері аукционға қатысуға өтінімді аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру деп түсіндіріледі.
5) АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және аукцион нәтижелерінің қорытындысын шығарады.
Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында, осы Қағидалардың 260 мен 261-тармақтарында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
Әлеуетті өнім берушілердің жалпы біліктілік талаптарына олардың банкроттық рәсіміне қатысы болмауы бөлігінде сәйкес келуін нақтылау мақсатында аукциондық комиссия банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарастырады.
57. АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия:
аукционға қатысушылар деп танылған және баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды;
аукционға қатысушылар деп танылған және АҚ-да белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды;
аукционға қатысушы деп танылған және баға туралы ұсыныс берген бір де бір әлеуетті өнім беруші АҚ-да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, аукционды өтпеді деп таниды;
аукцион қорытындылары туралы хаттаманы рәсімдейді.
58. АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қайта қарауды аукцион комиссиясының хатшысы веб-портал арқылы аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қайта қарау рәсімін бастамалаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде аукциондық комиссия жүзеге асырады.
Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қайта қарастыру нәтижелері аукцион қорытындылары туралы хаттамада ресімделеді.
Аукцион қорытындылары туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және хатшы оны веб-порталда автоматты түрде тіркелген АҚ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін және баға туралы ұсыныс берген аукцион қатысушылар деп танылған барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда аукцион нәтиежелері туралы шешім қабылданған күні жариялайды.
Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол аукционның қорытындылары туралы хаттамаға қоса салынады және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Аукциондық комиссияның аукцион қорытындылары туралы тиісті хаттамаларында аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссиясының хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты веб-порталда жариялайды.
7. Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
59. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуетті өнім берушіге ол енгiзген аукционға қатысу өтiнiмін қамтамасыз етуді қайтарады:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған жағдайда;
2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукцион жеңiмпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және аукцион жеңiмпазы АҚ көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзген жағдайда.
60. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
1) аукцион жеңiмпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
2) аукционның жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, АҚ белгіленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған;
3) аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционның ешбір қатысушысы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайларда, аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді қайтармайды.
8. Аукцион қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алуы туралы шарт
61. Тапсырыс беруші веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудың екі мынадай нысанының бірін таңдайды:
1) қағаз жеткізгіште;
2) электрондық шарт нысанында.
62. Мемлекеттеік сатып алу туралы шартты қағаз құжатында жасаған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде, осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағына қол қояды.
63. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн бойы веб-портал арқылы электрондық шартты рәсімдеу үшін өнім берушінің деректемелерін және шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді жібереді.
Өнім беруші веб-порталда тиісті сұранысты алған сәттен үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін толтырады және растайды.
Егер өнім беруші шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнімді жеткізушінің шартты жасаудан бас тартатын тұлға шарт жасаудан бас тартқан болып танылады.
Тапсырыс беруші шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін растаған күннен бастап бір күннен кейін веб-портал арқылы осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сәйкес жасалған электрондық шарттың жобасын құрайды, электрондық сандық қол қояды және өнім берушіге қол қоюға жібереді.
Өнім беруші электрондық шартқа веб-портал арқылы, Заңда белгіленген мерзімде электрондық сандық қол қояды.
64. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
65. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақытылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
66. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгілейді, ол кемінде үш пайыз болуы тиіс.
67. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдауышта банк кепілдігін таңдауға құқылы.
68. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
69. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
70. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда тапсырыс беруші, тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық айыбын төлеу фактісін айқындаған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың енгізілген қамтамасыз етуін қайтарады.
71. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
72. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт оны бір қаржы жылынан астын мерзімге жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.
73. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.
74. Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, осы Заңның АҚ көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылады..
75. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:
1) ол аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуетті өнім берушінi мемлекеттiк сатып алуға теріс пиғылды қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;
2) мұндай әлеуетті өнім берушінi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ қажет болса, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудан келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына 1-қосымша
Аукцион мәні (лот)
(бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Аукцион № ______________________________________________________________________________________________
Аукцион атауы ___________________________________________________________________________________________
Лот № | Тапсырыс беруші атауы | Тауардың (жұмыстың, қызметтің)* атауы | Өлшеу бірлігі | Мөлшер, көлем | Жеткізу шартындары (с ИНКО ТЕРМС 2000 сәйкес) | Тауарлар жеткізудің, жұмыстар орындалуының, қызмет көрсетілуінің жеткізу мерзімі | Тауарлар жеткізудің, жұмыстар орындалуының, қызмет көрсетілуінің жеткізу орны | Аванстық төлем мөлшері, % | Лот бойынша бөлінген сомма, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| | | | | | | | | |
*Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің толық сипаттамасы мен мінездемесі техникалық ерекшелікте көрсетіледі
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына 2-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі
Аукцион № _____________________________________________________________________________________________
Аукцион атауы__________________________________________________________________________________________
Техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипаттамасы мен талап етілетін атқарымды, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, сонымен бірге қажетті ерекшеліктер, жоспарлар, сызбалар, эскиздер беріледі және жеткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы қажет халықаралық немесе ішкі стандарттар көрсетіледі.
Қажеті болғанда, техникалық ерекшелікте тапсырыс берушіге тауарларды жеткізу кезінде қосымша қызметтер (монтаждау, жөндеу, оқыту, тауарларды тексеру мен сынау және т.б.) және олардың қайда өткізілуі қажет, тауардың шығарылған жылы, кепілдік мерзімі көрсетіледі.
Қызметтерге арналған техникалық ерекшелікте техникалық және сапалық мінездемелердің сипаттамасы ең жақсы техникалық ерекшелікті (ең жақсы техникалық ерекшеліктерді) анықтау мақсатында қызмет көрсету арналымы мен техникалық мінездемелер параметрлері көзделген, сәйкес тармақтарға бөлінген болуы қажет. Сатып алынатын қызметтердің сапасы осы қызметтерді көрсететін жұмысшы біліктілігіне байланысты болған жағдайда, техникалық ерекшелікте жұмысшыға жүктелетін міндеттерді орындауға қажетті оғанталап етілетін, жұмыс өтілі, оның деңгейі мен кәсіби дайындығының бейінін анықтайтын талаптардың сипаттамасы беріледі.
Техникалық ерекшелікте ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасының өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдарымен бекітілген үкіметтік емес стандарт, ол бар болса, көрсетілуі қажет.
Техникалық ерекшеліктің орнында жобалау-сметалық құжаттамасын талап ететін жұмыстарды сатып алу іске асырғанда, аукциондық құжаттамада белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы болуы тиіс.
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына 3-қосымша
Аукционға қатысу туралы
келісім
Осымен берілген мемлекеттік сатып алуға аукцион тәсілімен әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға тілек білдіреміз және (тауардың (лардың) жеткізілімін, жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) аукциондық құжаттамамен көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісім білдіреміз.
Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуының жоқтығын растаймыз.
Осымен сонымен қатар Заңмен орнатылған тәртіпте (тауарды (ларды), жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бұзылуына келісім білдіреміз.
Аукциондық құжаттамамен танысқанымызды және өз құқықтылығымыз, біліктілігіміз, сапалы және (жеткізілетін тауардың (лардың), жұмыстардың, қызметтердің) басқа да мінездемелер жайлы жалған мәліметтерді ұйымдастырушы мен аукциондық комиссияға ұсынған үшін жауапкершілік туралы, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды және Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасымен қарастырылған басқа да шектеулерді сақтауы туралы хабарымыз бар екенін растаймыз.
Аукционға қатысу үшін өтінімде және оның қосымша құжаттарында ондай жалған мәліметтерді ұсынуға толық жауапкершілікті мойындаймыз.
Аукционға қатысу үшін өтініміміз аукциондық құжаттамамен талап етілетін мерзім бойы қолданылады.
Аукционға қатысу үшін өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді аукциондық құжаттамада белгіленген өлшемде енгіземіз.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау сәтіне дейін аукционға қатысу үшін бізбен берілген өтінім оның жеңгені туралы хабарламасымен бірге тапсырыс беруші мен біздің арамызда міндетті шарт рөлін атқарады.
