_________________________________
1 Әлеуетті өнім берушілердің қабылданбаған өтінімдері болмаған жағдайда мәлімет жазылмайды.
2 Әлеуетті өнім берушілердің қабылданбаған өтінімдері болмаған жағдайда мәлімет жазылмайды.
| (өнім берушінің кодтық нөмірі) | (Комиссия мүшесінің ТАӘ, ұйымдағы лауазымы, комиссиядағы рөлі) | (Қабылданған шешімге байланысты мынадай себептер: Жіберілді, Қабылданбады, Дауыс бермеді) | (Мағыналар анықтамалығына сәйкес: Аукциондық құжаттамаға сәйкес келмеуі Заңның 6-бабының талаптарын бұзу) | (Комиссия мүшесі енгізген қабылдамау себептерінің негіздемесі) |
Аукциондық сауда-саттықтың басталу күні және уақыты мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукцион хабарландыруында жарияланған.
Әлеуметті өнім беруші екеуден кем жіберілген жағдайда аукциондық сауда-саттық өткізілмейді.
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 10-қосымша
Аукционды өткізу нәтижелерінің хаттамасы
Аукцион № (Аукционның нөмірі)
(Аукционның атауы)
Аукцион мәнінің түрі:_________________________________________________________________________________
(тауар, жұмыс немесе қызмет)
Аукцион мәнінің атауы:________________________________________________________________________________
(Лоттың атауы)
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге:____________________________________________________________________
(Аукционның жоспарлы сомасы)
Аукционның басталу күні және уақыты: (КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС)
Аукционның аяқталған күні және уақыты: (КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС)
Аукционға қатысушылардың соңғы ұсыныстары туралы мәліметтер:
Қатысушының коды | Ұсынған баға, теңге | Ұсыныс берілген уақыт |
| | КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС (Астана қаласының уақытымен) |
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 11-қосымша
Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасы
Аукцион № (Аукционның нөмірі)
(Аукционның атауы)
Аукцион мәнінің түрі:________________________________________________________________________________
(тауар, жұмыс немесе қызмет)
Аукцион мәнінің атауы:______________________________________________________________________________
(Лоттың атауы)
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге:___________________________________________________________________
(Аукционның жоспарлы сомасы)
Аукциондық комиссияның құрамы:
№ | Т.А.Ә. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлi |
| | | |
Аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат:
№ | Өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Деректемелер | Өтінім ұсынылған күні мен уақыты |
| | | | |
Аукциондық комиссия мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижелері
№ | Өнім берушінің атауы | ТАӘ, лауазымы, комиссиядағы рөлі | Комиссия мүшесінің шешімі | Біліктілік талаптарына сәйкес болмау себебі | Негіздеме (болған жағдайда көрсетіледі) | Аукционға қатысуға өтінімді біліктілік талаптарына сәйкес келтіру үшін әлеуетті өнім берушінің ұсынуы қажет құжаттар тізбесі |
Аукционға қатысуға мынадай өтінімдер қабылданбады:
№ | Өнім берушінің атауы | Қабылданбау себебі |
| | |
Біліктілік талаптарына сәйкес келетін аукционға қатысуға өтінімдер:
№ | Өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН |
| | |
Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша ШЕШТІ:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі) | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Деректемелері | Аукциондық комиссия шешімі |
| | | | |
Әлеуетті өнім берушіледің біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынуының соңғы күні мен уақыты: осы хаттама жарияланған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 12-қосымша
Қорытындылар туралы хаттама
Аукцион № (Аукционның нөмірі)
(Аукционның атауы)
Аукциондық комиссияның құрамы:
№ | Т.А.Ә. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлi |
| (комиссия мүшесінің аты-жөні) | ( Ұйымдағы лауазымы ) | (Комиссидағы рөлі) |
Аукцион мәнінің түрі: ______________________________________________________________________________________
(тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет)
Аукцион мәнінің атауы: ____________________________________________________________________________________
