49. Электрондық шарт жасасқан жағдайда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындысы турады хаттамаға қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы электрондық шартты ресімдеу үшін өнім берушілердің деректемелері мен шартқа қол қоюшы тұлға туралы мәліметтер сұранымын өнім берушіге веб-портал арқылы жібереді.
Өнім беруші веб-порталда тиісті сұранымды алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өнім берушілердің деректемелері мен шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді толтырады және растайды.
Өнім берушінің деректемелері мен шартқа қол қоюшы тұлға туралы мәліметті өнім беруші растауы жоқ кезде, өнім беруші шартты жасаудан бас тартқан деп танылады.
Тапсырыс беруші өнім берушілер деректемелері мен шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді өнім беруші растаған күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей веб-портал арқылы осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгілік шартқа сәйкес электрондық шарттың жобасын қалыптастырады, электронды цифрлық қолтаңбасын қояды және өнім берушіге қол қою үшін жолдайды.
Өнім беруші Заңмен орнатылған мерзімдерде веб-портал арқыды электронды цифрлық қолтаңбасымен электрондық шартқа қол қояды.
50. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі тиіс.
51. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізіледі.
52. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы болуы тиіс.
53. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес қағаз түріндегі банк кепілдігін таңдауға құқылы.
54. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
55. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
56. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық айыбын төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
57. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
58. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның бір қаржы жылынан астам емес мерзімге жасалуы туралы ережені қамтуы тиіс.
59. Тауарда жергілікті мазмұн болғаны үшін өз конкурстық өтінімінің шартты түрде азаюына ие тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына СТ-KZ нысанды тауардың шығарылуы туралы сертификатты ұсынады.
60. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, Кеден одағының кедендік заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құнға салынатын салықтар мен акциздердің төленуі туралы талаптар қамтылуы тиіс.
61. Әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаған жағдайда немесе мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасап, КҚ-мен ескерілген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, аталған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан бас тартқан болып есептеледі.
62. Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:
1) электрондық конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімнің қамтамасыз етілуін ұстап қалады және уәкілетті органға тиісінше мәліметтерді ұсынады және аталған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;
2) қажет болған жағдайда аталған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға мәжбүрлеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан бас тартумен байланысты келтірілген шығындарды өтеу туралы сотқа жүгінеді.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына 1-қосымша
Лоттар тізбесі
(бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Электрондық конкурстың № ________________________________________________________________________
Электрондық конкурстың атауы______________________________________________________________________
Лот № | Тапсырыс беруші атауы | Тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) атауы* | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Жеткізу шарты (Incoterms 2000-ға сәйкес) | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны | Аванстық төлем мөлшер, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| | | | | | | | | |
* Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына 2-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
техникалық ерекшелігі (әрбір лотқа жеке беріледі)
Электрондық конкурстың № ________________________________________________________________________________
Электрондық конкурстың атауы _____________________________________________________________________________
Лоттың № _______________________________________________________________________________________________
Лоттың атауы ____________________________________________________________________________________________
Техникалық ерекшелікте қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипатын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы беріледі және берілетін тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы тиіс халықаралық немесе ішкі стандарттар көрсетіледі.
Тауарларға берілетін техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы, үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау мақсаттары үшін функционалдық, техникалық сипаттама параметрлері, тауардың тағайындалуы мен тауарды пайдалану шарттары шегін қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуі тиіс.
Қажет болған кезде, техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажет ілеспе қызметтер (монтаждау, теңшеу, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы тиістігі, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс;
Қызметтерге берілетін техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы, үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау мақсаттары үшін функционалдық, техникалық сипаттама параметрлері, тауардың тағайындалуы мен тауарды пайдалану шарттары шегін қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуі тиіс. Осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты қызмет көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайында техникалық ерекшелікте қызметкерге, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін оның деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын, қойылатын талаптардың сипаты беріледі.
Техникалық ерекшелікте ұлттық стандарт немесе ол болған кезде Қазақстан Республикасының өндірушілерінің комммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт көрсетілген болуға тиіс.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына 3-қосымша
Электрондық конкурсқа қатысу туралы
келісім
Осымен электрондық конкурс тәсілімен осы электрондық мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреміз және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісім білдіреміз.
