Электрондық конкурстың атауы ___________________________________________________________________________
Лоттың № _____________________________________________________________________________________________
Лоттың атауы __________________________________________________________________________________________
Өнім берушінің атауы ____________________________________________________________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/СЕН____________________________________________________________________________________
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы
Өндіруші зауыт (тауарларды сатып алу кезінде көрсетіледі)
Баға ұсынысының валюта атауы___________________________________________________________________________
Өлшем бірлігі ___________________________________________________________________________________________
Барлық шығындар мен жеңлдіктерді есепке алғандағы бірлік үшін баға
Саны (көлемі)___________________________________________________________________________________________
ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары__________________________________________________________________
Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) ______________________________________________________________
Баға берілген техникалық ерекшелік атауы
_________________________________________________________________________________________________________
Біз конкурстық құжаттамада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 2-қосымша
Бекітемін:
________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының ) толық атауы көрсетіледі
_______________________________________________________________
(аукциондық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә. көрсетіледі)
Шешім № _____ Күні_________Уақыты _____
АУКЦИОНДЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ
_________________________________________________________________
(сатып алу мәнінің түрі, электрондық аукцион атауы көрсетіледі)
Тапсырыс беруші ________________________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілі _________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (бірыңғай
ұйымдастырушы)________________________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Ұйымдастырушының (бірыңғай
ұйымдастырушының) өкілі ________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Аукциондық комиссияның
хатшысы _______________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Аукцион қоса беріліп отырған аукцион мәніне (лотына) сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында жүргізіледі.
2. Осы аукциондық құжаттама (бұдан әрі - АҚ) мыналарды қамтиды:
1) осы АҚ 1-қосымшаға сәйкес аукцион мәні;
2) осы АҚ 2-қосымшаға сәйкес белгілінген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, қажетті функционалды, техникалық, сапалы және пайдалану ерекшеліктерінің орнына АҚ-ға жобалау-сметалық құжаттама қосылады;
3) осы АҚ 3-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісім;
4) осы АҚ 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;
5) осы аукционға бөлінген сома __ теңгені құрайды.
3. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтініммен бірге төменде санамаланған нысандардың бірінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:
1) мынадай банк шотында орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы___________________________________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің не ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелері көрсетіледі);
2) осы АҚ-ға 7-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште банк кепілдігі.
Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмайды.
2. Ұйымдастырушының АҚ ережелерін әлеуетті өнім берушілер - веб-портал қатысушыларына түсіндіруі
4. Веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде, бірақ (сұрау салуларды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты көрсетіледі) кешіктірмей веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуды жіберуге құқылы.
5. Ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап, күнтізбелік бір күн ішінде аукциондық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда жариялайды.
6. Ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы күні аяқталғанға дейін (АҚ-ны өзгертудің соңғы мерзімі көрсетіледі) кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сауалына жауап ретінде АҚ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. АҚ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу де АҚ-ны бекіту сияқты тәртіппен ресімделеді. Ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей АҚ-ны алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған аукциондық құжаттаманы жариялайды.
Мұндай жағдайда аукционға қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы мерзімі кемінде жеті күнге ұзартылады.
3. Аукционға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді беруі
Аукционға қатысуға өтінім
7. Аукционға қатысуға өтінім осы АҚ-да көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес тауарды жеткізуге (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) аукционға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны болып табылады.
8. Әлеуетті өнім беруші өтінімді жасау алдында осы АҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісімді қабылдайды.
9. Аукционға қатысуға өтінім екі бөліктен тұрады және осы АҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) аукционға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
10. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға беретін өтінімінің бірінші бөлігі мыналарды:
1) тауарды мемлекеттік сатып алу кезінде тауардың (тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне, фирмалық атауларын, тауардың шыққан жерінің атауы мен өндірушінің атауын, сондай-ақ егер аукциондық құжаттамада сатып алынатын тауардың сұлбаларын, суреттерін, сызбаларын, фотосуреттерін және басқа да бейнелеулерін беру туралы талап көзделген болса, онда аукционда қатысуға өтінім мұндай ақпаратты қамтуы тиіс) техникалық, сапалық және пайдалану, тауарды жеткізу мерзімін және (немесе) оның көлемдерін, тауарға қызмет көрсетуге сапа кепілдіктерінің берілуін, тауарды пайдалануға шығатын шығыстарға сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелікті;
2) заңнамада белгіленген мөлшерде, мынадай:
банктік кепілдік түрінде, бұл ретте оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционда қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзіміне дейін осы АҚ-ға 7-қосымшаға сәйкес ұсынады;
ұйымдастырушының банктік шотында орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде аукционда қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынады.
11. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға беретін өтінімінің екінші бөлігі мыналарды:
1) әлеуетті өнім беруші өзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған мынадай қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжаттарды:
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялар және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттар;
аукцион жарияланған күннен кейін берілген, акция ұстаушылар тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөр басылған үзінді-көшірмені;
төлем қабілетін растайтын құжаттарды:
осы АҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама аукцион жарияланған күннен кейін берілген болуы тиіс;
аукциондық өтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасын;
Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету беру арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растайды. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін банктік кепілдік түрінде АҚ-да белгіленген мерзімге беріледі, оның түпнұсқасы электрондық аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін беріледі.
Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өзінің, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін құжаттардың электрондық қағаз көшірмелерінің біреуін:
а) әлеуетті өнім берушіге (қосалқы мердігерге, бірлесіп орындаушыға) халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгенін растайтын құжатты;
б) әлеуетті өнім берушінің (қосалқы мердігердің, бірлесіп орындаушының) биржаның ресми листингіне енгізілгені туралы қор не тауар биржасынан үзіндіні;
2) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушыларының) арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
осы АҚ-ға 4, 5-және 6-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтерді;
осы АҚ-ға 9-қосымшаға сәйкес аукционда сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызметтер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын беру арқылы растайды.
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынуы тиіс.
Аукциондық өтінімнің қолданылу мерзімі аукциондық өтінімдерді ашу күнінен бастап, кемінде күнтізбелік _____ күнді құрауы тиіс.
Аукционға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
12. Аукционға қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
13. Аукционға қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері дәл және анық болуы тиіс.
14. Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық аукционға қатысуға өтінім, сондай-ақ аукционға қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы АҚ жасалған тілде жасалады және беріледі. Әлеуетті өнім беруші беретін сүйемелдеуші құжаттама мен баспа әдебиеті, егер оларға тиісті бөлімдерінің дәл (нотариалдық расталған) аудармасы аукционға қатысуға өтінімнің тілінде қоса берілу шартымен басқа тілде жасалуы мүмкін және бұл жағдайда аукционға қатысуға өтінімді түсіндіру мақсатында мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған құжаттар басымдыққа ие болады.
Аукционға қатысуға өтінімді беру тәртібi
15. Аукционға қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
16. Әлеуетті өнім берушілер берген аукционға қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтінімдер журналында тіркеледі.
17. Аукционға қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте аукционға қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.
18. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға берген өтінімі мынадай:
1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы аукционға қатысуға өтінім берген;
2) аукционға қатысуға берілген өтінім аукционға қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
19. Әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысуға өтінімін аукциондық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің аукционға қатысуға өтінімін кез келген уақытта веб-порталды пайдалана отырып, өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін.
20. Аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
21. Ұйымдастырушы қажет болған кезде, КҚ-мен белгіленген аукционға қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге олардың өтінімдерінің қолданылу мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзарту туралы сұрау салады. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімін ұзартудан аукционға қатысуға оның өтінімді қамтамасыз етуін қайтару құқығын жоғалтпай, аукционға қатысуға берген өзінің өтінімін кері қайтарып, бас тартуға құқылы.
22. Әлеуетті өнім беруші, оның аукционға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) аукционның қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Аукционға қатысуға өтінімдердіің бірінші бөлігін ашу және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру
23. АҚ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен аукционға қатысуға өтінімді берудің соңғы мерзімінің уақыты мен күні басталған уақыттан, аукциондық комиссия хатшысы автоматты түрде құпиялылықты сақтамай веб-порталмен АҚ сәйкес өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық комиссиямен анықтау мен қарастыру үшін өтінімді қамтамасыз етуді ашуға қолжетімділікті ұсынады.
