тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді бермеу;
әлеуетті өнім берушінің, конкурстық құжаттамада көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде, біліктілік талаптарына сәйкес болмауы. Бұл ретте, тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктерде көрсетілуі мүмкін. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық ресурстарға иелігі банктің (банктердің), салық органының анықтамасымен расталады;
аукционның сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісінің анықталуы;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда аукционға қатысуға өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қайтарады. Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда аукционға қатысуға өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша аукциондық комиссия тиісті өкілетті органдарының интернет-ресурстарында ақпаратты қарайды.
261. Жеке тұлға болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім беруші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері немесе бірлесіп орындаушысы мынадай:
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;
аукцион хабары күнінен кешіктірілмей берілген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;;
тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не аукцион жарияланған күннен кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің бар екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;
тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді бермеу;
әлеуетті өнім берушінің, конкурстық құжаттамада көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде, біліктілік талаптарына сәйкес болмауы. Бұл ретте, тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктерде көрсетілуі мүмкін. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық ресурстарға иелігі банктің (банктердің), салық органының анықтамасымен расталады;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісінің анықталуы;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қайтарады. Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда аукционға қатысуға өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша аукциондық комиссия тиісті өкілетті органдарының интернет-ресурстарында ақпаратты қарайды.
262. Аукциондық комиссиясының аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қайта қараған кезде, аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтіруге байланысты:
аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасында қамтылған аукциондық құжаттамамен белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізіліміне кірмеген;
өтінімді аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасында қамтылған аукциондық құжаттамамен белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келтіру үшін веб-портал арқылы құжаттарды ұсынбаған әлеуетті өнім берушілерді қайтаруға жол берілмейді.
263. Аукциондық комиссияның аукционға қатысу өтінімінің екінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салу жіберуіне және өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді.
264. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің екінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес деп танылады.
265. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.
266. Егер аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына бір ғана әлеуетті өнім берушіні таныған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші аукционның жеңімпазы болып танылады.
267. Аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қайтадан қарауды, аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қайтадан қарау рәсімі туралы аукциондық комиссия хатшысы веб-портал арқылы бастамашылық еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аукциондық комиссия жүзеге асырады.
Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қайтадан қарау нәтижелері аукцион қорытындылары туралы хаттамада ресімделеді.
Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы веб-порталда аукционның қорытындылары туралы шешімді қабылдаған күні электрондық почта арқылы веб-порталда автоматты түрде тіркелген, аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келетін жне баға туралы ұсынысты берген аукционның барлық қатысушыларын автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жариялайды.
Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қоса тіркеледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Аукцион қорытындылары туралы тиісті хаттамада аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комссиясының хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
Аукционды өтпеді деп тану негіздері
268. Аукцион:
1) егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға екеуден аз өтінім берілген жағдайда;
2) Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда;
3) аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса және тапсырыс беруші Заңның 35-8-бабының 10 және 11-тармақтарында көзделген құқықты пайдаланбаған жағдайларда;
4) Заңның 35-8-бабының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалмаған жағдайда өтпеді деп танылады.
6. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысудың ерекше шарттары
269. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциум) электрондық мемлекеььік сатып алуға қатысу жағдайында, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар, өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларымен белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін, немесе электрондық құжаттарды:
1) заңды тұлалардың мүшелері арасында жасалған бірлесе шаруашылық қызмет туралы шартты (консорциялық келісім );
2) бірлесе шаруашылық қызметі туралы шартымен белгіленген тауарларды ұсынуға, жұмыстарды атқаруға, қызмет көрсетуге құқығын беру лицензиясын ұсынуы тиіс.
Консорциум конкурсқа қатысқан жағдайда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерін есептеу консорциялық келісімді жасаған сәттен бастап қолданылады.
7. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
270. Тапсырыс беруші веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудың екі мынадай нысанының бірін таңдайды:
1) қағаз тасығышта;
2) электрондық шарт нысанында.
271. Мемлекеттеік сатып алу туралы шартты қағаз құжатында жасаған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде, осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларына сәйкес үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағына қол қояды.
272. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн бойы веб-портал арқылы электрондық шартты рәсімдеу үшін өнім берушінің деректемелерін және шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді жібереді.
Өнім беруші веб-порталда тиісті сұранысты алған сәттен үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін толтырады және растайды.
Егер өнім беруші шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнімді жеткізушінің шартты жасаудан бас тартатын тұлға шарт жасаудан бас тартқан болып танылады.
Тапсырыс беруші шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін растаған күннен бастап бір күннен кейін веб-портал арқылы осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сәйкес жасалған электрондық шарттың жобасын құрайды, электрондық сандық қол қояды және өнім берушіге қол қоюға жібереді.
Өнім беруші электрондық шартқа веб-портал арқылы, Заңда белгіленген мерзімде электрондық сандық қол қояды.
273. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
274. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
275. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгілейді, ол кемінде үш пайыз болуы тиіс.
276. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнан;
2) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдауышта банк кепілдігін таңдауға құқылы.
277. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
278. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
279. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда тапсырыс беруші, тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық төлемін төлеу фактісін орнатқан күнінен бес жұмыс күн ішінде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың енгізілген қамтамасыз етуін қайтарады.
280. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
281. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өз конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына СТ-КZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.
282. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.
283. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазымен жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шартта жеңімпаз болып табылған өнім берушінің баға ұсыныстарын берген конкурстық комиссиямен анықталған үздік техникалық ерекшелік қамтылуы тиіс.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы
284. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
285. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт орындалды деп есептеледі.
Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларына 1-қосымша
Бекітемін:
__________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының толық атауы)
__________________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.көрсетіледі)
№ шешім _________________ Күні ______ Уақыты ______
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ
_____________________________________________________________________________________________________
(сатып алу мәнінің түрі көрсетіледі)
_____________________________________________________________________________________________________
(электрондық конкурстың атауы көрсетіледі)
Тапсырыс берушi _______________________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банктік деректемелері көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілi ________________________________________________________________________________
(аты-жөні, ЖСН, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (бірыңғай
ұйымдастырушы)_______________________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банктік деректемелері көрсетіледі)
Ұйымдастырушының (бірыңғай
ұйымдастырушының) өкілi ______________________________________________________________________________
(аты-жөні, ЖСН, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетіледі)
Конкурстық комиссияның хатшысы ______________________________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Электрондық конкурс қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі - КҚ) мыналарды:
1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін;
2) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес ұлттық стандарт немесе ол болған кезде Қазақстан Республикасының комммерциялық емес өндіруші ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы;
жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасының орнына КҚ-ға жобалау-сметалық құжаттама қоса тіркеледі;
3) осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға келісім;
4) осы КҚ-ға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) Заңның 17-бабының 4-тармағына неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті критерийлердің тізбесін қамтиды;
6) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома ______ теңгені құрайды.
Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:
лот № | Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы) | Лот бойынша бөлінген сома (теңге) |
{лот №} | {тауардың____жұмыстың__көрсетілетін қызметтің атауы} | {лот бойынша____бөлінген___сома} |
3. Электрондық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етуді төменде келтірілген нысандардың бірінде енгізеді:
1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын ___________________________
(ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) банктік шотының толық деректемелері);
2) осы КҚ-ға 7-қосымшаға сәйкесқағаз жеткізгіште банктік кепілдік.
Электрондық конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
2. Ұйымдастырушының КҚ ережелерін әлеуетті өнім беруші - веб-портал қатысушыларына түсіндіруі
4. Әлеуетті өнім беруші - веб-портал қатысушысы ұйымдастырушыға КҚ ережелерінің түсініктемесін веб-портал арқылы электрондық сұрау салуды жолдау қажет болғанда сұратады (сұратуды қабылдау уақытының аяқталуы мен мерзімі көрсетіледі).
5. Ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде КҚ ереже түсініктемесінің мәтінін КҚ алған веб-портал қатысушы-әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталға жариялайды.
6. Ұйымдастырушы өзінің бастамасы немесе әлеуетті өнім берушінің сұратымына жауап түрінде КҚ-ға өзгерістер мен (я болмаса) толықтыруларды дер кезінде енгізеді (КҚ өзгерістерінің соңғы мерзімі көрсетіледі). КҚ өзгерістері бекітілген КҚ тәртібімен ресімделінеді. Енгізілетін өзгерістердің міндетті күші болады және КҚ өзгерістері бекітілген күннен бастап, веб-порталға бір жұмыс күні ішінде КҚ алған веб-портал қатысушы-әлеуетті өнім берушілер үшін автоматты түрде хабарлама жарияланады. Әлеуетті өнім берушілердің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдідегі өзгерістерді ескерген жағдайда электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі он бес күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.
3. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар мен әлеуетті өнім берушілердің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынуы
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінім
7. Электрондық конкурсқа қатысу өтінімі әлеуетті өнім берушінің тауарлар жеткізуді осы КҚ-да көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау) жүзеге асыру үшін электрондық конкурсқа қатысуға үмітті әлеуетті өнім берушінің келісім беру нысаны болып табылады.
8. Осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес, әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі келісімді өтінімді қалыптастыруға дейін қабылдайды.
Электрондық конкурсқа қатысу туралы келісімде, техникалық ерекшеліктің орнына осы жобалау-сметалық құжаттаманы қамтитын КҚ электрондық конкурсқа қатысу кезінде әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындауға келісетіні туралы шарт та көзделеді.
9. Электрондық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға ұсынатын электрондық конкурсқа қатысуға өтінімінде:
1) электрондық санды қолтаңба арқылы куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі немесе әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарын растайтын электрондық құжаттары:
лицензиялар мен (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар және әлеуетті өнім берушінің тауарларды сатып алуды жүзеге асыру, жеткізу, қайта өңдеу, өндіру құқығын растайтын басқа да құжаттар;
белгіленген тәртіп бойынша конкурсты хабарландыру мерзімінен бұрын мөр арқылы расталған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің көшірмесі;
төлеу қабілеттілігін растайтын құжаттар:
әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банк немесе банк филиалының алдындағы әлеуетті өнім берушінің барлық міндеттемелер бойынша осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы арқылы бекітілген ипотекалық компаниялар мен екінші деңгейлі банк филиалдары немесе банк алдында анықтама алу мерзіміне дейінгі үш айға созылып, мерзімі өткен қарызының жоқтығы туралы қол қойылып, мөр басылған анықтамасы (ал егер әлеуетті өнім беруші бір немесе бірнеше екінші деңгейлі банктің, шетел банкісінің клиенті болған жағдайда, әрқайсысынан осы анықтама ұсынылады). Анықтама конкурсты хабарлау мерзімінен бұрын берілуі керек;