2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.
3. Әлеуметтiк аударымдар қолма-қол нысансыз жүзеге асырылатын төлеу күнi банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан әлеуметтiк аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күн болып, қолма-қол нысанда жүзеге асырылатын төлеу күнi төлеушiнiң банкке әлеуметтiк аударымдарды енгiзген кезiнен бастап есептеледi.
2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен тақырыбы редакцияда жазылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Міндетті әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін төлеушінің жауапкершілігі
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Уақтылы аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомаларын салық органдары өндiрiп алады немесе оларды төлеушi мерзiмi өткен әр күн үшiн (Қорға төлеген күндi қоса) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса Қордың шотына аударуға тиiс.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әлеуметтiк аударымдар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, салық органдары жиналып қалған берешек шегіндегі ақшаны төлеушiнiң банк шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен төлеушiге хабарлама жiберiле отырып, салық органының инкассолық өкімі негiзiнде жүргiзiледi.
Төлеушi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мерзiмдерде салық органына табыс етуге мiндеттi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шоттарына ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен жүргiзедi.
Төлеушінің банк шоттарында ұлттық валютада ақшасы болмаған жағдайда міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өндіріп алу салық органдары ұлттық валютада қойған инкассалық өкімдердің негізінде төлеушінің банк шоттарындағы шетел валютасымен жүргізіледі.
2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Салық органдарының өкімдері бойынша, егер төлеуші әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде ұсынбаса, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешектерін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Салық органының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерінің күші жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей күшін жояды.
3. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтiк аударымдар сомаларын Қордың шотына осы сомалар төлеушiнiң банктiк шотынан есептен шығарылған күнi аударуға мiндеттi.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Төлеушiнiң банк шоттары болмаған немесе төлеушінің банк (банктер) шотында (шоттарында) ақша жеткіліксіз болған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен төлеушiнiң касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау
Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-iнeн кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, орналасқан жері бойынша салық органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есептi табыс етедi.
Есептiң нысанын және оны жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2009.05.05. № 159-ІV ҚР Заңымен 19 бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Артық төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару
Төлеуші артық төлеген әлеуметтік аударымдар сомасы кейіннен оны Орталық төлеушінің банктік шотына банктік үш күн ішінде аударуы үшін төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік он күн ішінде Орталықтың банктік шотына аударылуға тиіс
3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау
20-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш беру және әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды қарау мерзімдері
1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш беру өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Өтiнiшке тiзбесi осы Заңмен белгiленетiн құжаттар қоса тiркеледi.
2. Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдап алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға бередi.
3. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды қарайды және әлеуметтiк төлемдер тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындаудан бас тартылған жағдайда ол бас тарту себептерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлап, табыс етiлген құжаттарды Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi.
4. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның табыс етiлген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол табыс етiлген құжаттарды сараптамаға жiберiп, оларды беруге негiз болған құжаттардың бар-жоғын тексере алады. Бұл ретте, әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдаудың кешiктiрiлуi және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабардар етiлуге тиiс.
5. Кейiнгi өтiнiштер берiлген кезде әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган өтiнiш қайталап берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде төлем тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және төлем тағайындаудан бас тарту себептерi мен шағымдану тәртібін көрсете отырып, ол туралы Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.
Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
6. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.
Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық:
еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда - әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеген күннен бастап;
асыраушысынан айрылған жағдайда - қайтыс болуы туралы куәлікте көрсетілген қайтыс болған күннен бастап, не азаматты хабарсыз кеткен деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап;
жұмысынан айрылған жағдайда - ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелу үшін өтініш жасаған күнінен бастап;
жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайда - еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген, жүктілігі және босануы бойынша демалыс берілген күннен бастап;
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайда - еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берілген күннен бастап;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда - баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап туындайды.
Бұл орайда, жұмысынан айрылуына, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылуына байланысты Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берілген күнге дейінгі он екі айдан аспайтын мерзімнен бастап тағайындалады.
7. Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне өтiнiш берiлген күн Қордан әлеуметтiк төлемдер тағайындауға өтiнiш берiлген күн деп есептеледi.
8. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақтылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми ставкасынан аспайтындай мөлшерде индекстелуге тиіс.
21-бап. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындау және оның мөлшерi
1. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайдағы әлеуметтiк төлем өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш берген уақытта жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан, тағайындалады.
2. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2)тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн куәландыруды жүргiзу мен белгiлеу туралы мәлiметтер қоса тiркеледi.
3. Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн куәландыру, белгiлеу тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды. Құжаттарды ресiмдеу мерзiмi өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан аспауға тиіс.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқық туындаған күннен бастап, еңбек ету қабiлетiнен айрылды деп белгiленген барлық кезеңге тағайындалады.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген жағдайда әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айрылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган Орталыққа және оның құрылымдық бөлiмшелерiне әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
Қайта куәландырылушы еңбек етуге қабiлеттi деп танылған жағдайда, әлеуметтiк төлемдi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган оны еңбек етуге қабiлеттi деп шешiм шығарған күннен бастап әлеуметтiк төлем тоқтатылады. Бұл ретте уәкiлеттi орган Орталыққа және оның құрылымдық бөлiмшелерiне шығарылған шешiм туралы үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
5. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшіндегі табыстың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген ең төмен жалақының сексен процентiн шегергендегi орташа айлық мөлшерiн табысты алмастырудың, еңбек ету қабiлетiнен айрылу мен қатысу стажының тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициентi - 0,6 болады.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi: жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi сексеннен жүз процентке дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,7; жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi алпыстан сексен процентке дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,5; жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi отыздан алпыс процентке дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,3 болады.