Егер конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылған болса, онда осымен аталған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды орындауға келісім білдіреміз.
Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы болмағанын растаймыз.
Осымен, сондай-ақ Заңда белгіленген тәртіппен (тауарды (ларды), жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіреміз.
Конкурстық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергеніміз үшін жауапкершілікті өзімізге толық аламыз.
Біздің электрондық конкурсқа қатысуға өтініміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.
Біздің өтініміміз электрондық конкурстың жеңді деп танылған жағдайда біз конкурстық құжаттамада көрсетілген мөлшерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз.
Біздің электрондық конкурсқа қатысуға берген өтініміміз оны жеңді деп тану туралы хабарламамен бірге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін тапсырыс беруші мен біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін орындайтын болады.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына 4-қосымша
Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші жұмысты орындау кезінде толтырады)
Электрондық конкурстың № _______________________________________________________________________________
Электрондық конкурстың атауы ____________________________________________________________________________
Лоттың №_______________________________________________________________________________________________
Лоттың атауы ___________________________________________________________________________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
Атауы __________________________________________________________________________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/СЕН _____________________________________________________________________________________
2. Әлеуетті өнім берушінің, конкурста сатып алынатындарға ұқсас соңғы он жыл ішінде орындаған жұмыстарының көлемі (болған жағдайда толтырылады).
Жұмыстың атауы | Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері) | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің телефон нөмірі | Жұмысты аяқтау жылы | Шарттың құны, теңге (көрсетпеуге де болады) |
| | | | | |
3. Әлеуетті өнім беруші жұмыстарды орындау үшін қажет растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (тетіктердің, машиналардың), не ұқсас (қосымша) жабдықтың (тетіктердің, машиналардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.
№ | Жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) атауы | Қолда бар бірліктердің саны | Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар) | Жеке меншік, жалға алынған (кімнен) | Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі (көрсетпеуге де болады) |
| | | | | |
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры *
№ | Жұмыскерлердің Т.А.Ә. (жеке куәлік № және берілген күні көрсетілсін) | Лауазымы | Азаматтығы | Жалақысы |
1 | | | | |
2 | | | | |
3 | | | | |
ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы | | | | |
5. Қаржы ресурстарына қол жеткізу туралы мәліметтер:
(ақшалай қаражат: меншікті, кредиттік және т.б.) Төменде тізбелеу қажет.
_________________________________________________________________
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын
Есткертпе * толтырмауға болады.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына 5-қосымша
Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші қызметті сатып алу кезінде толтырады)
Электрондық конкурстың № ______________________________________________________________________________
Электрондық конкурстың атауы ___________________________________________________________________________
Лоттың №______________________________________________________________________________________________
Лоттың атауы __________________________________________________________________________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
Атауы __________________________________________________________________________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/СЕН _____________________________________________________________________________________
2. Әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас көрсеткен қызметінің көлемі (бар болған жағдайда толтырылады).
Қызметтің атауы | Қызметті көрсету орны (объектінің орналасқан жері) | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің телефон нөмірі | Қызметті аяқтау жылы | Шарттың құны, теңге (көрсетпеуге де болады) |
| | | | | |
3. Әлеуетті өнім беруші қызметті көрсету үшін қажет растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (материалдардың), не ұқсас (қосымша) жабдықтың (материалдардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.
№ | Жабдықтардың (материалдардың) атауы | Қолда бар бірліктердің саны, дана | Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар) | Жеке меншік, жалға алынған (кімнен) | Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі (көрсетпеуге де болады) |
| | | | | |
4. Әлеуетті өнім беруші растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып осы конкурс (лот) бойынша қызметтерді көрсету мақсатында қажетті жүктелген міндеттерді орындау үшін жұмысшылардың біліктілігі туралы мәліметті көрсетеді
Р/с № | Жұмыскердің Т.А.Ә. | Осы конкурста сатып алатын қызметтерді көрсету саласындағы еңбек өтілі | Білімі туралы құжаттары, диплом, куәлік және т.б. бойынша біліктілігі (мамандығы) | Мамандығы бойынша сыныпы, разряды, санаты |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Осы конкурс (лот) бойынша техникалық ерекшелікте көрсетілген осындай жұмысшылар болған кезде және жұмысшыларға талаптар болған жағдайда толтырылады
5. Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбекақы қоры *
№ | Жұмысшылар Т.А.Ә. (жеке куәлігінің № және берілген күнін көрсету) | Лауазымы | Азаматтығы | Еңбекақысы |
1 | | | | |
2 | | | | |
3 | | | | |
ҚР азаматтарының еңбекақысы барлығы | | | | |
6. Қаржы ресурстарына қол жеткізу туралы мәліметтер:
(ақша қаражаты: меншікті, кредиттік және т.б.) Төменде тізбелеу қажет.