(Лоттың атауы)
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге: _________________________________________________________________________
(Аукционның жоспарлы сомасы)
Аукциондық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
№ | өнім берушінің атауы | Т.А.Ә., лауазымы, комиссиядағы рөлi | Комиссия мүшесінің шешімі | Қабылдамау себебі | Қабылдамау себебі негіздемесі |
| (Өнім берушінің толық атауы) | (Комиссия мүшесінің Т.А.Ә., ұйымдағы лауазымы, комиссиядағы рөлі ) | (қабылданған шешімге байланысты мынадай себептер: сәйкес келеді, сәйкес келмейді, дауыс берген жоқ) | (мағыналар анықтамалығына сәйкес: біліктілік талаптарына сәйкес болмауы, Заңның 6-бабының талаптарын бұзуы) | (Комиссия мүшесі енгізген қабылдамау себебінің негіздемесі) |
Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша ШЕШТІ:
Қатысушы коды | Баға туралы ұсыныс | Ұсыныс беру күні мен уақыты | Өнім берушінің атауы | Өкілдің Т.А.ӘА | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Деректемелері | Талаптарға сәйкес келу және сәйкес келмеуі туралы комиссия шешімі |
(Аукцион қатысушысының коды) | (Өнім берушінің соңғы баға ұсынысы) | (КК.АА. ЖЖЖЖ СС:ММ:СС) | (Өнім берушінің толық атауы) | (Өтінім берген өнім берушінің өкілінің Т.А.Ә.) | (БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Мекенжайы: (Заңды мекенжайы) БСК: (БСК банка) ЖСК: (ЖСК ) Банк атауы: Банк атауы) | (Дауысқа байланысты:Сәйкес келеді, сәйкес келмейді) |
Аукционның мынадай қорытындысын бекіту:
(Өнім берушінің атауы) | (мынадай мәндер: Жеңімпаз, Үміткер*) |
Тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің атауы) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 37-бабы 1 және 3-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде өнім берушімен (жеңімпаз атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Ескертпе: * Жеңімпаз - баға туралы ең аз ұсыныс ұсынған және біліктілік талаптарына сәйкес келетін аукцион қатысушысына беріледі.
Үміткер - ұсынылған бағаларының өсу ретімен біліктілік талаптарға сәйкес келетін аукционның басқа қатысушыларына беріледі.
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 13-қосымша
Банктік кепілдік
(Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)
Банктің атауы:____________________________________________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелерi)
Кімге: ___________________________________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы мен деректемелерi)
№ _______ кепілдік міндеттеме
«Өнiм берушi» ____________________________________________________________________________________________
(өнiм берушiнiң атауы)
________________________________________________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасы)
беруге (орындауға, көрсетуге) ____ж. № ____ _мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқандығын (жасасатындығын)* және Сiз Шартта Өнiм берушiнiң жалпы сомасы _______ теңгеге банктiк кепiлдiк түрiнде оның орындалуын қамтамасыз етуiн енгiзудi көздегендiгiңiздi назарға ала отырып, осымен __________________________________________________________________________ жоғарыда көрсетiлген
(банктiң атауы)
Шарт бойынша кепiлгер болып табылатындығымызды және Сiздiң талап етуiңiз бойынша Сiздiң төлеуге жазбаша талап етудi, сондай-ақ Өнiм берушi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамағандығын немесе тиiсiнше орындамағандығын жазбаша растауды алғаннан кейiн Сiзге
________________________________________________________________________________________________________
(сомасы цифрлармен және жазумен)
тең соманы төлеуге өзiмiзге қайтарусыз мiндеттеме аламыз.
Осы кепiлдiк мiндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және Өнiм берушi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындаған сәтке дейiн қолданылады.
Осы кепiлдiк мiндеттемесiне байланысты туындайтын барлық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Кепiлгерлердiң қолы мен мөрi Күнi және мекенжайы
(банктің (банк филиалының) атынан оның бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері)
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 14-қосымша
Электрондық сатып алу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуда қатысуға шақыру
Құрметті қатысушы (әлеуетті өнім берушінің атауы).