Қатысу стажының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы үшiн: алты айдан кем болғанда - 0,1; алты айдан он екi айға дейiн - 0,7; он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн 0,85; отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн - 0,9; қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн - 0,95; алпыс және одан да көп айларға - 1,0 болады.
6. Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен кезде еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайында берiлетiн әлеуметтiк төлемдер тоқтатылады.
22-бап. Асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемнiң тағайындалуы және оның мөлшерi
1. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушысының мына отбасы мүшелерi асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындалуына және алуға құқылы:
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) он сегiз жасқа толмаған және, егер олар он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi. Бұл ретте аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерi мен немерелерiнiң еңбек етуге қабiлеттi ата-аналары болмаған немесе олар ата-аналарынан алимент алмаған жағдайда. Егер осы тармақшада аталған адамдар орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайда, әлеуметтiк төлем оқу орнын бiтiргенге дейiн берiледi;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының бiреуi немесе жұбайы, не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi, егер ол қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларын, аға-iнiлерiн, апа-сiңлiлерiн немесе немерелерiн күтiп-бағумен айналысатын болса.
2. Өздерi үшiн мiндеттi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген ата-ананың - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес айрылып қалған әрбiр ата-ана үшiн асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленедi.
3. Бала кезiнен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтiк төлемдер мүгедектiк белгiленген мерзiмге тағайындалады.
4. Асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
3) асыраушысының қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi немесе адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттық шешiмi;
4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшiрмесi (неке туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының тууы туралы, асырап алу туралы куәлiктер);
5) отбасы мүшелерiнiң оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы оқу орнынан алынған анықтама (оқу жылының басында жыл сайын жаңартылады);
6) қорғаншылық туралы құжат (қажет болған жағдайларда);
7) мүгедектiк тобын куәландыруды жүргiзу және белгiлеу туралы мәлiметтер (он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi бала кезiнен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда) қоса тiркеледi.
5. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.
6. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлем үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.
Әлеуметтiк төлемнiң үлесiн бөлу әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.
7. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi санының өзгергенi және тиiсiнше әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiмдi әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi. Бұл ретте әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейедi немесе азаяды.
8. Асыраушысынан айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшіндегі табыстың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген ең төмен жалақының сексен процентi шегерiлген орташа айлық мөлшерi табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу стажының тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Асыраушысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлем алу құқығы сақталатын кезең бойына ай сайын төленiп тұрады.
9. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушы қайтыс болғанға дейiн асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауындағы бiр адам болса - 0,4, асырауында екi адам болса - 0,5, асырауында үш адам болса - 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса - 0,8 болады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициентi мен қатысу стажының коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
23-бап. Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындау және оның мөлшерi
1. Жұмысынан айрылған жағдайда берiлетiн әлеуметтiк төлем жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органға адам жұмыссыз ретiнде тiркеуге өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
2. Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) тұрғылықты жерi бойынша мәлiметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның анықтамасы қоса тiркеледi.
3. Жұмысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшіндегі табыстың орташа айлық мөлшерiн тиiсiнше табысты алмастыру коэффициенттерiне және қатысу стажының коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте кiрiстi алмастыру коэффициентi - 0,3 болады, ал қатысу стажының коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
23-бабы 4-тармағының қолданылуы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, ол тоқтатыла тұрған кезеңде 2009.05.05. № 159-ІV ҚР Заңның редакциясында қолданылды
4. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген жағдайда, оның жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдердi күнтiзбелiк есептеумен алғанда:
алты айдан он екi айға дейiн - кемiнде бiр ай үшiн;
он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - екi ай бойы;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн - үш ай бойы;
отыз алты айдан жоғары - төрт ай бойы алуға құқығы бap.
5. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдер алып тұрса, бiрақ жұмысқа орналасуына байланысты жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдер алу құқығынан айрылған жағдайда, кезектi әлеуметтiк төлемдер жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлем алған әрбiр айы үшiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мұндай қатысушысы үшiн он екi ай шегерудi негiзге ала отырып тағайындалады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 23-1-баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
23-1-бап. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемді тағайындау және оның мөлшері
1. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қордан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
2. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) еңбекке жарамсыздық парағы;
4) салық төлеушінің куәлігі;
2009.05.05. № 159-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі;
2009.05.05. № 159-ІV ҚР Заңымен тармақ 6) тармақшамен толықтырылды
6) жұмыс орнынан әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы белгіленген үлгідегі анықтама
3. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалады.
4. Жүктілігі және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айда алынған орташа айлық табысты 4,2 коэффициентіне, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 4,7 коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.