24. Аукциондық комиссия аукциондық құжаттаманың өтінімінің бірінші бөліміндегі өтінімді қамтамасыз етуге сәйкес, аукциондық комиссия хатшысы автоматты түрде құпиялылықты сақтай отырып мемлекеттік сатып алу веб-порталымен аукционға қатысуға өтінімнің бірінші бөлімінде бар тауарлардың техникалық ерекшеліктерін ашуға қолжетімділікті ұсынады.
25. Өтінімнің бірінші бөлімінде бар тауарлардың техникалық ерекшелігін ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукциондық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) осы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
26. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін аукциондық комиссия хатшысы аукционды комиссия мүшелері мен төрағаға автоматты хабарлама тарата отырып веб-порталда сараптамалық қорытындыны жариялайды.
27. Аукциондық комиссия өтінімнің бірінші бөліміндегі тауарлардың техникалық ерекшелігін АҚ талаптарына тауарлардың әлеуетті өнім берушілері ұсынған сәйкестікке тексереді. Егер сараптау комиссиясы немесе сарапшы болған кезде аукциондық комиссия сараптама қорытындысын ескере отырып өтінімнің бірінші бөлімінде бар тауарлардың техникалық ерекшелігін қарайды.
28. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімнің бірінші бөлімін АҚ талаптарына сәйкес келген ретінле, егер ішінде өтінімнің бірінші бөліміндегі заттарды тиіспейтін грамматикалық немесе арифметикалық қателіктер болмаса қарастырады.
29. Аукциондық комиссия мынадай:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) аукциондық комиссияға:
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционда қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген;
4) аукционға қатысу өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған;
5) әлеуетті өнім беруші, егер аукцион тақырыбы тауар болса, ең үздік материалдан жұмыстарды орындау және (немесе) үздік технологиялық шешімдер ұсынылған жағдайда, анағұрлым жақсы техникалық, сапалық және пайдалану ерекшеліктерімен техникалық ерекшелік ұсынылған жағдайды есептемегенде, аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде орнатылған талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған кезде өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
30. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердіің бірінші бөлігін қарайды және мемлекеттік сатып алу кезінде аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешімді қабылдайды.
31. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және хатшы оны веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні жариялайды.
Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға олар болған кезде аукциондық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса беріледі.
32. Аукционға қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес, аукционға қатысуға өтінімнің екі бөлігі де ашылады және қаралады.
5. Аукционды өткізу
33. Аукционға қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілер (электрондық аукционға қатысушылар) аукциондық баға ұсыныстарын (АБҰ) веб-порталды пайдалана отырып, береді.
34. Отандық әлеуетті өнім берушілердің АБҰ теңгемен берілуге тиіс.
35. Ұлттық валютада берілмеген АБҰ-н Қазақстан Республикасының валютасына - аукциондық сауда-саттық өткізілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге веб-портал автоматты түрде қайта есептейді.
36. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.
37. Аукцион басталатын уақыт жұмыс уақытында белгіленеді және Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кеш болуы мүмкін емес.
38. Аукцион өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.
Аукцион адымы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.
39. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейтін АБҰ береді.
40. Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы, қажет болған кезде, ағымдағы ең төмен ұсыныс болмауы шартымен, аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан төмендетілген, АБҰ туралы ұсыныс береді.
41. Егер мұндай АБҰ-ны аукционның осы қатысушысы берген болса, аукцион қатысушысы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен болатын АБҰ беруге құқығы жоқ.
42. Аукционға қатысушылардың АБҰ-ны қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
43. Егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен ұсыныс үздік болып танылады.
44. Автоматты сауданы аукционның екі және одан да көп қатысушысы пайдаланған жағдайда кезекті ең төмен баға ұсынысын беруден алдыңғы міндетті уақыт аралығы 1 минутты құрайды.
45. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі АБҰ бермеген болса, осы АҚ-ның 4-тармағына сәйкес, аукцион өтпеді деп танылады.
46. Аукционды өткізудің нәтижелері туралы хаттама аукционды өткізу аяқталған күні Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанда автоматты түрде қалыптастырылады және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.
6. Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігін олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы және аукцион жеңімпазын анықтауы
47. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін қарауға рұқсатты веб-портал аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күні автоматты түрде береді.