Сіз Электрондық сатып алу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуда қатысуға (шақыру №, шақыру атауы) шақырылдыңыз.
Шақыруды қарау үшін сілтеме (шақыруға сілтеме) бойынша жүріңіз. Егер жоғарыда көрсетілген сілтеме ашылмаса, оны алмасу буферіне көшіріп алыңыз да браузердің мекенжай жолына қойыңыз және «Енгізуді» басыңыз.
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 15-қосымша
Электрондық сатып алу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы
келісім
Осымен аталған электрондық сатып алу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниетімізді білдіреміз және белгіленген талаптар және шарттар бойынша (тауарды (тауарларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға келісімімізді білдіреміз.
Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу болмағанын растаймыз.
Сонымен қатар, (тауарды (тауарларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бұзылуына әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіреміз.
Құжаттар тізімімен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзіміздің заңдылығымыз, біліктіліктігіміз, сапалық және өзге мінездемелеріміз (жеткізілетін тауар (тауарлар), орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы дәйексіз мәліметтерді ұсынылғаны үшін, авторлық және аралас құқықтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулердің сақталуына жауапкершілік туралы хабарланғанын растаймыз.
Сатып алуға қатысуға жауапта және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дәйексіз мәліметтердің ұсынылуы үшін өзімізге толық жауапкершілікті аламыз.
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 16-қосымша
Электрондық сатып алу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу (лоттар)
тізбесі
(бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Шақыру № ___________________________________________________________________________________________
Шақыру атауы ________________________________________________________________________________________
Лот № | Тапсырыс беруші атауы | Тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) атауы* | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Жеткізу шарты (Incoterms 2000-ға сәйкес) | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны | Аванстық төлем мөлшер, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| | | | | | | | | |
⃰ Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 17-қосымша
Электрондық сатып алу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушінің баға
ұсынысы
(әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) жеке-жеке толтырылады
Шақырту № ___________________________________________________________________________________________
Шақырту атауы_________________________________________________________________________________________
Лот № ________________________________________________________________________________________________
Лот атауы _____________________________________________________________________________________________
Өнім беруші атауы _____________________________________________________________________________________
БСН/ЖСН/ЖСН/СЕН ___________________________________________________________________________________
Тауар, жұмыс, қызмет атауы _____________________________________________________________________________
ТЖҚК Коды __________________________________________________________________________________________
Баға ұсынысы валютасы ________________________________________________________________________________
Баға ұсынысы валютасының коды ________________________________________________________________________
Өлшем бірлігі __________________________________________________________________________________________
Барлық шығындарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы ________________________________________
Саны (мөлшері) ________________________________________________________________________________________
Тауарды жеткізу шарттары ИНКОТЕРМС 2000 ______________________________________________________________
Жалпы бағасы (санды бірлік бағасына көбейтіңіз) ____________________________________________________________
Біз сіздің төлем жасау шарттарыңызбен келісеміз.
Күні және уақыты _________________
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 18-қосымша
Электрондық сатып алу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы
хаттама
(әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) әрбір лотқа) жекелей толтырылады
Шақыру №_____________________________________________________________________________________________
Шақыру атауы__________________________________________________________________________________________
Лот № ________________________________________________________________________________________________
Лот атауы _____________________________________________________________________________________________
Тапсырыс беруші өкілі және ұйымдастырушы өкілі туралы ақпарат:
№ | Т.А.Ә. | Лауазымы | Рөлі |
1 | | | Тапсырыс беруші өкілі |
2 | | | Ұйымдастырушы өкілі |
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):
Лот нөмірі | Тауар, жұмыс, қызметтер атауы | Қолдануға негіздеме | Сатып алу (тауар, жұмыс, қызметтер) мәні түрі | Сатып алуға бөлінген сома, теңге |
| | | | |
Шақырылған әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:
Өнім беруші атауы | БСН (ЖСН)/ЖСН/ СЕН | Деректемелер |
| | |
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы туралы ақпарат:
Бөлінген сома | Өнім беруші бағасы | Баға ұсынысын жасау күні және уақыты |
| | |
Біліктілік талаптарына сәйкестік/сәйкессіздік нәтижелері:
Шақырылған әлеуетті өнім беруші атауы | Ұйымдастырушы өкілі | Ұйымдастырушы өкілі шешімі | Сәйкессіздік себебі |
(Әлеуетті өнім берушінің толық атауы) | Ұйымдастырушы өкілінің ТАӘ, ұйымдағы лауазымы) | (Мәндер анықтамалығына сәйкес: техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді; біліктілік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді; заңның 6-бабына сәйкес келеді/сәйкес келмейді) | (Техникалық ерекшелік; Біліктілік талаптарына; Заңның 6-бабының талаптарына сәйкес келмеу жағдайында ұйымдастырушы өкілі енгізген себеп) |
Шақырылған әлеуетті өнім берушімен (әлеуетті өнім беруші атауы) «Бір көзден электронды сатып алу» тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады деп шешілді.