_________________________________________________________________
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын
Есткертпе * толтырмауға болады.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына 6-қосымша
Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)
Электрондық конкурстың № _______________________________________________________________________________
Электрондық конкурстың атауы ____________________________________________________________________________
Лоттың №_______________________________________________________________________________________________
Лоттың атауы ___________________________________________________________________________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
Атауы ___________________________________________________________________________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/СЕН ______________________________________________________________________________________
2. Әлеуетті өнім берушінің, конкурста сатып алынатын тауарларға соңғы он жыл ішінде сатып алған (шығарған) ұқсас көлемі (болған жағдайда толтырылады).
Тауардың атауы | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің телефон нөмірі | Тауарды жеткізу орны | Тауарды жеткізу күні | Шарттың құны, теңге (көрсетпеуге де болады) |
| | | | | |
3. Қаржы ресурстарына қол жеткізу туралы мәліметтер:
(ақшалай қаражат: меншікті, кредиттік және т.б.) Төменде тізбелеу қажет.
_________________________________________________________________
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына 7-қосымша
Банктік кепілдік
Банктің атауы ____________________________________________________________________________________________
Банктің деректемелерi _____________________________________________________________________________________
Кімге:
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы___________________________________________________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi____________________________________________________
№ _______ кепілдік міндеттеме
_____________________________
(орналасқан жері) «_____»____________ж.
Біз, бұдан әрі «Өнім беруші» ________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
________________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырған ________________________________________ сатып алу жөніндегі электрондық конкурсқа қатысатынынан және
__________________________________________________________________________________________________________
(электрондық конкурс (лот/-тар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің атауы)
тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.
Жоғарыда аталған аукциондық конкурсты өткізу жөніндегі ___________ ж. «____»________ конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз ________________________________________________________________________________осымен
(банктің атауы)
Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ Өнім беруші:
электрондық конкурс қатысушысы деп танылған Өнім беруші, оның конкурс қатысушысы деп танылған және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-1-бабының 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес конкурстық баға ұсынысын ұсынбау жағдайларын қоспағанда, өзінің конкурстық баға ұсынысын ұсынбағанын;
электрондық конкурстың жеңімпазы етіп айқындалған Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін, Сіздің талабыңыз бойынша Сізге _______________________________________
(сома санмен және жазбаша)
сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің аукционға қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер электрондық конкурсқа қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына 8-қосымша
Берешегі жоқтығы туралы
анықтама
Банктің атауы ___________________________________________________________________________________________
Банк деректемелері ______________________________________________________________________________________
Кімге:
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы__________________________________________________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi___________________________________________________
Банк (атауы) _____________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес (осы Банкте қызмет көрсетілетін заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы көрсетілcін) банк алдында анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды.
Күні ________________
Қолы _______________
М.О.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына 9-қосымша
Жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (қоса атқарушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерi
Электрондық конкурстың № _____________________________________________________________________________
Электрондық конкурстың атауы __________________________________________________________________________
Лоттың № ____________________________________________________________________________________________
Лоттың атауы__________________________________________________________________________________________
Р/с № | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә. | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) БСН (ЖСН) / ЖСН / СЕН, оның толық заңды және почталық мекенжайы, байланыс телефоны | Техника лық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстар дың (қызметтердің) атауы | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі, теңге | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі, % |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы | | |
Барлық қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша жиыны | | |
Осымен электрондық конкурсқа (электрондық конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігері(лері) және (бірлесіп орындаушысы(лары) электрондық конкурс (электрондық конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлесіп орындаушыларға) қатысты бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә. | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) уәкілетті өкілінің Т.А.Ә. | Қолы |
| | |
| | |
| | |
Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) беретін жұмыстар мен қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына 10-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы
(әрбір лотқа жеке толтырылады)
Электрондық конкурстың № ______________________________________________________________________________