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына 4-қосымша
Біліктілік туралы мәліметтер
(жұмыстарды сатып алғанда әлеуетті өнім берушілер толтырылады)
Аукцион № ________________________________________________________________________________________
Аукцион атауы _____________________________________________________________________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Атауы ____________________________________________________________________________________________
БСН/ЖСН/ССН/СЕН ________________________________________________________________________________
2. Әлеуетті өнім берушімен орындалған, аукционда сатып алынатындарға ұқсас жұмыстардың көлемі соңғы оң жыл ішінде (бар болса толтырылады).
Жұмыс атауы | Жұмысты орындау орны (объектінің мекенжайы) | Тапсырыс беруші атауы | Тапсырыс берушінің телефон нөмірі | Жұмыстың аяқталу жылы | Келісім-шарт құны, теңге (көрсетпеуге болады) |
| | | | | |
3. Әлеуетті өнім беруші жұмыстарды орындауға қажетті аукциондық құжаттамамен қарастырылған жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) немесе ұқсас (қосымша) жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) бар болуы туралы мәліметті растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерінің қосып бере отырып, көрсетеді.
№ | Жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) атауы | Қолда бар бірліктердің саны | Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар) | Жеке меншік, жалға алынған (кімнен) | растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі (көрсетпеуге болады) |
4. Қаржы ресурстарына рұқсат туралы мәліметтер:
(ақшалай қаражат: меншікті, кредиттік және т.б.). Төменде тізбеленсін.
_______________________________________________________________
Біліктілік туралы барлық мәліметтерді растаймын
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына 5-қосымша
Біліктілік туралы мәліметтер
(қызметтерді сатып алғанда әлеуетті өнім берушілер толтырады)
Аукцион № ______________________________________________________________________________________
Аукцион атауы____________________________________________________________________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Атауы ___________________________________________________________________________________________
БСН/ЖСН/ССН/СЕН _______________________________________________________________________________
2. Әлеуетті өнім берушінің, аукционда сатып алынатын қызметтерге ұқсас соңғы он жыл ішінде көрсеткен қызметтерінің көлемі (болған жағдайда толтырылады).
Қызметтің атауы | Қызмет көрсету орны | Тапсырыс беруші атауы | Тапсырыс берушінің телефон нөмірі | Қызметтің аяқталу жылы | Келісім-шарт құны, теңге (көрсетпеуге болады) |
| | | | | |
3. Әлеуетті өнім беруші, растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің қосып бере отырып, жұмыстарды орындауға қажетті аукциондық құжаттамада көзделген жабдықтардың (материалдардың) не ұқсас (қосымша) жабдықтардың (материалдардың) болуы туралы мәліметті көрсетеді.
№ | Жабдықтың (материалдардың) атауы | Қолда бар бірліктердің саны | Ахуалы (жаңа, жақсы, нашар) | Жеке меншік, жалға алынған (кімнен) | растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі (көрсетпеуге болады) |
4. Әлеуетті өнім беруші, растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің қосып бере отырып, осы аукцион бойынша қызметтерді көрсету мақсатында білікті жұмысшыларға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті, олар туралы мәліметті көрсетеді.
№ р/с | Қызметкердің Т.А.Ә. | Осы конкурста сатып алынатын қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс өтілі | Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттар бойынша біліктілігі (мамандығы) | Санат, дәреже, мамандық бойынша сынып |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
жұмысшыларға талаптар және ондай жұмысшылардың болуы бойынша берілген аукцион бойынша техникалық ерекшелікте көрсетілген жағдайда толтырылады.
5. Қаржы ресурстарына рұқсат туралы мәліметтер:
(ақшалай қаражат: меншікті, кредиттік және т.б.). Төменде тізбеленсін.
_______________________________________________________________
Біліктілік туралы барлық мәліметтерді растаймын
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына 6-қосымша
Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)
Аукцион № __________________________________________________________________________________________
Аукцион атауы _______________________________________________________________________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Атауы _______________________________________________________________________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/СЕН __________________________________________________________________________________
2. Әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатын тауарларға ұқсас жеткізген (өндірген) тауарларының көлемі (болған жағдайда толтырылады).
Тауардың атауы | Тапсырыс берушінің атауы | Тарпсырыс берушінің телефон нөмірі | Тауарды жеткізу орны | Тауарды жеткізу күні | Шарттың құны, теңге (көрсетпеуге де болады) |
| | | | | |