Не:
Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған әлеуетті өнім берушінің (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартуына байланысты өтпеді.
Не:
Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған әлеуетті өнім беруші (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға жауабын белгіленген мерзімде бермегеніне байланысты өтпеді.
Не:
Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартты.
Не:
Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес еместігіне байланысты өтпеді.
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 19-қосымша
Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы
үлгілік шарт
< Сәйкестендірме нөмірі > < шарттың карточкасы нөмірі>
<Тапсырыс беруші аймағы > № <Шарт нөмірі> <шарт күні>
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, <Тапсырыс берушінің толық атауы>, атынан «Тапсырыс беруші негізі» әрекет ететін «Тапсырыс беруші лауазымы» бір тараптан және екінші тараптан бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталынатын «Өнім берушінің толық атауы» атынан Жарғы негізінде әрекет ететін «Өнім беруші лауазымы», бұдан әрі «Тараптар» деп аталынатындар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - Заң) және № «қорытынды нөмірі», «қорытынды күні», жылы электронды тәсілмен мемлекеттік сатып алу «сатып алу тәсілі» қорытындысын бекіту туралы шешім негізінде «Тауарларды мемлекеттік сатып алу» туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
1. Шарттың мәні
1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарттың қосымшаларына сәйкес тауарларды (бұдан әрі - Тауар) жеткізуге, ал Тапсырыс беруші Тауарларды осы Шарт талаптарына сәйкес қабылдауға және төлем жасауға міндеттенеді.
2. Төмендегі санамаланған құжаттар және оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтсақ:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлар тізімі (1-қосымша);
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
2. Шарттың құны және ақы төлеу шарттары
1. Шарттың жалпы сомасы «Шарт сомасы» (сомасы жазбаша түрде) теңгені құрайды және Тауарды жеткізумен байланысты барлық шығындарды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған барлық салықтар мен алымдарды «оның ішінде ҚҚС/ҚҚС-сыз» (бұдан әрі - Шарт сомасы) қамтиды.
2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт бюджеттік бағдарлама «бағдарлама», «бағдарлама асты, ерекшелік, шарт сомасы ҚҚС-сыз, (сома ҚҚС-сыз жазбаша түрде), ҚҚС ерекшелігі, шарт сомасындағы ҚҚС сомасы», («шарт сомасындағы ҚҚС сомасы жазбаша түрде»)[1] бойынша тіркелуі тиіс.
3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін және бюджет қаражатының бөлінуі шамасына қарай, 1-қосымшаға сәйкес көлемде аванстық төлем жасайды.
Тапсырыс беруші қалған соманы бюджет қаражатының бөлінуі шамасына қарай, Өнім берушінің Тауарды жеткізуі бойынша ақшаны аудару «төлем жасау шарты» және Тауарды тапсыру-қабылдау актісіне Тараптардың қол қоюы жолымен, бұдан бұрынғы төлем жасалынған авансты пропорционалды ұстап қала отырып төлейді[2].
4. Тапсырыс беруші соманы бюджет қаражатының бөлінуі шамасына қарай, Өнім берушінің Тауарды жеткізуі үшін ақшаны аудару «төлем жасау шарты» және Тауарды тапсыру-қабылдау актісіне Тараптардың қол қоюы жолымен төлейді.[3]
Жеткізілген Тауарды тапсыру-қабылдау актісі үлгісі Өнім беруші Тапсырыс берушімен алдын-ала келісіледі.
5. Жеткізілетін Тауарлар мөлшері сандық және құндық көріністе Шартқа 1-қосымшада айтылған.
6. Төлем жасауға қажетті құжаттар:
1) «Қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген/қол қойылған» Шарт;
2) Тауарды тапсыру-қабылдау актісі;
3) Өнім беруші Тапсырыс берушіге ұсынған төлем жасау шоты.
<N. Жаңа тармақ>
_____________________
1Осы тармақ тек мемлекеттік мекемелер-тапсырыс берушілеріне ғана арналған
2Осы тармақ келесі талаптарды орындағанда көрінеді: 1) баға ұсынымдарын сұрау тәсілінен бөлек барлық сатып тәсілдеріне; 2) негізінде шарт жасалынатын, аванс көрсетілетін жылдық жоспар тармағы
3Осы тармақ, егер негізінде шарт жасалатын жылдық жоспар тармағында аванс көрсетілмеген жағдайда көрінеді
3. Тараптардың міндеттері
9. Өнім беруші міндеттеледі:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуді;
2) егер Заңның 8-бабының 8-тармағына сәйкес Өнім берушімен шарттың орындалуын қамтамасыз ету енгізілмеген жағдайда, Шарт жасау күнінен бастап он жұмыс күннің ішінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді Шарттың 2.1. тармағында белгіленген Шарт сомасынан <3 пайыз/пайыздағы аванс мөлшері4 мөлшерінде енгізу қажет, ол <қамтамасыз ету сомасы> (<қамтамасыз ету сомасы жазбаша>) келесі түрде құрайды:
банк шотына кепілденген ақша жарнасын: <банк атауы>-да қала бойынша <қала>, БСК <БСК> № <Тапсырыс берушінің кепілденген жарнасына арналған депозитті> немесе:
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдігін;[4]
3) Шарт бойынша өз міндеттерін атқару кезінде Тауарлардың Шарттың бөлінбес бөлігі болып табылатын Шартқа 2-қосымшада (техникалық ерекшелік) көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуді;
4) Тауарларды түпкілікті арналған пунктіне тасымалдау кезінде олардың бұзылудан немесе бүлінуден сақтай алатын орауышын қамтамасыз етуді. Орауыш қандай да бір шектеусіз қарқынды жүктеу-тасымалдау өңдеуі мен экстремалды температуралардың әсерлерге, тасымалдау кезінде тұздар мен жауын-шашынға, сонымен бірге ашық түрде сақтауға төзе алатын болуы қажет. Оралған жәшіктер мен олардың салмақтарының габариттерін анықтағанда, Тауарлар тасымалының барлық тармақтарында жеткізудің соңғы пунктінің алыстылығын және қуатты жүккөтергіш құралдарының бар болуын ескеруді;
5) Шарттың талаптарынтарын орындау үшін Өнім берушімен жұмылдырылған ұжымды санамағанда, Тапсырыс берушімен немесе оның атынан басқа тұлғалармен ұсынылған техникалық құжаттаманың мазмұны Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімісіз ашылмауын. Көрсетілген ақпарат осы ұжымға құпия ретінде және міндеттерді орындау үшін қажетті мөлшерде ғана ұсынуды;
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімісіз Шартты іске асыру мақсатынан басқа, жоғарыда көрсетілген қандай да бір құжаттар мен ақпаратты пайдаланбауды;
7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттердің орындалу барысы жайлы ақпарат ұсынуды;
8) Өнім берушімен Шарттың тиісті емес орындалуымен және/немесе басқа заңға қайшы әрекеттермен тудырылған залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуді;
<n) жаңа тармақша>
10. Тапсырыс беруші міндеттеледі:
1) Өнім берушінің мамандарына Тауарларды жеткізу үшін рұқсат етуге;
2) Шарт талаптарына сәйкес жеткізілген Тауарларды қабылдауға және төлеуге;
<n) жаңа тармақша>
______________________________________
4 3.1-тармақтың берілген тармақшасы баға ұсыныстарын сұрату тәсілінен басқа, барлық сатып алу тәсілдері үшін суреттеледі.
4. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру
11. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері жеткізілген Тауарлардың техникалық ерекшелікте (Шарттың 2-қосымшасы) көрсетілген талаптарға сәйкестілік затына бақылау мен тексеруді өткізуге құқылы. Сонда осы тексерістер бойынша барлық шығындарды Өнім беруші өтейді. Тапсырыс беруші жазбаша түрде және уақытылы Өнім берушіге осы мақсаттарға анықталған өз өкілдері жайлы хабарлауы тиіс.
12. Берілген Шарт шегінде жеткізілетін Тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы қажет.
13. Егер Шарт орындау кезінде Өнім беруші Тауарларды уақытында жеткізуге кедергі жасайтын жағдайларға кез келген уақытта тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге баяулатпай кідіру фактісі, оның ұзақтығы мен себептері туралы жазбаша хабарландыру жіберуі керек. Өнім берушіден хабарландыру алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауы қажет және өз қалауынша, Шарттың Өнім берушімен орындау мерзімін ұзартуы мүмкін, ондай жағдайда мұндай ұзарту екі жақпен Шарт мәтініне түзету енгізу жолымен бекітілуі қажет.
14. Егер тексеріс кезінде жеткізілген Тауарлардың нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шарттың 2-қосымшасы) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші жағынан еш қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеріс сәтінен <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.
15. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестілігін тексеру Өнім беруші немесе қосалқы мердігер(лер) территориясында, жеткізу орнында және (немесе) Тауарлардың соңғы арналым пунктінде өткізілуі мүмкін. Егер олар Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігер(лер) территориясында өткізілетін болса, Тапсырыс беруші инспекторларына, Тапсырыс беруші жағынан еш қосымша шығынсыз, барлық қажетті құралдар ұсынылып, сызбалар мен өндірістік ақпараттарға рұқсат берілумен бірге көмек көрсетіледі.
16. Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттерден босатпайды.
5. Тауарларды жеткізуді және құжаттама
17. Өнім берушімен Тауарлардың жеткізілімі Шарттың бөлінбес бөлігі болып табылатын, Шарттың 1 қосымшасында көрсетілген мерзім ішінде жүзеге асырылады.
18. Жеткізілген Тауарлардың есебі үшін Өнім беруші келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) Тауарлардың қабылдау-тапсыру актісі екі данада;
2) жеткізілген Тауарлардың жалпы сомасы, бірлігінің бағасы мен мөлшері көрсетілген шот-фактура;
3) жүкқұжат;
<n) жаңа тармақша>
19. Тауарға деген меншік құқығы Өнім берушіден Тапсырыс берушіге <Тараптармен Тауардың қабылдау-тапсыру актісіне қол қою сәтінен бастап> ауысады.
20. Тауардың кездейсоқ жойылу немесе бұзылу қаупі Өнім берушіден Тапсырыс берушіге <Тараптармен Тауардың қабылдау-тапсыру актісіне қол қою сәтінен бастап> ауысады.
6. Кепілдік
21. Өнім беруші Тапсырыс беруші талаптарына сәйкес жеткізілген Тауарлардың сапасына кепілдік береді.
22. Өнім беруші Шарт шегінде жеткізілетін Тауарлар жаңа, пайдаланбаған, Шартпен басқасы ескерілмесе, материалдардың барлық соңғы түрлендірулерін көрсететін ең жаңа немесе сериялы үлгі болып табылатынына кепілдік береді.
23. Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауы міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған байланысты барлық шығындармен бірге, ақаулықтарды жою бойынша шараларды Тапсырыс беруші хабарламасында көрсеткен мерзім ішінде қолдануы қажет.